Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Орта жалпы білім. Негізгі ережелер



бет10/14
Дата16.11.2022
өлшемі243,74 Kb.
#50554
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Қazaқstan-respublikasynyң-memlekettіk-zhalpyғa-mіndettі-bіlіm-beru-standarty-orta-zhalpy-bіlіm-negіzgі-erezheler

Жеке компонент

  • Тұлғаға бағдарланған компонент сағаттары есебінен өзіндік жобалау-зерттеу қызметтері іске асырылады.
  • Бейіндік мектептің оқу жоспарына сәйкес оқушының жеке білім алу траекториясы қалыптасады. Ол таңдалған оқыту бағытына сәйкес мыналарды оқыту қажет:
  • базалық міндетті пәндер;
  • таңдауы бойынша 4-тен кем емес бейіндік пән;
  • таңдауы бойынша 3 элективтік курс;
  • «Зерттеу және шығармашылық іс-әрекет негіздері» арнаулы курсының модулі.
  • 11-12-сынып оқушыларының аудиториялық оқу жүктемесінің сомасы рұқсат болатын жүктеменің 36 сағатынан аспауы керек

Оқыту процесін ұйымдастыру негізінде мынадай тәсілдер жатыр:

  • - тұлғаға бағдарланған;
  • - іс-әрекеттік;
  • - құзыреттілік;
  • - денсаулық сақтау

Тұлғаға бағдарланған тәсіл

  • Тұлғаға бағдарланған тәсіл оқушы тұлғасының әлеуметтік мүмкіндіктерінің дамуы мен есебіне бағытталған.
  • Оқытудағы тұлғаға бағдарланған бағыттылық вариативтік және сараланған бағдарламаларды, оқу және оқудан тыс іс-әрекетті ұйымдастырудың, оқушылардың жеке білім траекторияларын құру мәселелерін шешудің түрлі нысандарын пайдалану арқылы қол жеткізіледі

Іс-әрекеттік тәсіл

  • Іс-әрекеттік тәсіл оқушының дербес өнімді іс-әрекетін ұйымдастыру жағдайында тұлғаның мүмкіндіктері мен қабілеттері неғұрлым толық көрсету мен дамытуға бағытталған.

Құзыреттілік тәсілі

  • Құзыреттілік тәсілі оқушылардың тұлғалық сапаларының кешенін дамытуға, білім беруден күтілетін нәтижелер ретінде негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған.

Денсаулық сақтау тәсілі

  • Денсаулық сақтау тәсілі жеке және ұлттық құндылықтар ретінде оқушы денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелерінің шешілуін қамтамасыз етеді.
  • Бұл тәсіл төңірегінде білім беру процесін ұйымдастыруда психикалық және дене бітімі жағынан дені сау тұлғаның дамуын қамтамасыз ететін денсаулық сақтау заттық-кеңістіктік орта құрылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет