Байланысты: Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)
461-бап. Билiктi асыра пайдалану 1. Билiктi немесе қызметтiк өкiлеттiктердi асыра пайдалану, яғни бастықтың немесе лауазымды адамның өзiнiң құқықтары мен өкiлеттiктерi шегiнен сөзсіз асып кететiн, азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн елеулi түрде бұзуға әкеп соққан әрекеттер жасауы, - бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Ауыр зардаптарға әкеп соқтырған не: а) қару немесе арнайы құралдар қолданып; б) өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында жасалған дәл сол әрекет, - бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға, ал б) тармағындағы көзделген жағдайларда мүлкін тәркілей отырып белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыруға жазаланады. 3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, ұрыс жағдайында жасалған әрекеттер, - белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыруға, мүлкін тәркілей отырып жеті жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 4. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, соғыс уақытында жасалған әрекеттер, - белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыруға немесе онсыз, мүлкін тәркілей отырып он жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға, не өмiр бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады, 462-бап. Биліктің әрекетсіздігі 1. Билiктiң әрекетсiздiгi, яғни бастықтың немесе лауазымды адамның өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында өзінің қызметтік міндеттерін орындамауы, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн елеулi түрде бұзуға әкеп соқса, - белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыруға, мүлкін тәркілей отырып үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет, - мүлкін тәркілей отырып төрт жылдан сегіз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, ұрыс жағдайында жасалған әрекеттер, - белгілі бір лауазымды атқарунемесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыруға, мүлкін тәркілей отырып бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 4. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, соғыс уақытында жасалған әрекеттер, - белгілі бір лауазымды атқарунемесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыруға, мүлкін тәркілей отырып немесе онсыз он жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.