халық санағы бойынша қазақтар Қазақстан түрғындарының 61,3
% қүрады. 1925 жылы 9 ақпанда Қазақ АКСР ОАК астананы
Орынбордан Ақмешітке
көшірді. 1925 жылы 15-19 сәуірде
республиканың жаңа астанасында Қазақстан Кеңестерінің Ү съезі
өтті. Онда халқымыздың байырғы атауы - қазақ атауы қалпына
келтіріліп, Қырғыз АКСР-ы Қазақ АКСР етіп өзгертілді. Съезд
республика астанасы Ақмешіттің атын Қызылорда деп өзгертті.
1928 жылы аудандарға бөлу қайта қаралды. Республика
басқарудың бес сатылы жүйесінен (ауыл-село-болыс-уезд-
губерния-орталық) төрт сатылы (ауыл- село- аудан- округ-
орталық) басқару жүйесіне көшті. Республика бір автономиялық
облысқа, 13 округке және 192 ауданға бөлінді. 1929 жылы Қазақ
АКСР астанасы Қызылордадан Алматыға көшірілді.
1936
жылы 5 желтоқсанда КСРО Кеңестерінің YII1 Төтенше
съезі кеңес мемлекетінің
жаңа Негізгі Заңы
КСРО
Конституциясын
қабылдады.
Қазақ
АКСР-ы
одақтас
республикаға айналды. 1937 жылы қабылданған
Қазақ КСР
Конституциясы бүкіл елімізде, сондай-ақ біздің республикада
социализмнің
негізі қаланды, өндіріс қүрал-жабдықтарына
қоғамдық меншік пен шаруашылықты басқаруда жоспарлы
жүйесі қалыптасты, адамды адамның қанауы жойылып, тең
қүқықтық қатынастар қалыптасты. Халықтар ынтымақтастығы
орнады,
экономика мен мәдениетті көтеру жүзеге асты деп
мәлімдеді. Бір жағынан қарағанда, мүның бөріне үлт-азаттық
күрес дем берді десек, екінші жағынан ол халықтың әділдікке,
ізгілікті қоғамға деген сенімі деп білеміз.
Экономика мен мәдениеттегі жетістіктерге оңайлықпен қол
жеткен жоқ. Әміршілдік жүйе қалыптасты. Мал-мүлкінен
айырылған көшпенділер мен жартылай көшпенділер өнеркәсіп
орталықтарының маңына шоғырланып, отырықшы түрмыс-
салтына ауысуға мәжбүр болды, онда жүмысшыларды азды-көпті
азық-түлікпен
қамтамасыз
етті.
Өнеркөсіп жүмыстарынан
төжірибесі жоқ қазақтар амалсыз қара жүмысшы болып, өртүрлі
ауыр жүмыстарды істеді.
Достарыңызбен бөлісу: