Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Орта жалпы білім. Негізгі ережелер


Инварианттық компонент Базалық компонент



бет9/14
Дата16.11.2022
өлшемі243,74 Kb.
#50554
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Қazaқstan-respublikasynyң-memlekettіk-zhalpyғa-mіndettі-bіlіm-beru-standarty-orta-zhalpy-bіlіm-negіzgі-erezheler

Инварианттық компонент Базалық компонент

  • Инварианттық бөліктің базалық компоненті тұтас білім беру кеңістігін қамтамасыз етеді және базалық (жалпы білім беру) деңгейде оқытудың барлық бейіндері мен бағыттары үшін міндетті пәндерін оқытуды көздейді.
  • Барлық бағыттарда оқытылуы міндетті пәндер: Ана тілі мен әдебиеті, Қазақ тілі мен әдебиеті /Орыс тілі мен әдебиеті, Шет тілі, Математика, Информатика, Тарих, Қоғамдық білім, Өзін-өзі тану, Жаратылыстану, Дене шынықтыру, Өмiр қауiпсiздiгi мен дағдылар негiздерi.
  • Егер пән бейіндік немесе мамандандырылған (тереңдетілген) деңгей бағдарламалары бойынша оқытылатын болса, онда ол пән базалық деңгейде оқытылмайды.

Бейіндік компонент

  • Бейіндік компоненттің шеңберінде мектепке оқушылардың қызығушылығы мен қажеттілігіне орай сағаттарды бөлу мүмкіндігі беріледі.
  • Бейіндік оқу пәндері типтік оқу жоспарларында көрсетілген әрбір бағыт пен бейіннің мамандануын анықтайды.
  • Әрбір бағытта оқушылардың бейіндік деңгейде оқитын пәндерінің саны 4-тен кем болмауы тиіс.
  • Жалпы орта білім берудің жоғары деңгейінде кредиттік технология элементтерін енгізу пәндерді мамандандырылған (тереңдетілген) деңгейде оқытуды көздейді.
  • Осыған орай, жекелеген бейіндік пәндер бойынша несие алып, оны жоғары оқу орындарында оқу барысында қолданғысы келетін оқушылар таңдалатын 4 бейіндік пәннің 1-2 пән бойынша оқу бағдарламаларына сәйкес мамандандырылған (тереңдетілген) деңгейде оқи алады.

Вариативтік компонент

  • Бейіндік оқыту мазмұнының вариативтік компонентi оқушылардың таңдауы бойынша элективті курстар мен «Зерттеу және шығармашылық іс-әрекет негіздері» қолданбалы арнайы курсын қамтиды

Элективтік курстар:

  • бейіндік пәнді (тереңдете оқыту) оқыту үшін бөлінетін сағаттарды ұлғайту үшін;
  • бейіндік пән мазмұнын байыту үшін (нақты бір пәннің міндетті бағдарламасының аясынан шығатын жекелеген бөлімдерді зерделеу);
  • кәсіпалды дайындық үшін (пропедевтикалық деңгейде таңдалған бағыттарға сәйкес келетін арнайы курстарды, әлеуметтік және оқу-өндірістік тәжірибелерді оқыту);
  • оқушылардың талап-тілектері бойынша Базистік оқу жоспарына кірмейтін қосымша пәндерді оқыту үшін пайдаланылады.
  • Элективтік курстар қысқа мерзімді болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет