Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың


ТЖБ өткізу кезіндегі мұғалімнің қадамдық әрекеті



бет19/27
Дата12.06.2023
өлшемі124,54 Kb.
#100744
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27
Байланысты:
Bilim beru Akademiyasy - adistemelik nuskaulyk

ТЖБ өткізу кезіндегі мұғалімнің қадамдық әрекеті
ТЖБ өткізу кезіндегі мұғалім:
1) ТЖБ тапсырмаларының техникалық спецификациясы негізінде тоқсан үшін жиынтық жұмыстың тапсырмаларын құрастырады. Орындауға 40 минуттан артық емес уақыт бөлінеді;
2) ТЖБ тапсырмалардың техникалық спецификациясы негізінде білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийін құрастырады;
3) ТЖБ тапсырмаларын қол жетімді байланыс құралдары арқылы жібереді (электронды журналда, интернет платформасы мен т.б. байланыс құралдарында орналастыру);
4) академиялық адалдықты сақтауды, жауаптарды көшіріп алу жағдайларының алдын алу мүмкіндігін қарастырады;
5) техникалық ерекшелікке сәйкес балл қою схемасын қолданады;
6) тоқсан бойынша білімалушылар орындаған жиынтық жұмыстарды тексереді;
7) электрондық журналға/ қағаз журналына балл қояды;
8) білім алушыларға, ата-аналарға немесе баланың заңды өкілдеріне кез келген қолжетімді байланыс құралдары арқылы қағаз немесе электронды форматта көментарий ұсынады.
Білім алушылардың жиынтық жұмыстарын орындауға қойылатын талаптар
Білім алушы БЖБ және ТЖБ орындау кезінде академиялық адалдық қағидаларын және өзін-өзі бақылау принциптерін сақтайды:
1) білім алушы өз бетінше жұмыс істеуі, бөгде адамның көмегінсіз тапсырмаларды орындауы тиіс;
2) жиынтық жұмысты орындау кезінде білім алушы қосымша оқу ресурстарын пайдаланбауы тиіс (ерекшелік бойынша бұл ресурсқа рұқсат етілген жағдайлардан басқа);
3) жиынтық жұмысты орындауға жауапты болады;
4) қашықтан оқыту жағдайында жиынтық жұмысты орындауға бөлінген уақыт аяқталғаннан кейін білім алушы өз жұмысын қолжетімді байланыс құралдары арқылы мұғалімге жібереді.
Қашықтан оқыту форматында білім алушыларға жиынтық бағалау тапсырмаларын ұсыну тәсілдері:
1) Мұғалім жауап берудің нақты күнін көрсетеді және білім алушыларға жиынтық жұмыс үшін тапсырмаларды электрондық журнал жүйесі, интернет-платформа, электрондық пошта, чат, теллеграммалар және басқа байланыс құралдары арқылы жібереді.
2) Интернет болмаған жағдайда балалардың оқу тапсырмалары мен өзіндік жұмыстары санитарлық қауіпсіздік шараларын пайдалана отырып, үйге жеткізіледі.
3) Қажет болған жағдайда мұғалім білім алушыларға қолжетімді байланыс құралдары арқылы кеңес береді.
ҚР БҒМ-нің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес (ҚР БҒМ 25.09.2018 жылғы №494 бұйрығымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып) жартыжылдық және оқу жылының соңында «Музыка», «Көркем еңбек», «Дене шынықтыру», «Өзін-өзі тану», «Кәсіпкерлік және бизнес негіздер», «Графика және жобалау» пәндері бойынша «есептелінді» («есептелінген жоқ») қойылады.
ҚР БҒМ-нің 2018 жылғы 09 ақпандағы № 47 бұйрығының 15-тармағына сәйкес «Музыка», «Көркем еңбек», «Дене шынықтыру», «Өзін-өзі тану», «Кәсіпкерлік және бизнес негіздер», «Графика және жобалау» пәндері бойынша жиынтық бағалау жүргізілмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет