Қазақстан тарихынан мемлекеттік емтихан сұрақтары


Абылай хан тұсындағы Қазақ хандығы



бет25/60
Дата28.11.2023
өлшемі127,9 Kb.
#131083
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   60
Байланысты:
stud.kz-94406

46. Абылай хан тұсындағы Қазақ хандығы.
1771 жылы үш жүздің өкілдері жиналып Абылайды бүкіл қазақтың ханы етіп сайлайды. Оның хан атағын Қытай императоры да, орыстың ақ патшасы да бекітеді. Абылай ханның тұсында қазақ мемлекеті өзінің ішкі, сыртқы саясатын ешкімге жалтақтамай дербес жүргізді. Ол өз мемлекетінің дербестігін бәрінен де жоғары санады. Цин империясы Жоңғар мемлекетін қырып-жойғаннан бастап Абылай бірнеше елшілер жіберіп, Қытай мемлекетімен бейбіт саяси қатынас орнатуға тырысты.Абылай хан Қытаймен бейбіт келісімге келіп, сауда–саттықа жол ашып, оны Ресей империясына қарсы қолданған. Қытаймен бейбіт қарым–қатынасты өрбіте отырып, Абылай Ресеймен де қалыптасқан саяси және экономикалық қатынасты үзбеген. Ресей империясы қазақ жерінің шекарасына бекіністер, қамал–қалалар салып, оларды орыс казактарымен толық жайғастырып жатқанда Ресеймен жағдайды шиеленістіруге бармай, мәселені дипломатиялық жолмен шешуге тырысты.
XVІІІ ғ. 70-шы жылдары Түркістан аймағында тұратын қазақтарды қырғыздар шауып, мал-жандарын айдап әкетіп отырады. 1779 жылы Абылай әскерлері қырғыздарды талқандайды. Қырғыздар келісімге келіп, бітім жасауды өтінеді. Сосын, Түркістан, Сайрам, Шымкент, Созақ қалалары босатылады.
Абылай хан – XVІІІ ғасырдағы тарихымыздың аса ірі тұлғасы. Абылай ханның алға ұстаған саясаты, мақсаты – қазақ халқының бостандығы мен бірлігі, мемлекеттігі мен тәуелсіздігі еді.


47. Қазақ билері. Олардың XVI- XVIII ғғ. қоғамдық өміріндегі орны.
Қазыбек би Келдібекұлы (1659-1765 жж.)
Қазақтың атақты биі. Қазақ жүздерін басқаруды реттеу ниетімен Тәуке хан Ұлы жүздің биі етіп Төле биді, Кіші жүзге Әйтеке биді, Орта жүзге Қазыбек биді тағайындайды. Халық ауыз әдебиетінде сақталып қалған аңыздар мен кейбір архивтік мәліметтер бойынша, Қазыбек би Келдібекұлы "Тәуке хан зандарының жинағын" өңдеуге қатысқан. Тәуке, Сәмеке, Әбілмәмбет және Абылай хандар тұсында мемлекет басқару ісіне белсене араласьш жүрген Қазыбек би ішкі және сыртқы саясат мәселелерінде ықпал ете алатын. Ол — жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресті ұйымдастырушылардың бірі. XVIII ғасырдың 40-жылдары Абылай хан жоңғарлар қолына түсіп қалған шақта, оны тұтқынынан босатып алуға белсене атсалысты.
Ел ішінде Қазыбек биді Қаз дауысты Қазыбек деп атап кеткен.
Төле би Әлібекұлы (1657-1756 жж.)
Қазіргі Жамбыл облысындағы Шу өзенінің жағасында, Жайсаң жайлауыңда дүниеге келген, 1756 жылы Шымкент облысы, Ақбұрхан ордасында қайтыс болған. Қазақтың қоғам қайраткері, атағы жер жарған шешен, Ұлы жүздің бас биі, "Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі. Тәуке хан өлімінен кейін Қазақ хандығы ыдырай бастады. Төле би саяси басқаруды өз қолына алды. Қазақтардың басын біріктіріп, оларды жоңғар бұғауынан құтқаруда Төле би маңызды рөл атқарды. Сонымен бірге, Төле би Ұлы жүз бен Ресей арасында байланыс орнатып, дамытуға көп еңбек сіңірді. Қазақ хандығының ыдырау және жоңғарлардың басқыншылық соғыстары кезеңіңде Төле би басшыға тән қасиетін таныта білді. Жоңғарлар жағдайды пайдаланып, қазақ халқын жойып жібергісі, ал тірі қалғандарын қуғын-сүргінге ұшыратқысы келді, Төле би Қабанбай, Бөгенбай және Жәнібек батырлармен бірге бітұгас халық майданын құрып, азаттық жолында күрес жүргізді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет