2.4. Қацлылар
Б.з. д. I мыңжылдық аяғында - б.з. I мыңжылдығының бірінші
жартысында Оңтүстік Қазақстан аумағында сол кездегі Шығыс-
тың ірі мемлекеттерінің бірі - Қаңлы мемлекеті пайда болды.
Оның ықпалы Талас пен Ферғанадан бастап шығысында Арал
жағалауының солтүстік-батысына дейін, солтүстігінде Орталық
Қазақстан дапасынан бастап оңтүстігінде Орта Азияға дейін
жүрді. Қаңлы тайпаларының қоныстанған аумағын, олардың
этнолингвистикалық ерекшеліктерін айқындау, нақты архео-
логиялық мәдениеттермен салыстыра қарау, соңғы жылдардағы
24
шешімі әлі толық ашылмаған «қаңлы проблемасына» айналып
отыр.
Б.з. I ғас^ірында жазылған «Хань ежелгі үрпақтары» (б.з.д.
206 ж. - б.з. 8 ж.) хроникасында Цянь Ханьшуда былай деп
жазылады: «Қаңлы билеушісі Лоюени жеріндегі Битянь қала-
сында түрады.
Халқының саны
120000
адам.
Әдеттері
юечжилермен бірдей. Қанлы шығысында ғүндарға бағынады.
Қаңлының Суейе, Фуму, Юни, Ги, Юегань деп аталатын бес
шағын иеліктері бар».
Б.з.д. 138 жылы Қытайдың Тан империясының императоры
У-ди өзіне белгісіз батыс елдеріне керуен аттандырды. Керуен
басы князь Чжан Цянь саяхаттан 13 жылдан кейін оралып,
императорға жазбаша баяндама жасады. Сол арқылы Қытай
оздері үшін белгісіз басқа қалалық өркениет пен көшпелі
мемлекеттер туралы мәліметтер алды. Чжань Цянь Қаңлы
мемлекетінде де болып, билеушінің ордасында жеке кездесу
өткізген. Қытай жазбаларына қарағанда, Қаңлы үлкен мемлекет
болғанын
байқаймыз.
Оның
билігі
Каспийдің
солтүстік
жағалауына дейін жетті. Онда көшпелі тайпалар қоныстанды.
Сонымен бірге бүл мемлекетте айналасы саз кірпіштен қаланған
қабырғалармен қоршалған қалалар да болған.
«Қанлы проблемасының» ішінде Қаңды түрғындарының
этникалық сипаты ғылымдағы күрделі мәселелердің бірі болып
отыр. Әлі күнге олардың тілі туралы бірыңғай пікір жоқ.
А.Н.Бернштамның айтуынша, қаңлылар түркі тілдес халық болған,
ал «басқа авторлардың мәліметтері» бойынша олар солтүстік
ирандық мал
шаруашылығымен айналысатын тайпалардың
қүрамына кірген, бүл тайпалар болса бірінші мыңжылдықтың орта
шенінде Сырдарияға түркі тайпаларының қоныс аударуының
ықпалымен өзінің этникалық бет-бейнесі мен тілін өзгерткен.
Кеңестік ірі ғалымдардың бірі Б.А. Литвинский қаңлыларды иран
тілді сақтардың түқымдарына жатқызады, оның пікірінше қанды
сақ тайпаларының бірінің атауы, бүл сөзді аударған кезде «тері
киімді адамдар» дегенді білдіреді екен.
Сырдарияның коне атауы Канг болса, ол Қаңлы сөзінен
шыққан. «Қыпшақтардағы қанды, деп жазады Махмуд Қашқари,
- текті адамның атауы». Қыпшақ тайпалары билеушілерінің қаңлы
атауын иемденуі арқылы өздерін көшпенділер ақсүйектері етуге
үмтылысын ғадымдар ежелгі генеологиялық дәстүрге сай жерді
жаулап алушылықпен және ежелгі қуатты Қаңлы мемлекетінің
25
мүрагері етіп жариялауларымен байланыстырады. Қалай десек те
Қаңлы қазақтың Үлы Жүзіне жігатын руларының бірінің атауы
болып қалған. Мүндай дереккр қазақ халқының этногенезін
зерттеу нәтижесіне эсер ететіні созсіз.
Қаңлы
мемлекеті алған аумақ табиғи-климаттық және
географиялық жағынан ор алуан келеді. Бүл орайда тау
аңғарындағы қүнарлы қыраттар меч өзендер, созылып жатқан кең
дала, шөл және шөлейт алқаптар туралы айтуға болады. Сонымен
қатар бүл аймақтардың орк, исысы адамдардың оны игеру
дәрежесіне
байланысты
ша; _ ашылығының
дамуы
немесе
шаруашылык
түрлері
эртүр.іі
болған.
Қаңлылар
егін
шаруашылығына қарапайым суландыру жүйелерін пайдаланған.
Б.з. алғашқы ғасырларында, мәселен, Шыршық озені жағалауында
Зах деп аталған каналдың үзындығы жиырма шақырым болған, ал
сол жақ жағалауында Ханарық каналы қазылған. Каналдардың
іздері, бөгеттер мен дамбалардың үйінділері ескерткіштер аумағын
зерттеу кезінде аэрофотоға түсіру арқылы анықталды. Қаңлы-
лардың қоныстары мен ертедегі қалаларының орнын қазғанда
оның бәрінен де дән (арпа, тары, бидай) қалдықтары, бақша
(қауын, қарбыз) дәндері және жеміс-жидек (алма, жүзім, орік және
т.б.) дәндері табылды.
Қытай деректерінде Қаңлы билеушісінің жазғы және қысқы
сарайлары бір-бірінен 900 шақырым қашықтықта орналасқан.
Қазақстан аумағында ертеден
келе
жатқан
көшпелі
мал
шаруашылығына тән маусым бойынша жайылымды тандау, қоныс
іздеу дәстүрі бар, осы түрғыдан алғанда, Қаңлының қысқы
астанасы Сырдария аймағында болса, ал жазғы жайлауы мен хан
сарайы Орталық Қазақстан даласында орналасты деп болжам
жасауға болады.
Қаңлылардың қалалары мен елді-мекендері жергілікті саудаға
қажетті барлық заттарды қамтамасыз ететін қолөнер орталығына
айналды. Қыштан (керамикадан) жасалған ыдыстар мен тамақ
дайындауға арналған металл ыдыстар қатар қолданылған. Сүйық
тағамды сақтау мен тасуға бір немесе екі қүлақты қүмыралар
қолданылды. Азық-түліктер қолдан қазылған үралардағы үлкен
қыш ыдыстарда (хумдарда) сақталды. Б.з. 1I-V ғасырларында
неғүрлым дамыған аймақтарда қолөнер мен сауданың орталығына
айналған ертедегі қалалар салына бастады. Бүл кезенде ішкі
нарықтың дамығанын жергілікті жердегі ақша айналымында
тиынның қолданылуынан анық байқауға болады. Қазіргі кезде
26
ортүрлі салмақтағы мыс тиындардың 1300-ден аса түрі мамандарға
жақсы таныс. Ал оның бір бетінде билеушінің қырын қараған
бейнесі салынған.
Қаңлы түрғындарының халықаралық саудаға қатысқанын өзге
колөнер орталықтарында жасалған заттар дәлелдейді. Мәселен,
Сырдарияның төменгі және орта ағысының бойындағы зираттарды
қазу кезінде Сирияның, Қара теңіз жағалауындағы қалаларының
шеберханаларында әр түсті әйнектен жасалған неше түрлі
моншақтың табылуы осы пікірді дәлелдей түседі. Сонымен қолда
бар археологиялық материалдар қаңлылардың қала түрғындары-
ның да, мал баққан көшпенділерінің де Үлы Жібек жолы аркылы
халықаралық саудаға араласқанын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |