КСРО балалар өлімінің деңгейі бойынша әлемде Маврикия мен
Барбадостан кейін 50-ші орында, ал орташа өмір үзақтығы
жағынан 32-ші орында түрды.
1985 жылы наурызда
КОКП Орталық Комитетінің Бас
хатшысы қызметіне М.С.Горбачев сайланды.
Орталық Комитет-
тің 1985 жылы сәуірдегі Пленумында елдің әлеуметтік-экономи-
калық дамуын жылдамдату бағыты жарияланды. Бүл кезең жеті
жылға созылды, ол тарихта «қайта қүру» кезеңі деп те айтады.
1987 жылы «Мемлекеттік
кәсіпорындар туралы» Заң қабыл-
данды, соған сәйкес мемлекеттік кәсіпорындар
шаруашылық
есепке көшті, өз шығынын өзі өтеп, өзін-өзі қаржыландыратын
болды, кейбір ірі кәсіпорындарға
сыртқы нарыққа шығуға
рүқсат етілді. Сол жылы «Жеке еңбек қызметі туралы» Заң
қабылданды.
XIX Бүкілодақтық
партия
конференциясынан
кейін (1988 жылдың жазы) саяси реформалар басталды.
Реформа
жаңа өкілетті және атқару
биліктері жүйесін омірге әкелді:
халық депутаттарының съезі, КСРО президенті, КСРО Жоғарғы
Кеңесі. 1990 жылы өткізілген КСРО халық депутаттарының
үшінші съезінде КСРО-ның бірінші (және ең соңғы) президенті
болып М.Горбачев сайланды.
1988-1991 жж. КСРО-ның сыртқы саясатында да түбегейлі
өзгерістер орын алды.
М.Горбачевтің Р.Рейганмен үш рет
кездесуі нәтижесінде орта және жақын қашықтыққа үшатын
ракеталарды жою туралы келісімге қол жетті, 1988 жылы кеңес
әскерлері Ауғанстаннан шығарыла бастады. 1989
жылдың
аяғында
шын мәнінде, бір-ақ айдың ішінде Шығыс Еуропа
елдеріндегі коммунистік партиялар биліктен (негізінен бейбіт
жолмен) айырылды. КСРО-ның қолдауымен екі Германия бірігіп,
тоталитарлық социализмнің белгісі болған *Берлин қабырғасы
қиратылды.
1986 жылы 16 желтоқсанда Алматы қаласында Қазақстан
Компартиясы Орталық Комитетінің Пленумы болып, онда
Д.А.Қонаев Орталық Комитеттің Бірінші хатшылығынан алынып,
орнына Ульянов облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы
болып жүмыс істеген Г.В.Колбин тағайындалды. Сонымен,
тоталитарлық режимнің ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрімен
Қазақстанды кім басқару керектігі туралы мәселе шешілді.
Бірақ ол республиканың үлттық мүддесімен санаспағандықтан
бүл шешім батыл қарсылыққа тап болды.
1986 жылы
17
желтоқсан күні таңертең Алматыда жастар бүл
қабылданған
2 6 5
шешімге қарсы екендігін білдіріп, бейбіт шеруге шықты, екі
күнге созылған бүл оқиға тарихқа «1986 жылғы Алматыда
болған Желтоқсан оқиғасы» деген атпен енді. 17 желтоқсан күні
кешке демонстрациям»!
қуып таратуға күш салынды, бүл
мақсатқа өрт сөндіргіш машиналар, сапер күректері, сойылдар,
қызмет иттері пайдаланылды. Жаппай берекетсіздік басталды.
18 желтоқсан күні таңертең
Алматыға
КСРО-ның баска
қалаларынан арнайы бөлімдер әкелінді. Кешкісін демонстрация
қуып таратылды. Демонстрацияны
таратқаннан кейін, окімет
саяси қуғын-сүргін науқанына кірісті. 900-дей адам әкімшілік
жазаға тартылып, 264 адам
жоғары оқу орындарынан
шығарылды, оқиғаға қатысқан 319 адам жүмыстан қуылды.
КОКП қатарынан 52, БЛКЖО-нан 758 адам шығарылды. 8500
адам үсталып, 99 адам сотталды, олардың екеуіне ең жоғарғы
жаза берілді.
1987 жылы шілдеде КОКП Орталық Комитеті
«Қазақ
республикалық
партия
үйымдарының
халыққа
интернационалдық және патриоттық тәрбие беру жөніндегі
жүмысы» туралы қаулы қабылдады.
Онда желтоқсан окиғасы
«қазақтың үлтшылдық көрінісі» деп аталды. Мүның бәрі
Орталықтың ескі козқарасын білдіретін.
1989 жыл коктемде
М.Шаханов КСРО халық депутаттарының 1 съезінде желтоқсан
оқиғасына объективті баға беруді
талап етті.
1989 жылы
Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі КОКП Орталық Комитетінің
қаулысын айыптады.
1990 жылы қаңтарда ҚазКСР Жоғарғы
Кеңесінің
Төралқасы
1986 жылғы
17-18 желтоқсандағы
Алматыда болған оқиғаларға байланысты жағдайларға түпкілікті
баға беру жөнінде комиссия қүрды. Сонымен қатар,
сотталған
«желтоқсаншылардың» істерін қайта карау процесі де жүргізілді,
нотижесінде
қылмыс
қүрамының
болмауына
байланысты
олардың 32-ісі босатылды.
1990
жылы мамырда КОКП Орталық Комитетінің Саяси
бюросы КОКП Орталық Комитеті 1987 жылғы қаулысында «1986
жылы желтоқсанда Алматыда болған қоғамдық тәртіпті жаппай
бүзушылықты қазақ үлтшылдығының көрінісі деп бағалауы кате
деп тапты». Әділдік салтанат қүруы үшін біраз уақыт керек
болды.
1986 жылғы желтоқсан оқиғасының маңызы зор, бүл
саяси өмірді демократияландырудың басталуы еді. Алматыда
1986 жылы болған желтоқсан оқиғасынан кейін КСРО-ның баска
аймақтарында Орталықтың октемдігіне қарсы үлттық мүддені
жақтаған толқулар басталды. Бүл КСРО-ның қүлауына, сойтіп
266
болашақта бүрынғы
кеңес
кеңістігінде
егеменді, тәуелсіз
елдердің қүрылуының алғы шартын жасап берді.
Қазақстандағы бүқара халық қозғалысының бірі «Невада-
Семей» экологиялық қозғалысы болып табылады. Ол 1989 жылы
ақпанның аяғында ақын О.Сүлейменовтың бастамасымен пайда
болып, Семейдегі және Қазақстанның өзге аймақтарындағы
полигондарды жабуды алдына мақсат етіп қойды.
Ақын М.
Шахановтың бастауымен Арал түрғындарына комек көрсету
жонінде
Балқаш және Арал мәселелері бойынша
комитет
қүрылды.
1989 жылы сәуірде қазақстандық ерікті тарихи-
ағартушылық «Әділет» қоғамы өз қызметін бастады. 1990 жыл
шілдеде «Азат» азаматтық қозғалысы дүниеге келді. «Азат»
озінің алдына басты мақсат етіп Қазақстанның мемлекеттік
егемендігін алу мәселесін қойды. 1990 жылы тамызда «Бірлік»
үлтаралық қозғалысы қалыптасты. Оны үйымдастырушылар
одақтық
дәрежедегі
кәсіпорындардың
ғылыми-техникалық
зиялыларының окілдері еді. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы үшін
жазықсыз сотталғандар
өздерінің «Желтоқсан»
партиясын
қүрды. 1990 жылдың қараша айының бас кезінде Қазақстанда
100-ден аса саяси қоғамдық қүрылымдар бар деп есептелсе, оның
40-қа жуығы Алматы қаласында болды. Дегенмен, жаңа
коғамдық
қозғалыстар
қатарындағы
адамдардың
саны
(экологиялық қозғалыстан баска) көп болған жоқ.
2 6 7