«Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың 2021-2022 ОҚу жылындағы ерекшеліктері туралы» Әдістемелік нұСҚау хат


Бірінші бағыт - «Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие»



бет12/21
Дата13.11.2022
өлшемі1,77 Mb.
#49675
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21

Бірінші бағыт - «Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие»

  • білім алушылардың бойында қазақстандық патриотизм сезімін, құқықтық және азаматтық сана-сезімді, жеке бас бостандығы мен ар-намысының құндылығын, парасаттылық пен адалдықты, толеранттылықты, еңбекке деген құрметті, «толық адам» қасиеттерін қалыптастырады, зорлық-зомбылық пен агрессиялық ой-пиғылдың, әртүрлі типтегі кемсітушіліктің алдын алуды қарастырады.
  • Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 2021-2022 оқу жылында «Туған елге тағзым» жалпыреспубликалық экспедициясын, «Тарих тағылымы» мен «Қазақ мәдениетінің антологиясы» әлеуметтік жобаларын, «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» («Қазақстанның киелі географиясы») жобасын қамтитын «Ұлы дала мұрагерлері» жобасын іске асыруды жалғастыру қажет.
  • «Жас қыран» (1-4-сыныптар), «Жасұлан» (5-10-сыныптар), «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубтары, балалар мен жасөспірімдер қозғалысының қызметін ұйымдастыру білім алушылардың бойында патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру мен дамытуға негіз болады.

ИНКЛЮЗИВТІ МӘДЕНИЕТ

инклюзивті білім берудің негізгі үш аспектісінің (инклюзивті саясатты әзірлеу, инклюзивті мәдениетті құру, инклюзивті практиканы жүзеге асыру) маңызды құрамдас бөлігі болып саналады. Білім беру ұйымдарындағы әрбір адамның өзіндік ерекшелігін, әртүрлілігін құрметтеу, білім берудің кез келген субъектісіне қолайлы, жағымды мектеп қоғамдастығын құру, инклюзивті құндылықтарды қабылдау инклюзивті мәдениетті қалыптастырудың негізін құрайды.

Форумдар, арнайы семинарлар, жиналыстар, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі табысты адамдар (Серік Есматов, Шахан Жолдасбаев, Зульфия Раухатовна – «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының кейіпкерлері, Пабло Пинед, Ника Вуйчиче, Стивен Хокинг және т.б.) туралы таныстырылымдар ұйымдастыру.

Назар аударыңыз!


Білім беру ұйымдарында 1-11-сыныптар аралығында экология бойынша сынып сағаттарын айына бір рет өткізу тәжірибесі өзекті болып қала береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет