феодалдық үйғыр
мемлекеттік қүрылымының жойылуы
уақыттың еншісіне қалды. 1871 жылы Ресей әскерлері
мен
Жетісу казактары Іле сүлтандығын басып алды.
Казак
әскерлеріне Г.А. Колпаковский басшылық етті.
Отаршылдық саясатты жүргізудегі ірі түлғаның бірі Түркістан
генерал-губернаторы
фон
Кауфман
болды.
Кауфман
Колпаковскийге патшалық отаршылдық саясатты одан әрі
нығайту мақсатында үлтараздықты қоздыруды талап етті:
«Дүнғандардың үйғырлар мен араздығы бір сот те бәсендемеуі
тиіс
және
дүнған
халқы
ешқашан
үйғырларға
немесе
қырғыздарға бағынбауы керек». Бүған сүлтандықтағы феодалдык
билеушілердің саясаты да эсер етті. Н.Аристов былай деп жазды:
«Қүлжа сүлтандығына кіретін тайпалар
арасындағы бір-біріне
деген дүшпандық көзқарастағы тараншылар (үйғырлар) Іле
олкесіндегі басқа тайпаларға Караганда саны жағынан басым
болуына байланысты өзін күшті сезінді, дегенмен басқаларды
өзіне қаратуға дәрменсіз болғандықтан бүл елді орыстар басып
алды».
Ресей басып алған аумақтарда тонаушылық, отаршылдық
саясат жүргізді. Бүл ең алдымен алым-салықты шамадан тыс
көбейтуінен байқалды. Саяси жағдайдың шиеленісуі салдарынан
1881
жылы Ресей мен Цинь
империяларының
арасында
Петербург шарты жасалды. Онда: «Іле олкесінің түрғындарына
бүрынғы жерлерінде, яғни қытайдың қоластында қалуына немесе
Ресей империясының аумағына қоныстануға рүқсат берілді»
делінген. Бүл шешім Іле өлкесінің халқы үшін ыңғайлы болды.
Өйткені, Қытай окіметінің канаушылығы мен алым-салык
молшері патшалық Ресейге Караганда әлдеқайда күшті еді.
Сондықтан
1882 жылы үйғырлар мен дүнғандар Жетісу
аумағына жаппай қоныс аудара бастады. Үйгырлар қоныстанған
жерде Жаркент уезі қүрылды. Үйғырларды қоныстандыру үшін
мынадай аумақтар таңдалды: 1) Үлкен және Кіші Аксу жэне
Баян Қазақ озендерінің бойында 839 отбасы (үйғырлар негізінен
Кетпен болысына орналасты); 2)
Шарын озенінің томенгі
ағысында 500 отбасы, 3) Шелек озенінің оң жағалауында 2465
отбасы; Шелек озенінің
сол жағалауында
2694 отбасы;
Маловодное елді мекенінің томенгі жағында
1658 отбасы
орналасты.
1884 жылға таман қүрамдарында 24628 ер адамы, 20745 эйел
адамы бар, барлығы 45 373 адам, немесе 9572 отбасы кошіп
1 7 2
келді. Жаңа қоныстанған аумақтарда алты
болыс қүрылды,
олар,
атап айтқанда, Жаркент, Ақсу-Чарын, Малыбай, Карам,
Қарасу, және Кетпен болыстары. Кейінірек Жаркент, Ақсу-
Шарын және Кетпен болыстары біріктіріліп, Жаркент уезі
қүрылды, ал Малыбай, Карам және Қарасу болыстары Верный
уезінің қүрамына кірді. Жаркент уезінде 4477
отбасы қоныс
тепті, яғни бүл 12209 адам, ал Верный уезіне 5275, немесе
26164 адам, Кетпен болысына 760 отбасы, немесе 3787 адам
орналасты.
1897 жылғы бүкіл Ресейлік халық санағында
үйғыр мен
дүнғанды бөліп қарамай, оларды сарттар деген атаумен санаққа
енгізді. Бүл қоныс аударушылардың жалпы саны
14130 дүнған,
55999 үйғыр.
Үйғырлар мен дүнғандар егіншілікпен айналысты. Олардың
шаруашылық жүргізуінде, түрмыс-тіршілігінде суармалы егін
шаруашылығының
орны ерекше болды, олар қолдан суарып мол
өнім алуға күш салды, үйғырларда суармалы жер колемі 30694
десятина
(97,2 %), суарылмайтын табиғи егістіктер - 882
десятина
(2,8%) болса, ал дүнғандарда
тиісінше
- 11025
десятина (71,5%) және 4386 десятина (28,5%).
Жетісуға
қоныс
аударушылардың
түрмыс-тіршілігінде
өзгерістер болды. Егер үйғырлар мен дүнғандар бүрын ағаш соқа
мен қолдан жасалған түрпайы қүрал-жабдықтарды қолданса, енді
темір соқалар мен тырмаларды, түқым сепкіштерді пайдаланатын
болды. Сонымен қатар сүлы, темекі, картоп, қызан тәрізді және
басқа да дақылдар өсірді. Жергілікті түрғындардың, яғни
қазақтар мен қырғыздардың ықпалымен мал шаруашылыгымен
айналыса бастады.
Үйғырлар мен дүнғандардың
тарихи тағдыры
Ресей
империясының бір бөлігі болған,
Қазақ өлкесі халықтарының
тағдырымен бірігіп кетті.
Достарыңызбен бөлісу: