Қазақстан тарихы оқулық


 1 8 ІХТАРАУ ҚАЗАҚСТАН КЕҢЕС ӨКІМЕТІ ЖЫЛДАРЫНДА



Pdf көрінісі
бет45/77
Дата09.10.2024
өлшемі7,71 Mb.
#147352
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   77
Байланысты:
Кадыркулова Г. Казакхстан тарихы

2 1 8


ІХТАРАУ
ҚАЗАҚСТАН КЕҢЕС ӨКІМЕТІ ЖЫЛДАРЫНДА
9.1. Кеңес өкіметінің орнауы. Қазакстандағы Азамат 
соғысы. «Әскери коммунизм» саясаты
1917 жылдың күзіне қарай Қазақстандағы революциялық 
жағдайдың өрлеуі үлттық сипат алды. 29 тамыз күні Перовск 
Кеңесінің кәсіподақтар және солдат комитеттерінің өкілдерімен 
бірлесіп өткізген мәжілісінде барлық билікті Кеңестерге беру 
туралы қарар қабылданды. Келесі күні бүл шешімді қолдап 1500 
адам митингіге шықты. 5 қыркүйекте билікті Кеңестер қолына 
өткізу туралы қарарды жүмысшы және солдат депутаттарының 
Семей 
Кеңесі, 
шаруа 
депутаттарының 
облыстық атқару 
комитетінің Кеңесі, гарнизонный рота комитеттері өздерінің 
біріккен мәжілісінде қабылдады. Осындай үстанымды Черняев, 
Әулиеата жүмысшы, солдат және шаруа депутаттары да 
қабылдады. Қазақ шаруаларының, шаруа-қоныс аударушы- 
лардың жаппай толқуы Темір, Қостанай, Петропавл уездерінде, 
Бөкей ордасында, Жетісу, Сырдария, Ақмола облыстарында өтті. 
Уақытша үкімет еңбекшілердің мүддесі мен тілегін қанағат- 
тандыра алмады, оның билеуші органдары 
аумаққа бақьілау 
жасау мүмкіндігінен айырылды. Ақырында еңбекшілердің бас 
көтерулерін күшпен басуға тырысты.
1917 жылы 24 қазанда Петроградта қарулы көтеріліс 
басталды. Қызыл гвардия отрядтары, солдаттар мен матростар 
Петроградтағы бірқатар вокзалдарды, ал таңертең Мемлекеттік 
банк пен Орталық телефон станциясын басьіп алды. «Аврора» 
крейсері өзінің қуатты артиллериялық қондырғыларынан Невада 
оқ атып, 24 сағат 40 минутта Уақытша үкімет отырған Қыскы 
сарайға шабуыл 
жасауға белгі берді. 
Сағат 10-да Уақытша 
революциялық комитет В.И.Лениннің үндеуін, Уақытша үкімет- 
тің қүлағаны туралы жариялады. 1917 жылы 25 қазан күні кешкі- 
сін 
Смольныйда II Бүкілресейлік Кеңестер съезі 
ашылды.
В.И.Лениннің баяндамасы негізінде жер мен бітім туралы тарихи 
декреттер қабылданды. «Бітім туралы декретте» былай делінді: 
«24-25 қазанда қүрылған жүмысшы және шаруа үкіметі 
жүмысшы, солдат және шаруа депутаттарына 
арқа сүйей 
отырып, соғысып жатқан барлық халықтар мен олардың
2 1 9


үкіметтеріне оділ де, демократиялық бітім туралы келіссозді 
бастауға дереу кірісу керектігін үсынды». Екінші болып 
қабылданған «Жер туралы декретте» 
жерге жеке меншік 
жойылып, ол мемлекеттік меншікпен алмастырылды.
1917 жылы 2 қарашада «Ресей халықтары қүқықтарының 
декларациясы» қабылданды, ол мына мәселелерді қамтыды: 
а) Ресей халықтарының теңдігі мен егемендігі; б) Ресей 
халықтарының озін-озі басқаруға қүқығы, болініп шығып дербес 
мемлекет күруға өзін-озі емін-еркін билеу қүқығы; в) барлық 
жоне қандай болса да үлттық-діни артықшылықтар мен 
шектеулерді жою; г) Ресей аумағында мекендейтін аз үлттар мен 
этникалық топтардың еркін дамуы. 1917 жылы 20 қарашада кеңес 
үкіметінің «Ресей мен Шығыстың барлық еңбекші мүсыл- 
мандарына» атты үндеуі жарияланды. Бүл қүжатта мына мосе- 
леге коңіл болінді: «Қазірден бастап сіздердің діни сенімдеріңіз 
бен 
әдет-ғүрыптарыңыз, 
сіздердің 
үлттық 
жоне 
модени 
мекемелеріңіз ерікті жоне оларға қол сүғылмайтын болады. 
Өздеріңіздің үлттық тірліктеріңізді еркін жоне кедергісіз жүзеге 
асырыңыздар. Бүлай етуге сіздердің толық қүқықтарыңыз бар».
Сонымен, Петроградта билік Кеңестер қолына отті. Іле-шала 
революция 
үлттық аймақтарды, оның ішінде Қазақстанды 
қамтыды. 30 казан күні Перовск жүмысшы және солдат дептутат- 
тарының Кеңесі 
билікті оз қолына алғандығын жариялады. 
Қарашада Кеңестер Ташкентте. Шымкентте, Әулиеатада билікті 
алды, ал Черняевта қарашаның басында Кеңестер билікке бейбіт 
жолмен қол жеткізді. 1917 жылы жүмысшы жоне солдат 
депутаттары Бокей ордасында, Петропавлда, Атбасарда, Қоста- 
найда, Торғай уезінде және Ақмола облысында оз бнліктерін 
орнатты. 1918 жылы қаңтарда Ақтобе мен Орынбордағы билік 
кеңестер қолына кошті. 17 ақпанда Кеңес окіметі Семейде, содан 
кейін Өскеменде, Қарқаралыда, Зайсанда орнады. 1918 жылы 
наурыздың 2-нен 
3-не 
қараған түні 
Верный 
қаласында 
большевиктер басқарған қарулы котеріліс бүқ ете түсті. Бүл 
жерде Қызыл гвардияшылар мен революциялық ыкпалдағы 
қазақтардың 2-ші полкі бекіністе орналасқан үкіметтік мекеме- 
лерді, 
почтаны, телеграф пен қару-жарақ қоймаларын басып 
алды. Уақытша үкіметтің 
комиссарлары мен казак Әскери 
кеңесінің басшылары қаладан қашып кетті. 1918 жылы 18-24 
наурызда Оралда облыстық съезд отіп, онда Орал оскери үкіметі 
мен «Алаш Орда» үкіметін тарату туралы шешім қабылданды.
2 2 0


Съездің шешімімен Қызыл Әскер катарына маПданда соғысу 
үшін оскерге адамдар алынатындығы жарияланды. Сойтіп. съезд 
облыста, іс жүзінде кеңес окіметінің орнағанын жариялады.
1917 жылы 26 қарашада Қоқанда олке мүсылмандарының 1\ 
Тотенше съезі ашылды. 27 қараша күні съезде Түркістан автоно- 
миясын (Түркістан Мүқтариаты) қүру туралы шешім кабыл- 
данды. Түркістан үкіметінің премьер-министрі жоне ішкі істер 
министрі болып М.Тынышпаев. сыртқы істер ммнистрі М.Шоқай 
сайланды. Кейін М.Шоқай премьер-министр болды. Ол бүкіл 
Түркістанды демократиялық Ресей күрамындағы автономиялык 
республикаға біріктіру идеясын үсынды. «Үлы Түркістан» 
газетінің белсенді қызметкері болган М.Шоқай «Алаш Орда» 
басшыларымен жоне озге де түркі халықтарының үлттық 
козғалыстарының окілдерімен бірлесіп, Ташкентте «Бірлік туы» 
деп аталатын басылым шыгарды. онда түркі халықтарын 
біріктіру 
идеясын 
насихаттау 
талап 
етілді. 
1917 
жылы 
1 желтоқсанда Түркістан Автономиясының үкіметі олкеніц 
еңбекшілеріне арнап үндеу жариялады. Онда Түркістанның Ресей 
Кеңестік Федеративтік Демократиялык республикасы қүрамын- 
дағы автономия екендігі жарияланды. Басшыларының бас қосып. 
съезд откізген жері Қокан болғандыктан ол Қоқан автономиясы 
деп те аталды.
Большевиктер үлттық үкіметтің күрылуын мойындаған жоқ. 
1918 жылы қаңтарда Ташкент Кеңесі Қоқанға жазалау отрядын 
жіберді. Большевиктер бүл мақсатқа жету үшін тіпті оздерініц 
идеологиялық кас жауы 
армян үлтшылдарының «Даш­
накцутюн» партиясымен одақтасуға дейін барды. Дашнактар 
отряды 
мүсылман халықтарына қарсы жауыздық жасады. 
Қоқанды қорғап түрған автономияшылдардың шағын жасагын 
талқандау аса қиынға түскен жоқ, қаланы басып алып, үш күн 
бойы оны қанға боктірді, тонап, ортеп жіберді. Қалада канша 
адамның қаза болғанын дол айту мүмкін емес, бірақ шыгынның 
айтарлыктай болғанында соз жоқ. Егер 1897 жылы Қоқанда 120 
мың адам түрса, 1926 жылы калада неборі 69 мың 300 адам ғана 
калған.
Қазакстанда кеңес окіметінің орнауы 1917 жылдың қазанынан 
1918 жылдын наурызына 
дейін. бірнеше айға созылды. бүл 
пролетарлык революцияның олечметтік-экономикалық дамука 
олі де болса сай еместігін корсетті. Жаңа орнаған окіметке Орал. 
Жетісу, Сібір және Орынбор казак оскерлері мен елдіц ортшіык
221


ауданынан қашып кеткен Уақытша үкіметтің 
жақтастары 
(әсіресе Оралда) жан аямай қарсы шықты. 
Кеңес өкіметін 
мойындаудан бас тартқан «Алаш Орда» үкіметі 
А.Дутов 
әскеріне арқа сүйеп, өзінің халық милициясының жасақтарын 
үйымдастыруға күш салды. Қазақстандағы революциялық оқиға- 
лар ауылдық жерде түратын негізгі бүқара халыққа қарағанда, 
еуропалықтар көп түратын қалалар мен елді мекендерде күшті 
жүрді. 1916 ж. патша әкімшілігінің ел ішінде жасаған қанды 
оқиғалары халықты қатты есеңгіретіп жіберді, ең негізгісі 
белсенді адамдарынан айырылған қазақ ауылдары бүл саяси 
оқиғаларға әлі де болса қатыса қоймады. Осыған байланысты 
кеңестер өкіметі өз билігін алдымен қалалық жерлерде нығайтып, 
содан кейін оны қарудың күшімен қазақ даласында орнатты.
Кеңес өкіметін орнату барысында большевиктерге жеңілген 
биліктің саяси күштері қарулы қарсылықтар кррсетті, оның 
ақыры халықтардың бір-біріне қарама-қарсылығы мен Азамат 
соғысына үласты. Қазақстандағы Азамат соғысының алғашқы 
ошақтарының бірі 
1917 жылы қарашада Орынборда пайда 
болды. Орынбор казак әскерлерінің атаманы Дутов ол жерде 
кеңес өкіметін қүлатып, II Бүкілресейлік 
Кеңестер съезінің 
делегаты С.Цвиллингті революциялық комитет мүшелерімен 
коса қамауға алды. Ақ гвардияшыларды жақтаушылардың негізгі 
күші Чехословак корпусы еді, ол революцияға дейін Австрия- 
Венгрияның түтқынға түскен солдаттары - чехтар мен словак- 
тардан түрған. Корпустың бір бөлігі жергілікті контрреволю- 
циялық күштермен бірлесе отырып, Ақмола, Петропавл, Атба- 
сар, Қостанай қалаларын басып алды. 1918 жылы 11 маусымда 
Семейде кеңес өкіметі қүлатылды. Антанта елдері қолдап 
отырған 
чехословак корпусының көмегімен 
Самарада ақ 
гвардияшы-эсерлер үкіметі - Қүрылтай жиналысы комитеті 
(Комуч) қүрылды, Омбыда Сібір Уақытша үкіметі орнатылып, 
оған адмирал А.В.Колчак басшылық етті. 
1919 жылдың 
көктеміне қарай оның әскерінің қүрамында соғысып жатқан 
жауынгер мен офицерлер саны 130 мыңға жетті.
Азамат соғысы жағдайында Қызыл Әскерді қүру ойдағыдай 
үйымдастырылды. 1918 жылғы 29 мамырдағы БОАК (ВЦИК) 
Декретімен өскер қатарына шақыру міндетті түрдегі борыш- 
тылықпен алмастырылды. Үлттық қүрамалар жеке өскери бөлім 
ретінде емес, Қызьиі Әскердің қүрамдас бөлігі ретінде қүрылды. 
Торғай уезінің өскери комиссары Ә.Жангелдин мен А.Иманов
2 2 2


басшылығымен 1919 жылдың 
алғашқы үш айында қазақ 
бөлімшелері, атап айтқанда, Торғайда атты әскердің екі 
эскадроны, пулемет командасы, Ырғызда атты әскер эскадроны, 
пулемет командасы қүрылды. 1918 ж. көктемінде Бөкей орда- 
сының жерінде қүрамында б эскадроны мен пулемет командасы 
бар қазақ атты әскер полкі қүрылды. Ақ гвардияшыларға қарсы 
күреске Қызыл Әскер қатарына Қазақстан еңбекшілерімен қатар 
өз еріктерімен қосылған шетелдің жүмысшылары мен шаруалары 
- венгерлер, немістер, чехтар, поляктар және басқа үлт өкілдері 
қатысты. 1919 жылдың қаңтарынан желтоқсан айына дейін Орта 
Азия мен Қазақстан аумағында 20 үлттық әскери бөлімшелер 
қүрылды.
Ел ішінде «ақ» және «қызыл» террор орын алды. Мысалы, 
1918 жылы БТК (Бүкілресейлік Төтенше Комиссия - ВЧК) 31 489 
адамды саяси қуғын-сүргін қүрбаны етті. Оның 6185-і атылып, 
21 236 адамы түрмелер мен лагерьлерге жабылды. Тек 
колчакшылардың қолынан 25 мыңнан аса адам қаза тапты.
1918 
жылы жазда Орынбор 
аймағында 
күрделі жағдай 
қалыптасты. 1918 жылы 3 шілдеде атаман Дутов Орынборды 
басып алып, Қазақстанды Орталық Ресеймен жалғастыратын 
теміржолды кесіп тастады. Орынборда қалған кеңес әскерлерінің 
бір бөлігі 
теміржол бойымен Ақтөбеге қарай шегініп, ақ 
гвардияшылардың Оңтүстік Қазақстан мен Ташкентке баратын 
жолын бөгеді. Майданды Г.В.Зиновьев басқарды. Сол кезде 
Дала 
өлкесінің 
төтенше 
комиссары 
Ә.Жангелдиннің 
бастауымен экспедиция үйымдастырылды. Оның отряды Еділ 
өзенімен 
Астраханьға келіп, Каспий теңізімен жүзіп өтіп, 
Бозашы түбегіне келіп жетті. Жангелдин, отряды 
барлық 
қиындықты жеңе отырып, 
1918 жылы 11 қарашада Шалқар 
станциясына келіп, кеңес өскерлерінің Ақтөбе майданының 
қүрамына қосылды. Экспедиция көп қару-жарақ пен оқ-дәрі, 24 
пулемет, 2 мың винтовка, бір жарым миллион оқ-дәрі, 200 
снаряд, 4 мың гранат жеткізді.
1918 
жылы қарашада Шығыс майданның Қызыл Әскер бөлімі 
Орынборда бекінген атаман Дутов әскері мен оралдық ақ 
казактарға қарсы шабуылға шықты. 1919 жылы қаңтарда Қызыл 
Әскер Орынборды, Оралды, Орскіні азат етті. 1919 жылы 13 
қыркүйекте Ақтөбе майданының бөлімдері Бершағыр станциясы 
маңында Шығыс майданымен қосылды, сөйтіп, Ақтөбе майданы 
жойылды.
2 2 3


Енді Жетісуды Колчактың басып алу қаупі тонді. 1918 жылы 
4 тамызда ак гвардияшылардың «Дала корпусы» бомынша 
бүйрығы шығып, онда «Іле олкесі мен Верный қаласын басып 
алу» тапсырылды. Сергиополь, Үржар, Сарқанд жоне баска елді 
мекендер жаулап алынды. 1918 жылдың күзіне қарай Солтүстік 
Жетісу майданы күрылды. Оның негізгі болімдері Гаврилов 
селосында (казіргі Талдыкорған каласы) және Қапал-Шымбүлак- 
Қызыл Ағаш желілері 
бойында орналасты. 
Кеңес оскерінің 
келесі тобы Жаркент-Пржевальск ауданында 
Шыңжанмен 
шекара бойында бекінді. Қазакстандағы 
Азамат согысы 
тарихының жаркын беттерінің бірі каһарман 
Черкасск 
корғанысы болды. 
1918 жылы солтүстік Жетісуды акгвардия- 
шылар басып алды, 
Андреев, Антонов, Герасимов, 
Глинов. 
Колпаков, 
Константинов, 
Николаев, 
Надеждин. 
г Осинов. 
Петропавл, Успенск, Черкасск елді мекендерінде. Лепсі уезінің 
Аманжол жоне Жыланды ауылдарында кеңес окіметі сактадды. 
Кеңес 
ауданының орталығы Черкасск болды. Бүл аудандағы 
корғаныс орекеті тарихта «Черкасск корғанысы» деген атпен 
белгілі, ол 1918 жылдың маусымынан 1919 жылдың казанына 
дейін созылды. 
1919 жылы 
каңтарда 
солтүстік 
Жетісуға 
Семейден атаман Анненковтың ак гвардияшылар дивизиясы 
келіп жетті. Оған Черкасск корғанысын 
талкандап, одан орі 
Жетісу майданындағы ак гвардияшылар болімшелерімен косыла 
отырып. Верный мен Ташкентке шабуыл жасау тапсырылды.
1919 
жылы 14 казанда Черкасск корғанысы 
қүлатылды. 
Черкасск қорғанысының батырларымен бірге ак гвардияшыларға 
карсы 
Шығыс 
Қазақстанның «Тарбағатайдың қызыл 
та\ 
сүнкарлары» атты партизан отрядттары ерлікпен шайкасты. 22 
жоне 25-ші Чапаев дивизиясының. Орал мен Орынборды 
корғаудағы қаһармандык күресі тарих беттерінде оркашан 
сактадады. 1919 жылы жазда Шығыс майдандағы Колчак 
оскерінің негізгі күшінің жеңілуі Батыс. Солтүстік жоне 
Солтүстік-Шығыс Қазакстан мен Жетісуды жаудан азат етсге 
жағдай жасады. 
1919 жылдың аяғында Қазакстанның негізгі 
болігі ақгвардияшылардан тазартылды. 
1920 жылы наурызда 
Қазақстанда азамат соғысының ең соңғы майданы - Солтүстік 
Жетісу майданы жойылды.
Азамат соғысы 
казак халқы мен Қазақстанның копүлтты 
халыктарына шексіз кайғы-касірет окелді. 
Азамат соғысы 
жылдарында зкономиканы, материалдык ресурстарды соғыс
2 2 4


жағдайына жүмылдыру мақсатымен төтенше шаралар, яғни 
«әскери коммунизм» саясаты ендірілді. Осы саясаттың негізінде 
нарықтық, 
тауар-ақша 
қатынастарына 
шектеу 
салынып, 
ынталандырудың орнына 
экономикалық әдістен тысқары 
бүйрық-нүсқау берушілік пен әміршілдік жүйе қалыптасты. 
Экономикалық өмірді толығымен қоластына алып, түрпайы 
күйге келтіру, оның барлық саласына теңдесі жоқ мемлекеттік 
бақылауды күшейту жаппай 
теңгермешілікке көшу 
т.б. 
әрекеттердің бәрі социализмнің теңдік 
идеясының іске асуы 
ретінде түсіндірілді.
Ауыл шаруашылығында «соғыс коммунизмі» саясаты ауыл 
шаруашылығы өнімдерін даярлауда салғырттық жүйеніендірумен 
сипатталды. Егіншілікпен айналысатын 
шаруашылықтардан 
астық өнімдері қолма-қол тәркіленді. 
1920 жылы мамырдың 
ортасында азық-түлік комитеттеріне түскен қүпия нүсқаудың 
негізінде азық-түлік диктатурасы қалыптасты. Нүсқау бойынша
1920-1921 жылдары жүргізілген азық-түлік науқанында Сібірден 
110 млн. пүт мал азықтық астық алынған болса, оның 35 млн. 
пүты, яғни үштен бірі солтүстік-шығыс Қазақстанның үлесіне 
тиді. Осындай шындыққа жанаспайтын тапсырмалар Батыс 
Қазақстанға да жүктелді. Орал губерниясындағы қуаңшылық 
салдарынан егін дүрыс шықпай қалып, 1920 жылы олардан 1,5 
млн. пүт 
астық алынып, губернияның өзінде астықтың 
жетіспеушілігі 2-2,5 млн. пүтты қүрады. «Әскери коммунизм» 
саясатының тәжірибесі Батыс Қазақстанды (Орынбор, Ақтөбе, 
Бөкей губернияларын) және Ақмола облысының бір бөлігін азық- 
түлік дағдарысына душар етті. 
1917 жылдан 1921 жыл 
аралығында бүл жердегі егіс көлемі 
55% қысқарып кетті. 
Аймақтағы азық-түлік тапшылығы 
10,7 миллион пүт астық 
болды. Ашаршылыққа үшырап, өлім аузында отырғандардың 
саны 1,4 миллион адамға жетті.
Ауылдарда, деревнялар мен станицаларда мемлекеттік күштеу 
саясатына наразылық күшейді. 
1920 жылы 
«Комунистерсіз 
Кеңестер үшін», «Салғырт жойылсын», «Коммунистік азық-түлік 
диктатурасы жойылсын» деген үрандармен 
Қазақстанның 
көптеген аймақтарында бүлік шықты. 
1920 жылы Семей
облысында, Павлодар уезінде большевиктерге қарсы 
ірі 
көтерілістер болып, 
бүл 
аудандар 
10 
мың «халық
көтерілісшілері әскері» бақылауында қалды. 1921 жылы «Сібір 
шаруа одағы» көтеріліске шығып, 
Батыс-Сібір аймағы мен
2 2 5


Солтүстік Қазақстан өңірін шарпыды. Оған қатысушылардың 
саны 30 мыңға жетті.
Халық 
шаруашылығын 
милитаризациялау, 
экономиканы 
әміршілдік жүйенің қалыптасуы, еңбекті әскерилендірген түрде 
үйымдастыру, үлестірмелі өдіс, бүқараның қайыршылануы, 
осының бәрі сайып келгенде, большевиктер басқарған Кеңес- 
тердің социалистік қоғамды басқару әдісіне дайын еместігін 
көрсетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет