- құрбыларымен қарым-қатынас мәдениетін білуі, жаңа әлеуметтік рөлдерді игере білуі;
- әлемдік көзқарастағы проблемаларға, құрбылар ұжымындағы өзіндік әлеуметтік мәртебесіне саналы қызығушылығын таныта білуі;
- рухани-адамгершілік, азаматтық-елжандылық өмір салты қажеттіліктерінің болуы;
- әлеуметтендіру мен өмір сүру нормаларына бағынудың түрлі факторларымен өзара ықпалдасу арқылы мектептен тыс жағдайда әлеуметтік қатынас орната білуі;
- құндылық ретінде өзі туралы, өзіндік тұлғасы және басқа адамның тұлғасы туралы ұсыныстар жүйесін игере білуі; - өзін-өзі таныту және өзін-өзі анықтау мақсатында қызметтің түрлеріне қатысу қажеттілігін сезінуі.
- оқытудың болашақ бейіні мен кәсіби қызмет саласын таңдаудың мәнін түсінуі;
- ұлттық және әлемдік мәдениеттің құндылықтарын игеру қажеттілігінің болуы;
- қоршаған ортаның жай-күйі мен қызметтің барлық түрлеріне үнемі қамқорлық жасаудың қажеттілігі үшін моральдық жауапкершілігін сезінуі;
- денсаулықты құндылық ретінде түсiнуі.
- жыныстық мінез-құлықтарының, жыныстық күтулердің кешенді стереотиптері туралы білімді меңгеруі тиіс.
Жалпы орта мектепті бітіруші:
- оқудың, мектеп өмірінің мәнін болашақ еңбек қызметіне дайындық ретінде түсінуі;
- қоршаған ортаның шынайылығына деген көзқарастар мен сенімділік жүйесі ретінде біртұтас дүниетанымының болуы;
- өзінің және басқа да халықтардың мәдени құндылықтарын білуі;
- түрлі жастағы биресми ұжымдар мен жастарға тән қосалқы мәдениет нормаларына бағынатын топтардағы қарым-қатынасқа дайын болуы;
- өзінің даралығын сезінуі және өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі анықтауға, өзін-өзі іске асыруға, өмірлік жоспарларды қалыптастыруға дайын болуы;
- өзін әлем азаматы екенін сезінуі, көпмәдениетті тұлғаның сапаларын игеруі;
- қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қызметке, сондай-ақ акцияларға, жиындарға және қоғамдық-саяси сипаттағы қозғалыстарға қатыса білуі;
- салауатты өмір салтына дайын болуы тиіс және беделді қажеттіліктердің болуы;
- өзін белгілі бір жыныстың өкілі, болашақ отбасы иесі ретінде сезінуі тиіс.
Жалпы орта білім беретін мектеп жағдайында оқушыны табысты әлеуметтендіруге жалпы орта білім берудің әрбір сатысында оқушының кезең-кезеңімен игеретін негізгі құзыреттерді олармен бірлікте, өзара байланыста және дамуда игеруге ықпал етеді.