Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Мемлекеттік қадағалау



бет25/70
Дата06.04.2023
өлшемі251,49 Kb.
#80114
түріКодекс
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   70
Байланысты:
КР Кәсіпкерлік кодексі.12-09-2022.kaz

135-бап. Мемлекеттік қадағалау

1. Бақылау және қадағалау органының өз қызметін жүзеге асыру барысында жедел ден қою шараларын қолдану құқығымен Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын қадағалау субъектілерінің сақтауын тексеру, профилактика жүргізу және байқау жөніндегі қызметі мемлекеттік қадағалау (бұдан әрі – қадағалау) болып табылады, оның нәтижелері бойынша әкімшілік жазалар қолданылуы мүмкін.


2. Қадағалау уәкiлеттi мемлекеттiк органның әкiмшiлiк iс жүргiзу қозғамастан, жедел ден қоюдың құқық шектеуші шараларын қолдануы болып табылады.


3. Қадағалау:


1) Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына сәйкес мемлекет атынан прокуратура жүзеге асыратын жоғары қадағалау;


2) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген тәртiппен және шарттарда уәкiлеттi мемлекеттiк органдар жүзеге асыратын қадағалау болып бөлiнедi.


Ескерту. 135-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

136-бап. Жедел ден қою шаралары



ЗҚАИ-ның ескертпесі!

1-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

1. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген, қоғамдық қауiптi салдарлардың туындауын болғызбау мақсатында тексерiлетiн субъектiлерге тексерудi жүзеге асыру барысында және оның нәтижелерi бойынша қолданылатын ықпал ету тәсiлдерi жедел ден қою шаралары болып табылады.


ЗҚАИ-ның ескертпесі!

2-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.




2. Жедел ден қоюдың құқық шектеуші шаралары Қазақстан Республикасының заңдарында көзделедi және оларды мемлекеттiк органдар, егер тексерiлетiн субъектiнiң қызметi, тауары (жұмысы, көрсетiлетiн қызметi) жеке және заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарына, бостандықтары мен заңды мүдделерiне, адамдардың өмiрi мен денсаулығына, қоршаған ортаға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiне тiкелей қауіп төндiретін жағдайда, қолданады.


ЗҚАИ-ның ескертпесі!

3, 4-тармақтармен толықтыру көзделген – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

137-бап жаңа редакцияда көзделген – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет