Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың


-2022 оқу жылында 3-сыныпта «Цифрлық сауаттылық» оқу пәні 2021 жылдың 1 қыркүйегінен оқытылады



бет6/27
Дата12.06.2023
өлшемі124,54 Kb.
#100744
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
Bilim beru Akademiyasy - adistemelik nuskaulyk

2021-2022 оқу жылында 3-сыныпта «Цифрлық сауаттылық» оқу пәні 2021 жылдың 1 қыркүйегінен оқытылады.
3-сыныпқа арналған «Цифрлық сауаттылық» оқу пәнінің базалық мазмұны:
1) «Компьютер»: компьютер құрылғылары: таңба регистрін, пернетақтаның орналасуын, меңзерді басқаруды өзгертуге арналған клавиштер. Программалық қамтамасыз ету: қолданбалы программаларда «қызу» клавиштерді пайдалану. Қауіпсіздік: Интернет желісінде жұмыс істеуде жеке қауіпсіздігінің негізгі ережелері.
2) «Ақпаратты ұсыну және өңдеу»: мәтінді теру ережелері; маркіленген және нөмірленген тізімдер; мәтінді өңдеу; шрифт пен абзацты пішімдеу (жазылуы, түсі, тегістеу); кесу, көшіру, белгіленген мәтінді құжатқа қою; мәтінге суретті қою және орналастырылуын реттеу; Презентациялар: презентация конструкторы; программа мәзірі; презентацияның ашылуы мен сақталуы; мәтінді және суреттерді слайдқа орналастыру; слайдтар арасында ауысу; презентация дизайны. Графика: фотосуреттерді өңдеуге арналған программа (жарықтық, контраст, жиектеме);
3) «Интернет желісіндегі жұмыс»: ақпарат іздеу, құжаттан мәтін үзіндісін іздеу. Ақпарат алмасу: желідегі ақпарат алмасу жолдары; жоба бойынша бірлесіп жұмыс істеуге арналған мессенджерлерді пайдалану.
4) «Есептей білу».
Алгоритмдер: цикл; циклдік алгоритмді іске асыру кезінде орындаушының командалар жүйесі.
Программалау: программалау ойын алаңын құру барысында алгоритмді жүзеге асыру; дайын сценарий бойынша ойын әзірлеу; программалау ойын алаңында бірнеше көріністермен және кейіпкерлермен жұмыс істеу.
5) «Робототехника»: орта мотордың жылдамдығы мен айналымның санын күйге келтіру; робот қозғалысын ұйымдастыру үшін циклді қолдану. 3-сыныптың оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарын меңгеру үшін мынадай ұсынымдар беріледі:
1-тоқсанда оқу процесіне қосымша келесі оқу мақсаттарын енгізу қажет: «1.1.3.1 информатика кабинетінде тәртіп ережелерін сақтау»; «2.1.1.1 енгізу және шығару құрылғыларын ажырату»; «2.1.2.1 файл және папка ұғымдарын түсіндіру»; «1.4.1.1. сызықтық алгоритмді іске асыру»; «1.4.2.1. ойын бағдарламалау ортасында жобаны құру, сақтау және ашу (Scratch (скретч)»; «2.2.1.1 пернетақта тренажёрында мәтін теру»; «2.4.1.1 тармақтау алгоритмін іске асыру»;
Бұл жағдайда 1-тоқсанға арналған оқу бағдарламасындағы мына: «3.4.1.1 қайталауды қолданатын алгоритмдер құрастыру (цикл)»; «3.4.1.2 циклдік алгоритмді іске асыру»; «3.4.2.4. программалау ойын алаңында ойын құру барысында циклдік алгоритмді жүзеге асыру»; «3.3.2.2 желідегі ақпарат алмасу жолдарын түсіндіру»; «3.1.3.1 Интернет желісінде жұмыс істеуде жеке қауіпсіздігінің негізгі ережелерін ескеру» оқу мақсаттары 2-тоқсандағы «3.4.2.1 дайын сценарий бойынша ойын әзірлеу»; «3.2.1.1 таңбалы, нөмірленген тізімдер жасау»; «3.4.2.2 программалау ойын алаңында бірнеше көріністермен жұмыс істеу»; «3.4.2.3 программалау ойын алаңында бірнеше кейіпкерлермен жұмыс істеу»; «3.4.2.4 программалау ойын алаңында ойын құру барысында циклдік алгоритмді жүзеге асыру» оқу мақсаттарымен кіріктіріледі.
3-тоқсандағы оқу бағдарламасының «Робототехника» бөлімшесіндегі 3.5.3.1 орта қозғалтқыш жылдамдығының мөлшерін орнату және жылдамдығын реттеу; 3.5.2.1 робот қозғалысын ұйымдастыру үшін циклді пайдалану оқу мақсаттарына 1-сыныптың оқу бағдарламасындағы: «1.5.1.1 білім беру роботының негізгі моделін жинау»; «1.5.1.2 роботқа арналған программаны жүктеп алып, іске қосу»; «1.5.2.1 роботтың белгілі бір жылдамдықтағы қозғалысын ұйымдастыру»; «1.5.2.2 дөңгелек айналымының белгілі бір санына робот қозғалысын ұйымдастыру»; «1.5.2.3 роботты алға жылжыту қозғалысын ұйымдастыру»; «1.5.2.4 роботты артқа жылжыту қозғалысын ұйымдастыру»; «1.5.2.5 роботтың 90, 180 градустағы бұрылысын ұйымдастыру» оқу мақсаттарын кіріктіру қажет.
Бастауыш мектепте «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқытуда білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып оқытудың белсенді формалары мен әдістері қолданылады. Ұғымдарды жақсы түсіну үшін өмірде жиі кездесетін нақты мысалдармен байланыстыру ұсынылады.
Бастауыш мектепте «Цифрлық сауаттылық», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәндерінен бөлімдер мен тоқсан бойынша жиынтық бағалаулар жүргізілмейді. Жартыжылдықтар соңында «Цифрлық сауаттылық» пәні бойынша «есептелді» («есептелмеді») қойылады. Білім алушы оқыту мақсаттары бойынша практикалық тапсырмаларды орындаған жағдайда «есептелді» қойылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет