«Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер» кафедрасы Күзембаева А. О. «Философия» пәнінен білім алушылардың семинар сабақтарына арналған әдістемелік нұсқау



бет11/26
Дата27.11.2023
өлшемі138,95 Kb.
#129591
түріСеминар
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26
Байланысты:
Семинар әдістемелік нұсқаулық Философия 2022 docx

Реферат тақырыптары:
1. Танымның қоғамдық-тарихи мәні.
2. Таным процесіндегі субъектінің творчестволық белсенділігі.
3. Таным және творчество.
4. Философиядағы ақиқат мәселесі.
5. Ғылыми танымның ерекшеліктері.
6. Сезімдік таным және рационалдық таным.
7. Эмпирикалық танымның түрлері мен тәсілдері.
8. Абсолютті және салыстырмалы ақиқаттар диалектикасы.
9. Рационализм және иррационализм.
10. Танымдағы практиканың рӛлі.
Тақырып 6. Ғылымдағы әдіс мәселесі. Ғылым және техника. Қазақстанның үшінші жаңаруындағы цифрлық технология

1. Қазіргі ғылымның жетістіктері және оның себептері.


2. Әдіс мәселесі. Танымның негізгі әдістері.
3. Ғылыми таным әдістері және және ғылыми ақиқат ерекшелігі
4. Ғылым құндылықтары.
5. Ғылымды білім, қызмет және әлеуметтік институт ретінде талдау.
6. Сциентизм және антисциентизм. Ғылым және техника.


Теориялық бөлім
Білім (лат. scientia, ағылш. knowledge, араб.: علم‎) – адамдардың белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректері мен пайымдауларының, т.б. жиынтығы. Білім адамзат мәдениетінің ең ауқымды ұғымдарының бірі болып табылады. Ол сана, таным, объективті әлем, субъект, ойлау, логика, ақиқат, парасат, ғылыми және т.б. күрделі де терең ұғымдармен тығыз байланыста әрі солар арқылы анықталады. Білім философия мен рационалды білім пайда болғаннан көп бұрын дүниеге келген.


Ғылым (араб.: علم‎ (ілім) — білім, тану; лат. scientia — білім) — ақиқат жайлы объективті білімдерді жетілдіру мен жүйелеуге бағытталған адам іс-әрекетінің саласы. Жалпы мағынасы: жүйелік білім мен тәжірибе. Арнайы мағынасы — ғылыми жолмен жинақталған білім жүйесі, сонымен қатар зерттеумен келген ретті білім жинағы.
Ғылым философиясы – философияның ғылымды адам іс-әрекетінің ерекше аясы әрі ұдайы дамудағы таным жүйесі ретінде қарастыратын бір саласы.
Ғылыми танымды гносеология және методология тұрғыдан зерттеу тарихы әріден басталғанымен, Ғылыми философия 20 ғ-да ғана дербес пән ретінде қалыптаса бастады. Ең алғаш бұл термин О.Конт, Э.Литтре, Г.Спенсер, т.б. ғалымдар еңбектерінде қолданылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет