2.5.
Б.з.
I11-V
ғғ. Қазақстан аумағындағы мемлекеттер
Юэбань. Солтүстік-хун мемлекетінің қалдықтарын және б.з.
93 жылы сяньбийлер мен қытайлықтарды жеңгеннен кейін
хундардың бір бөлігі хуянь руынан шыққан сенгирлердің
бастауымен Шығыс Қазақстан аумағына ығысып, осы жерге
қоныстанды. 126 жылы сенгирдің сарайы Қара Ертіс жағасында
орналасты. Бірақ б.з. II ғасырының ортасында хундарды сяньбий
лер талқандап, олар батысқа қарай одан әрі шегінді. Қалған
хундар жергілікті түрғындармен бірігіп, 490 жылға дейін болған
Юэбань мемлекетін күрды. Юэбань билеушісі «сенгир» деген
атақты иеленіп, сыртқы саясатты белсенді жүргізді, көршілерімен
елшілік алмасып, қорғаныс және басқыншылық соғыстарын
жүргізді.
Гаогюй. 490 жылы Юэбань мемлекетін талқандаған теле
тайпасы Афучжило бастауымен Шығыс Қазақстан аумағына
жылжыды. Осы жерде Гаогюй мемлекеті қүрылды. Жер аумағы
жағынан ол екіге бөлінді. Солтүстік бөлігін «Аслан императоры»
атағы бар Афучжилоның өзі баскарды, ал оңтүстігіне «Мүрагер
патша» атағын алған оның немере інісі Цюнцизи билік етті.
Қытай шығыс көршілері жужандарға қарсы бірлесіп соғыс ашпак
ниетте болған, бірақта бірнеше жылдан кейін оңтүстік иелікті
эфталиттер (ақ ғүндар) талқандады. 496 жылы Афучжило
көтеріліс кезінде өлтіріліп, ал оның мүрагері
Балиянь
эфталиттерден тағы да жеңіліс тапты. V ғасырдың аяғында
Гаогюй мемлекеті қүлады.
Кидариттер. Хундардың, ал содан кейін 417-418 жылдары
юэбандықтардың қоластында болған Тарбағатай тауында қалған
27
юечжи бөлігі жужандармен болған соғыстың нәтижесінде
оңтүстік-батысқа, Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияға карай
жылжыды. Олардың бастаушы
көсемі
Кидар кидариттер
мемлекетінің «Кушаншах» атағын қабылдады. Кидариттер
эфталиттер және Византиямен үштік одақта болып, Иран-Индия
одағына қарсы шыққаны белгілі. 468 жылы Кидардың мүрагері
Кунгха өзінің астанасында ирандардан жеңіліп, біржолата тізе
бүкті, содан кейін кидариттер мемлекеті жойылды.
Хиониттер. Қаңлылар мемлекетінің әлсіреуі мен қүлауы
Арал жағалауында түратын олардың бүрынғы бодандары хундар
немесе хиониттердің нығаюына алып келді. 356-357 жылдары
хиониттер Оңтүстік Қазақстанда қуатты мемлекет қүрып, Иранға
қарсы шықты, бірақ екі жылдан кейін олардың патшасы Грумбат
Иранмен одақтасты. IV ғасырдың 70-ші жылдарында хиониттер
тәуелсіздік алды. 563 жылы хиониттер түркілерден жеңіліп
қалған кезде оның елшілігі Константинопольде болғаны белгілі.
28
|