Әдебиеттер
1. Назарбаев Н. «Қазақстан – 2030» Ел президентінің Қазақстан халқына Жолдауы.- Алматы: Білім. - 1998.
- 37 б.
2.Мұқажанова А. «Қазақстан халқының патриотизмі» Ақиқат // 2010. №6
3.Меңлібаев Қ. Н. «Патриотизм және ұлтаралық қатынас мәдениеті» Саясат // 2001 ж. қаңтар
4.Новый энциклопедический словарь. - М. 2002 г. – С. 888
5.Майлыбаева Л. Патриоттық рухта тәрбиелейік // Қазақстан мектебі. - 2008. - №7
САНКАЙБАЕВА П.С.
аға оқытушы, Шәкәрім атындағы СМУ(Семей қ.)
ТАРИХТЫ ОҚЫТУДА КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
«Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасының приоритетінің бірі - ұлттық білім моделін
қалыптастыру тенденциясымен және Қазақстанда білім беру жүйесін бүкіл әлемдік білім кеңістігіне
кіріктіруімен сипатталатын білім беру саласы болып табылады. Қазір бүкіл әлемде инновациялық-
индустриялық қоғамнан интерактивті қатынас жасауға оны жүзеге асыратын техникалық мүмкіндіктерді
дамытып отыра алатын информациялық қоғамға, яғни, негізгі рөлді информацияны алу, өңдеу,
сақтау, тасымалдау, тарату және пайдалану істерді атқаратын жаңа қоғамға көшу процесі жүріп жатқан
уақыт.
Бүгінгі күні Тәуелсіз Қазақстан тарихын инновациялық әдістермен оқытудың ақпараттық техноло-
гияларын қолдану арқылы білім алушылардың ойлау қабілетін арттырып, ақпараттық технологиялар
негізінде ізденушілігін дамытып, құзыреттілігін қалыптастыру, тарихи объективизимді ұстана оты-
рып шынайы дерек көздерінен мәліметтерді жинақтау ең негізгі мақсат болып айқындалады.
Ақпаратты технологияларды пайдалану арқылы сабақтарды жаңаша ұйымдастыру, мұғалімнің
рөлі мен қызметінің артуына жағдай жасау, теориялық, ғылыми – педагогикалық және психологиялық
зерттеулерге сүйене отырып, оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру, ақпараттық технологиялар
мен инновациялық оқыту әдістері арқылы оқушыларды ізгілікке, елжандылыққа, саналылыққа, адам-
гершілікке, имандылыққа, еңбексүйгіштікке яғни қазақстандық патроитизмге тәрбиелеу бүгінгі күннің
өзекті мәселесі болып отырғандығы барша ғыламдар мен білім берушілер құзырында. Осы орайда
халық педагогикасындағы «Анаң болса да оның жаман қылықтарына еліктеме, жауың болса да оның
жақсы қылықтарына елікте» деген қағида жас ұрпақты оқытумен тәрбиелеудегі жаңа талап, жаңаша
көзқараспен тікелей байланыстылығын байқау қиын емес. Себебі бұл тұжырым қазақстандық патори-
тизмді насихаттайтын бірден – бір педагогикалық шара екендігі айқын.
Тарих соның ішінде Отан тарихын оқыту және оның оқытудағы жаңашылдық жас жеткіншектерді
жеке адам (тұлға) ретінде қалыптастыруға, ой-өрісін дамытуға, өзінің түп-тамырларын білуіне, казіргі
заманның күрделі проблемаларын дұрыс шешуге көмектеседі. Отан тарихын оқытудың басты мақсаты
оқушыларға өз жерінің ежелгі заманнан бүгінге дейінгі мекендеп келген, адамзат жүріп өткен та-
рихи-танымдық жолдарының аса маңызды фактілерін, оқиғаларын, құбылыстарын оқытып үйрету,
адамдар жинаған әлеуметтік, рухани, адамгершілік тәжірибені меңгерту, сол арқылы жас ұрпақтың
тәуелсіздік жолында Қазақстанның жаңа қоғамды құруға белсене қатысуына және тәуелсіз Қазақстан
мен дүниежүзінің тағдырына деген жоғары жауапкершілік сезімін қалыптастыру, яғни қазақстандық
патриотимзді насихаттаудың негізі болып табылады.
Білім беру жүйесінің алдына қойған мақсаты өмір сүріп отырған замандағы адамзаттың прогрестік
ерекшелігіне, қоғамдық-тарихи, саяси-әлеуметтік, экономикалық жағдайына сай негізделеді. Білім бе-
руде ақпараттандыру, Отан тарихымен байланысты пәндерді технологиялық ғылыми-теориялық негіз-
де оқыту мақсаты бүгінгі күннің алға қойыған шарасы. Кез-келген мемлекеттің дамуы – ақпараттық
мәдениеттің деңгейіне байланысты дегендей оқытудағы инновация, Отан тарихына қатысты тәрбиелік
іс-шаралар барысында кәсіптік жаңа технологияларды қолдану педагогикалық саладағы маңызды
мәселелерге айналды.
231
Қазіргі күнде білім беру жүйесін ақпараттандыру бағыты – жаңа ақпараттық технологияларды пай-
далану арқылы дамыта және дистанционды оқыту, дара тұлғаға бағыттан оқыту мақсаттарын жүзеге
асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен санасын көтеруді көздейді.
Оқытуды компьютерлендіруде компьютердің мүмкіндіктері өте кең: электронды оқулықтардың
көмегімен білім, жаттықтыру тапсырмаларын беру, оқушының білімін тексеру, тест алу, әр түрлі
ойындар, т.б. Оқыту үрдісінде компьютер оқыту нысаны және құралы болуы мүмкін. Яғни, оқытуда
компьютердің екі бағыты болады:
1.Компьютердің мүмкіндіктерін сезініп, оны әр түрлі жағдайда пайдалана білуге қажетті білім,
дағды, іскерліктермен қаруландыру.
2.Компьютер оқытудың тиімділігін жоғарылатып, сапасын көтеретін күшті құрал болып табылады.
Қазіргі кезде оқытушы сабақ мазмұны қызықты әрі жаңаша өтуі үшін өзінің бағалы уақытын қажетті
материалды іздеу мен жүйелеуге жұмсайды. Ол үшін басты міндет – оқытуды компьютерлендірудің
концептуалды аспектісін жасау. Осыған орай оқытуды ақпараттандыруда төмендегі сәттерді ескеру
қажет:
*Оқыту үрдісін компьютерлендіру кезінде тек бағдарламалау тілін немесе дербес компьютердің
ақпараттық құралдарын емес, компьютерді белгілі бір үрдістерде, құбылыстарда, экономикалық
жағдайда модельдеуге үйрену.
*Компьютерлендіру оқытушыны оқыту үрдісінен шығарып тастамай, керісінше студентпен
неғұрлым тиімді жұмыс жасауға жағдай туғызуы керек.
*Білімді топтық түрде бере отырып, оқытуды даралаулы күшейтіп, студенттің білім сапасының
көтерілуіне мүмкіндік жасауға болады.
*Компьютерді алға қойылған педагогикалық мәселені сапалы және тез шешуге көмектесетін
жағдайда ғана пайдалану қажет.
*Оқытуды компьютерлендіруді студент өз бетімен ойлап, шығармашылық белсенділік танытып,
дербес компьютерді саналы түрде пайдаланатындай етіп ойластырған жөн.
*Қазіргі кезде жекелеген пәндер үшін педагогикалық-психологиялық талапқа сай ана тілінде элект-
ронды оқулықтар жасалып жатыр. Ондағы теориялық материал, жаттықтырушы тапсырмалары, тексе-
ру тесттері, анықтамалықтар, т.б. білім сапасын арттыруға көмектеседі.
Оқу үрдісін ұйымдастырудың негізгі формасы – сабақ. Оқытушы әдістемесінде қажетті ізденістің
болмауынан оқытудың да қызығушылығы жойылады. Сондықтан оқытушы үшін оқытудың жаңа
әдіс-тәсілдерінің бірі – «Компьютер арқылы пәндік сабақтар» өткізу. Сондай сабақтардың бір үлгісін
қарастырсақ... Мысалы: Ел дербестігі мен тәуелсіздігі үшін күрескен саяси тұлға, қазақтың соңғы ханы
«1837-1847 жж. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісі» тарихын алатын болсақ мына-
дай үлгіде өткізгенді ұсынар едім. (Әрине бұл ұсыныс тек менің ғана үлгім болып қалады, Ал пайдала-
нушы ұстаз немесе Отан тарихын оқытушы үшін өз қалауынша қабылдайтын тәжірибелік үлгі болмақ)
Сонымен тақырыпты өткізудегі үлгі ні назарларыңызға ұсынсам..
Сабақ тақырыбы:
«Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс» (1837-1847 жж)
Сабақ мақсаты: жаңа сабақ тақырыбындағы тарихи оқиғаларды жан-жақтылы түсіндіру.
Білімділік мақсаты: К.Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың тарихи себептері мен
әскери қимылдар барысы мен тарихи маңыздылығы мен сипатын түсіндіру. Қозғалыс басшысы
К.Қасымұлының тарихи тұлға, саясаткер және дипломат екендігін дерек көздері арқылы сипаттап
түсіндіру. Бүгінгі еліміздің саяси дамуына сол кездегі қозғалыс басшысы Кенесары ханның ұстанған
саясатының өмірмен байланыстыра отырып баяндау.
Дамытушылық мақсаты: қосымша әдебиеттерді, тарихи шығармаларды пайдалана отырып,
ұлт-азаттық қозғалыстар тарихының салыстырмалы венндиаграммасын жасау. Студенттердің жүйелі
ойлауы мен өздігінен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты: Елді қорғау әр азаматтың парызы екендігін түсіндіру және қазақстандық
патроитимзге баулу, бағыттау.
Сабақ түрі: сын тұрғысынан оқыту
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, пікір-талас, әңгімелеу,
қосымша материалдармен жұмыс
Пән аралық байланыс: Саясаттану негіздері, Құқық негіздері,
Халықаралық құқық , Дүние жүзі тарихы, Әдебиет.
Көрнекіліктер: Кенесары суреті, кестелер мен баспасөз материалдары,
Кенесары хаттарынан үзінділер
232
Техникалық құрал: Интерактивті тақта және слайд-суреттері
Жоспар:
1.К.Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың алғы шарттары, басталу себептері мен
барысы
2.Қарулы күрестің күшейген кезеңі және оның жеңілуі
3.К.Қасымұлы және феодалдық мемлекеттің құрылымы
1-сұрақ: ХІХ ғасырдың 30-шы жылдарында патша өкіметі Қазақстанда отарлау саясатын онан әрі
күшейтті. Қазақ халқының саяси дербестігінің біржола жойылуына бағытталған шаралар патша өкіметі
тарапынан жүзеге асырылып жатты. Олар: қазақ хандары Әбілқайыр, Абылай хандар заманындағы
жасасқан шарттары елеусіз қалды. Салықтар төленбеді. Әскери шептер келіп, қоныстандыру саясатының
шаралары жүргізілді. Қазақ жерінің шұрайлысы Ресейдің қолына қарады. Пайдаланғандарға салықтар
салынды. Әкімшілік басқару жүйесін қайта құру (1822-1824 жж. Уставтар) барысында қазақ жер-
лері округтерге ( Батыс –Сібір және Орынбор) бөлінді. «Бөліп ал да билей бер» деген отаршылдық
қағидасы бұлжытпай орындалды. Бекіністер салынды. Әсіресе бекіністер Торғай, Ақмола, Көкшетау,
Қарқаралыда көтерді. Әрине қазақ даласындағы мұндай сұмдық жағдайлар кім-кімнің де болсын
жанын ауыртатыны рас. Патша өкіметінің отыршылдық саясатына қарсы шыққандардың бірі Абылай
ханның баласы Қасым еді.
Қасым сұлтан патша әкімшілігіне хат жазып, кісі салып, халыққа қысым жасалмауын талап етіп
түсіністікке шақырды. Бірақ жауапсыз қалған хаттардан кейін Қасым патша өкіметіне ашық қарсы
шығуды ойлады. Қарсылық күресте Қоқан хандығына сүйенбекші болды. Бірақ Қоқандықтардан
күткен көмек бола қоймады. Олар керісінше патша өкіметінің қолдауына ие болып, Қасым бала-
лары Саржан мен Есенгелдіні, кейіннен Қасымның өзін өлтіреді. Кенесарыны Ташкент түрмесіне
қаматты.
Түрмеден босап шыққан Кенесары ата мекені Ұлытауға келіп қоныстанды. Өз өмірін ел дербестігіне
арнады. Ондай арман ел басын біріккенде ғана жүзеге асатындығын түсінген Кенесары Қасымұлы бо-
лып жатқан жайттарды ойдан өткізіп, алдымен мәселені дипломатиялық күш арқылы шешуді көздеді.
Көздеген мақсаты Ресейге де, Орта Азия хандықтарына тәуелді емес, олармен тең қарым-қатынаста
болу еді. «1825-1840 жылдар аралығында олар біздің ауылдарымызды 15 рет тонауға, талауға салды.
Мұндай қысым мен тонау, талау, адамдарды өлтіру бізді басқа жаққа кетуге мәжбүрледі. Сондықтан
мен К.Қасымұлы қолыма қару алып халқымның ұлы күресін бастауға патша үкіметіне ашық қарсы
шықтым» деп жазады.
Кенесары Қасымұлы кім еді? ( слайдтан көрсету)
1802 жылы Көкшетау өңірінде дүниеге келді. Шыңғыс ханның 27-ші ұрпағы. Абылай ханның неме-
ресі. Жаужүрек батыр, шабандоз, көрнекті қолбасшы, қайраткер, халық бостандығы үшін күрескер және
ұшы-қиырсыз даланың қатал табиғатына шыныққан, бірбеткей мінезді, қайсарлы және жетекшілігі
мен адамшылдығы бір басынан табылатын тарихи тұлға еді. ХІХ ғасырдың 30-шы жылдарындағы ұлт-
азаттық қозғалыс басшысы Қасымның баласы Кенесары болды.
Қозғалыстың алғы шарттары:
* ХІХ ғ. 20-жылдары Ұлы жүздің бір бөлігін, Кіші жүздің оңтүстігі Қоқан билігінде болып,
233
қазақтардан салықтар жинады.
* Хиуа хандығы Кіші жүздің шекті, төртқара, байұлына қысым көрсетіп, Сыр өзені бойына бекініс-
тер тұрғызып, сауда керуендерін тонады.
* 1822 жылғы Жарғы қазақтар шаруашылығын құлдыратты.
* Ағасы Саржанның, әкесі Қасымның Ташкент билеушісінің қолынан қаза болуы.
Кенесары Қасымұлының саяси көзқарастарының қалыптасуына себепкер болған әкесі – Қасым
еді. Жаңағы оқиғалар оның елінің азаттығы үшін басталған күрестің басшысы болуыға итермелеген
оқиғалар еді.
Кенесары Қасымұлы қозғалысының басты мақсаты - патшалық Ресейдің құрамына қосылып
үлгермеген аймақтардың дербестігін сақтау, қазақ жерлерін бекіністер мен жаңа округтік билеу
арқылы жан-жақты отарлауды тоқтату, қоқандықтардың тепкісіндегі Оңтүстік өңірдегі қазақтарды
босату, Қазақ хандығына қосу еді. Қозғалыс бүкіл Қазақстанды қамтыды. Сипаты- ұлт-азаттық. 10
жылға созылған қозғалыстың басты қозғаушы күші – бұқара халық болды. Ақсүйек өкілдері де болды.
Олардың қатысуының себебі: өз мүдделеріне пайдалану және бұрынғы артықшылықтарын қайта алу,
көшпенді дербес феодалдық мемлекет құруды көздеді.
2-сұрақ: 1838 жылы мыңдаған сарбаз жиналып үш жүздің қазағы бас қосты. Кенесарының жауға
қарсы жорығында Ағыбай /Орта жүзден/, Иман Дулатов /Амангелдінің атасы/, Бұқарбай /Ұлы жүзден/,
Мыңжасар, інілері –Наурызбай мен Әбілғазы, әпкесі –Бопай қатысты.
Кенесары жасақтары қатарында қарақалпақ, түрікмен, қырғыз, өзбек өкілдері де болды. Қозғалысқа
қатысушылардың саны 1843-1845 жылдары көбейе түскен. Кенесары қазақ жерлерінің тартып алы-
нуына күйініп қана қойған жоқ, атамекенді кері қайтару үшін де халықты батыл күреске шақырды
(Е.Бекмаханов. «Қазақстан ХІХ ғ. 20-40 жылдарында» А- 1994, 186 бет) Дегенмен Кенесары барлық
әдіс-амалдарын қолданып тырысып бақса да, кейбір феодалдық топтарды, үш жүздің ру-тайпалық
бөлімдерін біріктіре алмады. Қазақ ақсүйектері екіге бөлінді. Бірі-патша өкіметін жақтағандар, екін-
шісі - өз саясатын күшейтуге әрекет етушілер.
1838 жылдың көктемінен бастап Кенесары жасақтары патша әскерлеріне қарсы алдын ала жасалған
жоспар бойынша дәйекті күрес жүргізді. Ақмола қаласын қиратып, Қоңырқұлжа сұлтанның ауылын
шапты. «Кенесары ұрыстың түйіні шешілген жерге келіп, көкбурылдың үстіне ажалдан қорықпай тік
тұра қалып «Абылайлап» қамалға қарай құйындата жөнелді. Кенесарыны көрген жау орындарында тұра
алмады. «Абылай», «Атығай», «Қабанбай» деп ұрандап бекініске лап қойды. Ақмола әскері жеңілді.»
Сөйтіп Кенесары сарбаздары Ақмола бекінісінің үйлерін тегіс өртеп, қорғанын құлатып, Шығыс
Сібірдің орталық қамалы тұрған жерді тып-типыл етті. Сонымен жеңістен кейін қайта Ұлытауға қарай
бет алды. Бұл шайқаста Кенесары өзінің қолбасшылық дарынын танытты. (І.Есенберлин. Қаһар.
Алматы-1969ж. 160-165 беттер)
Кенесары Қасымұлының азаттық қозғалыстың мақсатына жету жолында дипломатиялық айла-
амалдарды шебер пайдаланып, патша үкіметіне хат жазды. Хаттар мазмұндарына назар аударсақ...
Бірінші хат: «Бүкілроссиялық дара билеуші патша ағзамға. (Ол кездегі патша І Николай еді). Бүтін
қырғызды билеген Абылай ханның ұрпағы Кенесары Қасымұлынан. Тақсыр! Төмендегі жағдайға
көңіл аударсаңыз өзімді бақытты санаймын. Менің атам Абылай хан билеп-төстегенде халық тыныш
өмір сүрді. Екі жақ саудаласты, жайлы өмір сүрді. Кейінгі кезде бізден салықты жөнсіз сыпыра бас-
тады, әртүрлі жәбір көрсетуді сезіп отырмыз. Бейбіт келісімдер бұзылып, ақиқатты аяқпен тап-
тап, барша қырғыз халқын Ресейдің уысында деп қарайды. Барша қырғыз халқына қысымды тоқтату
және бұрынғы тыныш өмірді қалпына келтіру үшін сізден, ұлы патша, өмірімізге қол сұқпауыңызды,
даламызда салған қоныстарыңызды жоюды өзіңізден өтінуді бақыт санаймын» (Ж.Қасымбаев.
Кенесары хан. А-1993, 15-17 беттер). Бірінші хат мазмұны дипломатиялық - этикалық талаптармен
жасалды. Бұл жерде Кенесары сұлтанның дипломатболғандығын түсіну қиын емес-ті.
-
Хатта көзделген мәселе не болды? (студенттер пікірін тыңдау)
Басты тілек – тыныш өмірдің шырқын бұздырмау. Осылайша Кенесары сұлтанның қайсарлығы
қазақ даласына кеңінен тарады.
1838 жылдың жазы мен күзінде Орта жүзбен Кіші жүздің адамдары келіп қосылды. Ақмола
шайқасынан кейін патша үкіметінің губернаторлары дау көтерді. «Кенесарының қолы көбеюде. Тез
арада жоюды ойластыру керек», деген пікірді айтқан генерал Обручев болды. Осы тұста Кенесары
Қасымұлы екінші рет хат жолдады. Бұл жолғы хат айбарлы болды. Онда: «Сіздің есіңізге салайын.
Екі халықтың тыныштық өмірін қамтамасыз ету. Менің атам Абылайдың иелігінде жөнсіз бірне-
ше дуандарды ұйымдастырып, салық жинаттырып отырған сіздер емес пе? Ойлыңыз, егер Ресейді
басқа бір мемлекет билеп-төстеп отырсыз, қалай шыдар едіңіз? Біздің де пайымымызды еске
234
алыңыз...!» Кенесарының 5 елшісі жеткізді. Олар қамауға алынды. Тіпті оларды бір-бірінен бөліп
жеке бөлмелерде қапаста ұстауды қажет дегендер де болды.
- Қалай ойлайсыңдар неге? (студенттер пікірін тыңдау)
Е.Бекмахановтың зерттеуінде Кенесарының бес елшісінің үшеуінің ғана аты-жөндері берілген:
Тобылды Тохтыұлы , Қошымбай Жанкүшікұлы, Қосымбай Қазанқапұлы. (орыс тілін жақсы білді, тен-
тектік, бүлікшілік мінезі бар). Т.Тохтыұлы- жауапты тапсырмаларды орындаушылардың бірі болған.
Сібір әскери корпусының командиріне 1840 жылы қазан айының 18-інде Ресейдің соғыс минист-
ріне жолдаған хаттарының бірінде, егерде қауырт шаралар қолданылмаса Кенесары келесі жылдың
көктемінде күшейіп алып, батыс округтарды қамтып дес бермей кетем деген қаупін білдіреді. Кенесары
сұлтанның расында да саясаткерлік қызметті жетік білгендігін байқаймыз.
1840 жылы күзде көтерілісшілер Ырғыз бен Торғай маңында патша әскеріне, орыс әкімшілігін
қолдаушы жергілікті бай-шонжарға қарсы күресті күшейтті. Кенесарының қозғаушы күштерінің
қимылы күшейе түсті. Ұлы жүздің қазақтарын босатып, өзіне қосып алу мақсатымен Кенесары Қоқан
хандығына басып кірді. Кенесарының аты қазақ даласына одан әрі кеңінен тарады. Алайда заңды
талап-тілегі орындалмай өтініштер аяққа басылды. Елі мен жерінің біртұтастығына қатты қауіп
төнгендіктен, ту ұстап, тұлпар мініп қол бастады. Осы тұста Кенесарының әскери қолбасшы екендігін
байқаймыз. Шебер қолбасшы ретінде соғысқа жан-жақты дайындалды.
Қару – жарақ соғу, зеңбірек құю, өзге ұлт шеберлерінің ұсталығын пайдаланып, 20 –ға жуық қол
жинады. Кенесары сұлтанның ұлт –азаттық қозғалыстың күшейген кезеңінде арқа сүйер батырлары
болды. Олар... (Е.Бекмаханов «Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында» монографиясы. Алматы-
1994 210-212 беттер). Батырлары туралы әдеби жазбалардан үзінділер бойынша мәліметтер беру.
(Есенбай Дүйсенбай Хан Кене. Алматы, 1993 273-277 беттер)
1841 жылы қыркүйекте қозғалыс орталығы Торғайға ауысты. Үш жүзден адам жинап, әкесі
Қасымға ас берді. Осы астан кейін үш жүзден жиналған жамағат Кенесарыны ақ киізге салып, бүкіл
қазақ халқының ханы етті. Қазақтың соңғы ханы-Кенесары Қасымұлы. (1841-1847 жж)
Кенесары хан болып сайланғаннан кейін ел билеу тәртібі өзгеріп, алым-салық реформасы іске
асырылды. Егіншілікті дамыту, көрші елдермен сауда-саттық байланысын орнатуға көңіл бөлінді.
Малшылардын зекет, егіншілерден ұшыр салығы алынды. Керуеншілерді тоқтатып, олардан салық
алынатын болды. Мемлекеттік құрылыс өзгерді. Хандық кеңес құрылды. Оған батырлар, билер,
сұлтандар, ханның туысқандары енді.
Басқару Кенесарының өз қолында болды. Жасақтар жүздіктерге, мыңдықтарға бөлінді. Тәртіпке
бағынбағандарға өлім жазасы қолданды. Көрші елдермен татулық қарым-қатынас орнату үшін
әрекеттер жасалды. Барымтаға тиым салынды. Бірақ нәтижесіз болды.
1841-1842 жылдары Кенесары жасақтары Қоқан хандығына қарсы соғыс жүргізді. Созақты, Сауранды
алды. Ташкентке жорық жасады, бірақ нәтижесіз аяқталды. Себеп жұқпалы аурудың жасақ арасында
тарауы. Осыдан кейін көрші Бұқара хандығымен қарым-қатынас саясатын жасап, ол өзгешелеу бол-
ды. Әскери көмек, қару-жарақтар алмасып отырды.
235
1843 жылы Орынбор генерал-губернаторы Перовский кетіп, орнына Обручев келді. Кенесары мен
Перовский бір-біріне сыйластықпен араласты. Обручев пен Горчаков Кенесары бастаған ұлт-азаттық
көтерілісін тұншықтыруға және Кенесарының көзін жоюға 1843 ж. 23 маусымда патша І Николайдан
рұқсат алды. Тіпті қаржы бөлді. Әскерлер соғысқа дайындалды. Кенесарыға қарсы 50000 әскер жі-
берілді. 1-7 қыркүйекте екі жақтың арасында күшті шайқастар жүрді. Көп шығын болды. Кенесары
әскері тіке шабуылдамай, әр тұстан, тұтқиылдан жау әскерін мазалап, берекетін кетірді. Патша әскері
кейін шегінді.
1844-1845 жылдары қазақ даласындағы ұлт-азаттық қозғалыстың өрлеу кезеңі басталды. Жақсы
дайындық жүрді. Жасалған қимылдар табысты аяқталды. Татулық саясаты Бұқара мен Хиуа хандығы
Кенесарымен тығыз байланыс жасауға ұмтылып, сыйлық жіберді. Патшалы орыс мемлекеті
Кенесарымен келіссөз жүргізу елші Долговты бір топ адамымен қазақ жеріне аттандырды. Кенесары
мәселені ойланып қарауды екі айға созды. Елшілер бітім болмайтындығын сезгеннен кейін «ке-
теміз» деп, Кенесары патшаға хат аттандырды. Хатта қазақ жеріндегі бекініс-қамалдарын бұзып,
қазақ халқына жасап отырған зорлық-зомбылығын тоқтағанда ғана Ресей қол астына енуге дайын
екенін жазды.
1845 ж. Кенесары Ұлы жүзге қоныс аударып, Жетісуға келіп тоқтады. Көздегені Ұлы жүздің халқын
біріктіру, қырғыздармен одақ құру, Қоқан хандығына шабуыл жасап, қоқандықтардан қазақтарды
азат ету. Жетісу келешегіне байланысты жоспарларын ойластырды. Патша осы тұста Кенесарының
төңірегіне тор құрылды. Қазақтың бай шонжарларымен қырғыз манаптары (Орман хан, т.б.) бас қосып
Кенесарының еңсесін көтертпейтін соңғы соққы беруге әзірленді.
1846 ж. мың жасағымен Кенесары қырғызға бет алды. Хан солтүстік қырғыз манаптарынан өзіне
бағынуын талап етті. Қырғыз манаптары Орман, Жантай, Жанғараш тайпалар өкілдерінің құрылтайы
шақырылды. Кейбір тайпалар хан талаптарын орындамады. 1847 ж. Кенесары қырғыз жеріне ба-
сып кірді. Кенесары Тоқмақтың маңында Кекілік-сеңгірі тауында үш жақтан қоршауға түсіп, жан-
жақтан қамауға алынды. Үш күн шайқас болды. Талай адамдар осы шайқаста соңғы демі біткенше
қарсыласты. Арасында қара халық арасынан шыққан Ағыбай, Бұқарбай мен топ жарып шыққан батыр
інісі Наурызбай болды. Наурызбай қолға түскен ағасының жайын ойлап қырғыз қолына өзі түсті. Екі
батырдың басы кесілді.
«Кенесары тұсында қарт бурадай жарадық,
Жауды жасқап жапырып,
Жауған қардай борадық
Дұшпанның алдын орадық.
Кене ханнан айрылып,
Шіл боғындай тарадық.
Көрінгеннен қорғалып,
Кісі аузына қарадық» деп Нысанбай жырау жырлады.
Хан Кене. Алматы-1993 17-20 беттер.
Қозғалыстың әлсіреу себептері болды. Олар: 1.Кенесарының өзін қолдамаған ауылдарға озбырлық
көрсетуі, 2.Хан тобының Қоқан феодалдарына қарсы соғысып күшті біріктіре алмауы, 3.Қазақ
руларының тарапынан қолдау болмауы, әсіресе Қоқан мен қырғыздарға қарсы күрестерде. Қозғалыстың
жеңілуінің себептері:
-Ресейден жеңілдіктер алған ру ақсүйектерінің мақсатты ұмытып кетуі, яғни мемлекет құру
мүддесін ойламауы;
-Ақсүйектерден қолдаудың болмауы;
-бытыраңқылық;
-Ресей тарапынан Қоқандықтар мен қырғыздар күшінің Кенесары хан күшіне қарсы біріктірілуі.
Сипаты: отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық қозғалыс. Тарихи маңызы: үш жүзді қамтыған, патша-
лы Ресейдің саясатына қарсылық туып, халық азаттығы үшін күресу керектігін халықтың түсінуі.
Достарыңызбен бөлісу: |