Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Орта жалпы білім. Негізгі ережелер


БІЛІМ БЕРУ НӘТИЖЕЛЕРІ РЕТІНДЕГІ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕР



бет7/14
Дата16.11.2022
өлшемі243,74 Kb.
#50554
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Байланысты:
Қazaқstan-respublikasynyң-memlekettіk-zhalpyғa-mіndettі-bіlіm-beru-standarty-orta-zhalpy-bіlіm-negіzgі-erezheler

БІЛІМ БЕРУ НӘТИЖЕЛЕРІ РЕТІНДЕГІ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕР

  • 12 жылдық мерзіммен оқытатын жалпы орта білім беру мазмұны әрбір оқушының жеке ерекшеліктері ескерілген білім беру нәтижелері түріндегі құзыреттіліктер жиынтығын игеруіне бағдарланған.
  • Негізгі құзыреттіліктер түріндегі күтілетін нәтижелер ретінде ұсынылған білім беру жүйесінің мақсаттары:
  • - проблеманың шешімін табу құзыреттілігі (өзіндік менеджмент);
  • - ақпараттық құзыреттілік;
  • - коммуникативтік құзыреттілік. Проблеманың шешімін табу құзыреттілігі (өзіндік менеджмент):
  • - әр түрлі жағдайдағы проблемаларды анықтауға, жауапты шешім қабылдауға, өз шешімінің нәтижесін бағалауға;
  • - өз қызметіне мақсат қоюға, оны іске асыру үшін қажетті жағдайларды анықтауға, ондағы жетістіктерге жету процестерін жоспарлауға және ұйымдастыруға (яғни, барабар міндеттерге технологиялар әзірлеу);
  • - өзіндік бағалау мен қорытынды жасауға, өзінің әрекеті мен оның нәтижелерін бағалауды жүзеге асыруға;
  • - өзі үшін барабар жағдайлар, іс-әрекет пен мінез-құлық нормаларын таңдауға;
  • - барабар қойылған міндеттерге технологиялар таңдауға, технологияларды нақты қадағалауға мүмкіндік туғызады.

Ақпараттық құзыреттілік:

  • - сыни тұрғыдан талданған ақпараттар негізінде саналы шешім қабылдауға;
  • - өз бетінше мақсат қоюға және оны негіздеуге, жоспарлауға және осы мақсаттарға жету үшін танымдық қызметтерді жүзеге асыруға;
  • - өз бетінше табуға, талдауға, іріктеу жасауға, қайта құруға, сақтауға, түсіндіруге және ақпараттарды тасымалдауды оның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асыруға;
  • - логикалық операцияларды (талдау, жинақтау, қорыту, құрылымдау, тікелей және жанама дәлелдеме, ұқсастығы бойынша дәлелдеме, моделдеу, ойлау эксперименті, материалдарды жүйелеу) қолдана отырып, ақпараттарды өңдеуге;
  • - қызметін жоспарлау және жүзеге асыру үшін ақпараттарды қолдануға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет