Литература
1. Подробнее о историографии Казахстана военных лет см.: Балакаев Т.Б., Алдажуманов К.С. Историография
Казахстана периода Великой Отечественной войны //Актуальные проблемы истории Советского Казахстана. -
Алма-Ата, 1980. - С. 113-124; Алдажуманов К.С. История войны 1941-1945 годов и Казахстана: «белые пятна»
и проблемы // Социогуманитарная наука Казахстана: 20 лет самопостижения и интеграции. - Алматы, 2011.
- С.203-217.
2. Здравоохранение в годы Великой Отечественной войны 1941 - 1945 гг. // Сборник документов и материа-
лов. - М.: Медицина, 1977.
3. http:1941-1945.at.ua.
4. ЛангеК. Физиологические науки в СССР. Становление. Развитие. Перспективы.- Л.: Наука, 1988.
5. Джиенбаев С.С. Сотая казахская. Боевой путь 100-й отдельной казахской стрелковой бригады // Военно-
исторический очерк. Алматы, 2000. -С.62-63.
6. Там же. -С. 64-65.
7. КозыбаевМ. Казахстан-арсенал фронта. - Алма-Ата: Издательство «Казахстан», 1970. - С.99.
8. Там же. -С.99-100.
9. Там же. -С. 100-101.
10. http:www.eurasialaw.ru
ОРАЛОВА А.А.
Ш.Ш. Уәлиханов ат. ТЭИ ғылыми қызметкері
ҚАЗІРГІ ОТАНДЫҚ ТАРИХ ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ ЖАҢА БАҒЫТ -
ҚҰЖАТТАНУ: МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ
Қазіргі қоғамда құжаттану мен құжаттамамен қамтамасыз ету саласының қоғамның барлық салала-
рында қолданбалық маңызы артып отыр. Құжаттану – құжаттың барлық түрлері мен формалары туралы
отандық тарих ғылымындағы жаңа бағыт ретінде қалыптасып келеді. Құжат пен құжат айналымының
барынша артып отырған бүгінгі ақпараттық қоғамда осы саладағы жаңашыл тәжірибелер мен әдіс-
тәсілдерді айқындау және оларды қолданысқа енгізудің маңызы зор. Құжаттанудың методологиялық
мәселелерінің бірі – құжаттанудың зерттеу әдістерін анықтау. Құжаттанудың теориялық-методологиялық
мәселелерін жүйелі зерттеу отандық тарих ғылымында әлі де толық жүзеге асқан жоқ. Соның ішін-
де, құжаттанулық зерттеулерді жүргізуде зерттеу әдістерін айқындау мен талдаудың өзектілігі артып
отыр.
Қазіргі қоғамның нарықтық қатынастарға толық көшуі және ақпараттандыруға бет алуы, құжаттардың
басым бөлігіне жеке меншіктің орнауы, Кеңес Одағы тұсында құжаттарға мемлекет ықпалының бүгінде
толығымен тоқтатылуы құжаттанудың дамуын зерттеуге деген қоғамдық қажеттілікті арттыра түсті. Бұл
қажеттілік ең алдымен жаңа ұйымдық нысандарда құжаттық жүйелер мен ақпаратты өңдеудің дәстүрлі
және жаңа әдістерін басқару арасындағы сабақтастық пен өзара әрекеттесудің сақталып отырғанына
байланысты. Сол себепті құжаттануды жетілдіру олардың зерттеу әдістерін айқындау арқылы ғылыми
негіздеуді қажет етеді. Қандай да жұмысты тиімді басқару үшін оның орындалуын бақылаудың ұтымды
әдістері жасалады. Олар жаңа білім алуға немесе обьективтілік туралы ілімді әрі қарай нақтылауға, со-
нымен бірге басқару тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл әдістер жұмыстың маңыздылығын,
оның өзге жұмыс түрлеріне ықпалын, қорытынды нәтижесін және аралық нәтижелерді саралау, жұмыс
ұзақтығын белгілеу үшін қажет [1, 3 б.].
Қоғамдық ғылымдар өздерінің зерттейтін пәні, мақсаты мен міндеттеріне сәйкес құжат ұғымына
беретін анықтамаларында оның жекелеген қасиеттерін бөліп көрсетеді. Мәселен, заң ғылымында
оның құқықтық жағына баса назар аударылады. Соның нәтижесінде ол ең алдымен құжаттау құралы,
құқықтық қатынастарда айғақ ретінде танылады. Басқару саласында құжат негізінен тіркеу және
басқару шешімдерін жеткізу құралы ретінде зерттеледі. Тарих ғылымында, мұрағаттануда құжат ең
алдымен тарихи дерек көзі, яғни ретроспективалық ақпарат жеткізгіші ретінде қарастырылады.
«Кез-келген ғылымның методологиялық пісіп-жетілуі оның түсініктілік аппаратының даму деңгейіне
байланысты. Ғылыми қатаңдық пен негізгі түсініктердің айқындылығы, олардың әмбебаптылығы мен
дифференциалдылығы, логикалық нақтылығы мен ішкі қарама-қайшылықсыздығы әрбір ғылымның
одан әрі дұрыс дамуы мен жұмыс істеуіне ықпал ететін алғышарттарды құрайды. Ғылым дамуының
заңды жемісі бола отырып, ғылымның танымдық қабілетінің одан әрі жетілуіне жағдай жасайды.
Сол себепті де, методологиялық мәселелерді қарастыру ғылымды дамытудың ең маңызды шарты
211
болып табылады» - деп Б.Г. Могильницкий атты зерттеуші атп өткендей, [2, 4 б.]. құжаттанудың да
методологиялық негізін дамыту – алдағы басты міндеттердің бірі болып отыр.
Қазақстанда құжаттануды ілгері дамытудың барлық алғышарттары жасалынған және оларды тиімді
қолдану құжаттанулық теориялық, қолданбалық зерттеулерге кең мүмкіндіктер ашады, пәнаралық бай-
ланыстар тұрғысынан олардың өзге пәндермен ортақ мәселелерін зерттеуге ықпал етеді. Құжаттанудың
жеке зерттеу әдістері оның теориялық және қолданбалы зерттеулерінде кеңінен қолданылады. Зерттеу
әдістерінің өзге ғылыми зерттеу әдістерімен байланысы бар және оларды пәнаралық зерттеулерде де
тиімді қолдануға болады. Құжаттанудың зерттеу әдістерін нақтылау және электрондық құжаттарды
зерттеу әдістерін ғылыми негіздеу, олардың тәжірибеде қолданылу әдістемесін жасау, құжаттанулық
теориялық және қолданбалы ғылыми зерттеулерді мемлекеттік, салалық бағдарламалар аясында
жоғарыдағыдай зерттеу әдістері көмегімен жүргізу міндеттері жан-жақты қарастыруды қажет етеді.
Құжаттармен жұмыс тәртібін, нормалары мен ережелерін, сонымен бірге бірізделген термин-
дер жүйесін заңдастырған бірқатар одақтық және республикалық стандарттар пайдаланылды.
«Делопроизводство и архивное дело. Термины и определения. ГОСТ 16487-70» [3], «Делопроизводство
и архивное дело. Термины и определения. СТ РК 1037-2001» [4], т.б. мемлекеттік стандарттар
қолданылды. Сонымен бірге, кеңестік дәуірде және тәуелсіздік жылдары қабылданған түрлі норма-
тивтік әдістемелік құжаттар, әдістемелік ұсынымдар мен заңдар қолданылды. Атап айтқанда 1998
жылы 22 желтоқсанда шыққан Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар
туралы» Заңы [5] басшылыққа алынды. Терми-нологиялық мәселелерді, әсіресе, терминдер жүйесін
қалыптастыруға, дұрыс түсінуге, осылайша ғылыми-теориялық мәселелердің шешімін табуда үлкен
мәні бар терминологиялық және түсіндірме сөздіктері пайдаланылды. Cоның ішінде «Словарь иност-
ранных слов» [6], «Краткий словарь архивной тер-минологии» [7], т.б. сөздіктер кеңінен пайдаланыл-
ды.
Қазақстанда құжаттанудың зерттеу әдістері тақырыбын арнайы зерттеу отандық тарих ғылымында
тұңғыш рет қолға алынып отыр. Құжаттану саласының зерттелуіне Ресейлік ғалымдардың қосқан үлесі
зор. Соның ішінде, ең алдымен, жалпы құжаттану пәнінің қалыптасуына бастамашы болған белгілі
зерттеуші К.Г. Митяевтың үлесін атап өткен жөн. Ол алғаш рет құжаттануды Мәскеу мемлекеттік тари-
хи-мұрағаттық институтының мемлекеттік іс жүргізу факультетінде арнайы пән ретінде енгізуді қолға
алды [8, 4 б.]. «Құжаттану» терминін алғаш рет ғылыми айналымға енгізе отырып, оған «құжаттау
жүйесінің тарихи даму барысында қалыптасқан тәсілдері мен жүйелерін, құжаттарды және олардың
кешендерін зерттейтін пән» деген анықтама берді [9, 35 б.]. К.Г. Митяев құжаттануды құжаттар
мен оларға қатысты мәселелерді зерттейтін ғылым ретінде қарастырады [10, 59 б.]. Құжаттану мен
мұрағаттану объектілері ұқсас болғанымен, зерттеу пәндері бойынша ерекшеленеді деп жазады. К.Г.
Митяевтің [11] еңбегі іс жүргізудің әр тарихи кезеңдегі рөлін, құжаттармен жұмыс жасаудың жаңа
тәртібінің ерекшеліктерін дұрыс түсінуге ықпал етті.
Отандық тарихнамада патшалық Ресейдің Қазақстандағы мемлекеттік басқару мекемелерінің та-
рихына арналған С.М. Мәшімбаевтің [12] еңбегі империялық мекемелердің қазақ жерін отарлау са-
ясатын жүзеге асыруда іс жүргізудің маңызды құралға айналғанын анықтауға мүмкіндік берді. Қ.М.
Атабаевтың [13], Г.А. Сексенбаеваның [14], Г.Е. Өтепованың [15] диссертацияларында құжаттардың
тарихи дерек ретінде зерттелуі құжаттанудың мұрағаттанумен, деректанумен тығыз байланыстарын
ашып көрсетуде үлкен септігін тигізді. Құжаттану мен іс жүргізудің Қазақстандағы қалыптасу тарихы
мен барысы кешенді түрде зерттеуші А.С. Ысқақтың диссертациялық еңбегінде баяндалады [1].
Құжаттама саласының ұйымдастырылуының тікелей мемлекеттік мекемелер тарихымен тығыз
байланысы бары және өткенге жаңа көзқарас тұрғысынан баға беруге болатыны Н.П. Ерошкиннің [16],
Т.П. Коржихинаның [17] еңбектерін сыни талдау барысында анықталды.
Құжаттанулық зерттеулердің әдістері мәселесін зерттеуде, белгілі зерттеушілер В.Д. Банасюкевич
пен А.Н. Сокованың қосқан үлесі зор [18]. Зерттеушілер « Вопросы формирования теории документо-
ведения» атты мақаласында құжаттанудың ғылыми-теориялық мәселелерінің бірі – құжаттарды біріз-
деу мен стандарттау мәселелерін қарастырады. Атап айтқанда, біріздеу мәселесінің көтерілуі мен ен-
гізілу барысын талдайды. Құжаттарды стандарттау мен бір үлгіге салудың методологиялық мәселелері
мен әдістерін сипаттайды. Құжаттарды біріздеудің трафареттеу әдісі мен құжаттаудың принциптерін
баяндайды. Мақалада басқару құжаттамасы, құжаттарды біріздеу, құжаттарды зерттеудің жүйелік
тұрғысының қалыптасу барысы қамтылады[18].
Зерттеуші А.Н. Сокова өз еңбегінде құжаттану ғылымының зерттеу объектісі мен пәні, теориялық-
методологиялық мәселелері мен кеңестік құжаттану саласындағы басқару құжаттарын зерттеудің
әдістеріне талдау жасайды [19, 130 б.].
212
Зерттеуші Е.А. Бардаев «Документоведение» оқулығында құжаттану пәнінің зерттеу әдістерін,
методологиялық тұрғылары мен принциптерін қарастырады. Соның ішінде жүйелік, функционалдық,
модельдеу, формализация әдістерін жалпығылыми зерттеу әдістерінің қатарына жатқызса, арнайы
әдістерге құжаттанулық зерттеулердегі құжаттарды біріздеу мен стандарттау, құжат айналымы жол-
дары мен процедураларының әдістерін жатқызады. Басқаруды құжаттанулық қамтамасыз етудің
методологиялық негізі ретінде кешендік тұрғыны жан-жақты талдайды. Атап айтқанда, кешендік
тұрғыны ақпараттық құндылық, функционналдық-семантикалық декомпозиция, көп модельділік, ма-
тематикаландыру секілді қағидаларын қарастырады [20].
Зерттеуші Н.С. Ларьков «Документоведение» оқулығында жалпығылыми әдістерге әмбебап
сипаттағы: жүйелеу, модельдеу, функционалдық, анализ, синтез, салыстыру, жіктеу, жалпылау
(қорытындылау), абстрактіліктен нақтылыққа өту әдістерін жатқызады. Жалпығылыми әдістер
философиялық заңдар мен категорияларға негізделеді. Жоғарыдағы әдістердің өзі бірнеше түрге
бөлінеді. Нақтырақ айтқанда, модельдеу әдісінің дескритивті, графикалық, математикалық және
натуралдық (физикалық) түрлері бар. Олардың көпшілігі құжаттануда қолданылады [21, 34-35 бб.].
Жалпығылыми әдістер мен арнайы әдістер тығыз байланысты екендігін айтады. Олардың
қолданылу аясы шектеулі. Арнайы әдістерге Н.С. Ларьков: формулярлық талдау әдісі, контент-тал-
дау, құрылымдық лингвистика әдісі, психолингвистикалық әдіс, құжаттарды біріздеу әдісі, сараптап
бағалау әдісі, библиографиялық және ғылыми өлшемдік әдістерді жатқызады [21, 35 б.].
Е.А. Плешкевич ресейлік «Делопризводство» журналында жарияланған «Обьект и предмет иссле-
дования в документоведении: сравнительный анализ» атты мақаласында құжаттанудың зерттеу обь-
ектісі, зерттеу пәні мен міндеттері мәселесін қарастырады. Ол құжат және құжаттану ұғымдарының
анықтамаларына талдау жасай отырып, К.Г. Митяев, А.Н. Сокова, М.В. Ларин, И.Д. Ковальченко
секілді ғалымдардың методологиялық тұжырымдары мен пікірлерін салыстыра талдайды. Нәтижесінде
құжаттануға «әлеуметтік оперативті ақпаратты құжаттауды, оның тарихи дамуы барысында зерттей-
тін, құжаттық формалар мен жүйелерді қарастыратын қолданбалы кешендік интеграцияланған ғылыми
пән» деген анықтама береді [22, 83-85 бб.].
Зертеуші М.Ф. Шкляр өзінің «Основы научных исследований» еңбегінде ғылыми зерттеудің
теориялық және методологиялық мәселелерін арнайы түрде қарастырады. «Әдіс және ғылыми
зерттеулердің методологиясы» ұғымдарына анықтама беріп, зерттеу әдістерінің эмпирикалық,
теориялық және метатеориялық кезеңдерін бөліп көрсетеді. Эмпирикалық зерттеу әдістеріне: бақылау,
суреттеу, салыстыру, есептеу, өлшеу, сауалнамалық сұрақ-жауап, әңгімелесу, тест, эксперимент, модель-
деу және т. б. әдістерді жатқызады. Теориялық деңгейдегі әдістер қатарында формализация, абстракци-
ялау мен жалпылогикалық әдістерді қарастырады. Ал метатеориялық кезең әдістеріне диалектикалық,
метафизикалық, герменевтикалық әдіс түрлерін атап өтеді. Нақты әдістердің қатарында экономикалық
құжаттама саласындағы құжаттық зерттеу және құжаттарды контенттік талдау әдістерінің ерекшелік-
тері мен қолданылу жолдарына жан-жақты талдау жасайды. Ғылыми зерттеу әдістеріне жүйелі сынып-
тау жасай отырып, олардың әрқайсысына ғылыми негізде анықтама береді [23].
Құжаттанулық зерттеулердің әдістері мәселесін одан әрі тереңірек қарастыруда зерттеуші Р.А.
Сабитовтың қосқан үлесін ерекше атап өтуге болады. Автор «Основы научных исследований» оқу
құралында Ресейдегі ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастырудың кезеңдері, заң құжаттамасы
саласындағы ғылыми зерттеулердің методологиясы, сонымен қатар ғылыми жұмыстарды жазудың
әдістемелік нұсқаулары мәселелерін қарастырады. Зерттеуші «ғылым», «ғылыми зерттеу», «ғылыми
әдіс», «методология» т. б. терминдерге ғылыми негіздегі анықтамаларды беріп, ғылыми зерттеудің
әдістерін зерттеуші М.Ф. Шкляр секілді үш топқа бөліп қарастырады. Нақты айтқанда, зерттеудің
эмпирикалық, теориялық және метатеориялық кезеңдері аясында салыстыру, тестілеу, экспери-
мент, модельдеу, формализация, анализ, синтез, индукция, дедукция, аналогия, метафизикалық әдіс,
герменевтикалық әдістерді және құжаттанулық зерттеулердің арнайы әдісі болып табылатын кон-
тент-талдау әдісін талдап, ерекшеліктерін көрсете отырып оларға мысал келтіреді, сипаттама береді.
Зерттеуші методологияның жалпы, ғылыми зерттеулердің нақты методологиясы, жеке ғылымдардың
зерттеу методологиясы деп үш топқа бөледі [24].
Г.И. Рузавин «Методология научного познания» еңбегінде ғылыми зерттеудің эмпирикалық және
теориялық әдістерін жеке бөлім ретінде екі топқа жіктеп жан-жақты қарастырады. Зерттеудің ерек-
шелігі – автор эмпирикалық зерттеу кезеңін теориялық кезеңнен бірінші қояды. Ғылыми зерттеулер-
дегі эмпирикалық әдістердің негізгі формаларына жүйелік бақылау мен жоспарланған және арнайы
құрылған эксперименттерді жатқызады. Зерттеуші таным әдісі ретіндегі бақылаудың мәні мен негізгі
сипаттарын, бақылау мәліметтерін интерпретациялау жолдарын қарастырады. Ғылыми зерттеулердегі
213
бақылаудың функцияларын талдап көрсетеді. Сонымен қатар эмпирикалық танымның ерекше форма-
сы ретіндегі эксперименттің бақылаудан ерекшелігіне тоқталады. Ал зерттеудің теориялық әдістері
қатарында абстракциялау мен идеяландыру әдістері, ғылыми фактілер мен оларды жалпылау, ғылыми
гипотезаларды құру мен тексеру және ғылыми теориялардың негізгі функциялары мәселелерін
қарастырады. Автор теориялық зерттеу әдістерінің, әсіресе гуманитарлық зерттеу салаларындағы
қолданылу тиімділігін ерекше атап көрсетеді. Соның ішінде абстракциялау мен идеяландыруды
теориялық зерттеудің бастамасы ретінде қарастырады. «Ғылыми факт» ұғымына анықтама беріп, оны
жалпылаудың әмбебап және статистикалық тәсілдерін талдайды. Ғылыми гипотезаға қойылатын та-
лаптар мен ғылыми теорияның негізгі үш қызметін жеке-жеке қарастырады [25].
Зерттеуші В.В. Сопко «Основы научных исследований» еңбегінде ғылыми зерттеу жұмысының
методологиялық-теориялық негіздері мен ерекшеліктеріне тоқталады. «Әдіс», «методология», «ғылыми
зерттеу» терминдерінің сипаттамасын береді. Автор бухгалтерлік есеп құжаттамасы саласындағы
құжаттарды зерттеу, жүйелеу мен қолдану жолдарын талдайды [26].
П.Я. Папковская «Методология научных исследований» зерттеуінде ғылыми танымның обьектісі
мен пәні, кезеңдері, негізгі принциптері мен олардың сипаттамалары, ғылыми зерттеудің методоло-
гиясы мен логикасы, ғылыми зерттеу әдістері мәселелерін қарастырады. Автор ғылыми танымның екі
классификациялық деңгейін ерекшелейді. Олар: эмпирикалық және теориялық деңгейлер. Зерттеушінің
анықтамасы бойынша, эмпирикалық деңгейге фактілерді жинақтау, бақылау негізінде статистикалық
мәліметтерді алу, өлшеу, эксперимент пен олардың сыныпталуы жүзеге асады. Теориялық деңгейде
ғылыми гипотезалар мен теориялардың құрылуы мен дамуы, заңдар мен олардан шығарылатын
логикалық нәтижелерді анықтау жүзеге асады. П.Я. Папковская методологияны таным әдістері туралы
ғылым деп сипаттайды. Эмпирикалық таным негізінде ғылыми зерттеудің бақылау, эксперимент, өлшеу,
суреттеу секілді әдістерін жеке-жеке талдайды. Сонымен бірге таным үрдісінің құрылымдық сызба-
сы мен таным теориясының негізгі элементтерін кесте түрінде сипаттайды. Зерттеудің жалпығылыми
әдістеріне анализ, синтез, абстракция, салыстыру т.б. әдістерін жатқызады. Бұл әдістер жалпы тәсілдер
тармағына жатады. Теориялық зерттеу әдістері қатарында идеяландыру, формализация, ойлау экспе-
рименті, математикалық әдістері т.б. сипаттайды. Соның ішінде индукция әдісін толық және толымсыз
индукция деп бөліп қарастырады.
Ғылыми зерттеу әдісі ұғымының мәнін анықтауда В.К. Лукашевичтың «Научный метод: структу-
ра, обоснование, развитие» еңбегінің маңызы зор. Зерттеуде ғылыми әдістің пәндік-концептуалдық,
операциялық-нормативтік және логикалық мазмұнының генетикалық, функционалдық байланыста-
ры қарастырылады. Біршама типтік танымдық жағдайларды оны негіздеудің рационалдық-конс-
труктивті механизмдері, ғылымилық критерийлері және нормативті білімнің басқа формаларынан
айырмашылықтары талданады. Әдістердің дамуы ғылыми прогрестің пәндік және инструменталды
мазмұнының динамикалық синтезі ретінде қарастырылады [28].
Қазақстанда мемлекеттік органдарда электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесін ендіру
құжаттама мәселелерін шешуді жаңа сапалық деңгейге көтерді. Елімізде іс жүргізудің нормативтік
құқықтық базасына сипаттама беріп, талдау жасап, оның жетістіктері мен кемшін тұстарына баға беру-
де А. Адельгужиннің [29], Е.К. Жүсіповтің [30] мақалалары құнды. М.Х. Жақыпов [31]; Е. Джерембаев
[32]; А.К. Көпбосынова [33] мемлекеттік органдардағы электрондық құжат айналымының жайына
және оның дамуы мәселелеріне тоқталады. Электрондық құжат айналымы мен электрондық мұрағат
үшін электрондық құжаттардың ортақ мәселесін А. Слободянук [34], Е. Самойленко [35] қарастырады.
Отандық тарихнаманы талдау елімізде іс жүргізу мен құжаттанудың теориялық негізінің әлі де
қалыптасу үстінде екенін көрсетеді [36; 3].
Құжаттанудың қалыптасуы мен дамуына 1960-70-ші жж. баса назар аударылды. К.Г. Митяев, Я.З.
Лившиц, П.В. Веселов пен В.Г. Акопян зерттеу еңбектерінде құжаттанудың іс жүргізу тәжірибесін
жинақтап, қорытындылап ғылыми-теориялық негізін қалауға атсалысты. Іс жүргізуді ары қарай
жетілдіру үшін қолданбалы ғылыми зерттеулерді дамытуға үлкен мән берілді. Алғаш іс жүргізудің
зерттеу әдістерін С.М. Мингалев, А.К. Иванов пен Р.А. Поспелова т.б. қарастырады. Алайда жалпы си-
паттамасын берумен ғана шектелген олар зерттеу әдістерінің тиімді қолдану жақтарын нақты көрсетіп
бере алмады. Құжаттанудың зерттеу әдістерін жеке қарастыруға соңғы жылдары Бардаев, Столяров
көңіл бөлгенмен, сипаттамасын ғана береді.
Тәуелсіздік жылдарындағы қоғамдағы демократиялық өзгерістер, ортақ ғаламдық ақпараттық
кеңістікке жол ашылуы, компьютерлік технологияның дамуы іс жүргізуді автоматтандыру,
электрондық құжат мәселелерін алға шығарды. З. Залаев, И.Н. Киселев электрондық құжаттардың
мәселелерін алғашқы болып көтеріп, олардың қолданбалы мәселелеріне көбірек назар аударылатынын
214
көрсетеді. Үшінші мыңжылдықта ақпараттандыру мемлекет пен азамат, қоғам мен бизнес арасындағы
қатынастарды жылдам реттеудің құралына айналды [36, 3-4 бб.].
Шетелдік, атап айтқанда Түркия Республикасындағы құжаттанушы ғалымдардың құжаттану, іс
жүргізу мен мұрағаттану саласында жарық көрген ғылыми еңбектерінің де маңызы зор. Оның ішінде
зерттеуші Мехмет Алтиноздың «Құжаттану және мұрағаттану негіздері» (Анкара, Шубат, 2009) [37],
Иугел Исламның «Құжаттану және мұрағаттану техникалары» (Анкара, 2011) [38], Гиувен Таныштың
«Іс жүргізу және құжаттану техникалары» (Анкара, 2009) [39] атты еңбектерінің ғылыми құндылығы
байқалады. Салыстырмалы талдау жүргізуге мүмкіндік береді.
Отандық тарих ғылымында құжаттану туралы іргелі теориялық және қолданбалы ғылыми зерт-
теу еңбектерінің жоқтығымен түсіндіріледі. Құжаттану туралы жалпылама зерттеулер болғанымен,
құжаттанулық зерттеулердің арнайы мәселелері, оның әдістері хақында зерттеулер жоқтың қасы.
Құжаттану ғылыми бағыт ретінде тұңғыш рет жаңа методологиялық ұстанымдар мен жаңа при-
нциптер басшылыққа алынып, кешенді түрде жүйелі зерттелу қажет.
Әдебиеттер
1. Ысқақ А.С. Қазақстанда іс жүргізу және құжаттану: тарихы мен зерттеу әдістері (ХІХ ғ. - ХХІ ғ. басы): т.ғ.д.
...дисс. авторефераты. - Алматы, 2010. – 50 б.
2. Могильницкий Б. Г. Введение в методологию истории: Учеб. пособие для студ. вузов, обучающихся по
спец. «История». – М.: Высш. шк., 1989. – 175 с.
3. Делопроизводство и архивное дело. Термины и определения. ГОСТ 16487-70.- М., 1971. - №1. - С. 2.
4. Делопроизводство и архивное дело. Термины и определения. СТ РК 1037-2001. - Астана, 2001. - №1. - С.
3.
5. Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Заңы // Егемен Қазақстан, №
258, 22 желтоқсан, 1998. – 2-3 бб.
6. Словарь иностранных слов. 7-е изд., перераб. - М.: Русский язык, 1980.
7. Краткий словарь архивной терминологии. - М.: Л., 1968. - С. 18-20.
8. Программа курса «Теория и практика архивного дела». - М.:МГИАИ, 1944. – 43 с.
9. Программа курса «Общее документоведение».- М.:МГИАИ, 1963. – 42 с.
10. Митяев К. Г. Документоведение, его задачи и перспективы развития // Вопросы архивоведения. - 1964.
- № 2. - С. 35-43.
11. Митяев К.Г. Теория и практика архивного дела. - М., 1946. – 248 с.
12. Мәшімбаев С. М. Патшалық Ресейдің Қазақстандағы мемлекеттік басқару мекемелерінің тарихы:т.ғ.к. ...
дисс.: 07.00.02. - Алматы, 1999. - 313 б.
13. Атабаев Қ. М. Мерзімді басылым Қазақстан тарихының дерек көзі (1870-1918 жж.):т.ғ.к. ... дисс.: 07.00.09,
07.00.02. - Алматы, 2000. - 289 б.
14. Сексенбаева Г.А. Аудиовизуальные документы как источники по истории Казахстана(на материалах ЦГА
КФДЗ РК): автореф.дисс.... д.и.н.: 07.00.09. - Алматы, 2009. - 40 с.
15. Утепова Г.Е. Законодательные акты Российской империи как источник по истории колонизации
КазахстанаXVIII – начала XX века: автореф.дисс....д.и.н.: 07.00.09. - Алматы, 2009. - 40 с.
16. Ерошкин Н.П. Очерки истории государственных учреждений дореволюционной России. - М., 1960. – 394
с.
17. Коржихина Т. П. История государственных учреждений СССР. - М.: Высш. школа, 1986. -399 с.
18. Банасюкевич В.Д., Сокова А.Н. Вопросы формирования теории документоведения // Развитие советского
документоведения (1917-1981 гг.). Сборник научных трудов. - М.: Изд. ВНИ ГИДАДА, 1983. - С. 5-27.
19. Сокова А.А. Документоведение как научная дисциплина: объект, предмет, основные задачи //
Документирование управленческой деятельности: сб. науч. тр. / Главархив СССР, ВНИИДАД. - М., 1986. - С.
5-30.
20. Бардаев Э.А. Документоведение: учеб. Для студ. Учреждений высш. Проф. Образования / Э.А. Бардаев,
В.Б. Кравченко. – 2-ое изд., стер. – М. : Издательский центр «Академия», 2010. – 304 стр.
21. Ларьков Н.С. Документоведение. - Москва -2002. – 280 с.
22. Плешкевия Е.А. Обьект и предмет исследования в документоведении: сравнительный анализ //
Делопроизводство.- 2007. - № 4. - С. 83-85.
23. Шкляр М.Ф. Основы научных исследований: учебное пособие. - М.: «Дашков и К», 2007. – 244 с.
24. Сабитов Р.А. Основы научных исследований: Учебное пособие – Челябинск: Челяб. гос. ун-т., 2002. – 138
с.
25. Рузавин Г. И. Методология научного познания: Учеб. Пособие для вузов / Г.И. Рузавин. – М.: ЮНИТИ
– ДАНА, 2005. – 287 с.
26. Сопко В.В. Основы научных исследований. – Киев: КИНХ, 1977. – 88 c.
27. Папковская П.Я. Методология научных исследований: Курс лекций. – 2-е изд., изм. – Мн.: ООО
215
«Информпресс», 2006. – 184 с.
28. Лукашевич В.К. Научный метод: Структура, обоснование, развитие / Науч. ред. А.Н. Елсуков. – Мн.:
Наука, 1991. – 207 с.
29. Адельгужин А. Құжаттау және мұрағат ісі жөніндегі нормативтік құқықтық база // Қазақстанда іс
қағаздарын жүргізу – Делопроизводство в Казахстане. - 2007. - № 1(1). - Б. 14-20.
30. Жүсіпов Е. «Басқару қызметін құжаттамамен қамтамсыз ету туралы» ҚР Заңын қабылдау қажет //
Қазақстанда іс қағаздарын жүргізу – Делопроизводство в Казахстане. - 2007. - № 2(2). - Б. 23-25.
31. Жакыпов М.Х. Об организации электронного документооборота в государственных органах Республики
Казахстан // http://www.aic.gov.kz/documents/002_jaki.doc
32. Джерембаев Е. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне «электрондық құжат айналымын» ендіру //
Қазақстанда іс қағаздарын жүргізу – Делопроизводство в Казахстане. - 2007. - № 1(1). - 48-50 б..
33. Копбосынова А.К. Состояние и проблемы развития электронного документооборота и электронных архи-
вов в государственных органах Республики Казахстан // Матер. Респ. семинара-совещания «Электронный доку-
ментооборо и электронные архивы» 26 сентября 2006 г. – Алматы, 2006. - С. 32-38.
34. Слободянук А. Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесін ендіру туралы // Қазақстанда іс
қағаздарын жүргізу – Делопроизводство в Казахстане. - 2007. - № 4(4). - 13-17 б.
35. Самойленко Е. Электронный архив в организации: предпосылки и получаемый эффект // Қазақстанда іс
қағаздарын жүргізу – Делопроизводство в Казахстане. - 2007. - № 7(7). - С. 73-77.
36. Жұмабай Г. Ж. Электронды құжат айналымы негізінде ақпараттық қамсыздандырудың әдістері мен
алгоритмі:6М070300 – Ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша техника және технология магистрі ... дисс.
рефераты. - Қызылорда, 2011. – 21 б.
37. Алтиноз М. Құжаттану және мұрағаттану негіздері. - Анкара, Шубат, - 2009. – 221 б.
Достарыңызбен бөлісу: |