2 3 2
9.5. Индустрияландыру жылдарындағы Қазақстан
өнеркәсібінің калыптасу ерекшеліктері және дамуы
Қазақстан өнеркәсібін дамытуда индустрияландыру жылдары
батыл
қадамдар
жасалды.
Индустрияландыруды
жүзеге
асырудың негізгі принциптері мен әдістері бүкіл елімізде бірдей
болғанымен, Қазақстанда өте қиын жағдайда жүрді. Деректерге
қарағанда оның себептері көп. Үлттық кадрлар мәселесі баяу
шешілді. Сауатсыздар қатарынан
кәсіби деңгейі
жоғары
жүмысшыларды
тәрбиелеп
шығару
өте
қиын
болды.
Мамандыққа оқып-үйрету ресейлік кәсіпорындарда және орыс
тілінде
жүргізілді.
Сондай-ақ
жалпы
экономикалық
қиыншылықтар, жаппай ашаршылық және оның салдары
халықтың мәдени деңгейіне әсерін тигізбей қойған жоқ. Әрине,
Қазақстан үкіметі түйықтан шығудың жолын іздеп әртүрлі
шараларды жасады, бірақ ол нәтиже берген жоқ. Мысалы, 1923
жылы қазақ тілі мемлекеттік тіл болып жарияланды. Мемлекеттік
аппаратты қазақтандыруға үлкен мән берілді, жергілікті халықты
мемлекеттік және әкімшілік қызметке тарту қолға алынды.
Қүжаттарда келтірілген мәліметтерге қарағанда, бүл науқан
нәтиже
бере
қоймаған.
Мамандар
мен
жүмысшыларды
республикадан тыс жерден тартуға тура келді, оларға әлдеқайда
дүрыстау еңбек және түрмыс жағдайы жасалды. Осыдан келіп
үлтаралық шиелініс пайда болды. Тіпті қазақтарды жер қазу
жүмысына да алмаған фактілер болған.
1925 жылы желтоқсанда БК(б)П-нің XIҮ
съезі болып,
елдегі
индустрияландыру
бағытын
айқындады,
яғни
республиканы жедел түрде аграрлық саладан өнеркәсіптік
салаға айналдыруға кірісу керектігі айтыЛды Қазақстандағы
индустрияландыру аумақты жаппай геологиялық барлаудан,
теміржол қүрылыстарын салудан басталды. Социалистік
индустрияландырудың алғашқы объектісі ретінде Қазақстанды
Орта Азияны және Сібірді қосатын Түрксіб теміржолы салынды.
Бүкілодақтық
Халық
Шаруашылығының
Кеңесі
(БХШК)
геологиялық барлау басқармасының мөліметі бойынша елімізде
мыстың, қорғасынның, мырыш кендерінің мол қоры бар екендігі
анықталды.
Мүнайдың жаңа
кендері
ашылды.
Пайдалы
қазбалардың мол қоры Қазақстанда ауыр индустрияны дамытуға
негіз болды. Әсіресе көмір, мүнай, қара және түсті металдар
2 3 3
өндірілді. Бүл салалар үзақ уақыт бойына республиканың
өндірістік қуатын айқындады.
Қазақстанның
индустриалдық
дамуының
ерекшелігі
өнеркәсіптің жаңадан қүрылуында. Ақша қаражатын бөлуде
күрделі қаржының басым бөлігі 83,2% ауыр өнеркәсіпке
салынды, оның ішінде түсті металға барлық күрделі қаржының
44,5%, мүнайға - 20 %, көмірге 15,3%, химия өндірісіне - 4,8 %,
электр энергетикасына 8,5% жүмсалды.
Ең алдымен байланыс пен транспорт мәселесін шешу керек
болды, себебі алғашқы салынған өнеркәсіп кәсіпорындары шикі-
зат көзі табылған жерлерден жүздеген шақырым қашықтықта
орналасқан еді. Сондықтан жаңа теміржол тарту өте қажетті іс
болатын. Үзындығы 1500 шақырымға созылған Түркістан-Сібір
теміржолы қүрылысының тарихи маңызы зор. Оның қүрылысына
200 млн. сомдай қаржы бөлінді. Бүл ірі магистраль белгіленген
мерзімнен 17 ай бүрын іске қосылды. 1930 жылдан бастап
Түркісіб бір жағынан Оңтүстік -Шығыс Қазақстан аудандары
мен Сібірді, екінші жағынан елдің еуропалық бөлігі мен Орта
Азияны жалғастырды. Түркісібке байланысты алғашқы салынған
ірі
өнеркөсіп
көсіпорны
-
Қосқүдық
орман
өнеркәсіп
шаруашылығының кәсіпорны.
Соғысқа дейінгі бесжылдықтарда ашық кен орындарында
қазіргі өмірге сай ірі кәсіпорындар салынды. Атап айтқанда,
Шымкент қорғасын, Ащысай полиметалл, Балқаш мыс қорыту
зауыттары, Ақтөбе химия комбинаты, Алтай кенінің түсті металл
зауыттары, электр станциялары, Қарағанды тас көмір шахталары,
тамақ өнеркәсібінің кәсіпорындары. Қазақстан түсті металл
шығарудан одақ колемінде екінші орынға, ал мүнай ондіруден
үшінші орынға шықты. 1940 жылы Қазақстанда 2,5 мың ірі
өнеркөсіп кәсіпорындары салынды. Индустрияландыру жылда-
рында жеңіл өнеркәсіпті дамытуда елеулі қадамдар жасалды.
Ескі кәсіпорындарды қайта қүрумен қатар жаңалары да салынды.
Олар Оралда, Ақтөбеде, Семейде, Петропавлда түрғызылды.
Оңтүстік Қазақстан өңірінде Алматыда, Шымкентте, Жамбылда.
Қызылордада
жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының қүрылысы
басталды. Алматыда аяқ киім жөне тігін фабрикасы, Шымкент
пен Түркістанда мақта зауыты іске қосылды. Петропавлда,
Оралда,
Алматыда,
Қостанайда,
Шымкентте,
Ақтөбеде,
Павлодарда
жаңа
техникамен
жабдықталған
азық-түлік
өнеркөсібінің көсіпорындары қайта салынды. Жамбыл, Мерке,
2 3 4
Талдықорған қант зауыттары өз шикізаттарын пайдаланатын
болды.
Сонымен қатар индустрияландырудың кері өсері де болды.
Бүл үлкен қаражатты қажет етті, оны тек ауыл шаруашылығы
мен ішкі заемдар есебінен толықтырып отырды. Одақ көлемінде
жүрген индустрияландыру нәтижесінде Қазақстан өнеркәсібі тек
шикізат көзі ретінде қалып қойды. Мүнай, газ, металл өңдейтін
кәсіпорындар мен машина жасау, станок, прибор, автомобиль
жасау кәсіпорындары салынған жоқ. Қазақстандағы үздіксіз
миграция үлғайды. Олар Ресейден, Украинадан, Белоруссиядан
және т.б. аймақтардан келген қоныс тебушілер болды. 1928-1939
жж. Қазақстандағы қала түрғындарының саны солардың есебінен
күрт өсіп, ол көрсеткіш 1,8 млн. адамға жетті.
20-30-шы
жылдардағы
ашаршылық
пен
миграция
нөтижесінде
Қазақстандағы жалпы қазақ түрғындарының саны 1939 жылы 38
%-ке дейін төмендеді.
9.6. Күштеп үжымдастыру - казак халкының касіреті
Қазақстандағы әміршілдік жүйені нығайту 1925 жылы күзде
өлкелік партия үйымын басқаруға келген Ф.Голощекиннің
есімімен тығыз байланысты. Голощекин Қызылордаға келісімёң.
«қазақ ауылын кеңестендіру» үранымен ауылда тап күресін
шиеленістіру бағытын таңдап алды. «Кіші Октябрь» саясатын
жүргізу үшін саяси-идеялық негіз жасалды. Ф.Голощекинге
наразы болған үлттық жетекшілер Т.Рысқүлов, С.Сөдуақасов,
С.Сейфуллин, С.Қожанов, Ж.Мыңбаев қуғынға үшырады. 1928
жылдың аяғында алғашқы рет Голощекиннің саяси қарсы-
ластарын
қамауға
ала
бастады,
олардың
қатарында
А.Байтүрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жүмабаев болды.
Екі
жылдан
кейін
М.Тынышпаев,
Ж.Досмүхамедов,
X. Досмүхамедов және басқа көптеген қазақ зиялыларының
өкілдері түтқынға алынды.
Голощекин Қазақстанға оппозицияны жойып, өзінің «Кіші
Октябрь» саясатын жүзеге асыруға кірісті. 1926-1927 жж. егістік
және жайылымдық жерлер қайта бөлініске түсті. 1360 мың
десятина шабындық пен 1250 мың десятина айдалған жерлер
ауқатты шаруашьілықтардан тартып алынып, кедейлер мен
орташаларға бөліп берілді. Алайда бүл шара ешқандай нөтиже
берген жоқ.
2 3 5
1927 жылы желтоқсанда БК(б)П ХҮ съезі болды, ол тарихта
үжымдастыру съезі деп аталады. Оның шешіміне сөйкес қысқа
мерзімде,
1932
жылдың
көктеміне
дейін
елдің
ауыл
шаруашылығы енді жеке меншік емес үжымдық шаруашылыққа
- колхозға (үжымдық шаруашылыққа) бірігуі тиіс болды.
Қазақстандағы үжымдастыруды 1932 жылдың көктеміне қарай
бітіру жүктелді. Үкімет жергілікті түрғындардың түрмыс-салт
ерекшеліктерімен есептеспестен үжымдастыруды күш салу
әдістерімен, жедел қарқынмен жүргізді.
Егер 1928 жылы
Қазақстан шаруашылықтарының
2% үжымдасса, 1930 жылы
сәуірде бүл 50,5%, ал 1931 жылы қазанда 65% болды.
1931
жылдың күзіне қарай республикадағы 78 ауданның (барлық
аудан саны 122 болған) 70-де 100%-ке дейін түтін басы
үжымдастырылған. Зорлық-зомбылық пен қатаң әрекеттердің
негізінде жүргізілген үжымдастыру процесі заңсыз қамауға алу,
сайлау қүқығынан айыру, көшіріп жіберу, атып тастау тәрізді
қиянатпен қатар жүрді. Тек 1933 жылы Қазақстанның ГПУ
(Мемлекеттік саяси басқарма) органдары 21 мың адамды
қамауға алды.
Үжымдастырумен қатар кулактар мен байларды тап ретінде
жою шаралары жүзеге асырылды.
1928 жылы 27 тамызда
Қазақстанда Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлар
Кеңесі
«Ірі
байлардың шаруашылықтары
мен
жартылай
феодалдарды төркілеу және жер аудару туралы» декрет
қабылдады. Осының нәтижесінде байлардың шаруашылығы
тәркіленіп, өздерін жер аударып жіберді. 1928 жылы 30 тамызда
«Бай шаруашылықтарын тәркілеу мөселесі бойынша ОАК мен
ХКК қаулысын жүзеге асыру жөнінде нүсқау» шықты, онда
көшпелі
аудандардағы
400-ден
аса,
жартылай
көшпелі
аудандарда 300-ден аса ірі қарасы бар байлар өлеуметтік қауіпті
адам ретінде төркілеуге және жер аударылуға жатады деп
көрсетілді. Бүрын дөрежесі болған адамдар да мүліктік
жағдайына қарамастан жер аударылды. 1928 жылы 17 қазанда
«Жартылай феодалдық ірі байларды төркілеу мен жер аударуға
қарсылық көрсеткені үшін қылмыстык, жауапкершілік» туралы
ҚазАКСР ОАК пен ХКК қаулы қабылдады. Байлардың
шаруашылықтарын төркілеу мен оларды тап ретінде
жою
жөнінде Е.Ерназаров басқарған Орталық комиссия қүрылды. 657
ірі бай жер аударылды. 1928-1929 жж. 1027 бай шаруашылығы
2 3 6
жойылып, 145 мың мал басы және ауыл шаруашылық қүралдары
тәркіленіп, колхоздарға берілді.
1930 жылы қаңтардың аяғында республиканың 60 шақты
астық және мақта аудандарында ресми мәліметтерге қарағанда
«бай-кулактардың» 3,1 мьгң шаруашылығы жойылды. ОГПУ
ГУЛАГ (Мемлекеттік Саяси Басқару органдары. Лагерьлердің
Мемлекеттік Басқармасы) бөлімінің мәліметі бойынша 1930-1931
жж. Қазақстаннан «кулак ретінде жер аударылған» шаруалардың
саны 6765 адамға жетті.
Орал, Сібір сияқты Қазақстан аумағын сталиндік террорлық
диктатура ондаған мың шаруаларды «жер аударатын» мекеніне
айналдырды.
1932 жылы 1 қаңтарда республикадағы арнайы
комендатуралардың есебінде 46091 отбасы, яғни 180015 адам
түрған. «Конфискеленгендер» каторгалық жағдайда үсталды. Тек
қана 1932-1933 жж. Солтүстік Қазақстанда 55441 айдалушының
өлуі бекер емес.
Кулактарды қудалау саясаты шаруаларды да жаппай саяси
қуғын-сүргінге үшыратты. 1932 жылы 7 тамызда «Мемлекеттік
кәсіпорындардың, колхоздар мен кооперациялардың мүліктерін
қорғау және қоғамдық (социалистік) меншікті нығайту туралы»
заң қабылданды,
онда ату жазасы қарастырылды, ал
«жүмсартылған» жағдайда, мүлкін тәркілеп, 10 жыл түрмеге
қамау жазасына кесілетін болды. Заңсыздық әрекеттердің
алғашқы кезінен-ақ 33345 адам
сотталды. Тәркіленгендердің
тағдыры басқа да қылмыстық баптармен үласып жатты, бірақ
ешқашан соттың нақты істі талқылауы болған емес. Бәрін де
«үштік» шешті.
Кейбір мәліметтер бойынша үш жыл ішінде, яғни 1929
жылдан 1933 жылға дейін ҚазАКСР ОГПУ (Мемлекеттік саяси
басқарма органдары) «үштігімен» 22935 адамға қатысты 9805 іс
қаралып, оның 3386 ең жоғарғы жаза ату жазасына кесіліп, ал
13151 адам 3-10 жылға дейінгі мерзімге сотталып, концлагерьге
жабылды.
Қазақстанда кулак ретінде жойылған адамдардың саны
белгісіз, бірақ аздаған мағүлматтардың өзінен-ақ бүл жантүрші-
герлік оқиғаның теңдесі жоқ зауал әкелгені белгілі.
1938 жылдың
1
шілдесін дейін елде арнайы қоныс
аударылғандардың саны миллион адамға жетті (1934 жылға дейін
«кулак ретінде жер аударылған» шаруалар
арнайы қоныс
аударушылар деп аталды, ал 1934-1944 жж. оларды еңбек
2 3 7
қоныстанушылары, 1944 жылдан арнайы қоныстанушылар деп
атаған). 1938 жылдың аяғына дейін концлагерьлерде 1 317 195
адам, колонияларда - 355 243, түрмелерде 350 538 адам қамалды.
Әлемде
адамгершілікке
қарсы
жасалған
сүмдықтардың
рекордтық көрсеткішіне жеткен сталиндік режимді тек фашистік
Германия ғана басып озды.
Дәстүрлі тәжірибені күйрету мал шаруашылығы саласына
үлкен апат әкелді. 1928 жылы республикада 40,5 млн. мал басы
болса, ал 1933 жылдың 1 қаңтарында небәрі 4,5 млн. мал басы
ғана қалды. Түйе өсіру шаруашылығы мүлдем қүлдырады: 1928
жылы 1042 мың бас болса, 1935 жылы түйенің саны 63 мыңға
әрең жетті.
Мүндай шаралар, ақыр соңында 1930-1932 жж. ашаршылык
қасіретіне алып келді. Ашаршылықтан республиканың 2,1
миллион адамы қырылды. Қазақ зиялылары бүл жонінде дабыл
қақты. Тиісті сатыларға жіберілген хаттар мен үсыныстар
әдеттегідей жауапсыз қалды. Республиканы жайлаған аштық
туралы хабар қүпия үсталды. Тек соңында Түрар Рысқүловтың
Сталинге жазған хаты және аштықтың қасіретін баяндаған
«бесеудің хаты» деп аталатын зиялылардың талап-тілегі белгілі
болды.
Ашаршылық бүкіл Қазақстанды жайлады. Мысалы, КСРО
Мемлекеттік жоспарлау комитетінің халық шаруашылығына есеп
жүргізетін
Орталық
басқармасының
мәліметі
бойынша
Қазақстаннан 1,3 миллион адам көшіп кеткен. Олардың 616
мыңы кері оралмады. Бүрынғы халықтың саны тек 40 жылдан
кейін, яғни 1969 жылы қалпына келтірілді. Үжымдастыру
қасіреті қазақтарды шет елдерге көшіп кетуге мәжбүр етті,
мысалы, қазір Қытайда Імлн. 70 мың, Моңғолияда 137 мың,
Түркияда 120 мың қазақтар түрады. Сондай-ақ, қазақ диаспорасы
Ауғанстан мен Иранда, Батыс Еуропа мен Солтүстік Америкада
бар. Қазіргі кезде Қазақстаннан тыс жерлерде, яғни КСРО-ның
бүрынғы 14 мемлекетінде және 25-тен астам шет мемлекеттерде
4,5 миллион қазақтүрады.
Заңсыздыққа жаппай жол беру, күш қолдану, зорлық-
зомбылық жергілікті түрғындардың үлкен наразылығын туғызды.
Үжымдастыру саясатымен жергілікті жерге келген партия
қызметкерлері қарулы қақтығыстарға тап болды, тіптен оларды
жазалаған жағдайлар да жиі болған. Басмашылар қозғалысы оріс
алды. Бүқараның жаппай наразылығының нөтижесінде
1930
2 3 8
жылдан
1938 жылға дейін Қазақстанда
700-ден астам
шаруалардың толқулары болған. Созақ, Абыралы, Ырғыз,
Маңғыстаудағы толқулардың өткір сипат алғаны соншалық, оны
басуға әскери бөлімшелер шақырылды. Шаруалардың кез келген
наразылығы мен қарсы сөйлеуі «бандиттік немесе контр-
революциялық» әрекет ретінде айыпталды. Наразылық білдір-
гендерді жазаға тартуға бүкіл репрессия аппараты тартылды, атап
айтқанда, әскер, Ішкі істер Халық Комиссариаты, милиция, сот.
Тек ГПУ (Мемлекеттік саяси басқарма) органдары ғана
қозғалысқа қатысқандары үшін 5551 адамды соттап, оның 883-ін
атып өлтірген.
Күштеп
үжымдастыру
мен
отырықшылыққа
қазак
зиялыларының өкілдері қарсы шықты. Ғалым әрі агроном ретінде
Ә.Бөкейханов қазақтарды отырықшылыққа біртіндеп кошіруді
үсынды. С.Сәдуақасов: «Өркениеттің ф і мал шаруашылығымен
айналысуды жоққа шығармайды, қайта оның өркендеуіне
мүмкіндік туғызады» деп атап көрсетті. Т.Рысқүловтың КСРО
БОАК-нің сессиясында сөйлеген сөзінде белгіленген нормаға
сәйкес қазақтардың жеке меншікте 6-7 ғана мал басын үстауы
олардьщ жағдайын өте нашарлатады деп ашық айтты. Тіпті
И.Сталиннің өзі «Табыстан бастың айналуы» деген 1930 жылы
«Правда» газетінде жарияланған мақаласында үжымдастыруда
орескел қателіктердің кеткенін мойындады.
Белгілі ағылшын-американ тарихшысы Роберт Конквест:
«Қазақстанда партиялық басқару жүйесі
үстірттілігімен
ерекшеленеді» деп атап корсете отырып, 30-шы жылдардағы
ашаршылықты «қазақтардың орасан зор қайғы-қасіреті» деп
бағалады. Шын мәнінде адам өмірін аяққа таптаған, көшпенді-
лердің сан ғасыр бойы қалыптасқан өркениет ерекшеліктерін
жоққа шығарып, адамзатқа жат саясат жүргізген большевик-
тердің бет-бейнесі ашылып қалды.
Достарыңызбен бөлісу: |