Қазақстан тарихының кезеңделуін сипаттаңыз. Қазақстан аумағындағы тас дәуіріне сипаттама беріңіз


Қазақ зиялыларының ұлттық мемлекет құру жолындағы қызметіне талдау жасаңыз. "Алаш" қозғалысы және Екінші Бүкілқазақ сьезі



бет24/35
Дата17.05.2023
өлшемі149,05 Kb.
#94080
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   35
46. Қазақ зиялыларының ұлттық мемлекет құру жолындағы қызметіне талдау жасаңыз. "Алаш" қозғалысы және Екінші Бүкілқазақ сьезі.
1917 жылғы Ақпан төңкерісі жеңісінен кейін елдегі революциялық үдерістің қарқынды дамуы барысында Бөкейхановтың төңірегіне топтасқан либералдық-демократиялық қазақ зиялыларының өкілдері Ұлттық мемлекет құру жөніндегі жоспарларын жүзеге асыруға кірісті. Олар қазақ халқын таптарға және жікке бөлген жоқ, буржуазиялық-демократиялық бостандықтың атын қолдануға тырысты. Уақытша үкімет те, кадет партиясы да қазақтардың автономиялық мемлекет болуына қарсы болды. Бұл Ә.Бөкейхановтың «Қазақ» газетінде Кадет партиясынан кететіні туралы ашық жариялауына әкелді. Бұл жағдайда қазақ либерал-демократиялық интеллигенциясының өкілдері жағдай мен саяси күштердің тез өзгеруін ескере отырып, жалпықазақ съезін тезірек өткізу туралы шешім қабылдады. Ә.Бөкейханов Алаш ұлттық демократиялық партиясының мойындалған көшбасшысы және төрағасы болды. Алаш партиясының жетекшілері мен мүшелері қазақ халқын отарлық езгіден азат ету бағдарламасы төңірегіне жиналды.
Алаш қозғалысы — ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде Ресей империясының отарлық билік жүйесіне қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс. ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ даласында Ресейлік басқару жүйесінің күшейе түсуі, Ресейден көшіп келушілердің күрт артуы, қазақтардың құнарлы жерлерден ығыстырылуы бел ала бастады. Ендігі жерде қазақ халқының өзін-өзі сақтап қалуы үшін күресті күшейту мәселесі туындады. Бірақ енді зардабы көп қарулы көтеріліс жолымен емес, ұтымды саяси жолмен күрес жүргізу қажет еді. Осылайша Бірінші орыс төңкерісі жолдарында қазақ халқының мүддесі үшін күресті бастаған қазақ зиялыларның әрекеттері кейініректегі Алаш қозғалысының бастамасы болды.
Екінші жалпықазақ съезі — 1917 жылы 5-13 желтоқсан аралығында Орынбор қаласында ХХ ғасыр басындағы қазақ қайраткерлері Алаш Орда үкіметін жариялаған съез. Бұл съез Ресейде Қазан төңкерісі болып, большевиктер билікке келгеннен кейінгі тарихи алмағайып кезеңде ұйымдастырылды. Съез шақыру жөніндегі комиссия мүшелері Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Е.Омарұлы, С.Досжанов оны ұйымдастыруда айрықша белсенділік танытты[1]. Төрағасы — Б.Құлманов.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет