«Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер» кафедрасы Күзембаева А. О. «Философия» пәнінен білім алушылардың семинар сабақтарына арналған әдістемелік нұсқау



бет13/26
Дата27.11.2023
өлшемі138,95 Kb.
#129591
түріСеминар
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26
Бақылау сұрақтаоры
1. Білімнің тұлғаның қалыптасуы мен дамуында атқаратын ролі қандай?
2. В.И.Дальдің және А.А.Асмоловтың білімге берген анықтамалары қандай?
3. Ғылымның өрлеуі қай кезеңге сәйкес келеді?
4. Ғылымға дейінгі саты қандай болған?
5. Мәдениет жүйесіндегі ғылымның орны қандай?
6. Ғылым ұғымының мәні неде?
7. Ғылым ұғымының классификациясын талдаңыз
8. Ғылымның қандай қызметтерін атай аласыз?


Баяндама және реферат сұрақтары
1. Ақпараттық қоғам концепциясы (П. Сорокин т.б)
2. Ақпараттың әлеуметтік маңызы
3. Қазіргі ақпараттық технологиялар
4. Ақпараттану процесі
5. Қазіргі өркениет және ғылым ерекшелігі
6. Тарихтың қалыптасуында техногенді өркениет
7. Техногенды өркениеттің қалыптасуындағы ғылымның рөлі.
8. Ғылымның танымдық-философиялық мәні
9. В.И.Вернадский мен С.Л.Франктің ғылыми философиялық ойлары
10. Ноосфера концепциясы
11. «Ғылыми шығармашылық жарылыс» ұғымы
12. Франк іліміндегі философия мен ғылым.
13. Ғылым тарихының орны және проблемалары.
14. Ғылымның даму тарихының заңдылықтары
15. Ғылыми білімнің өсуі
16. Ғылыми революциялардың мәні
17. Ғылыми революцияның бірінші және екінші сатылары
18. Интернет және оның философиялық маңызы
19. Ақпараттандыру үрдістерін жаһандандыру салдары
20. Қазіргі кездегі компьютерлік революция: интернет
21. Виртуалдық шындық
Тақырып 7-8. Қазіргі философиядағы адам мәселесін талдау тәжірибесі. Күнделікті тәжірибеде өмір мәнін іздеудің маңызды қырлары.
1. Адамды қарастырудың философиялық тәсілінің ерекшелігі.
2. Қазақ философиясындағы адам мәселесі.
3. Адам, индивид, индивидуалдылық, тұлға.
4. Адам болмысының категориялары.
5. Адам, оның ажалдығы және ажалсыздығы.
6. Философиялық ойлар тарихындағы өмірдің мәні мәселесі.


Теориялық бөлім
Гректің антропос – «адам» және логос «ілім» сөзінен құралған, антропология дегеніміз – адам туралы ғылым.
Антропология адамның табиғи құрылысын, оның бейімдері мен дағдысын, тілін, өнерін, діні мен өркениетін зерттейді.
Антропологияның үш маңызды бағыты бар. Біріншісі, адамның табиғаттағы орнын қарастырып, басқа тіршілік иелерінен айырмашылығын анықтайды. Осы мақсатта адамның табиғи қасиеттері мен дамуының, өркениетінің өзара байланысына назар аударады.
Екіншісі, адамның нәсілдерін анықтап, жүйелеумен тығыз байланысты. Ол этнология деп аталады. Алғашқы адамдардың қаңқасы мен бассүйектерін қазіргі адамдармен салыстыра отырып, әртүрлі халықтар мен нәсілдердің дәстүрлері мен дінін зертейді. Сөйтіп, әр халықтың өзіндік тарихи, мәдени ерекшеліктерін анықтайды.
Үшінші бағыт антропометрия деп аталады. Бұл ғылым адамныаң табиғи өлшемдерін бойын, салмағын, әртүрлі нәсілдің өкілдерінің сүйектерінің көлемін зерттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет