Байланысты: Bilim beru Akademiyasy - adistemelik nuskaulyk
Шектеу іс-шаралары кезінде білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жүргізіледі (www.nao.kz сайтында қол жетімді).
Білім берудің барлық деңгейлерінде жұмыс дәптерлерін пайдалану міндетті емес.
Оқу жылының қорытындысы бойынша аралық аттестаттау өткізілмейді.
Бағалау кезінде бірқатар талаптарды ұстану ескертіледі:
1. Білім алушылар бағалау үдерісіне белсенді кіреді, соның ішінде сабақта үнемі өзін-өзі бағалау жүргізіледі.
2. Білім алушының жеке басы емес, оның жұмысы ғана бағаланады.
3. Білім алушының жұмысы басқа оқушылардың жұмыстарымен емес, үздік орындалған жұмыс үлгісімен салыстырылады.
4. Әртүрлі формалар мен тапсырмалар түрлері пайдаланылады, тамаша орындалған тапсырмалардың нақты және айқын сипаттамалары әзірленеді.
5.Білім алушыларға бағалау критерийлері алдын ала белгілі.
6. Өзін-өзі бағалау білім алушылардың рефлексиясында жеке тұлғаның дамуының міндетті шартын білдіреді.
7. Білім алушылардың жетістіктерін бағалау үшін формативтік бағалау,
БЖБ мен ТЖБ оқу тапсырмалары өткен (оқыған) тақырыптар, оқу мақсаттарын қамтуы тиіс. Бағалау критерийлері оқу мақсаттарына сәйкес болуы тиіс.
Оқыту мақсатының тұжырымдамасында білім алушылардың іс-әрекеттері көрсетілген: бақылау, талдау, салыстыру, елеулі белгілерін бөлу, тану, анықтау, моделдеу, түсіндіру және т.б.
Оқу жетістіктерін бағалау критерийлері білім алушыға өзінің дайындық деңгейін педагог қоятын талаптармен байланыстыруға, педагогке оқу процесін түзетуге және жұмыстың қиындық деңгейін дұрыс таңдауға мүмкіндік береді.
8. Білім алушылармен бірге оқу жетістіктерін бағалау және өзін-өзі бағалау үшін критерийлерді әзірлеуі мүмкін.
9. Оқу тапсырмаларын таңдау және оқушылардың сабақ барысында өз оқу жетістіктерін өзін-өзі бағалауын ұйымдастыруды ойластыру маңызды.
10. Сабақта білім алушыларға өзін-өзі бағалау және өзара бағалау үшін мүмкіндік беру, өз қателіктерін табу үшін рефлексия ұйымдастыру ұсынылады.
Мұғалім білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлерін таңдауда және әзірлеуде еркін.
1. Диагностикалық инструментарий тек қана бақылаушы, диагностикалаушы емес, сонымен қатар оқыту және тәрбиелеу функцияларын орындайтын тапсырмаларды қамтуы тиіс:
- тапсырмалар білім алушыға жаңа ақпараттың белгілі бір көлемін бере алады. Мысалы: «мәтінді пайдалана отырып, неге Арал теңізінің түбі тұзды шөлге айналатынын түсіндір. (4 ұсыныстан артық емес)»;
- тапсырмалар оқушының іс-әрекеттің жаңа сұлбасын құруын болжайды, мысалы: «тапсырманы шамалардың еселік қатынасына келтіріңдер («көп» «немесе» аз «қарым-қатынасын пайдалана отырып) және оны шешіңдер»).
2021-2022 оқу жылында білім алушылардың білімін толықтыру, өткен оқу материалын қайталау және бекіту үшін тақырыптар, оқу мақсаттары бойынша оқу тапсырмаларын ФБ, БЖБ және ТЖБ-ға қосуға ерекше назар аудару қажет.
2. Білім алушылардың дайындық деңгейіне байланысты мұғалім формативті бағалау шеңберінде белгілі бір уақыт аралығында аралық нәтижелерге қол жеткізуді жобалай алады.