Қазақстан тарихының кезеңделуін сипаттаңыз. Қазақстан аумағындағы тас дәуіріне сипаттама беріңіз


ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы аграрлық мәселеге сипаттама беріңіз. Столыпин реформалары



бет21/35
Дата17.05.2023
өлшемі149,05 Kb.
#94080
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   35
37. ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы аграрлық мәселеге сипаттама беріңіз. Столыпин реформалары.

38. Ресейдегі I және II Мемлекеттік Думалардағы қазақ депутаттарының қызметін сипаттаңыз.
39. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстанның жағдайына сипаттама беріңіз (1914-1918 жж.). 1916 жылғы халық-азаттық көтеріліс.
40. ХХ ғ. басындағы қазақ зиялыларының қызметін көрсетіңіз. «Айқап» журналы, «Қазақ» газеті.
41. 1917 жылғы Ресейдегі Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясынан кейінгі Қазақстанның жағдайына сипаттама беріңіз.
42. 1917 жылғы Бірінші Бүкілқазақ съезінің тарихи маңызын түсіндіріңіз. «Алаш» партиясының бағдарламасына талдау жасаңыз.
43. ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы саяси партиялардың қызметіне баға беріңіз: большевиктер, кадеттер, эсерлер, "Алаш", "Үш жүз", "Шура-и-Исламия".
Большевиктер саяси ұйымы-1917 ж.ақпан төңкерісінен кейін құрылды.В.И.Ленин бастаған саяси қозғалыс пен ойдың ағымы.Құрамында солдаттар,жұмысшылар,шаруалар болды.Партия мақсаты капитализмге өтпей-ақ социализмді орнату.
Кадет партиясы-1917 жылы ақпан революциясына кейін құрылды.Құрамында буржуазия мен помещиктер.Семей қаласында “Свободная речь” газетін шығарды.Қазақстанның солтүстік облыстарында әрекет етті.Бөлінбес біртұтас Ресейді ,конституциялық монархияның қоныстардыру саясатын жақтаған партия.
Эссерлер партиясы-1917 ж.көктемінде құрылды.Құрамында социал-революционерлер болды.”Жер-бүкіл халықтың меншігі”,”жер өңдейтіндерге берілсін”- деген мақсатта құрылған.
«Алаш» партиясы -1917—1920 құрылды. Тұңғыш жалпықазақ съезін шақыру туралы шешім 1917 жылғы сәуір айында өткен Торғай облыстық қазақ съезінде қабылданып, съезд оны даярлауды Ә.Бөкейханов пен А.Байтұрсынов бастаған бір топ қазақ зиялыларынан құрылған айрықша бюроға тапсырды. XX ғасырдың бас кезіндегі ұлт-азаттық қозғалыс тарихының өзекті мәселелерінің бірі – Алаш партиясының құрылуы, оның тарихи негіздері, саяси әлеуметтік сипаты және тарихта алатын орны. Қазақ зиялылары саяси партия құру әрекетін бірінші орыс революциясы жылдарында-ақ қолға алған болатын. Төрағасы — Әлихан Бөкейханов. Алаш партиясының басты мақсаты – қазақ еліне өзін-өзі басқару мүмкіндігін беретін мемлекеттік жүйе құру, яғни оның ұлттық мемлекеттікке құқы бар екендігін метрополияға мойындату, ал түбінде дербес мемлекеттікке қол жеткізу, қазақ жеріне ішкі Ресейден қоныс аударушылар толқынын тоқтату, әлемдік озық тәжірибеге сүйене отырып қазақ қоғамы жаңа өмір сұранысына сай өзгерту (модернизация), демократиялық принциптерді қадір тұтумен бір мезгілде, әсіресе, білім мен ұлттық мәдениеттің өркен жаюына жол ашу болды.
«Үш жүз» партиясы — Қазақстанда 1917 жылы қазан-қараша айларында дүниеге келген ұлттық-саяси ұйым. «Үш жүз» саяси ұйымындағы жетекшілік рольдерді бұрынғы қорғаушы адвокат, журналист және драматург Көлбай Төгісов, фельдшер және тілмаш Шаймерден Әлжанов, Әбілқайыр Досов, Ысқақ Көбеков, Мұқан Əйтпенов атқарды. Қазіргі уақытта көп тараған пікірге қарамастан, «Үш жүз» саяси ұйымы құрылған күнінен бастап социалисттік партия болған жоқ. 1917 жылы Мұқан Əйтпенов партия төрағасы болған кезде, партия өз гәзетінде русофобтық ойлар айтса, 1918 жылы Мұқан Əйтпенов қызметінен босатылып, орнына К.Төгісов тағайындалғаннан кейін Сталинмен тілдесудің нәтижесінде эссерлерді қолдап, олармен бірігуге ұмтылады. Партияда әрдайым идеялық күрес жүрді. "Үш жүз" партиясы жарты жыл өмір сүрді. Партия ұйымдастырушылықтың жоқтығынан, партияның көптеген мүшелерінің идеялық тұрақсыздығынан, тәртіптің нашарлығынан, ішкі саяси күрестен ыдыраған болатын. Осылайша, партияның белгілі бір бөлігі Төгісовке қарсы партияның пайдасы үшін бай элементтерден салықтарды заңсыз жинауда көрініс тапқан, түрлі қызметтік теріс пайдаланушылықтарда айып тағылды.
«Шура-и ислам», , Ислам кеңесі - 1917 жылғы мамырда Мәскеуде өткен бүкілресейлік мұсылман съезінің шешіміне сәйкес құрылған қоғамдық-саяси ұйым. Бұл ұйым Уақытша үкімет жағдайында, мұсылмандардың және олардың қоғамдық ұйымдарының Құрылтай жиналысына дейінгі іс-әрекеттерін қадағалап, үйлестіріп отырды. Құрамына Түркістаннан 7, Кавказдан 2, қазақ облыстарынан 5, Литва татарларынан 1, ішкі Ресей мұсылмандарынан 10 адам кірді. Шура-и исламның Петроград каласында орналасқан 12 адамнан тұратын атқару комитетінің төрағалығына Ж.Салихов, орынбасары болып Ж.Досмұхамедұлы сайланды. Атқару комитеті мүшелері қатарында алғашында У.Танашев, Жақып Ақбаев, Зәки Уалиди Тоған, Ғ.Ходжаев, Көлбай Төгісов, Ш.Мұхамедияров, И.Лиманов секілді қайраткерлер болды. Шура-и-ислам Бүкілресейлік мұсылмандар съезінің шешімдерін басшылыққа алды. 1917 жылы шілдеде өткен Бірінші жалпықазақ съезі Шура-и исламға мүшелікке қазақ өкілдерін: Ақмоладан А.Тұрлыбаевты, Семейден Ә.Сәтбаевты, Торғайдан Ә.Байғуринді, Оралдан У.Танашевты, Жетісудан Б.Мәмбетовті, Сырдариядан М.Шоқайды, Ферғанадан Ғ.Оразаевты сайлады. Шура-и ислам 1917 жылы шілдеде Қазан қаласында Бүкілресейлік мұсылмандар сиезін өткізуді ұйымдастырды. Шура-и ислам Қазан төңкерісіне дейін жұмыс істеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет