Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-параграф. Мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы жалпы ережелер



бет22/70
Дата06.04.2023
өлшемі251,49 Kb.
#80114
түріКодекс
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   70
1-параграф. Мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы жалпы ережелер

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

129-бап жаңа редакцияда көзделген – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
129-бап. Мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы қатынастар

1. Мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы қатынастарды реттеу Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылаудың және қадағалаудың жалпы құқықтық негiздерiн белгілеу мақсатында жүзеге асырылады әрі бақылау және қадағалау қызметiн жүзеге асырудың бiрыңғай қағидаттарын белгiлеуге, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың, өздерiне қатысты мемлекеттiк бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауға бағытталады.


2. Осы баптың 5-тармағында және осы Кодекстің 140-бабының 3 және 5-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, бақылау және қадағалау субъектiлеріне мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүргiзудi ұйымдастыру саласындағы қатынастарды мемлекеттік реттеу құқықтық мәртебесiне және қызмет түрлерiне қарамастан, осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.


3. Осы Кодексте:


1) бақылау және қадағалау органдары жүзеге асыратын тексерулердi жүргiзу тәртiбi;


2) бақылау және қадағалау органдарының тексерулер жүргiзу кезiндегi өзара iс-қимылының тәртiбi;


3) тексерiлетiн субъектiлердiң бақылау және қадағалау жүргiзу кезiндегi құқықтары мен мiндеттерi, олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi шаралар;


4) бақылау және қадағалау органдары мен олардың лауазымды адамдарының тексерулер жүргiзу кезiндегi құқықтары мен мiндеттерi белгiленедi.


4. Осы Кодекстің 130 және 131-баптарын қоспағанда, осы тараудың күші:


1) кеден ісі саласындағы мемлекеттік бақылауға;


2) жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар және (немесе) лицензиялар талаптарын орындауын бақылауға байланысты қатынастарға қолданылмайды.


5. Осы тараудың күшi:


1) прокуратура жүзеге асыратын жоғары қадағалау;


2) қылмыстық iс бойынша сотқа дейiнгi iс жүргiзу барысындағы бақылау және қадағалау;


3) сот төрелігі;


4) жедел-iздестiру қызметi;


4-1) қарсы барлау қызметі;


4-2) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы мемлекеттік бақылау;


5) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялар туралы заңнамасы талаптарының сақталуын бақылау салаларындағы қатынастарға қолданылмайды.


6. Алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


7. Осы баптың 4 және 5-тармақтарында санамаланған қатынастарға ішкі бақылау бөлігінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 38-бабының күші қолданылады.

8. Осы баптың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген, бақылау және қадағалау жүргізу кезінде туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының көрсетілген салалардағы қатынастарды реттейтін заңдарында белгіленеді.


9. Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылау және қадағалау осы Кодекстің 138 және 139-баптарында көзделген кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі салаларында ғана жүзеге асырылады.


10. Осы Кодекстің 138 және 139-баптарына жаңа салаларды енгізу үшін реттеуші мемлекеттік органдар осы Кодекстің 83-бабына сәйкес реттеушілік әсерді талдау рәсімін алдын ала жүргізуге тиіс.


11. Алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


12. Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларда, осы тараудың ережелері осы заңдармен реттелген қатынастарға қолданылады.

Ескерту. 129-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 14.01.2016 № 445-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) ; 28.12.2016 № 36-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.05.2020 № 332-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

130-бап жаңа редакцияда көзделген – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет