Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)



бет212/224
Дата10.12.2023
өлшемі289,36 Kb.
#136622
түріКодекс
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   224
Байланысты:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)

453-бап. Әскери қызметі атқарудан жалтару немесе бас тарту
1. Әскери қызметшiнiң ауруды сылтау ету, немесе өзiне қандай да бiр болмасын зақым келтiру (дене мүшесiн зақымдау), не денсаулығына өзге зиян келтiру, немесе жалған құжат жасау немесе өзгеше алдау жолымен әскери қызмет мiндеттерiн атқарудан жалтаруы, сол сияқты әске қызметті атқарудан бас тартуы, -
бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмысымен, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Ұрыс жағдайында немесе төтенше жағдайларда жасалған дәл сол әрекет -
он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға, не өмір бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, соғыс уақытында жасалған әрекеттер -
он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға, не өмір бойы бас бостандығынан айыруға, не өлім жазасына жазаланады.
454-бап. Жауынгерлiк кезекшiлiктi атқару ережелерiн бұзу
1. Қазақстан Республикасына кенеттен жасалған шабуылды дер кезiнде байқау және тойтару бойынша, не оның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша жауынгерлiк кезекшiлiктi (жауынгерлiк қызмет) атқарудың ережелерiн бұзу, егерде бұл әрекет мемлекеттiң қауiпсiздiгi мүдделерiне зиян келтiрсе немесе зиян келтiруi мүмкiн болса, -
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет -
үш жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, ұрыс жағдайында немесе соғыс уақытында жасалған әрекеттер -
он жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға, не өмiр бойы бас бостандығынан айыруға, не өлiм жазасына жазаланады.
Ескерту. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әрекеттi алғаш рет жасаған әскери қызметшiнi, қылмысты жеңiлдететiн мән-жайларда, сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкiн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет