Қазақстан тарихының кезеңделуін сипаттаңыз. Қазақстан аумағындағы тас дәуіріне сипаттама беріңіз


жылғы тәуелсіздік жариялағаннан кейінгі Қазақстан Республикасының сыртқы саясатына талдау жасаңыз



бет34/35
Дата17.05.2023
өлшемі149,05 Kb.
#94080
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
85. 1991 жылғы тәуелсіздік жариялағаннан кейінгі Қазақстан Республикасының сыртқы саясатына талдау жасаңыз.
Жауабы.
1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздік туралы Декларация жариялады, сөйтіп дүниежүзілік қоғамдастыққа енуге мүмкіндік алды. 1992 жылы қаңтардан 9 шет мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатты. Тәуелсіз Қазақстанды әлем мемлекттерінің арасында бірінші болып бауырлас Түрік республикасы таныды. 1992 жылдың ортасына қарай республика тәуелсіздігін жер шарының 30-дан астам елі мойындады: АҚШ, Қытай, Иран, Пакистан, Канада, Швейцария т.б.
1999 жылдың басына қарай дүние жүзінің 150 мемлекеті танып, 106 мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатылды.
Қазіргі Қазақстан шет елдерде 30-дан астам диплоамтиялық және консулдық өкілдіктер ашты. Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік және халыаралық, ұлтаралық ұйымдардың 16 өкілдігі жұмыс істейді. Республикамыздың сыртқы саясат ведомствосы ұлттық мүддемен жалпы адамзаттық мүдделерді үйлестіріп жүргізетін дипломатиялық саясатқа кірісті.1992 жылы наурыздың 3-інде Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) мүшесі болып қабылданды. Осы жылы өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясының трибунасынан ОБСЕ сияқты ұйымның Азияда да құрылуы туралы Н.Ә. Назарбаев өз ойын айтқан болатын. Бірақ, ол кезде оның бұл сөзіне онша сене қоймаған еді. Міне, арада 10 жыл өткеннен кейін 2002 жылғы маусымда Алматыда сенім әрекеттестік шаралар туралы саммиті өтті. Саммит жұмысына 16 мемлекет басшылары қатысты. Оның ішінде 7 ірі державалар- Қытай, Индия, Ресей, Иран, Түркия т.б. болды.

86. қазіргі қазақстандағы негізгі экологиялық мәселелерді атап көрсетіңіз


Жауабы
Экологиялық апат аймақтары. Қазақстанның үлкен бөлігі құрғақ аймақта орналасқан және оның шамамен 60% аумағы әртүрлі деңгейде шөлдену үдерістеріне ұшыраған. Алдын ала есептеу бойынша, жайылымды жерлердің құлдырауынан, егістіктер эрозиясынан, екінші қайтара тұздану мен басқа себептерден болған шығындар 300 миллиард теңгені құрайды. Табиғи экологиялық жүйелердің бұзылуы, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің құлдырауы болған және жағымсыз экологиялық жағдайдың салдарынан халық денсаулығына айтарлықтай зиян келтірген Арал және Семей аймақтары экологиялық апат аймақтары болып жарияланған. Қазіргі кезде бұрынғы Семей полигонына іргелес аймақтарда (71,9 мың адам халқы бар 85 елді мекен) қатерлі ісік аурулары мен халық арасында өлімнің, қан айналымы жүйесі ауруларының, жаңа туған сәбилер арасында туабітті кемістіктер мен ерте қартаю нәтижесінің жоғары деңгейі анықталған. Арал маңындағы экологиялық апат аймағында әсіресе әйелдер мен балалар арасында асқазан-ішек аурулары мен қанның азаюы, балалар өлімі мен туабітті ауытқушылықтардың жоғары деңгейі көрініс тапқан.

87. Тәуелсіздік жылдарындағы қазақстанның экономикалық дамуына сипаттама беріңіз
Жауабы.

Экономикалық реформаларды жүзеге асыруда Қазақстан үлкен қиыншылықтарға кездесті. Экономиканы күштеп басқарудан нарықтық жүйеге көшу аса қиын әрі күрделі болып шықты. Бұрыннан қалыптасқан шаруашылық байланыстарының үзілуі, келісім тәртібінің нашарлауы салдарынан көптеген кәсіпорындардың жұмысы тоқтап қалды. Жағдайды Қазақстанның 1992 жылға дейін Ресеймен бір экономикалық кеңістікте болғаны қиындата түсті.


Тұтынушылық рынок мәселесі барынша шиеленісті, азық-түлік, киім жетіспеді, алыпсатарлық пен жемқорлық өрістеді. Ұ.Қарамановтың орнына сайланған республиканың жаңа премьер-миниистрі С.А.Терещенко Жоғарғы кеңес сессиясында: «Тапшылық тұрғындардың барлық топтарын дерлік жайлады», — деп мойындауға мәжбүр болды.
Қағаз ақша шамадан тыс шығарылып, 1990 жылмен салыстырғанда 1991 жылы 8,7 млрд сомға жетті, ақшаның құнсыздануы күшейді. Халықтың қолында тауармен қамтамасыз етілмеген 13 млрд сомға жуық ақша шоғырланды. Дүкен сөрелері бос қалды. Сонымен бірге өнім өндірудің барлық түрі азайды, ол өндіріс саласында да, аграрлық салада да орын алды.
1992 жылдың басында Егор Гайдар үкіметінің Ресейде бағаны босатуы жағдайды қиындата түсті. Ресей әрекетін Қазақстан да қайталауға мәжбүр болды. Қалыптасқан жағдайда Республика Президенті Жоғарғы Кеңес Президиуымымен келісе отырып, республика аумағында 1992 жылғы 6 қаңтардан бастап бағаны босату туралы Жарлық қабылдады.
Тәуелсіздігін баянды етуге ұмтылған кез келген мемлекеттің ішкі саясатындағы маңызды мәселе – меншік түрлеріне қатысты мәселені дұрыс шешу болып табылады. Сондықтан Қазақстанда нарықтық құрылымның дамуын жеделтету мақсатында мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру бағдарламасы жасалды. Экономика саласын реформалаудың алғашқы жылдарында республикадағы негізгі қордың 80%-ы мемлекеттік меншік үлесіне тиісті болды. Ең бірінші кезекте өзін-өзі ақтамаған мемлекеттік секторларды жекешелендіру міндеті қойылды.
Қазақстандағы жекешелендіру 4 кезеңде өтті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет