Қазақстан тарихының кезеңделуін сипаттаңыз. Қазақстан аумағындағы тас дәуіріне сипаттама беріңіз


-1953 жж. Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмірді сипаттаңыз. «Бекмаханов ісі»



бет28/35
Дата17.05.2023
өлшемі149,05 Kb.
#94080
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   35
65. 1946-1953 жж. Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмірді сипаттаңыз. «Бекмаханов ісі».
Қоғамдық-саяси өмірде қатаң әкімшіл-әміршілдік жүйе - тоталитаризм 1940-1950 жылдары өзінің шырқау шегіне жетті. Бұл қоғамдық-саяси өмірдің барлық саласынан көрініс тапты. Адамның табиғи құқығын шектеу, ұлттық мүддені ескермеу, мемлекеттік басқару жүйесіне ықпал жасау сияқты олқылықтардың шегі болмады. Осыдан 60 жыл бұрын Қазақстан коммунистік партиясы «ұлтшылдық вирусының тамырына балта шабу» жөнінде қаулы қабылдады. Көп ұзамай қазақтан шыққан тұңғыш тарих ғылымының докторы Ермұқан Бекмаханов 25 жылға сотталды.
1944 жылы басталып, 1952 жылы Ермұқан Бекмахановтың 25 жылға сотталуымен аяқталған даудың басы «Кенесары Қасымов бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі» деген ғылыми тұжырым еді.Қазіргі тарих ғылымында орныққан бұл тұжырымды әуел баста көтерген ғалым сегіз жыл әуре-сарсаңға түсіп, ақыры бір жарым жылын ГУЛАГ абақтысында өткізді. Бекмахановтың саналы ғұмырының он екі жылдық сергелдеңіне кейбір отандық тарихшылар да «үлес» қосты.

66. «Хрущёвтік жылымық» кезеңіндегі Қазақстанның жағдайына талдау жасаңыз: реформа жүргізу және демократиялық идеалдарды қалпына келтіру әрекеттері (1953-1964 жж.).
Н. Хрущев билікке келгеннен кейін қоғам өмірін демократияландыру ба-ғытында әрекет жасады. 1956 жылы ақпанда партияның XX съезі өтіп, онда жеке басқа табынудың зардаптарын жою туралы мәселе қаралды. Бұл съезде сталинизм қылмыстары әшкереленіп, оның қуғын-сүргін саясаты адамзатқа қарсы жасалған қылмыс деп бағаланды. Соған сәйкес Қазақстанда Т. Рыс-құлов, С. Асфендияров, С. Сейфуллин, Б. Майлин, Н. Нұрмақов сынды қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар ақталды. Бірақ Алаш қайраткерлері ақтал-май қалды. Бұл Кеңес Одағындағы тоталитарлық әміршіл-әкімшіл жүйенің әлі де болса ез күшінде екенін білдірді.


  1. Сұрақ: Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игерудің салдарына баға беріңіз.

Жауабы: Тың жерлердің игерілуі 1954 жылы басталды. 1954-1955 жылдары бүкіл Кеңес Одағы бойынша 29,7 миллион гектар тың және тыңайған жер, оның ішінде Қазақстан бойынша 18 миллион гектар жер жыртылды. Қазақстанда егістік жерлердің көлемі артты. 1956 жылы тың игерушілер 16 миллион тонна астық жинады. Тың игеру жылдарында Қазақстан көп ұлтты, интернационалды елге айналды. Қазақстан жерінде тұрғын үйлер, құрылыстар, мәдени обьектілер көптеп салына бастады. Он мыңдаған шақырым жол төселді. Республикада елге тың жерлерді игеру мақсатымен келген өзге ұлт өкілдері үлесінен қазақ халқының үлесі 30%-ға дейін төмендеп, ұлттық тіл, салт-дәстүр мен халықтың жойылып кету қаупі туды. Тың игеру жылдары келген 2 миллионға жуық басқа ұлт өкіліне берілген артықшылықтар қазақ халқын менсінбеушіліктің көрінісі болды. Аса көп территория жыртылып, нәтижесінде көп жер тіршілікке жарамсыз болып қалды, экологиялық жағдай күрт нашарлады. Топырақ эрозияға ұшырап, жердің құнарлылығы азайды. Миллиондаған гектар жер жыртылғандықтан, малдың жайылымы, жемшөп дайындайтын жерлер азайды. Малшаруашылығының шығынға ұшырауынан ет, сүт өнімдерінің көлемі де азайды. Басым көпшілігінде оқу орыс тілінде жүргізілді. Бұл біріншіден, қазақ жастарының ұлттық тілі мен мәдениетінен қол үзуіне әкеп соқтырды. Екіншіден, Қазақ елінің елдімекендері мен жер-су атаулары орысша атала бастады. Тың игеру 1964 жылға дейін жалғасты. Тың игерудің қорытындысы – Қазақстан халқын нанмен қамтамасыз ету мәселесінің шешілуі. Сонымен бірге Қазақстан сырт елдерге экспортқа астық шығаратын елге айналды.

  1. Сұрақ: ХХ ғ. 40-60 жж. Қазақстанның мәдениеті мен ғылымының көрнекті өкілдерін атаңыз. Қазақ КСР-нің Ғылым Академиясының қызметіне баға беріңіз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет