44. 1917 жылғы Қазан революциясына сипаттама беріңіз. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнатылуының тәжірибесі мен мәселелері. 1914 жылы басталған дүниежүзілік соғыстың салдарынан Ресей империясы үлкен дағдарысқа ұшырады: бірінші – экономикалық , екінші – саяси дағдарыс. Бұл дағдарыс жұмысшылар мен шаруалардың өкіметке деген үлкен наразылығын туғызды. Осы аталған дағдарыс патша өкіметінің 1917ж. ақпан айында құлауына себеп болды. Оны Ақпан төңкерісі деп атайды. Осы төңкерістің нәтижесінде қос өкімет - жұмысшылар мен шаруалардың кеңесі және буржуазиялық Уақытша өкімет құрылды. Патша өкіметі құлатылғаннан кейін бүкіл Ресейдегі сияқты Қазақстанда да қос өкімет орнады. Бұрынғы патша шенеуліктері, эссерлер, меньшевиктер және буржуазиялық ұлтшылдар басқарған буржуазиялық Уақытша өкімет органдарымен қатар халықтық өкіметтің жаңа органдары–жұмысшылар, шаруалар және солдат депутаттарынң кеңестері құрылды. Жергілікті жерлерде Уақытша өкіметті органдары құрыла бастады. Қазақстанда қазақ интеллигенциясы басқарған қазақтардың ұлттық облыстық және уездік комитеттері ұйымдастырлды. Оларға комиссарлар болып ұлттық интеллигенцияның өкілдері, атап айтқанда Торғай облысында Әлихан Бөкейханов Жетісу облысында Мұхамеджан Тынышпаев, Түркістанда Мұстафа Шоқаев тағайындалды. Кеңес өкіметінің Қазақстанда орнауына большевиктердің халыққа бейбітшілік, жұмысшыларға зауыт пен фабрика, шаруаларға жер, ұлттар мен ұлыстарға теңдік пен бостандық беру жөніндегі уәдесі өз септігін тигізгені сөзсіз. Кеңес билігі ең алдымен: Сырдария, Ақмола облыстары және Бөкей ордасында бейбіт жолмен орнады. Торғай, Орал, Орынбор, Семей және Жетісу облыстарында Кеңес өкіметін орнату үшін қиян-кескі күрес болды. Перовск (Қызылорда) жұмысшылары мен солдаттары өкімет билігін 1917 жылы 30 қазанда (12 қараша) өз қолына алды. 1917 жылдың қараша айының орта кезінде Кеңес билігі Черняев (Шымкент) қаласында орнады. Қараша-желтоқсан айларында Кеңес билігі Әулиеата, Түркістан, Қазалы, Арал кентінде және облыстың басқа да ірі елді мекендерінде бейбіт жолмен орнады.