Қазақстан тарихы оқулық


жылғы ашаршылык. Жер-су реформасы



Pdf көрінісі
бет46/77
Дата09.10.2024
өлшемі7,71 Mb.
#147352
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   77
Байланысты:
Кадыркулова Г. Казакхстан тарихы

9.2. 1921 жылғы ашаршылык. Жер-су реформасы
Соғыс зардаптары, осы жылйардағы түрлі табиғат апаттары 
(қуаңшылық және т.б.) және ақылға сыймайтын адам төзгісіз 
экономикалық 
саясат 
ауыл 
шаруашылығын 
дағдарысқа 
үшыратты. 1914 жылдан 1922 жылға дейін егістік алқабы екі есе 
(3,6 млн. десятинадан 1,6 млн. десятинаға дейін) төмендеп, 
өнімнің жалпы түсімі үш есе азайды. Мал шаруашылығы да өте 
қиын жағдайда қалды. 1914 жылдан 1922 жылға дейін ірі 
қараның саны 2,1 миллион басқа, жылқы 2 миллионға, үсақ мал 
6,6 миллионға, түйе 300 мың басқа азайды. Барлық мал басы 
осы жылдары 10,5 миллионға кеміп кетті.
Ауыл шаруашылығын жүтатып кеткен осындай апат елді 
жаппай ашаршылыққа үшыратты. Жергілікті жерлерден түскен 
мәліметтерге қарағанда, 1921-1922 жж. Орынбор губерниясында- 
445 мың адам, Қостанайда 
225 мың, Оралда 
400 мың, 
Ақтөбеде - 360 мың, Бөкей губерниясында 100 мың адам 
аштыққа үшырады. Ал бүкіл республика бойынша 2 миллион 
300 мың адам ашаршылық қасіретіне душар болды. Аштан өлу 
мен ауруға үшырау, сондай-ақ халықтың ашаршылық жайлаған 
аудандардан жаппай жөңкіліп көшуі халықтың санын күрт 
азайтып жіберді. 
1914 жылы Қазақстан аумағында 4 811662 
адам түрса, ал 1922 жылы бүл көрсеткіш 3 705 963 болды.
1921-1922 жж. Қазақстанда жер-су реформасы жасалды, 
осының негізінде, бір кезде Сібір жөне Орал казак өскерлері 
үшін тартып алынған 
Ертіс және Жайықтың оң жағалауы, 
сондай-ақ Жетісу мен Оңтүстік Қазақстандағы қазақ жерлерін 
қайтару көзделді. 
Шаруалар барлығы 
1 миллион 385 мың 
десятина жерді пайдалануға қайтарып алды. Ауылдарда кеңес 
өкіметін 
нығайту жөне мемлекеттік жөне шаруашылық 
қүрылысқа қазақ еңбекшілерін тарту мақсатында 1921 жылы
226


қүрылған «Қосшы» одағының ( «Кедейлер одағы») атқарған рөлі 
зор. Оның басты міндеттері: еңбекшілердің таптық сана-сезімін 
көтеру, олардың мүдделерін қорғап, кеңес өкіметінің саясатына 
баулу. Байлар, кулактар және еңбек етпей 
пайда табатын 
адамдар 
немесе бөтеннің еңбегін қанаушылар 
одаққа 
қабылданған жоқ.
1921-1922 жж. болған жер-су реформасы аграрлық салада 
патшаның отарлық саясатына күйрете соққы берді, қазақ және 
орыс еңбекшілерін социалистік қүрылысқа тартуға, жүмысшылар 
мен қазақ шаруаларының, өзбек, дүнған диқандарының одағын 
нығайтуға, үлттық келісімді күшейтуге жәрдемдесті.
9.3. Жана экономикалық саясат
Қазақстанда қалыптасқан жағдай бүкіл елді қамтыған 
экономикалық және саяси дағдарыстың жалпы көрінісі болатын. 
1921 жылы ақпан айының басында 
В.И.Ленин «Шаруаларға 
қатысты тезистердің бастапқы жобасында» азық-түлік салғыртын 
азық-түлік салығымен ауыстыру мәселесін қойды. Социализмнің 
экономикалық 
іргетасын 
қалауда 
ірі 
өнеркәсіпті 
жаңа 
технологиялық негізде қалпына келтіріп, қайта қүру керектігін, 
ол үшін ең алдымен жүмысшыларды азық-түлікпен, өндірісті 
шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында қайткен күнде* ауыл 
шаруашылығын өркендету қажеттігін көрсетті.
Партияның X съезінде 
(1921 жылғы 8-16 наурыз) жаңа 
экономикалық саясатқа (ЖЭС) көшу проблемасына басты назар 
аударылды. Азық-түлік салғырты азық-түлік салығымен алмас- 
тырылды, еңбек міндеттілігі жойылды, сауда еркіндігіне, жерді 
жалға беруге, жалдамалы жүмыс күшін пайдалануға рүқсат 
етіліп, кооперацияны дамытуға жол берілді, шаруашылық есепке 
көшу кең етек алды.
1922-1924 жж. ақша реформасы табысты аяқталды. Еліміз 
әлемдік ақша нарығында жоғары бағаланатын, түрақты валютаға 
ие болатын болды. Фабрика, зауыттар мен өзге де кәсіп- 
орындарда еңбекақы төлеу қолға алынды. Сауда қайтадан 
жандана түсті. Бүл орайда жеке меншік секторлар қарқынды 
дами бастады: мысалы, қаланың жеке сауда есебінен сауда 
айналымы 85% қүраса, мемлекеттік сауда небөрі 2% ғана 
болатын.
2 2 7


Жаңа экономикалық саясат 1924-25 жылдары өзінің нәтижесін 
берді. 1925 жылдың аяғында өнеркәсіп өнімдерін өндіру 1920 
жылмен салыстырғанда 5-6 есе өсті. Өнеркәсіп кәсіпорын- 
дарының 60 %-інен астамы іске қосылды, ал 1921 жыл бүл 21% 
болған еді. Көлік қатынасы қалпына келтірілді. Бүрынғы 
магистральдардан басқа, жаңадан Петропавл - Көкшетау, 
Славгород - Павлодар, Омбы теміржолдары саласында Семей 
бөлімшесі іске қосылды. Ертіс, Сырдария, Жайық өзен порттары 
арқылы жүретін байланыс жолдары дамыды.
Республиканың ауыл шаруашылығы айтарлықтай дами 
бастады. Eric көлемі 3 млн. гектарға өсіп, астықтың жалпы түсімі 
соғысқа дейінгі деңгейге жетсе, мақтадан түскен өнім соғысқа 
дейінгі кезеңнен асып түсті. 
Мал шаруашылығының саласы 
дағдарыстан шыға бастады. 
1922 жылмен салыстырғанда мал 
басының өсуі екі есеге артып, ол 26 миллионнан асты. Ойыл, 
Темір, Қоянды және басқа жәрмеңкелер калпына келтірілді, 
олардың жалпы саны 128 жетіп, 20-23 миллион сомның 
көлемінде сауда айналымын жасады.
Осылайша, халық шаруашылығы дағдарыстан шыға бастады. 
Нарық пен тауар-ақша байланысына жол беріліп, жеке меншік 
қатынастарының жүйесі көп қырлы сипат алды. Әртүрлі 
меншіктің болуы (мемлекеттік, жеке меншік, мемлекеттік- 
капиталистік, 
кооперативтік 
және 
т.б.), 
олардың 
өзара 
бәсекелестігі мен үдайы өндірістің өзара тәуелділігі халық 
шаруашылығының қарқынды дамуына көп септігін тигізді.
Өкінішке орай, 1927 жылы большевиктердің әкімшілік- 
әміршілдік жүйесі жаңа экономикалық саясаттың қол жеткен 
жетістіктерін жоя бастады. 30-шы жылдардағы жантүршігерлік 
оқиғаның алғашқы көрінісі ірі байлардың шаруашылығын 
тәркілеу 
заңы 
болатын. 
Осы 
жылдары 
тәркілеуге 
700 
шаруашылық жатқызылғанымен, шын мәнінде Қазақстанның 
бүкіл түрғындары зардап шекті. Мал шаруашылығының жүйесі, 
үдайы өндірістің өндіріс қүралдары мен қажетті 
азық түлік 
өнімдерін өндіру ырғағы 
бүзылды. «Қанаушы байлардан» 
қүтқарамыз деген миллиондаған адамның тіршілік тынысы 
болып отырған қалыптасқан өмір салты мен шаруашылық 
жүйесін бүзу елге үлкен қайғы-қасірет алып келді. Салық салу 
мен ауқаттылардың мал-мүлкін төркілеуге қарсы халықтың 
наразылығын (көшіп кету, бас котерулер) Ішкі істер Халық 
комиссариаты (НКВД) органдары қатал түрде басып-жаншыды.
2 2 8


Осы жылдары 
әкімшілік жаза (тәркілеу, айыппүл, сайлау 
құқығынан айыру жэне т.б.) мен қылмыстық жауапкершілікке 
(қамауға алу, жер ay дару жэне т.б.) 56 498 адам тартылды. 
БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің 1930 жылғы қаңтардағы бюро 
мәжілісінде1928 жылдың 1 қазанынан 1929 жылдың 1 желтоқ- 
санына дейін 277 адам ату жазасына кесілгені хабарланды. Тек 
үш округ бойынша (Ақмола, Петропавл жэне Семей) 1928/29 
және 1929/30 жж. 23 миллион сом айыппүл салынып, мүлкі 
тартып алынған, 54 мың мал басы, 630 мың пүт астық қоры, 258 
әртүрлі қүрылыстар тәркіленген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет