Қазақстан тарихы Сессия билеттері Қазақстан аумағындағытасғасырынақатыстыархеологиялықескерткіштердіңашылуы. Қазақстан там дәуірініңзерттелутарихын археолог Ж.Қ. Таймағамбетов «Палеолит Казахстана


-сұрақ Д.А.Қонаев қызметі. 1986ж Желтоқсан оқиғасы



бет18/20
Дата04.01.2023
өлшемі213,34 Kb.
#60359
түріДиссертация
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Қазақстан тарихы Сессия билеттері

94-сұрақ Д.А.Қонаев қызметі. 1986ж Желтоқсан оқиғасы
Дінмұхамед (Димаш) Ахметұлы Қонаев (12 қаңтар 1912 жыл, Верный – 22 тамыз 1993 жыл, Алматы) — кеңестік мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы.[1]Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы (1960–1962 және 1964–1986) және КОКП ОК саяси бюросының мүшесі (1971–1987) лауазымдарының иегері.
Желтоқсан көтерілісі — 1986 жылы 17 — 18 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қимылдары. Бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болып табылады.Көтерілістің басталуына Мәскеудегіорталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия коммитетінің 1-хатшысы Г.В. Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды.
Көтеріліске шыққан жастарға қолдау көрсетті, тіпті көтерілісті ұйымдастыруға өзі де қатысты деген күдік СОКП Орталық Комитеті Саяси Бросының бұрынғы мүшесі, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бұрынғы бірінші хатшысы Д.А.Қонаевқа да келтірілді. Сол бір сұрапыл оқиғалар кезінде “Правда” газетіне берген бір сұхбатында Г.В.Колбин Д.А.Қонаевты былай деп айыптауға дейін барды: “Алматыдағы оқиғалар үшін ол көп жағдайда ар-намысымен жауапты” (Дәйексөз Мырза Акуевтің “Біріншімен бірге” деген кітабынан алынды. Алматы, 2004, 72-бет). Мәскеу тергеушілерінің белсене қатысуымен Д.А.Қонаевқа қарсы қолданылып, оның беделін түсіретін материалдарды іздестіру және жинастыру барысында оған жақын жүрген бірқатар адамның үйлеріне тінту жүргізілді, өздері тергеуге алынды, түрмеге қамалды. Солардың қатарында Д.А.Қонаевтың көмекшісі Д.Бекежанов та, Орталық Комитеттің Іс басқарушысы А.Г.Статенин де, республика Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысына ере жүретін арнаулы қорғаушы дивизион тобының бастығы М.И.Акуев те бар болып шықты. Бұлардың бәрі де қамауға алынды және сотталды. Оларға көтеріліс жасау туралы бастама көтерушілердің қатарында болыпты-мыс деген жала жабылды. Кейіннен Д.А.Қонаев өзінің “Өтті дәурен осылай” деген өмірбаяндық кітабында өзінің жастар алдына шығып сөйлеуіне Колбин рұқсат бермегендігін және жақындарының кінәлі еместігі жайлы жазған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет