«Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың 2021-2022 ОҚу жылындағы ерекшеліктері туралы» Әдістемелік нұСҚау хат


қыркүйекте дәстүрлі форматта білім беру ұйымдарын ашу үшін келесі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау ұсынылады



бет10/21
Дата13.11.2022
өлшемі1,77 Mb.
#49675
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21

1 қыркүйекте дәстүрлі форматта білім беру ұйымдарын ашу үшін келесі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау ұсынылады:


күнделікті санитарлық-залалсыздандыру шараларын жүргізу;
дезинфекциялау және жуу құралдарымен ылғалды тазалау; - ғимаратты желдету және кварцтау; - термометрмен өлшеу;
сыныпқа кабинет бекіту;
үзілістерді әртүрлі уақыттарға қою;
мектеп педагогтері мен техникалық қызметкерлерді вакцинациялау;
қосымша ауысымдар мен кіші ауысымдарды ұйымдастыру;
ауысымдар бойынша оқу процесін ұйымдастыру;
асханалар жұмысын кесте бойынша ұйымдастыру;
медициналық кабинеттер мен оқшаулағыштардың қызметі

Тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі нормативтік құқықтық құжаттары:

  • 1) Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясы;
  • 2) Қазақстан Республикасының Конституциясы;
  • 3) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-IV Кодексі;
  • 4) «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345 Заңы;
  • 5) «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 214-ІY Заңы;
  • 6) «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 2 шілдедегі № 169- VI Заңы;
  • 7) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы;
  • 8) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
  • 9) ҚР БҒМ 2019 жылғы 15 сәуірдегі №145 бұйрығымен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері;
  • 10) ҚР БҒМ 2020 жылғы 12 маусымдағы № 248 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында өлкетануды дамытудың тұжырымдамалық негіздері.

Алғашқы қоңырауға арналған «Кел, балалар, оқылық!» салтанатты жиыны 1-сынып оқушылары үшін ұйымдастырылады және «Әліппе»/«Букварь» алғашқы оқулығы салтанатты түрде табыс етіледі. Іс-шараға бірінші сынып оқушылары ата-аналарының біреуіне қатысу ұсынылады. 2021 жылдың 1 қыркүйегінде 2-11-сыныптарда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында республикалық сынып сағаты, ашық сабақ өтеді. Жаңа оқу жылында білім алушыларға мектеп формасы бойынша талаптар сақталады, сондай-ақ классикалық стилдегі ыңғайлы киіммен баруға рұқсат етіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет