4. Интерактивті оқытудың ерекшеліктері 4.1. Педагогикада оқытудың бірнеше үлгісі бар:
пассивті - білім алушы «объект» ретінде әрекет етеді (тыңдайды және қарап отырады);
активті (белсінді) - білім алушы «субъект» ретінде әрекет етеді (өзіндік жұмыс, шығармашылық тапсырмалар);
интерактивті - өзара іс-қимыл. Оқытудың интерактивті моделін пайдалану өмірлік жағдайларды модельдеуді, рөлдік ойындарды пайдалануды, мәселелерді бірлесіп шешуді, практикалық жағдайларды шешуді қарастырады. Оқу процесінің қандай да бір қатысушысының үстемдігі болмайды. Әсер ету объектісінен білім алушы өзара іс-қимыл субъектісі болады, ол өзінің жеке бағдарын ұстана отырып, оқу процесіне өзі белсенді қатысады.
4.2. Оқытудың дәстүрлі үлгісінде білім алу үшін білім алушыға дайын білімнің үлкен көлемін меңгеру ұсынылады. Бұл ретте, негізінен басқа білім
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ Т.Қ.ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ
Оқытудың инновациялық (интерактивті) әдістерін қолдану бойынша ұсынымдар нормативтік құжат түрі
П 017-1.139-2022 №1 Баспа 03.03.2022ж.
Бет 6-26
алушылардың оқу іс-әрекетіне негізделген жобаларды әзірлеу қажеттілігі практикалық тұрғыдан тіптен қажет те, талап та етілмейді. Оқытудың интерактивті әдістерін қолдануға негізделген оқу процесі топтың барлық білім алушыларын тану үдерісіне қосылуын есепке ала отырып ұйымдастырылады. Бірлескен қызмет әркім өзінің ерекше жеке үлесін қосып, жұмыс барысында білім, идеялар, қызмет тәсілдерімен алмасу жүретінін білдіреді. Жеке, жұптық және топтық жұмыстар ұйымдастырылады, жобалық жұмыстар, рөлдік ойындар пайдаланылады, заңды құжаттармен және түрлі құқықтық ақпарат көздерімен жұмыс жүзеге асырылады. Интерактивті әдістер өзара әрекеттесу, білім алушылардың белсенділігі, топтық тәжірибе, міндетті кері байланыс қағидаттарына негізделген. Білім алуға бағытталған қарым-қатынас ортасы құрылады, ол қатысушылардың ашықтығымен, өзара әрекеттестігімен, олардың дәлелдерінің теңдігімен, бірлескен білімнің жинақталуымен, өзара бағалау және бақылау мүмкіндіктерімен сипатталады.
4.3. Интерактивті оқытудың мәні оқу процесі барлық қатысушылардың таным процесіне негізделе отырып ұйымдастырылады, атап айтқанда, олар нені біледі және нені ойлайды деген сұрақтар аясында кері байланыс жасауға бағытталған іс-әрекеттерден тұрады. .
Оқытушы жаңа біліммен бірге білім алуға қатысушыларды өз бетінше ізденуге үйретеді. Оқытушының белсенділігі білім алушылардың белсенділігіне орнын береді, бұл процесте оқытушының міндеті білім алушылардың бастамасы үшін жағдай жасау болып табылады. Оқытушы барлық жаңа білім берудің негізгі ақпаратын беретін дереккөз, ақпарат тасушы рөлінен бас тартады, ол оқу процесіндегі іс-әрекеттің көмекшісі, ақпаратты беруші бір тұлға болып қалады.
4.4. Оқытудың интерактивті формасы / моделі оқытудың интерактивті әдістері мен интерактивті технологияларды қолдануды көздейді.
4.5. Интерактивті оқытудың негізгі әдістемелік принциптері:
- жұмыс терминдерін, оқу, кәсіби лексиканы, шартты ұғымдарды мұқият таңдау;
- білім алушылар әртүрлі рөлдік функцияларды орындайтын басқарушылық және кәсіби қызметтің нақты практикалық мысалдарын жан-жақты талдау;
- барлық білім алушылардың өзара үздіксіз қарым-қатынасын визуальды түрде қолдау;
- әрбір сабақта білім алушылардың бірі оқу проблемасын талқылауға бастамашылық жасайтын және бағыттайтын көшбасшы (басшы) функциясын орындау (жақсы оқытушы тек қана көмектеседі);
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ Т.Қ.ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ
Оқытудың инновациялық (интерактивті) әдістерін қолдану бойынша ұсынымдар нормативтік құжат түрі
П 017-1.139-2022 №1 Баспа 03.03.2022ж.
Бет 7-26
- техникалық оқу құралдарын, соның ішінде оқу материалы суреттелетін кестелерді, слайдтарды, фильмдерді, роликтерді, бейнеклиптерді, бейнетехниканы белсенді пайдалану;
- оқытушының белсенді топішілік өзара әрекеттесуін үнемі қолдау, қатысушылар арасындағы өзара қарым-қатынаста шиеленісті шешу, «өткір» қадамдар мен жекелеген білім алушылардың іс-әрекеттерін бейтараптандыру;
- өзара пікірталас кезінде кездейсоқ қиындықтар туындаған жағдайда, сондай-ақ тыңдаушылар үшін оқу бағдарламасының жаңа ережелерін түсіндіру мақсатында оқытушының пікірталас барысына оперативтік араласуы;
- топтық сабақтарда жеке сабақтар (өзіндік диагностикалық немесе шығармашылық сипаттағы үй тапсырмалары) мен жеке қабілеттерін қарқынды пайдалану;
– білім алушыларға қажетті кеңістіктік ортаны ұйымдастыру – «ойын алаңы», ол білім алушылардың теңесуіне, бір-біріне кедергі жасамауына ықпал етуі тиіс (мысалы, команда ішіндегі пікірталастар немесе топаралық пікірталастар);
- білім алушылардың жеке шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін ескере отырып (мысалы, конструктивті қақтығысты ынталандыру жағдайын жеңген кезде) ойын рөлдерін («оппонент», «пессимист», «реалист», «қорғаушы», «құзыретті судья» және т. б.) ойнату;
- қол жеткізілген нәтижелер үшін оқытушы қалыптастырған нормаларды, ережелерді, көтермелеулерді (жазаларды) қатаң сақтау тәртібінде өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
- қатаң регламент жағдайында шешімдер қабылдауға және ақпаратта белгісіздік элементінің болуына үйрету.
Достарыңызбен бөлісу: |