Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Бақылау және қадағалау нысандары



бет26/70
Дата06.04.2023
өлшемі251,49 Kb.
#80114
түріКодекс
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   70
Байланысты:
КР Кәсіпкерлік кодексі.12-09-2022.kaz

137-бап. Бақылау және қадағалау нысандары

1. Бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметін бақылау және қадағалау:


1) ұйымдастыру және жүргізу тәртібі – осы Кодексте, ал осы Кодексте көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалатын тексеру;


2) егер "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) өзгеше көзделмесе, ұйымдастыру және жүргізу тәртібі осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалатын, алдын алу-профилактикалық сипаттағы профилактикалық бақылау мен қадағалау нысанында жүзеге асырылады.


2. Профилактикалық бақылау мен қадағалау:


1) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауға;


2) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалауға бөлінеді.


3. Бақылау және қадағалау органы осы Кодекстің 141-бабының 3-тармағына сәйкес бақылаудың және қадағалаудың нақты субъектісіне (объектісіне) қатысты жүзеге асыратын, құқық бұзушылықтардың профилактикасына, адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне олардан төнетін қатердің профилактикасы мен алдын алу мақсатында олардың жасалу себептері мен жағдайларын жою үшін ұсынымдар беруге бағытталған бақылау мен қадағалау бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау болып табылады.


Осы тармақтың үшінші бөлігінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғамай, бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жасалады.


Бақылау және қадағалау органы кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және қорғау саласында, табиғи монополиялар салаларында – осы Кодексте белгіленген баға белгілеу тәртібінің және қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі міндеттерінің сақталуына бақылауды жүзеге асырған кезде, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласында I санаттағы объектілерде бұзушылықтар анықталған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғайды.


4. Рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны бергенге дейін өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін рұқсаттық бақылауды қоспағанда, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына сәйкес өрескел бұзушылықтар анықталған жағдайда, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына сәйкес бақылау және қадағалау органы осы Кодекстің 144-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеруді тағайындайды.


Егер бару "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны бергенге дейін өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін бақылаумен байланысты болса, осы Кодекстің 147-бабы 2-тармағының бірінші бөлігін қоспағанда, осы Кодекстің 141 – 147-баптарының күші бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауға қолданылмайды.


5. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау мынадай шарттар сақтала отырып, осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес жүзеге асырылады:


1) бақылау және қадағалау органдарына бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) баруға тыйым салынады;


2) құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тіркелу және бақылау және қадағалау субъектісін алдын ала хабардар ету талап етілмейді;


3) бұзушылықтар болған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғамай, бірақ бақылау және қадағалау субъектісіне оны жоюдың тәртібі міндетті түрде түсіндіріле отырып, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау қорытындысы бойынша олардың түріне қарай қорытынды құжаттар (анықтама, қорытынды, ұсынымдар және басқалары) жасалады.


Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізу үшін Қазақстан Республикасының заңдарында бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалаудың мақсаттарын, құралдарын, оларды жүргізу тәсілдерін, субъектілерінің тізбесін, жүргізу жиілігін, есепке алу тәсілін міндетті түрде көрсете отырып, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу тәртібі айқындалады.


Осы тармақтың бірінші бөлігі 3) тармақшасының күші бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау қорытындысы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғаудың мүмкін болмауы бөлігінде мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды респонденттерге қатысты жүзеге асыру кезінде қолданылмайды.


6. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалауды талдау нәтижелері бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу үшін бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеуге негіз бола алады.


Ескерту. 137-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

138-бап. Бақылау жүзеге асырылатын кәсіпкерлік субъектілері қызметінің салалары



Бақылау:


1) электр энергетикасы саласында;


2) энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласында;


3) алып тасталды - ҚР 27.12.2017 № 126-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі);


4) жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласында;

5) газ және газбен жабдықтау саласында;


6) халықтың радиациялық қауiпсiздiгi саласында;


ЗҚАИ-ның ескертпесі!

6-1) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


7) көмірсутектер, уран өндіру саласында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде;

8) мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiруге және олардың айналымына;


ЗҚАИ-ның ескертпесі!

9) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.




9) қызметін ядролық қондырғыларды қоспағанда, ықтимал радиациялық қауіптілігі III және IV санаттардағы объектілермен жүзеге асыратын субъектілер үшін – атом энергиясын пайдалану саласында;


10) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

11) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);


12) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде көлiк құралдарының иелерi мен тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласында;

13) көлiк саласында;


14) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

15) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);


16) өнiмдi тиеп-жөнелту алдындағы кезеңге және (немесе) оның түпкiлiктi пайдаланылуына экспорттық бақылау саласында;

17) техникалық реттеу саласында;


18) Қазақстан Республикасының сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуына;


19) метрология саласында;


20) тұрғын үй қорын басқару саласында;


21) асыл тұқымды мал шаруашылығы және бал ара шаруашылығы саласында;


22) жануарлар дүниесiн қорғау, молайту және пайдалану саласында;


23) тұқым шаруашылығы саласында;


24) астық нарығын реттеу саласында;


25) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласында;


26) Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау, бөгеттердің қауіпсіздігі саласында;


27) алып тасталды - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (06.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).


28) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында;

29) алып тасталды – ҚР 05.01.2021 № 409-VI (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;


30) жердi пайдалану мен қорғауға;

31) геодезиялық және картографиялық қызметке;


32) қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласында;


33) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

34) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);


35) азаматтық қорғаныс саласында;

36) өрт қауiпсiздiгi саласында;


37) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);


38) дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласында;

39) көрсетiлетiн арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң сапасына;


39-1) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында;


40) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);


41) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында;

42) бiлiм беру жүйесiне;


43) Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы заңнамасының сақталуына;


44) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының және Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасының сақталуына;


45) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

46) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);


47) мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласында;

48) арнаулы әлеуметтiк қызметтер ұсыну саласында;


49) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасының сақталуына;


50) Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына;


51) байланыс саласында;


52) ақпараттандыру саласында;


53) Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының сақталуына;


ЗҚАИ-ның ескертпесі!

54) тармақшаның қолданысқа енгізілу тәртібін ҚР 29.10.2015 N 375-V Кодексінің 324-бабының 11-тармағынан қараңыз.




54) салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсуiне, сондай-ақ бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының және Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдардың, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың аударымдары мен жарналарының толық және уақтылы аударылуына;


55) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген құзыретi шегiнде салықтық емес төлемдердің түсуiне;


56) трансферттiк бағаларды қолдану кезiнде;


57) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы заңнамасының сақталуына;


58) валюталық операцияларды және валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметтiң жүзеге асырылуына;


59) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарына және Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы саласында;


60) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

60-1) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


61) Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелерi туралы заңнамасының және Қазақстан Республикасының валюта заңнамасының сақталуына;

62) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);


63) бәсекелестікті қорғау саласында;

64) тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, тауар шығарылған жердің атауын немесе фирмалық атауын пайдалануға;


65) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);


66) бағалау қызметi саласында;

67) табиғи монополиялар салаларында;


ЗҚАИ-ның ескертпесі!

68) тармақша 01.01.2017 дейін қолданыста болды - ҚР 29.10.2015 N 375-V Кодексімен.




68) реттелетiн нарық субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы заңнамасында белгiленген мiндеттердi сақтауына;


68-1) қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібін және осы Кодексте белгіленген міндеттерді сақтауына;


69) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы заңнамасының сақталуына;


70) жол жүрiсi қауiпсiздiгiнiң қамтамасыз етiлуiне;


71) азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданыла отырып жасалған бұйымдардың айналымы саласында жұмыс істейтін жеке және заңды тұлғалардың қызметiне;


72) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

73) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);


74) күзет қызметiне;

75) күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөнiндегi қызметке;


76) террористiк тұрғыдан осал объектiлердiң терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйіне;


77) жеке күзет ұйымында басшы және күзетшi лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi мамандандырылған оқу орталықтарының қызметiне;


78) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына;


79) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);


80) Қазақстан Республикасының туристiк қызмет туралы заңнамасының сақталуына;

81) аудиторлық қызмет және кәсiптiк аудиторлық ұйымдар қызметi саласында;


82) Қазақстан Республикасының ойын бизнесi туралы заңнамасының сақталуына;


83) Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуына;


84) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

85) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);


86) спортта допингке қарсы iс-шаралардың жүргiзiлуiне;

87) бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк саласында;


88) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);


89) тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану саласында;

90) биоотын айналымы саласында;


91) биоотын өндiру саласында;


92) Қазақстан Республикасының сауда қызметiн реттеу туралы заңнамасының сақталуына;


92-1) Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасының сақталуына;


93) ғарыш қызметi саласында;


94) алып тасталды - ҚР 03.04.2019 № 243-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);


95) Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуына;

96) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында;


97) ветеринария саласында;


98) өсiмдiктердi қорғау және олардың карантинi саласында;


99) Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасының сақталуына;


100) автомобиль жолдары саласында;


101) баланың құқықтарын қорғау саласында;


102) этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы саласында;


103) темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi және айналымы саласында;


104) рұқсаттық бақылау саласында;


105) улардың, қару-жарақтың, әскери техниканың және жекелеген қару түрлерiнiң, жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданыла отырып жасалған бұйымдардың айналымы саласында;


106) өнеркәсiп саласында;


107) ұйымдардың, әскери мiндеттiлердiң және әскерге шақырылушылардың әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларының сақталуына;


108) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);


109) кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және қорғау саласында;

110) мемлекеттік статистика саласында;


ЗҚАИ-ның ескертпесі!

111) тармақша органикалық өнім өндіру туралы заңнамалық акт қолданысқа енгізілгеннен кейін қолданысқа енгізіледі - ҚР 29.10.2015 N 375-V Кодексімен.




111) органикалық өнім өндіру саласында;


112) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);


113) бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласында жүзеге асырылады;

114) Қазақстан Республикасының лотерея және лотерея қызметі туралы заңнамасының сақталуына;


115) таңбалауға және қадағалануға жататын тауарларға қатысты өндіріс пен айналым саласында;


116) Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасының сақталуына жүзеге асырылады.


Ескерту. 138-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 14.01.2016 № 445-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 496-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.07.2016 № 12-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.05.2017 № 63-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2017 № 126-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2018 № 202-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 211-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.04.2019 № 243-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (06.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.12.2019 № 289-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 290-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.06.2020 № 346-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.01.2021 № 409-VI (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 08.06.2021 № 48-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

139-бап. Қадағалау жүзеге асырылатын кәсіпкерлік субъектілері қызметінің салалары



Қадағалау:


1) Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану саласында;


2) азаматтық авиация қызметiне;


3) халықаралық әуе тасымалдарына;


4) авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге;


5) сауда мақсатында теңiзде жүзу саласында;


6) iшкi су көлiгi саласында;


7) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында;


8) ветеринария саласында;


9) өсiмдiктер карантинi саласында;


10) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында;


10-1) өнімді айналысқа шығару бөлігінде оның техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігіне техникалық реттеу саласында;


11) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарына және Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы саласында;


12) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

13) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


14) инвестициялық қорлар қызметiне;

15) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

16) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

17) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);


18) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласында;

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

19) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.




19) қызметін ядролық қондырғылармен және ықтимал радиациялық қауіптілігі I және II санаттардағы объектілермен жүзеге асыратын субъектілер үшін – атом энергиясын пайдалану саласында;


20) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында;


21) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласында;


ЗҚАИ-ның ескертпесі!

22) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.




22) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында жүзеге асырылады.


ЗҚАИ-ның ескертпесі!

23) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Ескерту. 139-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

2-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда көзделген – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет