«Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың 2021-2022 ОҚу жылындағы ерекшеліктері туралы» Әдістемелік нұСҚау хат



бет9/21
Дата13.11.2022
өлшемі1,77 Mb.
#49675
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21

МЕМЛЕКЕТТІК АТТЕСТАТТАУ

  • -бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарында –4 жыл сайын өткізіледі.
  • Мемлекеттік аттестаттау 7 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өткізіледі.
  • Мемлекеттік аттестаттау нәтижелері бойынша келесідей қорытынды беріледі:
  • -егер білім беру ұйымының білім беру қызметі МЖМБС талаптарына толық сәйкес келсе, «аттестатталды»;
  • -егер білім беру ұйымының білім беру қызметі МЖМБС талаптарына сәйкес келмесе, «аттестатталмаған».
  • Білім беру ұйымдары қорытындыда көрсетілген заң бұзушылықтар бойынша қорытынды табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап, 5 жұмыс күнінен кешіктірілмеген мерзімде білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомствосымен, оның аумақтық бөлімшелерімен келісілген, бір жылдан аспайтын мерзімді көрсете отырып, заң бұзушылықтарды жою жөніндегі шаралар туралы ақпарат береді.

2021-2022 оқу жылындағы мерейтойлық күнтізбелік күндерге назар аудару ұсынылады.

  • Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 30 жыл;
  • Семей ядролық полигонының жабылуына – 30 жыл;
  • Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогі Ыбырай Алтынсариннің туғанына – 180 жыл;
  • Қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы Жамбыл Жабаевтың туғанына – 175 жыл;
  • Қазақтың әйгілі күйші-композиторы, Қазақстанның халық әртісі Дина Нұрпейісованың туғанына – 160 жыл;
  • Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Алаш қозғалысының жетекшісі, публицист, ғалым, аудармашы Әлихан Бөкейханның туғанына – 155 жыл;
  • Қазақ ақыны, әдебиеттанушы ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туғанына – 150 жыл;
  • Қазақтың лирик ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына – 90 жыл;
  • Этнограф, өнертанушы, әдебиетші, журналист, қоғам қайраткері Ақселеу Сейдімбектің туғанына – 80 жыл.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет