Қашықтан оқыту форматында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері
Материалды игеру сапасы платформадағы білім мазмұнына байланысты болғандықтан білім платформасын таңдап алу өте маңызды.
Қашықтан оқытуды жүзеге асыру үшін әлемде ұлттық білім беру платформалары (Франция, Ирландия, Сингапур, Жаңа Зеландия) және жаһандық LMS платформалары мен WebEx, Office 365 (Microsoft), G Suite for Education (Google), FUSE, ClickView (Ұлыбритания, Австралия) сандық ресурстары пайдаланылды. Бразилия, Қытай, Үндістан, Мексикада білім беру мақсатында теледидар кеңінен қолданылды.
Қазақстанда қашықтан оқыту «Күнделік», «BilimLand», «Daryn» платформаларын, Zoom, Google Meet, Microsoft Teams, сонымен бірге телесабақтарды пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Бұл тәсіл халықаралық ұйымдардың ұсынымдарына сай, мұны ЮНИСЕФ пен Дүниежүзілік банк оң бағалады, себебі қалыпты емес жағдайларда білім алушылардың барлығының білім алуға қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
Сіз білім алушылармен байланысқа шығатын платформаны таңдай отырып, оқу материалдары мен орындайтын тапсырмаларды орналастырасыз.
Берілген материалды сапасы игеру платформадағы білім мазмұнына байланысты болғандықтан оны (платформаны) дұрыс таңдау өте маңызды.
Мысалы, kundelik.kz білім беру платформасында бейнесабақтар, электронды күнделік пен журнал, педагогтарға арналған әдістемелік материалдар (оқу жоспарлары, критериалды бағалау бойынша ақпарат) бар.
Ұлттық білім беру платформаларының толықтырылуы туралы ақпарат
келесі кестеде берілген.
Кесте. Ұлттық білім беру платформаларының толықтырылуы туралы
ақпарат
«Күнделік» бірыңғай білім беру Интернет-порталы
Орналасуы https://portal.kundelik.kz/
Мүмкіндіктері Педагогтар үшін: электронды күнделік, электронды журнал, мектеп есептері, білім беру ресурстары.
Білім алушылар мен ата-аналар үшін: бейнесабақтар, сабақ кестесі мен сабақтар, білім беру ресурстары, білім алушының портфолиосы, чат.
Мемлекеттік органдар үшін: статистикалық есептер
Пайдаланылуы Жүйеге кіруге арналған белсендіру деректері мектеп әкімшілігіне бекітілген
Достарыңызбен бөлісу: |