Қазақстан тарихы пәнінен студенттердің өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар


-сұрақ. Қазақстан халқының ұлтаралық келісімі тауелсіздік пен демократияны нығайтудың кепілі



бет50/52
Дата02.12.2023
өлшемі165,98 Kb.
#132761
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52
Байланысты:
?àçà?ñòàí òàðèõû ï?í³íåí ñòóäåíòòåðä³? ?ç³í-?ç³ òåêñåðó ?ø³í ñ?ð

93-сұрақ. Қазақстан халқының ұлтаралық келісімі тауелсіздік пен демократияны нығайтудың кепілі.
Бүгінгі таңда Қазақстан ұлтаралық жəне дінаралық келісім мен ымырагершілікті негізге алған 140 астам ұлт өкілдері мен 40 астам дінді уағыздайтын үш мыңға жуық діни бірлестіктердің отаны болып отыр. Қазақстан тəуелсіздік жылдарында бұл стратегияның өміршеңдігін көрсетіп, оның бүкіл адамзат қауымының дамуындағы халықтардың өзара қарым-қатынас мəдениетінің қазақстандық үлгісінің қажеттілігін танытты. Халықтардың өзара қарым-қатынасы мəдениетініңқазақстандық үлгісі – бұл қоғамдағы шиеленістік, қақтығыстықжағдайды жеңу ғана емес, сонымен қатар, оның болашақтаұзаққа созылған қарсылық пен мəңгілік жек көрушілікке ұласыпкетпеуінің алдын алу болып табылады. 
94-сұрақ. ҚР Адам құқықтары бойынша өкілдік институты (Омбудсмен)?
Омбудсмен институтының заңнамалық тұрғыда бекітілуі елімізде жүріп жатқан саяси реформалардың ажырамас бөлігі ғана емес, оны іске асырудағы маңызды тұлға болуға да арналған.Қалай болғанда да, жеке адамның құқықтары мен бостандықтарына қоғам өмірінің кез-келген саласы, саяси, экономикалық немесе әлеуметтік саланың қай-қайсы да әсер етеді.
Бұзылған құқықтарды анықтау және қалпына келтіру барысында тәуелсіз, объективті әрі теңдей аралықтағы орган қажет.
Омбудсмен институты сондай орган болып табылады. Оны ғасырлар бойғы тарихта жалпыға бірдей мойындалған стандарттар мен қағидаттарды қалыптастырған әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр.
Бұл мәселеде омбудсменге заңнамалық тұрғыда толыққанды өкілеттіктер мен құқықтардың берілуі оған еліміздің саяси-құқықтық жүйесінде лайықты орын алуға және өзіне тән функциялар мен міндеттерді тиісінше орындауға мүмкіндік беретіні аса маңызды болып отыр.
95-сұрақ. Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласының тарихи маңызы.
Қазақтың жері ешбір шетелдіктің меншігіне берілмейді, ешқашан сатылмайды». Мемлекет басшысының «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған мақаласында қоғамды мазалап жүрген жер мәселесі бойынша тағы бір мәрте нақты жауап берілді. «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» деп аталатын мақалада Қасым-Жомарт Тоқаев егемендігіміз бен елдігіміздің тірегі болатын басты бағыттарға тоқталып, іргеміздің берік болуы үшін қажет шараларды да айқындап берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет