жеңіліске үіііырады, ал олардың соңғы тәуелсіз билеушісі Нивар-
Ешбара-жабғу қаған түтқынға алынып, екі жылдан кейін, яғни
659 жылы қайтыс болды. Тек осы жеңілістен кейін арада 40 жыл
өткесін түріктер күш жинап, бәрін қайта бастады. VII ғасырдың
80-ші жылдарында шығыс түріктері Қүтлықтың бастауымен
бірікті,содан кейін өздерінің бүрынғы иеліктерін қайта жаулап
алуға үмтылды. Қүтлық Елтеріс-қаған лауазымына, яғни
«халықтарды біріктіруші» деген атаққа ие болды. Оның ісін інісі
Қапаған-қаған (691-716) және үлдары Білге-қаған және Күлтегін
жалғастырды. Аз уақыт ішінде ол қуатты мемлекетке айналып,
Қытай мен батыс түріктерді қайтадан бағындырды.
Батыс түрік қағанының мемлекетінде бірінші түлға жоғары
билеуші - қаған, басқарушы, өскери қолбасшы болды. Қағанатта
әр кездері бірнеше қағандар болса, олардың өкілеттіктері әркелкі
дәрежеде кездесті. Қаған мемлекеттің ішкі-сыртқы істерінің
бәріне басшылық етіп, ақсақалдар (рубасылары) кеңесін бекітті.
Қаған тек әМірші ғана емес, сонымен қатар қағанаттың барлық
жерінің меншік иесі де болды. Бірақта көшпелі қоғам
жағдайында билік негізінен жерге емес, оны пайдаланушы
адамдар үжымында жүргізілді. Мемлекетте қағаннан кейін екінші
түлға үлық еді. Қағанатта жоғарғы атақ - жабғу, шад және
елтебер - қаған руынан шыққандарға тиесілі болды: олар қағанға
қарайтын бағынышты тайпалардың билеушісі және қағанның
өкілдері дөрежесін иеленді. Сот қызметін бүйрықтар, тархандар
атқарды. Бектер - тайпалардың басшылары мен өкілдері,
жергілікті жердегі ақсүйектердің басты тірегі. Отбасында қүл
үстаушылық болды. Түрғындардың негізгі бөлігі еркін қауым-
дық-малшылардан түрды. Шаруашылық түрғыдан алып кара-
ганда, ертедегі түрік кезеңі Үлы дала төсінде бір-біріне теңесе
қоймайтын көшпелі және жартылай көшпелі елде мал шаруашы-
лығы мен отырықшы-егін шаруашылығы сияқты екі саладан
түратын бірыңғай жүйені қамтыды. Қала мен дала белгілі бір
жағдайда бір-бірін толықтырып, бүл мемлекеттің нығаюына өсер
етті. Қала түрғындары үшін тыныштық керек болды, ал оған
жауынгер қорғаушылар кепілдік берді.
Достарыңызбен бөлісу: