Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың


«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОРТА БІЛІМ БЕРУ



бет2/27
Дата12.06.2023
өлшемі124,54 Kb.
#100744
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
Bilim beru Akademiyasy - adistemelik nuskaulyk

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
ҰЙЫМДАРЫНДА ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ 2021-2022 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ» ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беру мен
ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес тұлғаны жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде
тәрбиелеу мен оқытуды қамтамасыз ету қажет.
2021-2022 оқу жылында білім беруді ұйымдастыруда келесі міндеттерге
назар аудару керек:
- білім алушылардың білімін толықтыру;
- оқу жүктемесі төмендетілген ҮОЖ-ын жүзеге асыру;
- қауіпсіз және қолайлы білім беру ортасымен қамтамасыз ету;
- цифрлық инфрақұрылыммен және ресурстармен жабдықтау.
Әрбір білім беру ұйымының міндеті – білім алушының тұлғалық үйлесімді қалыптасуы, функционалды сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігінің дамуы үшін қолайлы, жалпыадамзаттық, ұлттық құндылықтарға негізделген білім беру ортасын құру.
ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІН
ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ НЕГІЗГІ
НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРІ
2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдары білім беру процесін ұйымдастыру кезінде «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа алуы және оқу-тәрбие процесін келесі нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асыруы тиіс:
– «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім
беру стандарттарын бекіту туралы» (бұдан әрі – МЖМБС) ҚР БҒМ (бұдан әрі – ҚР БҒМ) 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығы (өзгерістермен және толықтырулармен 2020 жылғы 28 тамыздағы №372 бұйрық) https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017669;
– «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын
бекіту туралы» ҚР БҒМ 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығы (өзгерістермен
және толықтыруларымен 2020 жылғы 27 қарашадағы №496с бұйрық) https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1300008424;
– «Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық тасымалдау құралдары тізбесін бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2021 жылғы 10 маусымдағы №286 бұйрығы);

– «ҚР БҒМ кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу


туралы» ҚР БҒМ 2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 бұйрығы;
– «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2018 жылғы 30 қазандағы №595 бұйрығы;
– «Арнайы білім беру ұйымдары түрлерінің қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2017 жылғы 14 ақпандағы № 66 бұйрығы;
– «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім
беруді жан басына нормативтік қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР
БҒМ 2017 жылғы 27 қарашадағы № 596 бұйрығы (өзгерістермен 2018 жылғы
21 қыркүйектегі № 477 бұйрық);
– «Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы
білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2016 жылғы 22 қаңтардағы №70 бұйрығы (өзгерістер мен толықтыруларымен 2017 жылғы 29 желтоқсандағы №662 бұйрық);
– «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығы;
– «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы;
– «Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» ҚР БҒМ 2020 жылғы 13 тамыздағы №345 бұйрығы;
– «Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы ҚР БҒМ 2020 жылғы 28 тамыздағы № 374 бұйрығы;
– «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында педагогикалық кеңес қызметін ұйымдастырудың және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ міндетін атқарушының 2008 жылғы 16 мамырдағы № 272 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы ҚР БҒМ 2020 жылғы 2 сәуірдегі №125 бұйрығы;
– «Педагог лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» ҚР БҒМ 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 145 бұйрығы;
– «Педагогтің жұмыс уақыты мен демалыс уақыты режимінің ерекшеліктерін айқындау қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 153 бұйрығы;
– «Педагогтік қайта даярлау қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2020 жылғы 17 наурыздағы № 110 бұйрығы;
– «Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 12 бұйрығы (өзгерістерімен және толықтыруларымен ҚР БҒМ 2020 жылғы 23 сәуірдегі №157 бұйрығы);
– «Үздік педагог» атағын иеленушіге сыйақы төлеу қағидаларын және оның мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 204 қаулысы;
– «Тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидаларын және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге қойылатын талаптарды бекіту туралы» ҚР БҒМ 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 160 бұйрығы;
– «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығы (өзгерістерімен және толықтыруларымен ҚР БҒМ 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 169 бұйрығы);
– «Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы» (өзгерістерімен және толықтыруларымен ҚР БҒМ 2020 жылғы 11 мамырдағы №190 бұйрығы);
– «Педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2020 жылғы 11 мамырдағы № 192 бұйрығы;

- МЖМБС, Үлгілік оқу жоспарлары, Үлгілік оқу бағдарламалары Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының www.nao.kz сайтында орналастырылған.


- Орта білім беру ұйымдарының әкімшілігінде МЖМБС, үлгілік оқу жоспарлары, үлгілік оқу бағдарламаларының бір данада шығарылған қағаз нұсқасы болуы керек.
- Педагогтер МЖМБС, Үлгілік оқу жоспарлары, Үлгілік оқу бағдарламаларының электронды нұсқасымен жұмыс жүргізе алады.

2021-2022 оқу жылының басталуы, ұзақтығы, каникул кезеңі орта білім беру ұйымдарында меншік нысаны мен ведомостволық бағыныстылығына қарамастан «Орта білім беру ұйымдарында 2020-2021 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы» ҚР БҒМ 2021 жылғы 27 шілдедегі № 368 бұйрығымен бекітілген:


1) 2021-2022 оқу жылының басталуы – 2021 жылғы 1 қыркүйек;
2) оқу жылының ұзақтығы: 1-сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11 (12) сыныптарда – 34 оқу аптасы;
3) оқу жылы ішіндегі каникул кезеңдері: 1-11 (12) сыныптарда:
күзгі – 7 күн (2021 жылғы 1-7 қарашаны қоса алғанда), қысқы – 11 күн (2021 жылғы 30 желтоқсаннан бастап 2022 жылғы 9 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі-12 күн (2022 жылғы 19-30 наурызды қоса алғанда);

1-сыныптарда: қосымша каникул – 7 күн (2022 жылғы 7-13 ақпанды қоса алғанда).


2-11 (12) сыныптарда сабақтың ұзақтығы – 45 минут. Бірінші сыныптардың оқу сабақтарының режимі: қыркүйекте – күніне 35 минуттан үш сабақ, қазан айынан бастап Санитариялық қағидаларға сәйкес көз шынықтыру жаттығулары мен гимнастикаларын жасай отырып 45 минуттан өткізіледі (www.nao.kz).
«Меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібі, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі, білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау, балаларды бастауыш білім беру ұйымдары арасында ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау, негізгі орта және жалпы орта білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығы негізінде жүзеге асырылады (2020 жылғы 7 тамыздағы №332 өзгерістерімен және толықтыруларымен) https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1800017553.
Бірінші сыныпқа қабылдау кезінде жалпы білім беретін мектептерде қабылдау емтихандарын, тестілеуді өткізуге жол берілмейді.

Білім беру ұйымдарындағы оқу процесі таңдап алынған Үлгілік оқу жоспарлары негізінде жүргізіледі.


Үлгілік оқу жоспарлары ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген (2021 жылғы 25 наурыздағы №125 бұйрықпен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен) 2018 жылғы 4 қыркүйектегі № 441 бұйрығына сәйкес бекітілген).
ТАҢДАУ ҮШІН 2018 ЖЫЛДАН БАСТАП ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛГЕН ҮЛГІЛІК ОҚУ ЖОСПАРЛАРЫ ҰСЫНЫЛАДЫ (ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығы (2021 жылғы 26 наурыздағы №125 бұйрықпен өзгертулер мен толықтырулар енгізілген).
Төмендетілген оқу жүктемесімен үлгілік оқу жоспарлары (оқыту тілдері, бейіндері, оқыту түрлері бойынша)
- жалпы білім беретін мектептерге арналған – 12, оның ішінде: бастауыш білім беру деңгейіне – 3 (оқыту тілдері бойынша №11-13 қосымшалар), негізгі орта білім беру деңгейіне – 3 (оқыту тілдері бойынша №16-18 қосымшалар), жалпы орта білім беру деңгейіне – 6 (оқыту тілдері және бейіндік бағыттар бойынша №21-26 қосымшалар).
- гимназия сыныптарына арналған – 8, оның ішінде: бастауыш білім беру деңгейіне – 2 (оқыту тілдері бойынша №14, 15 қосымшалар), негізгі орта білім беру деңгейіне – 2 (оқыту тілдері бойынша №19, 20 қосымшалар), жалпы орта білім беру деңгейіне – 4 (оқыту тілдері және бейінділік бағыттар бойынша №27-30 қосымшалар).
Үлгілік оқу жоспарлары (жаңартылған мазмұндағы):
- кешкі мектептерге – 6, оның ішінде: негізгі орта және жалпы ортаға – 4 (күндізгі оқу – 2 (оқыту тілдері бойынша №31, 32 қосымшалар), сырттай оқу – 2 (оқыту тілдері бойынша №33, 34 қосымшалар), бастауыш және негізгі орта білім берудің жеке сабақтары (сырттай оқу) – 2 (оқыту тілдері бойынша №35, 36 қосымшалар).
- білім беру ұйымынан тыс уақытша білім алушылар үшін үлгілік оқу жоспарлары – 16, оның ішінде: бастауыш білім беру деңгейі – 4 (оқыту тілдері, топтық және жеке сабақ бойынша №37-40 қосымшалар), негізгі орта білім беру деңгейі – 4 (оқыту тілдері, топтық және жеке сабақ бойынша №41-44 қосымшалар), жалпы орта білім беру деңгейі – 8 (оқыту тілдері мен бейінділік бағыттар, топтық және жеке сабақ бойынша №45-52 қосымшалар).
- үйде оқытуға арналған - 8, оның ішінде: бастауыш білім беру деңгейі – 2 (оқыту тілдері бойынша №53, 54 қосымшалар), негізгі орта білім беру деңгейі – 2 (оқыту тілдері бойынша №55, 56 қосымшалар), жалпы орта білім беру деңгейі – 4 (оқыту тілдері мен бейінділік бағыттар бойынша №57-60 қосымшалар).
- мамандандырылған білім беру ұйымдарына арналған – 34 (білім беру деңгейлері, оқыту тілдері, бейінділік бағыттары бойынша №61-92, 109-110 қосымшалар), оның ішінде: бастауыш білім беру деңгейі – 2, негізгі орта білім беру деңгейі – 8 , жалпы орта білім беру деңгейі – 10, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру - 2.
- физика-математика мектептеріне арналған – 6 (білім беру деңгейлері және оқыту тілдері бойынша №93-98 қосымшалар).
- олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжіне, спорттағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттарға, олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектептеріне арналған үлгілік оқу жоспарлары (жаңартылған мазмұндағы) – 4 (№105-108 қосымшалар).
- ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылар үшін үлгілік оқу жоспарлары (жаңартылған мазмұн) – 10 (№ 4, 5, 9, 10, 111-116 қосымшалар).
Төмендетілген оқу жүктемесімен үлгілік оқу жоспарлары бойынша әзірленген үлгілік оқу бағдарламалары ҚР БҒМ 2020 жылғы 27 қарашадағы №496 бұйрығымен бекітілген (www.nao.kz).
Меншік және оқыту түріне қарамастан, білім беру ұйымдарына оқу процесін жүзеге асыруда педагогикалық кеңестің шешімі негізінде Үлгілік оқу жоспарын таңдауға академиялық еркіндік беріледі (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1900018172).

Білім беру ұйымы педагогикалық кеңестің шешімімен:


- әр сыныпқа жеке-жеке;
- параллель сыныптарға;
- мектеп бойынша Үлгілік оқу жоспарының біреуін таңдауы мүмкін.
- 2021-2022 оқу жылынан бастап қосымша енгізілетін жалпы білім беретін, арнайы және мамандандырылған мектептерге арналған төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарлары Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы сайтында орналастырылады.
- Жалпы білім беретін мектептер үшін жаңадан енгізілетін қосымша Үлгілік оқу жоспарларында оқу оқу сағаттарының төмендетілуі негізінен вариативтік компонент есебінен жүзеге асырылды.
- Жаңадан енгізілетін қосымша ҮОЖ-ға сәйкес Үлгілік оқу бағдарламаларына өзгерістер енгізілетін болады.
2021-2022 оқу жылында мектептердің дайындығына (кадрлық, ресурстық және т.б.) байланысты вариативтік компонент сағаттарының есебінен «Жаһандық құзыреттіліктер» курсын таңдауға немесе басқа да элективті курстарды өткізуге болады. Аталған курс білім алушылардың 21 ғасыр дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі.
«Жаhандық құзыреттіліктер» (аптасына 1 сағат) курсына:
- 5-сыныпта «Парасаттылық және әдеп»;
- 6-сыныпта «Экология»;
- 7-сыныпта «Эмоционалды интеллект және сыни ойлау»;
- 8-сыныпта «Медиасауаттылық»;
- 9-сыныпта «Зайырлылық және дінтану негіздері»;
- 10-11-сыныптарда «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» жатады.
Академия сайтында орналастырылған ресурстар мен авторлық әзірлемелерді пайдалану ұсынылады (www.nao.kz).
Қазіргі қолданыстағы «Зайырлылық және дінтану негіздері», «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәндерінің оқу бағдарламаларымен оқытуды жалғастыру ұсынылады (www.nao.kz).
Білім беру ұйымдары оқу материалдары мен ресурстар дайын болған жағдайда «Экология», «Медиасауаттылық», «Парасаттылық және әдеп», «Эмоционалды интеллект және сыни ойлау» курстарын 2021-2022 оқу жылында енгізуіне болады.
«Парасаттылық және әдеп» курсы білім алушылардың бойында әдептілік, ізгі-ниеттілік, адалдық, толеранттылық, іс-әрекеттеріне жауапкершілік, ұжымда жұмыс істей білуі сияқты жеке қасиеттерді дамытуға мүмкіндік береді.
«Экология» курсы білім алушыларды экологияның негізгі заңдылықтарымен таныстырады, өз денсаулығына, айналасындағы адамдарға және табиғатқа позитивті, ұқыпты қарауды үйретеді.
«Эмоционалды интеллект және сыни ойлау» курсы ақпаратты сыни қабылдау дағдыларын, коммуникативтік дағдыларын, дұрыс шешім қабылдауды, эмоционалды сауаттылықты дамытудың теориялық және практикалық аспектілерін қамтиды.
«Медиасауаттылық» курсы білім алушыларды ақпаратпен жұмыс істеуге, материалдарды бағалауға, талдауға, жалған мәлімет пен насихатты ажырата білуге үйретеді.
«Зайырлылық және дінтану негіздері» курсын оқу құқықтық және діни сауаттылықты қалыптастыруға, білім алушыларда этномәдени және дінаралық келісім негізінде азаматтық жауапкершілік сезімін тәрбиелеуге бағытталған.
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздерін» оқи отырып, білім алушылар кәсіпкерлік негіздерін, қаржылық сауаттылықты үйренеді, экономика, менеджмент, маркетинг бойынша базалық білім алады, қазіргі нарықтық жағдайларда дербес қызмет ету үшін қажетті кәсіпкерлік ойлау дағдыларын меңгереді.
«Жаһандық құзыреттіліктер» курсын «Биология», «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «Қазақ әдебиеті», «Орыс әдебиеті» пәндерінің мұғалімдері мен біліктілікті арттыру курстарынан өткен, сертификаттары бар басқа да мұғалімдер, әлеуметтік педагогтер, психологтар жүргізе алады.
2021-2022 оқу жылында ресурстар болған жағдайда педагогикалық кеңестің шешімімен 6-сыныпта «Музыка» оқу пәнінің шеңберінде домбыра тартуды үйретуге болады (аптасына 1 сағат). Домбыра тартуды үйрету мүмкіндігі болмаған жағдайда «Музыка» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы толық жүзеге асырылады. Мектептің даярлығына қарай және білім алушылардың қалауы бойынша домбыра тартуды үйретуге оқыту тіліне қарамастан барлық мектептер ауыса алады.
Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің, «Отырар сазы» мемлекеттік академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрлерінің тұрақты шетелдік турлары, Димаш Құдайбергеннің, басқа да кәсіби ұжымдар мен орындаушылардың әлемнің әйгілі сахналарында жиі өнер көрсетуі бүкіл әлемде домбыраға деген жоғары қызығушылық тудырды.
Білім алушылар тек домбыра тартуды ғана үйреніп қоймай, сонымен қатар халық композиторларының шығармашылығымен, қазақ музыкасының тарихымен, Қорқыт, Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Дина Нұрпейісова және басқа да қазақ халқының ұлттық өнері тұлғалары салған дәстүрлермен танысады. «Домбыра» курсын жүргізу үшін Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА-ның www.nao.kz. сайтында орналастырылған ресурстар ұсынылады.
Балалардың жан-жақты дамуына жағдай жасау мақсатында барлық сыныптарда үлгілік оқу жоспарындағы «Дене шынықтыру» пәнінің үш сағатының бір сағаты «Шахмат», «Тоғызқұмалақ», «Үстел теннисі» ойындарына, спорттық, бал биі, хореографияны оқытуға ұсынылады. Бұл сабақтарды өткізу үшін мектеп холдарындағы арнайы бөлінген орындарды пайдалануға болады.
Бастауыш сыныптарда әрбір сабақта дене жаттығуларын (сергіту сәті) өткізу қажет.
Білім алушының дене дамуының мониторингін жүргізу бойынша «Денсаулық» арнайы жұмыс тобына арналған ұсынымдар www.nao.kz. сайтында орналастырылған.

- 1-сыныпта білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүргізілмейді.


- Мұғалімнің кері байланысы орындалған тапсырмалардың қорытындылары бойынша түсініктемелер, рубрика, ұсыныстар беру арқылы жүзеге асырылады.
- Жеке меншік білім беру ұйымдары да «Күнделік» электрондық журналына қосыла алады. Ол үшін https://kundelik.kz/ сайтына қосылуға өтінім беруі қажет («ББҰ қосу» командасы)
- «Күнделік» электрондық журналын пайдалануға қатысты кез келген қиындықтар туындаған жағдайда 8(727)313-18-32 телефонына немесе team@kundelik.kz қолдау қызметіне хабарласуға болады.
- Электронды журналды жүргізуге қатысты жиі қойылатын сұрақтар мен жауаптар www.nao.kz. сайтында орналастырылған.
Сабақ кестесін құруда мектеп әкімшілігіне әрбір сыныптағы пәндер бойынша оқу сағаттарының нормаларын, мектептің материалдық-техникалық базасы мен кадр ресурстарын ескере отырып, автоматтандырылған бағдарламаларды пайдалану ұсынылады. Білім алушылардың бір күндік және апта ішіндегі ой еңбегінің жұмысқа қабілеттілігі динамикасын ескеру және «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» Санитариялық қағидаларының 4-қосымшасына сәйкес пәндерді қиындығына қарай саралау кестесін пайдалану қажет (ҚР ДСМ 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығы).
- Мереке күндеріне сәйкес келген сабақтар басқа күндерге ауыстырылады. Осы жағдайда сабақтардың тақырыптары/оқу мақсаттары оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес кіріктірілуі қажет.
- Бұл ретте қосымша сағаттар бөлінбейді. Сабақтардың кіріктірілген тақырыбы журналдың бір жолына жазылады.
- Білім беру ұйымы басшысының бұйрығы негізінде бұл өзгерістер электрондық журналда көрсетіледі.
- Электрондық журналдар мен күнделіктерді толықтыру бойынша техникалық қолдау кол-центр, қолдау қызметі арқылы көрсетіледі.

Мектепішілік бақылау


Оқу жылына арналған мектепішілік бақылау жоспары «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» ҚР БҒМ-нің 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрығының 17-қосымшасына сәйкес дайындалады https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020317.
Оқыту процесінің сапасын арттыру, педагогтерде және білім алушыларда кездесетін проблемаларды зерделеу мақсатында мектепішілік бақылауды күшейту қажет.
Оқу процесін ұйымдастыру мен мектепішілік бақылауды тиімді жүзеге асыру үшін білім беру ұйымдарының әкімшілігіне келесі нормативтер ұсынылады (1-кесте).
1-кесте. Білім беру ұйымдарының әкімшілігі үшін мектепішілік бақылау
нормативтері





Бақылау нысандары

Нормалар

1

Сабаққа қатысу, бақылау және талдау

- директордың орынбасарлары үшін
айына кемінде 8 сабақ;
- білім беру ұйымының директоры үшін айына кемінде 4 сабақ;
- 1 сабаққа қатысу ұзақтығы – 45 минут.



2

Қысқа мерзімді және орта
мерзімді жоспарларды тексеру



мектепшілік бақылау жоспарына сәйкес



3

Электронды сынып журналдарын тексеру



мектепшілік бақылау жоспарына сәйкес



4

БЖБ және ТЖБ-ның
жүргізілуін тексеру

мектептің бекітілген кестесі бойынша



5

Оқыту процесінде педагогтердің қашықтан оқыту технологиялары мен ЦБР қолдануы

мектепшілік бақылау жоспарына сәйкес



Сабақтарға қатысу алдын ала дайындалған, білім беру ұйымының басшысы бекіткен жоспар және міндетті түрде ақпарат тақтасына орналастырылған кесте бойынша жүзеге асырылады. Сабаққа жоспардан тыс қатысуға жол берілмейді.
Білім беру ұйымы әкімшілігінің сабаққа қатысу нәтижелері бақылау парақтарында, сабаққа қатысу журналында тіркеледі. Сабақты бақылау, зерттеу мен талдау оқыту процесін жақсартудың, педагогтің кәсіби өсуі мен дамуының, білім алушылардың білім сапасын арттырудың негізі болып табылады. Сабақтарды бақылау нәтижелері пәндік әдістемелік бірлестіктердің, әдістемелік кеңестердің отырыстарында жүйелі түрде талқылануы тиіс.
Сабақты талдау (ауызша жүргізілуі мүмкін) мыналарды көздейді:
- педагогтің сабақты өзіндік талдауы;
- сабақтың ұтымды және проблемалық тұстарын бөліп көрсету;
- педагогке ұсыныстар беру.
Педагогтердің бір-бірінің сабағына жүйелі түрде қатысуы ұсынылады. Сонымен қатар педагогтің жұмыс сапасына шағым түскен жағдайда білім беру ұйымының басшысы оның сабағына қатысуы қажет.
Карантиндік және шектеу шаралары кезеңіндегі оқыту жағдайында мектепішілік бақылау онлайн форматта жүргізіледі.
Білім беру ұйымының әкімшілігі негізгі оқу пәндерінен жекелеген тақырыптар бойынша білім алушылардың біліміне бақылау жұмыстарын жүргізуді, сыныптар мен өткізу мерзімдерін, қорытындыларды талқылауды жоспарлайды.
Сабаққа қатысудың мақсаты – оқу процесінің сапасын бақылау (мониторинг).
Сабаққа қатысу барысында:
- сабақтың оқу бағдарламасының мазмұны мен оқу мақсаттарына
сәйкестігіне;
- формативті бағалаудың өткізілуіне;
- педагогтің кері байланыс жасауына;
- білім алушылардың оқу процесіне белсенді қатысуына;
- әрбір білім алушыға жеке көңіл бөлуге;
- сабақта цифрлық білім беру ресурстарын тиімді қолдануға;
- оқыту процесінде белсенді әдіс-тәсілдер мен технологиялардың қолданылуына және т.б. назар аудару ұсынылады.
- 1-11-сыныптарға арналған оқу пәндері бойынша орта мерзімді жоспарлар «НЗМ ДББҰ» АҚ сайтының «Жүйелік-әдістемелік кешен» блогында орналастырылған http://out.easycounter.com/external/smk.edu.kz.
- Мұғалім қысқа мерзімді жоспарды электронды немесе қағаз форматта ұсына алады.

2021-2022 оқу жылының басты міндеті – білім алушылардың өткен оқу жылындағы білімін толықтыра отырып, жаңа оқу жылының бағдарламасын жүзеге асыру.


- 2021-2022 оқу жылының басында мектеп әкімшілігіне барлық пәндер бойынша білім алушылардың біліміне бақылау жұмыстарын жүргізу ұсынылады.
- Бақылау нәтижелері бойынша білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру үшін әрбір педагогтің және мектептің жұмыс жоспары әзірленеді.
- Білім олқылықтарының орнын толықтыру жұмысы жүйелі түрде жүргізіледі.
- Оқу пәндері бойынша білім алушылардың білім сапасына жүйелі мониторинг жүргізіледі.
- Білім олқылықтарының орнын толықтыру бойынша мектеп жұмысы алгоритмінің үлгісі ұсынылады (www.nao.kz).
Білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың негізгі көрсеткіштері:
1) пәннің оқу бағдарламасы бойынша біліміндегі олқылықтар;
2) оқу-танымдық іс-әрекетіндегі олқылықтар;
3) оқуға қажетті өзіндік жеке қасиеттерінің даму деңгейінің жеткіліксіздігі;
4) эмоционалды қолайсыздық.
Үлгерімі төмен білім алушылармен жұмыс жасау алгоритмі:
1) бірнеше педагогтің сабақтарды, оқыту процесін бірлесіп жоспарлауы (олқылықтардың орнын толықтыру үшін оқу материалын қайталау, бекіту, оқу тапсырмаларының минимумын орындау, қателерді талдау және жою бойынша оқу әрекетін реттеу және т.б.);
2) оқу іс-әрекеті барысында қолдау көрсету және кеңес беру;
3) бірінші сыныптың білім алушылары мен осал топтың балаларын психологиялық бейімдеуді қамтамасыз ету;
4) оқу іс-әрекетін ынталандыру (көтермелеу, табысты жағдаяттарды туғызу, оқу процесіне белсенді қатысуға ынталандыру және т.б.).
5) оқушының оқу іс-әрекетінің және оқу жетістіктерінің мониторингі (білім алушыларға жүйелі сауалнама жүргізу, оқу тапсырмаларының орындалуын тексеру, кері байланыс, өзін-өзі бағалауда белсенділікті арттыру және т.б.);
6) қосымша сабақтарды және өзара көмек беруді ұйымдастыру;
7) білім алушыға қолдау көрсету бойынша ата-аналармен жұмыс;
8) өздігінен орындайтын тапсырмалар үшін қашықтан оқыту жүйесін пайдалану.
Барлық білім беру ұйымдарында мазмұнды оқу контенті (жетекші мұғалімдердің сабақтары, қарқынды оқытуға, жаттығулар, тестілер және т.б. арналған виртуалды зертханалар) бар цифрлы платформаларға қолжетімділік қамтамасыз етіледі.
Білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды толықтыру жұмыстарында педагогке:
- білім алушының артта қалу себептерін, оның оқу жетістіктерінің деңгейін және біліміндегі олқылықтарды анықтау;
- жеке қолдау көрсету үшін білім алушының қажеттіліктерін зерделеу;
- жеке тапсырмаларды таңдай отырып, оқытудың жеке жоспарын әзірлеу;
- жүйелі кері байланысты ұйымдастыру ұсынылады.
Педагог оқушылардың білім алу қажеттіліктерін және жеке даму жолын ескере отырып, пән бойынша білім алушылардың білімін толықтыру алгоритмін дербес әзірлейді. Мысалы:
- өткен және ағымдағы оқу жылдарындағы оқу пәні сабақтарының тақырыптарын, оқу мақсаттарын кіріктіру;
- пәндер бойынша өткен оқу жылының материалдарын жаңа оқу жылының барлық кезеңіне бөлу;
- жаңа тақырыптарды және оқу мақсаттарын меңгертуге дейін бұрынғы оқу материалдарын қайталау;
- білім алушыларға қиындық тудырған тақырыптар бойынша қосымша сабақтар өткізу;
- білім алушыларға күрделі тақырыптар/оқу мақсаттары бойынша жеке және топпен консультациялар өткізу;
- өткен оқу материалы бойынша оқу пәнінен олимпиадалар ұйымдастыру;
- каникулдық сабақтарды және жазғы мектепті ұйымдастыру;
- формативті бағалауда өткен оқу жылындағы оқу бағдарламасы бойынша тапсырмалар әзірлеу және енгізу;
- өткен оқу жылындағы материалдар бойынша зерттеу және жобалау жұмыстарын ұйымдастыру;
- білімдегі олқылықтардың орнын толықтыру сабақтары үшін Үлгілік оқу жоспарының вариативтік компонентінің сағаттарын пайдалану;
- білімдегі олқылықтардың орнын толықтыру мақсатында қосымша білім беру ұйымдарының мүмкіндігін барынша пайдалану;
- білім беру платформаларын қолдану.
Негізгі оқу пәндерінен білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру бойынша ұсынымдар әдістемелік-нұсқау хаттың «Орта білім беру ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері» атты бөлімінде беріледі.
Білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру бойынша жұмысты ұйымдастыруда «2020-2021 оқу жылында жазғы мектепті ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар» қосымшасын басшылыққа алу қажет (ҚР БҒМ 2021 жылғы 26 мамырдағы №240 бұйрығы).
2021 жылғы 26 мамыр мен 19 маусым аралығында ұйымдастырылған Жазғы мектеп білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толықтыруға бағытталды.
Жыл сайын жазғы мектеп барлық білім алушылар үшін оқыту мерзімін 20 маусымға дейін ұзарта отырып жұмыс істейтін болады. 2021-2022 оқу жылында жазғы мектептегі сабақтың ұзақтығы 45 минутты құрайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет