Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Мемлекеттік бақылаудың және қадағалаудың міндеттері



бет23/70
Дата06.04.2023
өлшемі251,49 Kb.
#80114
түріКодекс
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   70
Байланысты:
КР Кәсіпкерлік кодексі.12-09-2022.kaz

130-бап. Мемлекеттік бақылаудың және қадағалаудың міндеттері

1. Экономикалық қауiпсiздiктi, алдау практикасының алдын алуды, табиғи және энергетикалық ресурстарды үнемдеудi, ұлттық өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруды әрi жеке және заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қоса алғанда, тексерiлетiн субъект өндiретiн және өткізетін өнiмдердiң, технологиялық процестердiң адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiпсiздiгін, олардың мүлкiн қорғауды, қоршаған орта үшін қауiпсiздiгiн, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мемлекеттік бақылаудың және қадағалаудың мiндетi болып табылады.


2. Мемлекеттiк органдарға, осы Кодекстің 141-бабының 2 және 3-тармақтарында, 143-бабының 1-тармағында көзделген нормативтiк құқықтық актiлердi қоспағанда, кәсiпкерлiк субъектiлерiне тексерулер жүргiзу тәртiбi мәселелерi бойынша заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлерді қабылдауға тыйым салынады.


Ескерту. 130-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

131-бапқа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.



131-бап. Мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезіндегі кепілдіктер

1. Кәсiпкерлiк субъектiлерiнің қызметін мемлекеттiк бақылауды, осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының заңдарымен осындай құқық берілген мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.


2. Кәсiпкерлiкті мемлекеттiк бақылау және қадағалау тәуелсіздік, объективтілік, бейтараптылық, бақылау және қадағалау нысандарының анықтығы қағидаттарының негізінде жүзеге асырылады.


3. Мемлекет мемлекеттiк бақылау және қадағалау жүйесінің есептілігі мен ашықтығына кепілдік береді.


4. Мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүргізу тексерілетін адал субъектiлерді көтермелеу, құқық бұзушыларға бақылауды және қадағалауды шоғырландыру негізінде жүзеге асырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет