Қазақстан тарихы оқулық


 Бірінші дүниежүзілік соғыс



Pdf көрінісі
бет42/77
Дата09.10.2024
өлшемі7,71 Mb.
#147352
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   77
Байланысты:
Кадыркулова Г. Казакхстан тарихы

8.4. Бірінші дүниежүзілік соғыс.
1916 жылғы Қазакстандағы үлт-азаттық козғалыс
Ресейдің 
1914 
жылдың 
жазында 
басталған 
Бірінші 
дүниежүзілік соғысқа қатысуы қазақ халқының жағдайын тіптен 
әлсіретіп жіберді. Мүның ақыры 1916 жылғы үлт-азаттық 
көтеріліс пен революцияға әкеп соқтыратындығы сөзсіз еді. 
Қазақтардың иығына енді тағы бір салықтың түрі - соғыс салығы 
түсті. Патша өкіметі 
соғыс қажетіне байланысты түйе мен 
жылқы малдарын, арбалар мен қажетті саймандарды тартып 
алды. Соғыс басталысымен салық 3-4 есе, ал жекелеген 
жағдайларда 15 есеге дейін өсті. Майдан қатарына алынған 
адамдары бар отбасыларына көмек көрсету деген желеумен қазақ 
түрғындарына еңбек ету борышы енгізілді. Жетісу өскери 
губернаторы Фольбаум 1916 жылғы 16 ақпандағы бүйрығымен, 
оларды жер жырту мен түқым себуге еңбекақысыз пайдалануды 
міндеттеді. Жергілікті өртүрлі міндеттілік пен алым-салықтың
2 0 3


түрлері кобейді. 
Соғыс жылдары 
пара алу бүрын болмаған 
дәрежеге жетті.
Соғыс қажеттілігіне орай мал және озге де мүліктерді еріксіз 
алу кең тарады. Тек соғыстың 2,5 жылы ішінде Түркістан 
халқынан 70 мың жылқы, 15 мың түйе және 13,5 мың киіз үй, 
сондай-ақ 40 мың пүттан аса мақта мен мындаған пүт макта 
майы, сабын т.б. еріксіз жиналды. Соғыстың алғашкы жылында, 
тек Жетісудан алынған мал шаруашылығы онімдері 34 миллион 
сомға шақ еді.
Соғыстың ауыр зардаптары Қазақстан экономикасының ор 
түрлі салаларында байқала бастады. Жүмыс күшінің жетіспеуі 
салдарынан Орталық Қазақстанда комір, ал батыс аудандарда 
мүнай өндіру колемі азайып кетті. Ембі экономикалык аймағында 
соғыстың алғашқы жылы 1915 жылғы ондірілген мүнай 265560 
тоннадан 8 мың тоннаға дейін азайды. Әсіресе. шетелдік 
кәсіпкерлердің меншігіндегі кәсіпорындарының жүмысшылары 
қиын жағдайды басынан кешті. Шетелдіктердің қолындағы тау- 
кен шахталары кәсіпорындарында жүмыс күнінің үзақтығы оз 
бетінше белгіленіп, өндіріс ерекшеліктері есепке алынбай, 12-14 
сағатқа созылды. Жүмысшылардың нақты жалақысы күннен- 
күнге төмендей берді. Айталық, Спасский зауытында 1914 жылы 
бір күндік жүмысқа 1 сом 04 тиын, 1915 жылы - 94 тиын, 1916 
жылы - 91 тиын төленсе, Сарысу зауытында бүл жылдары 
жалақы 1 сом 22 тиын, 1 сом 02 тиын және 94 тиын болды.
Соғыс жылдары қоныс аударып келген шаруалардың да 
жағдайы нашарлап кетті. 1915 жылы наурызда Верный, Лепсі, 
Пржевальск уездерінде ауыл түрғындары бағаның осуіне, салык 
пен әртүрлі борыштарды отеуге карсы наразылық корсетті. 
Тәртіп орнату үшін елде оскери күш қолданылды.
Ауыл, қала және селолар еңбекшілерінің жағдайы күрт 
томендеуіне 
байланысты 
Қарағанды 
және 
Екібастүз 
шахталарында шахтерлар, Орынбор-Ташкент жоне Транссібір 
теміржолдарындағы 
теміржолшылар 
1914 
жылдың 
озінде 
ереуілдер мен котерілістер жасаған болатын. Тап күресі жүмыс 
орнын тастап қашып кету, наразылық корсету, ультиматум кою. 
экономикалық сипаттағы ереуілдерге шығу торізді орекеттермен 
сипатталды. Сонымен қатар, қоныс аударып келген деревня- 
лардағы ауқаттылар мен қазақ шаруалар арасында күрес үлей 
түсті. Оған коса Қазакстан 
оскери түткындардың лагеріне 
айналды. Моселен, 1914 жылы желтоксанда Дала генерал-
2 0 4


губернаторлығы орталығында әртүрлі үлт окілдерінен жиналған 
әскери түтқындардың саны 20 мыңға дейін жетті. Олар негізінен 
Дала өлкесінің солтүстік-шығыс аудандары мен Түркістан оскери 
округінің арнайы пункттерінде орналастырылды.
1916 
жылы 25 маусымдағы II Николай патшаның Сібір, Орта 
Азия және Қазақстан бүратана халықтарынан 19 бен 43 жас 
аралығында 400 мың ер адамды соғыс аймағындағы қүрылыс- 
тарды салуға алынатыны туралы жарлығы халықтың наразылы- 
ғын одан әрмен күшейтті. «Патша үкіметі орыс жүмысшылары 
мен шаруаларына қарағанда бүратана 
халықты арзан жүмыс 
күші ретінде пайдаланып, айтқанға кондіріп, айдауға жүргіземіз 
деп ойлады. Әрі олардың наразылығынан қорыққан жок; екінші 
жағынан, төменгі шендегі орыетар мен жүмысшыларды оскери 
қимылға тікелей пайдалануға болатын еді. Бірақ, әскерге шакыру 
жасындағыларды негізгі жүмыстарынан қол үздірмеуді ойлады», 
- деп жазды Т.Рыскүлов пен Г.Бройдо.
Әскерге алынатындардың тізімін жасау болыс басқару- 
шыларына жүктелді. Іс жүзінде, бүл жүйе жаппай парақорлық 
пен қызмет бабын жеке басына пайдалануға әкеп соқтырды. 
Қазақтардың туған жылы туралы жазбаша қүжаттарының 
болмауы отарлық әкімшіліктің ойына келгенін істеуге ыңғайлы 
болды. Байлар мен ауқатты адамдар пара беріп, балаларын 
«ауру» немесе «кәмелетке жасы толмаған» деп әскерден алып 
қалды, ал олардың орнына кедейлер, олардың балалары 
жіберілді. Сонымен қатар, 1916 жылы 23 тамыздағы Түркістан 
генерал-губернаторы А.Н.Куропаткиннің қүпия бүйрығымен 
«әскерге алудан болыстық, ауылдық және селолық басқарма- 
лардың лауазымды адамдары, жергілікті адамдардан болған 
томенгі шенді полицейлер, имамдар, молдалар және мударистер, 
есепшілер, кіші несие беретін мекемелердің бухгалтерлері, 
мемлекеттік мекемелердің оқушылары, дворян жоне оулетті 
беделді адамдар және т.б. босатылды».
Көтерілістің негізгі қозғаушы күші кедейлер, шаруалар, 
жүмысшылар, батырақтар, қолөнершілер болды. Көтерілісшілер 
әскерге шақырылушы азаматтардың тізімдерін тартып алып, 
жойып жіберді. Қарыз және салық жөніндегі қолхаттар мен жер 
беруге арналған қүжаттарды өртеп, болыстық басқармалар мен 
ауылдарын талқандады. Көтерілісшілер патша әскерлерімен 
қиян- кескі шайқасқа шықты. Қазақ қоғамының Жарлыққа 
козқарасы 
әртүрлі 
болды. 
Қоғамның 
бір 
бөлігі 
оз
2 0 5


отандастарының тыл жүмысына жіберілуін қолдады. Мәселен, 
1916 жылы шілдеде Жетісу әскери губернаторы Фольбаум 
Верный уезіндегі болыстар мен байлардың кеңесін өткізді. 
Жиналғандар оған тыл жүмысына жергілікті адамдарды жіберуге 
көмек беретіндіктерін айтып, дайындық жүмысын дереу бастауға 
сөз берді.
1916 
жылғы оқиғаның барысы көп жағдайда үлттық зиялы 
қауым өкілдерінің көзқарасына байланысты болды. Өйткені, 
қазақ қоғамында сауатты адамның орны ерекше, мәртебесі биік 
түратын. Халықтың рухани қүндылықтары мен оны дәстүрлі 
таратушылар маңызды рөл атқарды. «Қазақ» газетіне бірінші 
болып А.Байтүрсынов (1916 ж. 8 шілде) өз мақаласында жоғары 
дәрежедегі жарлықтың мазмүны мен түпкі мақсатын түсіндіріп 
берді. Ол жарлық жарияланганнан кейін-ақ нақты осы мәселе 
бойынша бүкіл қазақтық кеңес өткізу ісін үйымдастыруды қолға 
алды. Кеңеске Торғай, Орал, Ақмола, Семей және Жетісу 
облыстарының өкілдері қатысып, ол 1916 жылы 7 тамызда 
Орынбор 
қаласында 
А.Бөкейхановтың төрағалық 
етуімен 
өткізілді. Бүл кеңесте 18 тармақтан түратын қарар қабылданып, 
онда қазақтардың үлттық ерекшеліктерін жан-жақты ескеру және 
әскерге шақыру ісін тәртіпке келтіруге байланысты нақты 
үсыныстар мен тапаптар қойылды. Зиялы қауым әрқашанда 
қарулы көтеріліске қарсы болып, қарама-қайшылықты күшпен 
шешуді тиімсіз жол деп есептеді. Олар өкімет пен халықтың 
өзара мәмілеге келуін жақтады. Деректерде көрсетілгендей, 
халықтың наразылығын тоқтату мүмкін еместігін ескеріп, олар 
қозғалысты. 
жергілікті 
өкімет 
органдары - 
болыстық
басқармаларға қарсы емес, қайта отаршылдыққа қарсы бағыттап, 
көтерілісті үлт-азаттық күреске айналдыруды көздеді.
Көтеріліс бүкіл даланы қамтыды. Оның ірі орталықтарының 
бірі Жетісу облысы болды. Патшаның жарлығы шыққаннан кейін 
шілденің 
басында-ақ 
Жетісудің 
көптеген болыстарында
қазақтардың съезі өтті. Онда қарулы көтеріліске шығу туралы 
шешім қабылданды. Котерілісшілер телеграф желілерін қиратып, 
почта станцияларына, болыс басқармаларының ауылына шабуыл 
жасады. 10 мыңнан аса қырғыз және қазақ көтерілісшілері 
Тоқмақты қоршап алды. Жәркент уезінде көтерілісшілер 
Таврическ, Владиславск, Мещерск, Красноярск, Новокиевск елді- 
мекендерін басып алды. 12 тамыз күні облыстың генерал- 
губернатор Фольбаум Қапал, Лепсі, Жаркент, Пржевальск
2 0 6


уездерінің басшыларынан жергілікті түрғындардың күшін 
талқандауды талап етті. 12 тамыз күні есаул Бакуревич басқарған 
топ Шамсинск асуында жиналған 300 адамды қырып тастады. 13 
тамызда Пішпек маңындағы батып қалған автомобильдің қасына 
жиналған 138 қазақты түтқынға алды. Олардың бәрін қорлап 
өлтіріп, 
жараланғандарын 
тірідей 
көмді. 
Қазақстанның 
оңтүстігіндегі халықтық революцияның ірі ошақтарының бірі 
Қарқара аймағы еді. 1916 жылы 16 тамызда 5 мыңнан аса 
көтерілісшілер Қарқара жәрмеңкесін қоршап алды. Жетісу 
көтерілісшілерінің жазалаушы отрядтармен қарулы қақтығысы 
Лепсі уезінде болды. Мерке, Әулиеата көтерілісшілерінің 
жасақтары жазалаушы отрядтарын тықсырып, Мойынқүмда 
кескіленген шайқас жүргізді. Көтерілісшілердің шешімі бойынша 
оларды болыс басқарушысы Бекболат Әшекеев, Тоқаш Бокин 
(Верный уезі) Жәменке Мәмбетов, Үзак Саурықов (Қарқара), 
Ақкөз Қосақов (Мерке) және т.б. азаматтар басқарды. Жергілікті 
халықтың қарсылығын басуға үкіметтің қуатты әскери машинасы 
дайын түрды. Түркістан генерал-губернаторы Куропаткиннің 
Жетісу өскери казак жүздіктерін күшейтуі үшін казактарды 
қосымша әскерге шақыру туралы 
өтініші бойынша 11 Николай 
1916 жылғы 23 тамыздағы манифесінде былай деп жазды: 
«Мемлекеттік қорғанысты күшейту мақсатында, Жетісу' казак 
әскери бөлімі қосымша казак бөлімшелерімен нығайтылсын, 
әскер қатарына казактарды шақыруға бүйрық етемін». Ақ 
патшаның өзі «мемлекеттік қорғаныс мақсатында» әскери күшті 
нығайтуды жөн көрді. Патша өз иелігін осы мемлекеттің бөлігі 
болып табылатын өз халқынан қорғады. Осы шаралардың 
негізінде тек Жетісудің өзінде 35 рота, 24 казак жүздігі, 8750 
мылтық, 3900 атты өскер, 16 зеңбірек және 47 пулемет 
шоғырландырылды.
1916 
жылы 
қазанда 
генералдар 
Куропаткин 
мен 
Фольбаумның қатысуымен патшалық өкімшілік «қырғыздарды 
көшіру туралы» 
шешім 
қабылдап, 
нәтижесінде 
Пішпек, 
Пржевальск, Жаркент уезінің 2510366 десятина мәдени дақыл 
өсірілетін қүнарлы жері басып алынды. Жаркент уезіндегі албан 
руынан шыққан көтерілісшілерден Текес және Шалкөде-Су 
өзендерінің алқаптарын, Қарқара жайлауын, Шу алқабының бір 
бөлігін тартып алды. 1917 жылғы 1- қаңтардағы мөлімет 
бойынша, 
Жетісуда 
мекендеген 
273 
мыңнан 
астам 
көтерілісшілерді патша жендеттері қытайға қуып тықты.
2 0 7


Торғайдағы котеріліс озінің үйымшылдығы және билікті бір 
ортапықтан басқаруымен ерекшеленді. Қазан әскери округінің 
әскери басшысы 
генерал Сандецкийдің 
1916 жылғы 26 
қарашадағы мәліметі бойынша көтерілісшілердің жалпы саны 50 
мыңға жеткен. «Өлкені тыныштандыру үшін, деп мәлімдеді ол 
патша сарайына, 
кемінде 1-2 жыл керек. Сол себепті үзаққа 
созылатын науқанға дайындық қажет, ол үшін бірден-бір дүрыс 
үйымдастырылған жеткілікті күш пен жан-жақты техникалық 
қүралдармен толық қамтамасыз етілуі тиіс». Қазан айының 
аяғында 
15 
мың 
котерілісшілер 
Амангелді 
Имановтың 
колбастауымен Торғай қаласын қоршады. Котерілісшілердің 
негізгі 
күші 
Батпаққара жайлауы 
мен 
Аққүм 
қүмында 
шоғырланып, партизандық соғыс одісіне кошті. Отрядтың 
ержүрек жігіттерін мерген Кейкі батыр бастап жазалаушыларға 
кырғидай тиді. Сарбаздар Татыр, Шошқалы, Күйік қопа, Догалы, 
Үрпек 
түбіндегі 
шайқастарда 
үлкен 
қарсылық 
көрсетті. 
Отаршыларға қарсы күрес үйымдасқан түрде жүре бастады. 
Котерілісшілер 50-ге жуық хан сайлады. Сардарбектер: елбегі 
мен уәзірлер тағайындалып, отаршылық кезеңге дейінгі дәстүрлі 
басқару институттары қалпына келтіріле бастады. Торғай 
облысының ханы болып Әбдіғафар Жамбосынов, сардарбегі 
Амангелді Иманов сайланды.
Торғай 
облысындағы 
котерілісті 
басу 
үшін 
генерал 
Лаврентьевтің 
экспедициялық 
корпусы 
жіберілді. 
Оның 
қүрамында 17 жаяу әскер ротасы, 19 жүздіктер мен эскадрондар, 
14 зеңбірек және 17 пулемет болды. Көтерілісті басу үшін дала 
олкесінде Сібір казак әскери болімшесі сақадай сай түрды, міне, 
осының бәрі шын мәнінде қарусыз қазақ халқына қарсы 
бағытталды. Олардың кінәсі оздерінің тіршілік етудегі табиғп 
күқықтарын корғау әрекеті еді. Жазалау отрядтары он мыңдаған 
қазақтарды олтірді. Есеп жүргізілмегендіктен нақты қанша адам 
олгенін анықтау мүмкін емес. Қазақтардың оны санауға шамасы 
да келмеді, ал әскери адамдар ор кез шындықты айтпайтыны да 
белгілі. Бүкіл Қазақ даласының қанға боктірілгендігіне күдік 
келтірудің реті жоқ. 1917 жылы I ақпанда болған ерекше 
трибунал 347 қазақты олім жазасына кесті, оның 51-і Ақпан 
революциясына 
дейін 
олтіріліп. 
қалғандарының жазалары 
жүмсартылды. 170-тей адам оте ауыр азапты жүмысқа кесіліп, 
129-ы түрмеге жабылды.
2 0 8


1916 
жылғы 
үлт-азаттық 
котеріліс 
Ресейді 
қамтыған 
революциялық дағдарыстың маңызды элементтерінің бірі еді. 
Оның бүқаралық сипат алуы, қазақ қоғамының барлық 
топтарының қатысуы, жалпы үлттық үран көтеруі, мемлекеттік 
биліктің институттарын қүру әрекеті 1916 жылғы оқиғаны үлт- 
азаттық котеріліс ретінде, 
патшалық Ресей отарларының 
арасында болған алғашқы котерілістердің бірі ретінде бағалауға 
мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет