- нақты өмірлік жағдайларда өзінің міндеттерін шешу үшін қазақ және басқа тілдерде ауызша және жазбаша коммуникациялардың түрлі құралдарын қолдануға;
- стиль мен жанрды қатысымдық міндеттердің барабар шешімдерін таңдауға және қолдануға;
- әдеп нормасына сәйкес өзіндік пікірін білдіруге;
- өнімді өзара іс-қимылды, оның ішінде басқа да көзқарас пен бағыттарды ұстанатын басқа ұлт өкілдерімен қарым-қатынас диалогына түсе отырып, жанжалдық ахуалды шешуді жүзеге асыруға;
- жалпы нәтижеге қол жеткізу үшін түрлі позициядағы адамдармен топта қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді.
Жалпы орта білім берудің үш сатысына сәйкес құзыреттіліктерді меңгерудің үш деңгейі айқындалады.
Оқушы әрбір білім беру деңгейін аяқтағаннан кейін енгізілген негізгі құзыреттіліктерді құрайтын, қызметтер түрлерінің ең аз көлемін игергенін көрсетуі тиіс.
ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУДІҢ БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ
Жалпы орта білім берудің мазмұнының құрамы мен құрылымы 7 білім беру саласы негізінде анықталады:
Тіл және әдебиет
Математика және информатика
Жаратылыстану
Адам және қоғам
Өнер
Технология
Дене тәрбиесі
Жалпы орта білім беру
Жоғарғы мектепте әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық және технологиялық бағыттар бойынша оқушылардың талап-тілектері, қабілеттері мен мүмкіндіктеріне сәйкес бейіндік оқыту іске асырылады.
Базалық және бейіндік пәндердің мазмұны оқушыларға мынадай деңгейлерде оқу үшін ұсынылады:
базалық орта жалпы білім беру мазмұнының базалық (жалпы білім беретін) деңгейіне сәйкес барлық оқушылардың меңгеруі үшін міндетті.
бейіндік - бейіндік оқытудың белгілі бағытын таңдаған оқушылардың меңгеруі үшін арналған міндетті.
мамандандырылған (тереңдетілген) деңгейде бағдарламаларының мазмұны жалпы орта білім беру мазмұнынан бейіндік деңгейін көлемі мен күрделілік деңгейі бойынша жоғарырақ, модульдер түрінде ұсынылған оқушылардың барлығының игеруі үшін міндетті емес деңгей. Бұл деңгей бейіндік пәндер бойынша дайындығын теориялық жағынан тереңдете түсемін және соған сәйкес жоғары және орта кәсіптік оқу орындарында оқуда қолдануға арналған несиеге қол жеткіземін деген оқушылармен таңдалады.
Бейіндік мектептің БОЖ базалық және бейіндік компоненттерден тұратын инварианттық, вариативтік және компоненттерден тұрады.