Қазақстан тарихы кафедрасы


Қоқанд (Тҥркістан) автономиясы



Pdf көрінісі
бет50/98
Дата25.11.2023
өлшемі1,24 Mb.
#127340
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   98
Байланысты:
file185

Қоқанд (Тҥркістан) автономиясы
1917 жылы 26 қарашада 
Қоқанд қаласында мҧсылмандардың ІУ съезі шақырылды. Съезд 
Тҥркістан автономиясы мен оның жоғарғы органы Уақытша Кеңестің 
қҧрылғанын жариялады. Уақытша Кеңес қҧрамына 32 адам сайланды. 
Тҥркістан автономиясының президенті жҽне Уақытша Кеңестің 
басшысы болып М.Тынышпаев, сыртқы істер министрі болып М.Шоқай 
сайланды. М.Тынышпаев қызметтен кеткеннен кейін оның орнына 
М.Шоқай президент болып тағайындалды. 1917 ж. 1 желтоқсанында 
Тҥркістан ҿкіметі ҿлкенің халқына Тҥркістан автономиясының 
тҿңірегіне топтасуға жҽне алға қойған міндеттерді бірлесіп жҥзеге 
асыруға шақырған ҥндеу тастады. 1918 жылы қаңтарда большевиктер 
Тҥркістан автономиясын заңсыз деп таныды жҽне оны жою туралы 
шешім қабылдады. Қызыл отрядтар мен Ташкент гарнизонының 
ҽскерлері Қоқанға қарсы аттандырылып, 5 ақпаннан 6 ақпанға қараған 
тҥнде қалаға тікелей шабуыл жасалды. Ҥш кҥндік шабуылдан кейін қала 
алынып, автономия жойылды. 


74 
Алаш автономиясы. 
Қазан революциясынан кҿп бҧрын-ақ қазақ 
либералдық-демократиялық қозғалысының жетекшілері Қазақстанның 
ҽлеуметтік-экономикалық жҽне саяси дамуына байланысты ҿздерінің 
бағдарламалы кҿзқарастарын кеңінен насихаттаған болатын. Ал 
Петроградтағы революциядан кейін бірден «Қазақ» газетінің 21 
қарашадағы 
санында 
«Алаш» 
партиясының 
Ҽ.Бҿкейханов, 
А.Байтҧрсынов, М.Дулатов, Е.Ғҧмаров, Е.Тҧрмҧхамедов, Ғ.Жҥндібаев 
жҽне Ғ.Бірімжанов қҧрастырған бағдарламасының жобасы жарияланды. 
Бҧл бағдарлама Қҧрылтай жиналысына сайлауда «Алаш» партиясының 
ірі табысқа жетуін қамтамасыз етті жҽне 1917 ж. 5-12 желтоқсанда 
Орынборда ҿткен Екінші бҥкілқазақтық съезде қазақ халқының ҽр тҥрлі 
топтарының ҿкілдерін біріктірді. Бҧл съездің маңызы орасан зор болды. 
Съездегі қаралған ең басты мҽселе Алаш автономиясының қҧрылуы еді. 
Съезд ҿлкеде азамат соғысы басталуы жағдайында ҿткізілді. 
Сондықтан да қазақ даласында анархияны болдырмау мақсатында съезд 
делегаттары екі маңызды шешім қабылдады: Алаш автономиясын қҧру 
туралы жҽне меншікті ҽскери кҥшті жасақтау. Автономия қҧру жайлы 
баяндаманы Ҽ.Бҿкейханов жасады. Баяндаманы талқылаған съезд қазақ 
облыстарының автономиясының қҧрылғандығы жҽне оған «Алаш Орда» 
деген аттың берілгендігі туралы шешім қабылдады. Съезд шешімі 
бойынша қҧрылған қазақ автономиясына Орал, Торғай, Ақмола, Семей, 
Жетісу облыстары мен Бҿкей Ордасы жҽне Закаспий облысы мен Алтай 
губерниясының қазақтар мекендеген аудандары кірді. Съезде ҿкімет 
билігі Алаш Орда Уақытша Халық Кеңесіне берілді. Оның тҿрағасы 
болып баламалы негізде Ҽ.Бҿкейханов сайланды. 
Большевиктердің 
1918 жылы 10 қаңтарда Бҥкілресейлік 
Қҧрылтайды кҥшпен қуып таратуы Алаш Орда ҥкіметінің жағдайын 
қиындата тҥсті. 1918 ж. 18 қаңтарда қызыл гвардияшылар отряды 
Орынбор қаласын басып алады. Алаш Орда ҥкіметі қаладан кетуге 
мҽжбҥр болды. Байланыстың нашарлығы мен бҥкіл қазақ даласына бір 
орталықтан басшылық жасаудың қиындығынан Алаш Орда ҥкіметі ҥшке 
бҿлінеді. Оның Ҽ.Бҿкейханов басқарған Шығыс бҿлігі Семейге, Жанша 
жҽне Халел Досмҧхамедовтер басқарған Батыс бҿлігі Оралдағы 
Жымпиты қаласына, ҥшінші бҿлігі Жетісу облысында орналасады. 
Алаштықтар пролетариат диктатурасын қолдамады. Сондықтан да 
ҽртҥрлі кҿзқарас пен мақсатта болған саяси кҥштердің билік жолындағы 
кҥресі басталды. Алаш Орда ҥкіметі Кеңестерге қарсы кҥштермен, ең 
алдымен атаман Дутовтың кҥшімен жақындасуға мҽжбҥр болды. 1918 
жылдың кҿктемінен бастап бҥкіл елде азамат соғысы басталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет