Қазақстан тарихының кезеңделуін сипаттаңыз. Қазақстан аумағындағы тас дәуіріне сипаттама беріңіз


Көкшетау, Павлодар, Атбасар, Өскемен уездерінде орыс-казак әскерлерінің басым болуынан Кеңес өкіметі үшін күрес біраз қиындыққа тап болды



бет23/35
Дата17.05.2023
өлшемі149,05 Kb.
#94080
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   35
Байланысты:
Қазақстан тарихы ДСК

Көкшетау, Павлодар, Атбасар, Өскемен уездерінде орыс-казак әскерлерінің басым болуынан Кеңес өкіметі үшін күрес біраз қиындыққа тап болды.
1918 жылы наурыз айында Жаркентте, Сергиопольде (Аягөз), Талдықорғанда, сәуірдің бас кезінде Лепсіде Кеңес билігі орнады.
Кеңес өкіметі ең соңғы орнаған аумақ Орал қаласы болды.
Сөйтіп, 1917 жылдың қазан айы­нан бастап 1918 жылдың наурыз айына дейін Кеңес өкіметі Қазақ­станның көп жерінде жеңіске жетті. Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату ісіне Ә.Жангелдин, С.Сейфуллин, К.Сүтішев, А.Асылбеков, Ә.Май­кө­­тов, И.Дубынин, К.Шугаев, Я.Уша­нов, А.Иманов, С.Цвиллинг, Т.Рыс­құлов, Т.Бокин, П.Виноградов, Л.Еме­лев, Т.Өтепов, А.Розыбакиев, т.б. не­ғұрлым белсене қатысты.
Кеңес үкіметі орнауының екі түрлі жолы болды:
1)Өнеркәсіп орталықтары мен темір жолға жақын, жұмысшылар басым оңтүстік және солтүстік аймақтарда - бейбіт жолмен.
2)Сібір, Орал, Жетісу казактары мен офицерлер, кулактар біріккен контрреволюциялық күштер басым аудандарда – қарулы күрес жолымен.
45. Түркістан (Қоқан) автономиясының аумағын картадан көрсетіңіз. М. Шоқайдың қызметіне баға беріңіз.
Түркістан Автономиясы немесе Қоқан автономиясы — Түркістан өлкесі халықтарының өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында 1917 жылы 28 қарашада Ресей мемлекеті құрамында құрылған автономиялы мемлекет. Түркістан автономиясының аумағына карта бойынша: Түркістан, Верный (Алматы), Ташкент, Қоқан, Самарқан, Скобелев, Ош, Пішпек қалалары жатады.
1918 жылы қаңтарда Түркістан автономиясының алғашқы үкімет басшысы М.Тынышбаев өз еркімен жұмыстан босағанда, М.Шоқай осы қызметке сайланады.
Күллі түрік миллетінің туыстық бірлігін сақтап, Түркістан автономиясын құру тұрғысындағы М.Шоқайдың жанкешті қызметін кеңес идеологтары жаулық әрекет сипатында көрсетті.
«Қоқан автономиясының» келешегіне М.Шоқай күмәнсіз сенді ме, күмәні болды ма, бірақ ол адам қолынан жасау мүмкін емес тарихи төтенше оқиғалардан үміттенеді. Адамды үміт жетелейді, үміт апатқа да соқтырады. Соның бәріне Мұстафа бастаған ұлтжанды азаматар басы қиып еді.
М.Шоқай Түркістан халқы арасындағы қоғамдық белсенділіктің, сауатың, ұйымшылдықтың, рулық жіктелетін қандай деңгейде екенін жақсы білді. Жаңа автономияда сот жүйесін қазылар алқасы, немесе шариғат жолымен жүзеге асыруды ұсынған кезде «руластық тамыр белен алып кетеді» деп бірден қарсы болған.
Мұстафа Шоқай негізін қалаған Қоқан автономиясы бар болғаны екі ай, төрт күн ғана өмір сүрді. Олардың не офицері, не ақшасы, не әскері болған жоқ. Пошта, телеграф, темір жолдардың бәрі де жау қолында болатын. Осындай қиын кезде дүниеге келіп, қысқа ғана ғұмыр кешкен Қоқан үкіметінің Түркістан халқының ұлттық талаптарын қанағаттандыру жолында көзге көрінерлік ешқандай жұмыс тындыра алмауы заңды еді. Тіпті, бұл үкіметтің осындай жағдайда құрылып, 64 күн өмір сүре алуының өзі таңқаларлық құбылыс деуге болады. Ал Мұстафа Шоқай Кеңес үкіметінің ықпалы күшейіп, Қоқан автономиясы құлағаннан кейін, саяси пікірі қарама-қайшы болғандықтан, Түркістаннан асып кетуге мәжбүр болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет