Қазақстан тарихшыларының Ұлттық конгресі қазақстан тарихы: инновациялық ТҰжырымдамалар мен дәуірлеу



Pdf көрінісі
бет32/39
Дата03.03.2017
өлшемі3,02 Mb.
#6455
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   39

Әдебиеттер
1. ҚР ПА. 210 –қор, 1-т. 43-іс. 9-п
2. Ескекбаев Д. Қазақ диспорасы: бүгіні мен болашағы. - Алматы, 2003. - 212 б.    
3. Дүниежүзі қазақтарының ІІ құрылтайы. - Алматы, 2003, -105 б.
МӘКІБАЙ М.О.
ҒҚ, Л.Н.Гумилев ат. ЕҰУ
ӘБДІСӘМЕТ ҚАЗАҚБАЕВ – ҚАЗАҚТЫҢ ТҰҢҒЫШ ПАРЛАМЕНТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Кезінде дүниежүзіне танымал болған қазақтың атақты  балуаны, қазақ даласының батыры, ақын- 
жанды бабамыз Қажымұқан Мұңайтбасовтың кіндік қаны тамған құтты мекенде, тағы бір мақтаныш 
тұтар ел азаматы, қоғам қайраткері, Республиканың Жоғары Советі Президиумының тұңғыш предсе-
дателі Әбдісәмет Қазақбаевтың саналы ғұмыры, қайраткерлік, азаматтық жолы  бастау алғаны біздер 
үшін де, келер ұрпаққа да үлкен өнеге.
Әбдісәмет  Қазақбаев  Қарағанды  облысы  Ұлытау  өңірінде  туып-өскен.  Ал  Ақмола  өңірінде 
қоғамдық-саяси қызметімен елге танылды. Сәкен Сейфуллиннің өмірбаянына осынысымен ұқсаста. 
Мен Әбдісәмет Қазақбаев туралы жазғанда оның өмірінің үш кезеңіне тоқталғанды жөн деп таптым.
Біріншіден, халқымыздың басына түскен зұлмат кезеңдердің өзінде қазақ ауылдарын қамқорлыққа 
алып, ауыл, адам тағдырына мейлінше көңіл бөліп, осы жолда білгір басшы ретінде танылғаны,ерлік 
жолдары жайында әңгіме болмақ.
Екіншіден, Әбдісәмет ағамыздың Ұлы Отан соғысы кезіндегі ұйымдастырушылық таланты және 
ел мен майдан бірлігін нығайтудағы зор  жұмысы, әділетті істе жеңісті жақындату күресіне, халықты 
патриоттық іске бастап отыру қасиеті туралы айтқан жөн.

222
Үшіншіден, қасиетті Ұлытау өңірінде туған ағамыздың еш жерде оқымаса да өздігінен білімін жетіл-
діріп, өмір мектебінде шыңдалып, өзіне үлкен талап қоя білуі арқасында азаматтық үлкен  биіктерге 
көтерілгені жайында, оның адамгершілік, іздемпаздық, қарапайым қасиеттері туралы айтуды парыз деп 
таптым. Ол үшін туған ауылым мен Астананың болашағына өшпестей  із  қалдырған Әбдісәмет ағамыз 
жайында жазғанда тарихи материалдармен бірге көзі көрген, қызметтес болған Мұқан Мейірманов- 
тың, ауылдың шежірелі ақсақалы болған Оспан Әбжанұлының,  әкем  Орынбек Рәшұлының деректі 
естеліктеріне және    30-50 жылдары колхозшысы Сарқыт Жүсіпқызының айтқандарына және тарихи 
деректерге сүйеніп жазуыма тура келді.
Сонымен Әбдісәмет Қазақбаев 1898 жылы 15 мамырда бұрынғы Ақмола губерниясының Атбасар 
уезінде,  қазырғы  Қарағанды  облысы  Ұлытау  ауданында  туған.  Он  алты  жасында  әкесінен,  ара-
да бір жыл салып шешесінен айрылған Әбдісәмет, ерте есейіп өмірге ерте араласты. Ал 1922 жылы 
Ақмола  өңіріне  көшіп  келеді.  Сол  жылдары  жас  Әбдісәмет  Совет  үкіметінің  қазақ  ауылдарына 
жүргізген барлық шараларына ортақтаса отырып, өз орнын жаңа өмір орнатушылар қатарынан таба-
ды. Ауылдағы «Қосшы» одағын ұйымдастыруға белсене қатыса жүріп, кейін осы одақтың төрағасы 
болып істеген Ә.Қазақбаев елді отырықшылыққа  дағдыландырып, еңбектің ұжымдық  түріне баулуға  
көп күш жұмсады. Ол одақ 20 жылдары еңбекшілердің сана-сезімін  оятуда үлкен ықпал жасап, қазақ 
ауылдарында әлеуметтік-әкономикалық шараларды іске асыруда өзіндік әсер етті. Дәл осы  жылдары 
табиғатынан  зерек  жаратылған  жас  Әбдісәмет  өзінің  қарапайым  да  көпшілдігімен  ,  көпке  бас  бола 
білетін  ұйымдастырушылық  қабілетімен    совет  қызметтеріне  жоғарылатылады.яғниОсыдан  бастап 
оның  саяси  өмірбаяны  басталды.  Ол  халықтың  саналы  өкілдерімен  жергілікті  кеңестердің  аппарат-
тарын нығайту саясатын дәйектілікпен жүргізіп, өмірінің соңына  дейін советтік органдарда үздіксіз 
қызмет етті. Оның тікелей  қатысуымен, басшылық етуімен Ақмола ауданында  Жаңажол, Қызылжар, 
Буденный,  Талапкер  секілді  колхоздар  құрылды.  Осындай  ұйымдастырушылықтың  арқасында 
Ә.Қазақбаев әуелі  Ақмола ауданының №6 және 19 ауылдық советтерінің хатшысы, кейін төрағасы 
болып сайланады.
Әбдісәмет Қазақбаев – тұңғыш колхоз шаруашылығын ұйымдастырушылардың бірі. 1933 жылы 
желтоқсанда Ақмола ауданындағы Буденный/Қазыргі Қажымұқан ауылы/ атындағы колхоздың предсе-
дателі болды. Оны 1937 жылдың жазына дейін атқарып,  ауылда өзінің өшпес ізін, үлкен ісін қалдырды. 
Осы ауылда оның іскерлік қабілеті жан-жақты ашылып, еңбекті дұрыс ұйымдастырудың және колхоз 
мүшелерінің қажырлы еңбегінің арқасында Буденный атындағы шаруашылық республикаға танымал 
үлгілі колхозға айналды. Айналасы төрт-ақ жылдың ішінде колхоз малы 6 есе көбейді. Колхозшылардың 
жеке малы да өсті, егіндері бітік шығып жыл сайын , мол өнім алып отырды. 
Әбдісәмет Қазақбаев әкем Орынбек Рәшұлы Керейбаевтың үлкен досы болған. Әкеміз Әбдісәметтің 
болмыс-бітімі  ерекше  жаратылғанын,    оның  адамгершілігін,  табиғи  зеректілігі  мен  өжеттігін, 
еңбекқорлығын, қарамағындағы адамдардың ой пікірлерін басқара білу қасиеттері мен басшы ретін-
дегі адал ісін еске алып, әңгіме етіп отыратын. Ол кісі әр жылдың 15 мамырын ерекше күтіп, досының 
туған күнінде ерекше бір істер жасап еске алатын. Жыл сайын Қымызмұрындық мейрамын өткізуді 
осы күнге белгілейтін.. Соның бірі 1968 жылын да ,Әбсәметтің 70-ке толар мерейтойы құрметіне 3-4 
түп ағаш отырғызған еді. Қажымұқан ауылындағы сол ағаштар мәуелі байтерекке айналды.Немерелері 
бұл  ағаштарды  атамыз  отырғызған  деп  мақтан  тұтады.Әкемнің  жан  досына  арнаған  осындай  сыйы 
ұрпақтар санасында жаңғырып,әдемі бір жалғастық табуда.
Сонымен  Әбдісәмет  Қазақбаев  1937  жылы  КСРО  Жоғарғы  Кеңесінің  алғашқы  депутаты  болды, 
қызметі де өсті. Содан Ақмола аудандық атқару комитеті председателінің орынбасары, ал 1938 жылдың 
басында Қарағанды облыстық атқару комитетінің төрағалығына жоғарылады. Сонда  Орынбек досын 
ұмытпай, уақыт тауып, қуаныштарын бірге бөлісіп тұрады. Ауыл адамдарымен де қарым-қатынастарын 
үзбейді.
1941  жылы  әкем  әскерге  шақырылып,  Алматыда  болғанда,  әскери  бөлімге  келіп,  досының  хал-
жағдайын біліп тұрады.  Ал, 1942 жылы ауылдың Қошқарбек Бейісов бастаған ақсақалдарын Алматыдағы 
үйіне шақырып сыйлайды. Олардан ауылдағы азаматтардың тұрмыс-тіршілігін сұрап әңгімелеседі. Сол 
жолы  ол қонақтарға майдандағы Панфилов дивизиясында ауыл азаматтарының жүргенін егжей-тег-
жей әңгімелеп береді. Біз ауылдың жастары, Буденный/қазырғы Қажымұқан/ ауылының азаматтарыда 
Панфилов дивизиясында болды дегенге, 1975 жылы шыққан «Сәлем саған майданнан, Қазақстан» де-
ген кітапты оқығанда көз жеткіздік. Сол кітапта біздің ауылдан шыққан заң қызметкері Қаратай Омаров 
сүйген жары Сұлушашқа арнап Москва түбінде жазған хатын  мақтанышпен былай хабарлайды: «...
Сұлушаш! Мен, осы бақыттымын-ау деймін. Өйткені мен сүйікті Москваны қорғау құрметіне ие болып 
отырмын. Отан жүрегі әсем Москваны қасық қаның қалғанша, соңғы демің біткенше қайсарлықпен 

223
қорғау – қасиетті борыш. Мен оны өзімнің ерлік істеріммен дәлелдеймін...». Ол айтқан сөзінде тұрды. 
Оқ  пен  бомбаның  астында,  өмір  мен  өлімнің  арасында,  ерлікпен  қаза  тапты,  жауды  жіберген  жоқ, 
жеңіске деген шексіз сенімін бар қырынан көрсетіп  дәлелдеп кетті. Бұл хат  1942 жылы 6 қаңтарда 
«Сталин туы» газетінде жарияланған екен.
Әбдісәмет Қазақбаев колхоз председателі болған кезінде, 1934 жылы күз айында Қазақстанға арнайы 
сапармен келген БК(б) орталық комитетінің секретары С.М.Киров колхозшылардың ерен еңбектерін 
жоғары  бағалайды.  Ол  туралы  өзіміздің  аудандық  «Призыв»  газетіне  шыққан  «Страницы  истории: 
С.М.Киров в Акмолинске» (30.11.89) деген мақаламда жазған едім.Әкемнің айтуынша сол 1934 жылы 
және 1937,1938 жылдары егін бітік шығады. Әбдісәмет қай уақытта болсын колхозшылармен бірге 
жүріп, бел шешпей еңбек етеді.Осындай еңбектің арқасында колхоз орақты мерзімінен бұрын аяқтап, 
шөп шабу науқанына кірісіп жатқан шақ екен. Сол жолы С.М.Киров шабындық алқабына келеді. Сергей 
Миронович әкемнен колхоз председателі қайда   деп сұрайды. Сонда әкем екінші шөп маяның жанында 
айырмен қызу жұмыс істеп жатқан Қазақбаевқа С.М.Кировты алып барады. Мұны көрген Киров « Қазақ 
халқынан  қандай  тамаша  кадрлар  өсіп  келеді.  Қазақбаев  біздің  елдің  құрылысшысы»,-  деп  әділетті 
биік бағасын береді. Әкейдің арқасынан қағып, жанындағы колхозшылардың әрқайсысының қолын 
ұстап  «Жарайсыңдар,  мынадай  басшы  азаматтан  көп  үйрену  керек»,-депті.  Өйткені  С.М.Кировтың 
көрегенділігі мен әділетті де биік бағаларының арқасында  қазақ халқының елін шын сүйген жастары 
сол жылдары Қазақстан өңірлері  мен республика басшылығына тағайындаған еді. Соның бірден бір 
өкілі,  өз бетінше іздене оқып, тумысынан білікті азамат болып қалыптасқан, ауылдың қарапайым  бас-
шысы  небәрі 3-4 жылдың ішінде, Ақмола аудандық, Қарағанды облыстық атқару комитететтерінде 
қызмет атқарған, ал 1938 жылдың 19 шілдесінде Қазақстанның парламентінің тұңғыш төрағалығына 
көтерілген қажымұқандық жерлесіміз Әбдісәмет Қазақбаев болатын. Ә.Қазақбаевты елге өте беделді 
басшы болған. Тіпті ол кісіні әрбір кездесуде өлеңмен қарсы алады екен. Мысалы:
Оқымаған  соқыр едік. 
Таң күзетіп отыр едік,
 Бізде жарық көрейік. 
Қазақбайға бас иеміз,
Қазақ  тілін  біз  сүйеміз,  Халық  қамы,ел  үшін-  деген  көпке  таралған  осы  шумақтар  кезінде 
ауылымыздың  алты ауызына айналып кеткен , әні де бар.Сонымен қатар Ә. Қазақбаев республиканың 
әдебиет, тарих,   мәдениет қайраткерлері арасында ерекше бедел мен абройға ие болған. Туғанынан 
халық ауыз әдебиетін жатқа біліп, ұлтының салт-дәстүрін жетік білген ой өрісі биік басшыны, қазақтың 
ХХ ғасырдағы жырауы Жамбыл еркелетіп , «Қазақбайым» деп атайды екен. 
Ә.Қазақбаевтың  Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ұйымдастырушылық таланты ерекше танылып, 
жан-жақты жарқын көрінді. Оның соғыстың сұрапыл сәтінде, яғни 1942 жылы «Социалистік Қазақстан» 
және «Казахстанская правда газеттеріне жазған «Ержүрек ленинградтықтарға эшолондаған тартулар 
жіберейік»-деген үндеу сөзін толқымай оқып шыға алмайсың.. .Мақалада Ленинград пен Қазақстан ара-
сында туысқандық қарым-қатынасқа тоқталады. «Қазақ халқы және Қазақстанның барлық еңбекшілері 
Ленинград пен Ленинградтықтардың көмегін ешқашан ұмытпайды. Қазақстандықтар бір кісідей бо-
лып, Ленинградты қорғаушы ерлерге сыйлықтар жіберуге жұмыла кірісіп, бұл сыйлықтарды неғұрлым 
тез жөнелтуді қамтамасыз ететіндігіне кәміл сенемін,- деп жазған болатын.
Оның  осы патриоттық шақыруын Қазақстан еңбекшілері қызу қолдап, бас-аяғы жиырма күннің 
ішінде  қоршауда  қалған  ленинградтықтарға  139  вагон  жөнелтеді.  Осы  үндеу  хатқа  оның  жерлес-
тері де көптеген азық-түлік, әскерлерге жылы киім-кешектер, сансыз сәлем-саухат жіберді.  Бейісов 
Қошқарбек деген ақсақал бастаған қарттарды , арнайы Алматыға жіберіп , Ленинградтық соғыстағы 
жауынгерлерге  қолдау  көрсету  мақсатындағы  тылдағы  ауылдың  жанқиярлық  еңбектерін  жеткізуге, 
туған ауылының демеуін білдіреді. Соғыс кезеңіндегі бұл сапарды аға ұрпақ өкілдері мектептегі кез-
десулерінде Буденный ауылына  /Қазырғы Қажымұқан/ Ленинградтық Сергей Миронович Кировтың,  
1934 жылы күз айында Қазақстанға арнайы сапарында ауыл еңбеккерлерінің жүрегінде мәңгі орын 
алған,  жұлдыздай  жарқ  еткен,    сол  жылдың  желтоқсанында  қастандықпен  өлтірілген  алғашқы  реп-
рессия құрбаны болған ленинградтық  көсемді  аңсаған    қазақ ауылының сағынышын жеткізгені деп 
отыратын.
Әбдісәмет Қазақбаевтың  аса зор ұйымдастырушылық қабілеті  Ұлы Отан соғысы жылдарында  жан-
жақты жарқын көрінді. Қазақ ССР Жоғары Советінің Президиумы республика әкономикасын соғыс та-
лабына лайықтап қайта құру,әскерге көмек қолын созу, эвакуацияланған кәсіпорындарды орналастыра 
жүріп, жаңа фабрикалар мен заводтарды іске қосу, СССР Мемлекеттіук Қорғаныс Комитетінің шешім-
дерін мүлтіксіз жүзеге асыруды ұйымдастырып, үйлестіру жөнінде көптеген күрделі де жауапты мін-

224
деттерді атқара отырып, еңбекшілердің күш-жігерін майдан үшін, жеңіс үшін жұмылдыруға зор көңіл 
бөлді.Ә.Қазақбаевтың Отан қорғау ісіне қосқан үлесі туралы, майдан мен тылдың бірлігін нығайтудағы 
зор жұмысы туралы  айта келіп, СССР-дің бұрынғы финанс министрі А.Г.Зверев өзінің «Министрдің 
жазбалары» деген  кітабында былай деп көрсетті: «Республикаларда, өлкелерде, облыстарда, аудандар 
мен округтерде көптеген жолдастар тамаша еңбек етті. Ортақ іске Ә.Қазақбаев ( Қазақстан)... секілді 
жолдастар көп көмектесті». 
Бұл айтылған үлкен теңеуді өзі жерлесіміз Әбдісамет Қазақбаевтың  Ұлы Отан соғысы жылдарында 
халықтар достығының жаршысы, шынайы интернационалист болғанын , ел басына күн туғандағы са-
наулы қазақтан шыққан республика басшыларының   ерліктерін айқынайтын көрінісі еді. 
Халқы үшін маңдай терін төккен аяулы азаматымыз Әбдісәмет Қазақбаев Қазақстан Коммунистік 
партиясы Орталық Комитетінің мүшесі және оның бюро мүшесі болды. ВКП/б/(ХVIII съезінің деле-
гаты, 1 және 11 сайланған КСРО және Қазақ КСР Жоғары Советіне депутат болды. Оның Қазакстан 
республикасына сіңірген еңбегі жоғары бағаланып, екі мәрте Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту ор-
денімен және медальдармен наградталды. 
Сарыарқаның төрі Ұлытау өңірінде туған, саяси өмірін, Бұрынғы Ақмола, қазіргі Астанада өткізген 
Әбдісәмет  Қазақбаевты  еске  алып  отыру  қазақстандықтардың  абыройлы  борышы.  Ол  өз  ұлтын 
қалтқысыз  сүйіп.  қазақ  халқының  саяси-әлеуметтік,  экономикалық,  мәдени-рухани  тарихындағы 
өшпестей ізі  қалған  тұғырлы тұлға.
Әдебиеттер
1.Сәлем саған майданнан,Қазақстан ! - Алматы, «Қазақстан». -1975. -64-65б. 
2. Орынбекова М. Страницы истории: С.М.Киров в Акмолинске //Призыв.- 1989. – 30 ноября. -  стр. 2
3. Орынбекқызы М. Тұңғыш төраға Әбдісәмет Қазақбаев Қажымұқан       ауылынан шыққан қайраткер//Арқа 
ажары.- 1998.- 25 маусым.- 3 бет
4. Кировша күресіп, Кировша жеңеміз // Отанды қорғауда.-1942.- 2 декабрь.
5. Красноармейская газета Ленинградского фронта Отанды қорғауда» за 1942-1945 гг. – г.Алматы, 2008. - 648 
стр.
МОМЫНОВ М.Ү. 
АХАЕВА А.Ә. 
ДҮЙСЕНОВА К.С.
тарих мұғалімі,
тарих магистрі
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ ПАТРИОТИЗМІ – ҰЛТАРАЛЫҚ ҚАРЫМ – ҚАТЫНАС 
МӘДЕНИЕТІНІҢ НЕГІЗІ
Патриоттық тәрбие тәжірибелері мен тарихын сараптап алмай тұрып, адамдар санасына қазақстандық 
патриотизм ұғымын орнықтыру мүмкін емес. Қазақстан сан түрлі күрделі тарихи аласапырандарды бас-
тан өткізіп барып құрылған тәуелсіз әрі көпұлтты республика. Сондықтан оның берік негізі патриоттық 
және  интернационалдық  тәрбиені  дұрыс  жолдарға  қоя  білуіне  әбден  байланысты.  Біз  қарастырып 
отырған тақырыптың өзектілігі сол, қазіргі таңдағы қоғамдық, саяси – экономикалық ахуалдың адам 
факторынан, рухани дамуымыздың аса қажетсініп отырған мәселелердің бірі – ұлттарды біріктіруші 
патриотизм болып табылады. Экономикалық қиыншылықтардан туындаған кедергілер мен әлеуметтік 
проблемалардың жиынтықталуы жағдайында қоғам мүшелерінің ертеңгі күнге деген сенімін ояту оңай 
емес. Мәселе осылай екен деп шарасыздық танытуға тағы болмайды. 
Сонымен, ұлтаралық қарым – қатынас мәдениетінің құрылымдық элементі патриотизм болып табы-
лады. Елбасы Н .Ә. Назарбаев өзінің халыққа жолдауында: «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының 
отаншылдық  сезімі  мен  өз  еліне  деген  сүйіспеншілігін  дамытуға  тиіспіз»  деп  атап  өткен  болатын 
[1].  Жиырма  жылға  тақау  уақыт  бойы  қазақстандық  қоғам  тіршілігінің  барлық  жүйелерінде  жүріп 
жатқан  түбегейлі  жаңару  үрдістері  едәуір  дәрежеде  оның  мәдени-әлеуметтік  саласын  да  қамтыды. 
Бүгінде халқымыздың тарихи тәжірибесін қайта бағалау, дәстүрлі – өнегелік негіздерді өзгерту және 
соның  нәтижесінде  қазақстандықтардың  жаңа  саяси  санасын  қалыптастыру  талпыныстары  жаса-
луда. Бұл үрдіс бірнеше құрамдас бөліктен тұрады. Біріншіден, саяси жүйе туралы, саяси институт-
тар,  демократиялық  тұрғыдан  саяси  үрдістерге  қатысу  механизмдері  туралы  жаңа  білім  жинақтау. 

225
Екіншіден,  негіздік,  тарихи  тұрғыдан  орныққан  қоғамдық  құндылықтарды  өзгерту,  олардың  ішінде 
мемлекеттік жүйенің тұрақтылығы мен өмірге қабілеттілігін, ұдайы өндірісін нығайтуда патриотизм 
маңызды рөл атқарады.
Қоғамымыздың қазіргі замандағы даму сатысы едәуір дәрежеде қоғамдық өмірдің саясаттандыры-
луымен сипатталады. Бірақ, бұл бірден – бір жалғыз процесс емес, демократиялану және жаһандану 
жағдайында адамдардың тарихи және ұлттық санасының қайта жаңғыруы процестері де ерекше маңызға 
ие болады. Өйткені, олармен едәуір дәрежеде саяси және үлгілік-өнегелік мәдениеттердің қалыптасуына 
байланысты, оларсыз ұлтаралық қарым – қатынас мәдениетінің де болуы неғайбыл.Мемлекетіміздің 
саяси тарихында қазақ халқының патриотизмі маңызды орынға ие. Өз елінің мүддесіне қызмет етуден 
көрінетін  Отанға  деген  сүйіспеншілік  сезімі  қоғам  дамуы  мен  ұрпақтар  сабақтастығының  маңызды 
құрамдас бөлігі болған және солай болып қала бермек. Бұл биік сезім өз елінің тағдыры үшін жауап-
кершілікті түйсінушілікке дейін ұлғаяр болса, ол жекелеген адамдардың күнделікті іс – әрекеттеріндегі 
маңызды серпінге, осыдан келіп, тұтастай қоғам ілгерілеуіндегі қуатты қозғаушы күшке айналады. Дәл 
осы патриотизм қоғамның саяси бірлесуі мен тұтасуына септеседі немесе керісінше, қоғамның ыдыра-
уы мен бөлінісіне әкеліп соғады. 
Қазақ халқының ұлттық тарихына деген қызығушылығын дамыту, ұлттық сана – сезімді қалыптастыру 
оның патриоттық сезімін тәрбиелеуде шынайы бағдар бола алады.Ұлттың тарихы туралы, оның өткен 
замандағы басқа ұлыстармен қатынастары туралы ұғымдарға көп ретте халықтың ұлтаралық қарым-
қатынас өрісіндегі саяси бағдары байланысты. Өз тарихын білу – ұлттық сана – сезімнің ажырамас 
бөліп,  ол  этникалық  тұтастықтың  сақталуы  мен  оның  келесі  буындардағы  ұдайы  өндірісіне  септе-
седі. Жеке тұлғаның өз халқымен бірлігін сезінушілігі өзін оның күллі тарихи жетістіктерінің тікелей 
мирасқоры да, олардың нақты сақтаушысы әрі жалғастырушысы да сезінуін діттейді.
Шынайы  патриотизм  –  жалпы  адамзаттық  құндылықтардың  маңыздысы  болғандықтан,  басқа 
халықтарға,  ұлттар  мен  ұлыстарға  сыйластықпен,  адамгершілікпен  қарауды  көздейді.  Қазақстан 
сияқты көпұлтты мемлекетте жекелеген этностар өкілдерінің ұлттық  патриотизмі елде тұратын барлық 
халықтың ортақ патриотизмімен тұтаса байып отырады. Өйткені «Халық» деген ұғымға мемлекеттегі  
барлық адам, яғни ұлттар, ұлттық топтар сияды[3]. «Патриотизм» сөзі (грек тілінде – «раtrіоts» – отан-
дас, «раtһs» – отан, атамекен) Отанға деген сүйіспеншілікті, оған адалдықты, өз іс – әрекеттерімен 
оның  мүдделеріне  қызмет  етуге  ұмтылысты,  сондай  –  ақ,  туған  жеріне,  тұрақтаған  мекеніне 
бауырбасушылықты білдіреді [4].Осылайша, Отанға деген сүйіспеншілік, патриотизм қашанда ұлттық 
сипатқа ие, өйткені, патриоттық сезім мен көзқарастар субъектісі қашанда белгілі бір ұлтқа, ұлысқа 
жатады. Сонымен қатар, өкілі болғандығы үшін ғана сол субъектіге өзін өз елінің «шынайы» патрио-
ты санауға айрықша я жеке-дара құқық беретін ұлт жоқ және болуы да мүмкін емес. Профессор Р. Б. 
Әбсаттаровтың атап көрсеткеніндей, «Қазақстандық патриотизм тәрбиесі – бұл адамға оның бойында 
белгілі бір патриоттықкөзқарастарды, пікір – пайымдарды, нормалар мен принциптерді қалыптастыру, 
сондай – ақ, оны сол көзқарастар мен принциптерге сәйкес іс – әрекетке бағыттау мақсатымен әсер 
ету жүйесі. Патриоттық ұстанымдардың беріктігі айқын мақсатқа жетелейді, қазақстандық азаматқа 
ұлттық өмірге тар өріс аясынан тыс ұстаным тұрғысынан қарауға және қарапайым адамды екіұдай 
күйге  түсіретін  қиындықтарды  жеңуге  мүмкіндік  береді.  Сондықтан,  бүгінгі  таңда  біздің  бүкіл 
патриоттық  тәрбие  жұмысымыздың  міндеті  -  қазақстандық  патриотизмді  әрбір  азаматтың  өмірлік 
серігіне айналдыру»[2]. Көпұлтты мемлекеттегі адамдардың патриотизмі олардың ұлтаралық қарым–
қатынас мәдениетімен ажырағысыз  бірлікте қарастырылуы тиіс. Мұның мәнісі, алдымен, қоғамдағы 
патриотизімінің екі элементтен тұратынына байланысты. Олар: жалпы, яғни барлық ұлт өкілдерінің 
бойындағы жалпыұлттық патриотизм және ерекше, яғни жекелеген ұлттардың өкілдеріне  тән ұлттық 
патриотизм.  Айталық,  Қазақстан  Республикасында  патриотизм  бірден  жалпықазақстандық,  осында 
тұратын барша ұлттардың жалпыұлттық патриотизмі және қазақтардың, орыстардың, ұйғырлардың т. б. 
өзіне тән ерекше ұлттық патриотизмі түрінде көрінеді. Осылайша, жалпықазақстандық патриотизмнің 
даму дәрежесі ұлтаралық қарым – қатынас мәдениетінің даму деңгейін сипаттайды.
Ұлтаралық қатынастар мәдениеті, ең алдымен, халықтардың тең құқылығы, өзара сыйластық, өзара 
көмек, гуманизм, т.б. өркениетті қатынастар принциптерінің ұлттық санаға қаншалықты сіңгеніне, сол 
санада  ұлттық  мүдделер  мен  басқа  халықтардың  мүдделері  қаншалықты  үйлесім  тапқанына  байла-
нысты дамиды. Яғни, ұлтаралық қатынастар мәдениеті дегеніміз – ұлттардың қамсыз – мұңсыз өмір 
сүруіне  қажет  мүлде  жаңа  сипаттағы  рухани  –  парасат  ортасының  және  ұлтаралық  қатынастардың 
қалыптасуына себепкер, әрі сол себептердің нәтижесінде қол жеткен ақтық нәтиже болып табылады. 
Ұлтаралық қатынастар әрі ұлттық, әрі жалпыадамзаттық парасат – мораль нормалары түрінде көрініп, 
рухани  байлық,  адамгершілік  тұрғысында  адамдар  тіршілігіне  әсер  етеді.Ұлтаралық  қатынастар 

226
мәдениеті халықтар, ұжымдар арасында және жеке адамдар арасында әртүрлі  деңгейде көрініс береді. 
Көптеген  адамдардың  араласып,  еңбектес,  тағдырлас  болуы  бұл  байланыстардың  сапасын  өзгертіп 
отырады.Зерттеулерге қарағанда, әртүрлі ұлт өкілдерінің арақатынасында мына үш жағдай байқалады 
екен: а) ынтымақтастық ә) бейтараптық б) алауыздық. Мұның ішінде аса жағымсыз қоғамдық жағдай 
ретінде алауыздықтың тигізетін зияны аса зор. Алауыздық салдарынан ұлттардың біріне – бірі қарсы 
тұруы,  қастандық,  бітіспес  қайшылықтар  мен  арпалыс  күрес,  т.б.  келеңсіз  жағдайлар  орын  ала-
ды. Бұлардың мемлекетаралық сипаты ел арасындағы соғыстарға себеп болатынын, мемлекеттің өз 
ішіндегі  алауыздық  азамат  соғысына  апаратынын  көріп  жүрміз.  ТМД–ның  Кавказ  халықтарының, 
Югославия халықтарының, Тәжікстан мемлекетінің бастан кешіріп отырған көптеген ауыртпалықтары 
осы ұлтаралық келіспеушіліктен болғаны белгілі. 
Бейтараптық жағдай мемлекеттер арасында, бір елдің өз ішінде, сондай – ақ, адамдардың арасында 
кездесуі мүмкін. Біріне – бірі ашық жауласпағанымен, олардың арасындағы салқын қабақ танылмай 
қоймайды. Белгілі дәрежеде біріне – бірі шыдамдылықпен төзіп, шын пиғылын көзге көрсетпесе де, 
бейтараптық жағдайында бір ұлттың екінші ұлт мүддесіне енжар қарауы, сырттай сыйласқан сияқты 
болуы да келеңсіз көрініс. Мұндай жағдайлар көбінесе жеке адамдар арасында, шағын ұлт топтары ара-
сында кездеседі. Қарым – қатынастағы жақтардың немқұрайдылығының астарында үлкен қатер жатады. 
Мұндай салқындық кез келген сәтте, болмашы себептің өзінен де ұрыс – керіске, қарулы жанжалдарға 
ұласып кетуі мүмкін. Егемендік алып, көк байрағын көтергеннен бері Қазақстан мемлекеті  әлемнің 
жүзден  аса  елімен  ынтымақ  шарттарын  жасасты.  Оның  бәріне  бір  елдің  екінші  елдің  байлығына, 
халқына көз алартпауы, шекара дауын туғызбау, адамгершілік ниетте қарым – қатынас жасау негіз 
болған. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында мәңгілік достық және татулық шар-
тына қол қойылуының тарихи маңызы бар. Сондай – ақ, екінші бір үлкен көршіміз Қытаймен шека-
ра айқындасып, татулық шартын жасадық. Түбі бір түркі елдері – Өзбекстан, Қырғыстан, Тәжікстан, 
Түркіменстан,  жырақтағы  Түркия  мемлекеттері  біздің  бауырлас  достарымыз.  Бұл  арада  біз  тек  сол 
мемлекеттердегі саны басым ұлттармен ғана емес, олардағы жекелеген шағын ұлттардың, ұлыстардың 
мүдделеріне де ортақ екенімізді, оларды сыйлайтындығымызды паш еттік.  Жеке  мемлекеттің  өз 
ішіндегі ұлттар ынтымағының жемісі қандай болатынын біз Қазақстан Республикасының өмір мысал-
дарынан көріп отырмыз. Өтпелі кезеңде қазақтың басына түскен қиыншылықтар, шешілмеген күрделі 
мәселелер басқа ұлттарға да ортақ. Әлемдік өркениетке қол созған Қазақстан мемлекеті өз жерінде-
гі барлық халықтармен мүдде ортақтығы, ниет бірлігі үстінде. Бұл тарихи кезеңде еліміздің олжалы 
болмағының кепілі – оның барлық халықтарының ынтымағы мен достығында, бір отбасының баласын-
дай татулығында. 
Бұл  ынтымақ  қатынастары  жеке  адамдар  арасында  адамгершілік  негізде  дамып  отырса,  тұтас 
алғанда,  отандық  патриотизмнің  мызғымас  іргетасы  болып  табылады.Нақты  әлеуметтік  зерттеу-
лер нәтижесінде адамдардың біріне бірінің адамгершілік қатынастарының, гуманизмінің үш деңгейі 
анықталған. Соның ішінде жоғарғы деңгей – ізгілік қатынастармен ақылын толық қамтып, санасынан, 
сезімдерінен, іс – әрекеттерінен, басқа ұлт өкілдерімен арақатынасынан көрінеді екен. Ал орта деңгей 
жеке адам болмысының белгілі бір жақтарын ғана қамтиды, яғни сол адам белгілі бір мәселеде мей-
ірімділік, туыстық пиғыл танытып, басқа бір жағдайда ұлттық тар шеңбер аясында қалады. Төменгі 
деңгейде адам басқаға алакөз, іші тар, қаскөй мінез танытады, ұлтшылдық дертімен уланып, сол ұлттық 
түсінік деңгейінен аса алмайды.Ұлтаралық қарым – қатынастар мәдениеті дегенде, оның ұлтаралық 
қатынастарға қаншалықты әсер ететінін ескеруіміз қажет.Ұлтаралық қарым – қатынастардың деңгейі 
мен сапасы, тиісінше, ұлтаралық қатынастардың дамуымен, белгілі бір ұлттардың, ұлттық топтардың
ұлыстардың  дамуымен,  сол  қауымдастықтардың  табиғатына,  сипатына,  рухани  және  басқа  да  өмір 
салаларында қаншалықты араласатындықтарына қарай сипатталады.Сонымен, ұлтаралық қатынастар 
мәдениеті түрлі ұлттар өкілдері арасында сыйластық, өзара көмек, гуманизм, ұлт артықшылығы де-
генге төзбеу, өз ұлтының рухани мәдениетін де, басқа ұлттар мен ұлт топтарының рухани мәдениетін 
де игеруге құштарлық болып табылады.Әлбетте, ұлтаралық қатынастар мәдениеті өз бетімен пайда 
болып, қалыптаса қоймайды. Ол үшін мемлекеттің, партиялардың, козғалыстардың, ұлттық мәдени 
орталықтардың, т. б. күнбе – күнгі белсенді қызметі сияқты субъекті оң факторлар керек. Егер мұның 
бәрі  болмаса,  ұлттық  келісімге  жарықшақ  түседі,  ұлтаралық  шиеленіс,  алауыздық  белең  алады  [3].
Ұлтаралық  қатынастар  мәдениеті  түрлі  ұлт  өкілдері  арасындағы  ізгі,  адамгершілік  қатынастардың 
іс – әрекетінен, көзқарасынан, мінез – құлық тәрбиесінен, демалыс сәтінде, сайып келгенде, ұлттық 
мүдделер мен ұлттық ерекшеліктер байқалатын қоғамдық өмірдің барлық салаларында айқын көрінеді 
[4].
Әрбір адам өзін қоршаған болмысты танып – біле отырып, сол болмыс құбылыстарынан өзіне қажетті, 

227
пайдалы жақтарды ала білуге ұмтылады. Мұндай саналы, мақсатты ықылас жемісті болады, өйткені 
адам қоршаған ортаны танып –білмей, оны бағаламай, жаны мен тәніне қажет құндылықтарды іздемей 
тіршілік ете алмайды. «Адамға қатысты бола тұра, оған пайда әкелетіндердің, адам қоғамын дұрыс жол-
да дамытуға және жеке адамның жарасымды жетілуіне себеп болатындардың барлығы құндылықтар 
болып табылады. Тиісінше, бұған жоралғы болмайтындардың, тіпті бөгет жасайтындардың барлығы 
құндылықтар емес, яғни құнсыздықтар» [3].
Жалпыұлттық, жалпықазақстандық патриотизм мен жастар арасындағы ұлтаралық қарым – қатынас 
мәдениетінің жағдайын білгенімізде, жауап бергендердің басым көпшілігі достасу, жолдас болу үшін 
ұлттық белгі маңызды роль атқармайтынын көрсеткен. Сонымен бірге басқа ұлт өкілдерімен жақындасуға 
бөгет болатын тіл білмеу мәселесі (34,8%), ұлттық психология мен салт – дәстүрдегі айырмашылықтар 
(30,3%)  екендігін  көрсеткен.  Еңбек  пен  тұрмыстың  басқа  жағдайларындағы  себептердің  елеулімәні 
жоқ  екендігі  анықталды  [3].  Көпұлтты  қоғамда  шынайы  патриотизмнің  тиянағы  ұлтаралық  қарым-
қатынасмәдениетінде жатады. Керісінше, жалпыұлттық патриотизм неғұрлым кемел болса, ұлтаралық 
қарым – қатынас мәдениетінің деңгейі де солғұрлым жоғары болмақ.Біздің патриотизмнің белсенді, 
қайраткер, қарымды қыры адамдардың өз Отанының игілігіне, мемлекеттік билікті нығайтуға бағытталған 
іс – әрекеттерінен көрінеді, сондықтан, тәуелсіз дамыған ел ретіндегі Қазақстанның қайта жаңғыруының 
саяси – патриоттық нышаны болып табылады.Қазіргі заманда, мысалы, өзге халықтардың тәуелсіздігін 
құрметтемеушіліксіз, олардың тең құқылығын мойындамаушылықсыз, ұлттар арасындағы достық пен 
түрлі  салаларындағы  өзара  тиімді  ынтымақтастықсыз  тәуелсіздік  үшін,  ұлттық  жаңғыру  мен  даму 
үшін күресті елестету қиын. Қазақстан тәрізді көпұлтты елде жалпықазақстандық патриотизм ұлттық 
және жалпыадамзаттықтың үйлестігінсіз болуы мүмкін емес. Былайша аталатын, «қазақ идеясының» 
басқа халықтардың мәдениетін, әдет – ғұрпы мен тарихи жолын құрметтеушілік идеясыментеңдестігі 
қазақтардың өзіндік ерекшеліктерінің өзге ұлттардың мәдени-өркениетті ерекшеліктерімен үйлестікте 
сақталуын қамтамасыз етуге қабілетті басқа халықтармен өзара қатынастарының тиімді үлгісі болып 
қызмет ете алады. Бұған қоса, бұндай үйлесім ұлыстардың ұлттық ар – намысына қысымшылықсыз 
мәдениеттердің, ұлттардың өзара байытылуына әкеліп қана қоймай, сонымен бірге, қоғам өміріндегі 
жаңа жетістіктерді жеделдетуші болып табылатыны да заңдылық.
Патриоттық сана – сезімнің әлсіреуі, адамдардың өз елі мен оның жетістіктері үшін ұлттық мақтаныш 
сезімінің өзгеруі – бұл қоғамның өнегесізденуінің, халықтың тұрақсыздануы мен ыдыраушылығының 
ажырамас сипаты. Қазіргі уақытта мемлекет пен азаматтық қоғамның барлық күші нарықтық қайта 
құрулардың жағымсыз салдарларын жоюға, қоғамның қауіпті қылмыстық деңгейімен және көптеген 
басқа да әлеуметтік тұрғыдан қайшы құбылыстармен күреске шоғырландырылып, бағытталуы тиіс.
Қазіргі заманғы Қазақстанда Отанға деген сүйіспеншілік қоғамдық қатынастарды демократиялан-
дыру және гуманизмдендіру негізінде  адамды, оның өмірін, игілігін, адамдық ар – намысын, адамға 
лайықты еңбекақы төлеу шарттары мен өмір сапасын жоғары құндылық деп тану негізінде; мемлекетте 
ілгерілеуші әлеуметтік – экономикалық саясат жүргізу негізінде қалыптастырылады. Бұндай жаңарған 
қазақстандық патриотизм мазмұнын заманауи қоғам мен заманауи озық мәдениет құндылықтары ғана 
емес, сондай – ақ, қазақ мәдениетінің дәстүрлі құндылықтары, оның айрықша руханилық, азаттық пен 
өнегелілікке ұдайы ұмтылушылық құндылықтары да құрайды. Өткеннің үздік дәстүрлерін сақтай оты-
рып, қазіргі заманғы өркениеттің мейлінше озық бағыттарын игере отырып, қазақстандықтар өз елін ең 
алдыңғы қатарлы шепке қайта шығара алады. Бұған халқымыздың жоғалмаған, қайта, жаңа әлеуметтік 
өмір жағдайында жаңарған патриотизмі қайта кепіл бола алады.
Патриоттық тәрбие болашақ Отан азаматы тұлғасын қалыптастыруды мақсат тұтады. Бір қарағанда, 
айқын болып көрінетін бұл мақсаттың мәнін көптеген халыққа білім беру қызметкерлері жете зерделей 
бермейді, бұл осы мақсатқа жетудің шектеулі, көбіне-көп үстірт әдіс-тәсілдеріне алып келеді. Бұл ретте, 
қарапайым ақиқат естен шығып кетеді: біздер, яғни, ересектер үшін талассыз болып табылатын нәрсе 
балалар үшін, әсіресе, жоғары сынып жасөспірімдері мен кәмелетке жаңа толған жастар үшін дәйім 
талассыз  бола  бермейді.  Соның  нәтижесінде  патриоттық  тәрбиенің  маңызды  бөлігі  –  Отаншылдық 
сезімін, оған деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу, басқаша айтқанда, оның дәйекті дүниетанымдық мәні 
мен өнегелік қозғаушы негізі түсіп қалады.
Осыдан  келіп,  жастарға  патриоттық  тәрбие  беру  саласында  салмақты  әдістемелік  зерттеулер 
қажеттігі  туралы  тұжырым  жасауға  болады.  Қазіргі  кезде  мемлекеттің  жаңа  саяси  және  әлеуметтік 
құрылымдармен  өзара  әрекеттестігінің  жаңа  сапалы  деңгейі  жағдайындағы  патриоттық  тәрбиенің 
әлеуметтік мәні ашылмаған, патриоттық сана – сезімнің қоғамдық сана – сезім құрылымындағы орны 
мен білім беру жүйесінің Қазақстан тұрмыс – тіршілігінің қазіргі кезеңіндегі тұлғаның патриоттық 
қасиеттерін қалыптастырудағы рөлі зерттелмеген.

228
Іс-жүзінде қоғамның, ұлттық-мемлекеттік құрылымның және адамның қоғаммен байланыстарын 
жүзеге асыру формаларының түрленуіне сәйкес, қоғамдық санада патриоттық сезім, пікір – пайым, 
салт – дәстүр мазмұны, «Отан», «Атамекен» ұғымдарының мағыналық мазмүны елеулі өзгерістерге 
ұшырады. Дүниетаным, идеология, мораль, адамдардың жалпы мәдениеті мен білімінің мазмұны мен 
деңгейі өзгеріске түсті, бұлардың жиынтығына адамның өзінің қоғаммен, мемлекетпен қатынастарын 
ұғынуы  байланысты,  сондай  –  ақ,  адамның  өз  қоғамына  қатысты  қызмет-қайраткерлігінің  барлық 
түрінде өзгерістер болды.
Е.М.  Фрадлиннің  айтуынша,  «заманауи  дүниетаным  аясындағы  патриотизм  маңызды  негіздік 
ұстаным мен қоғамның рухани мәдениеті құндылығы болып табылады, бұдан адам мен қоғам, азамат 
пен мемлекет, жеке тұлға мен оның макроәлеуметтік ортасы, жеке және қоғамдық мүдде арақатынасы 
жиынтық түрде көрініс табады. Дамыған патриоттық сана адам мен қашанда сөздің кең мағынасында 
әлеуметтік  категория  болып  табылатын  оның  Отаны,  Атамекені  арасындағы  жоғары  дәрежедегі 
ортақтық,  тұтастықты  өз  бойында  тұтады.  Тарихтың  барлық  кезеңдерінде  патриотизм  адамдардың 
қоғамға  қатысты  парызын,  өз  мемлекетіне  қатысты  азаматтық  борыштарын  атқарушылыққа  деген 
қатынасымен тікелей байланысты болған» [3].
Патриоттық тәрбие тұлға қалыптасуының құрамдас бөлігі болып табылады, ол жастардың алған 
білімдері азаматтық борыш ұстанымымен, жекебастық мүдделері қоғамдық ұстанымдармен астасып 
жататын тіршілік әрекеті үлгісіне даярлығын қамтамасыз етуі тиіс.Патриоттық тәрбиеде тұлға үшін ба-
рынша жақын әрі мейлінше маңызды қоршаған әлем ретіндегі Отанның, Атамекеннің, мемлекеттіліктің 
мәнділігі көрінетін түрлі нысандар, қатынастар, символдар мен нормалар шоғырланады.
Жүзжылдықтар  бойы  қалыптасқан  тәрбие  дәстүрлеріне  орай,  батыстың  дарашылдық  үлгісі 
қазақстандық қоғамда тамыр жая алмады. Қазіргі заманғы дүние де әрбір елдің өз ұлттық мүдделерін, 
өзіндік  ерекшелігін  қорғауы  -  бұл  мемлекеттік  саясат  пен  халықаралық  қатынастардың  маңызды 
құрамдас  бөлігі.  Сондықтан,  дерексіз  қоғам  тұлғасын  бағдар  ететін  тәрбие  жеткілікті  тиімді  емес. 
Бұндай тәрбие нәтижесінде қара басының мүдделерін күйттеуші дерексіз «азаматтық қоғам» өкілдері 
шығады. Сол себепті, бүгінде біз қоғамды осындай дәрежеге жеткізбеуіміздің жолын іздеуіміз қажет.
Осыған  орай,  ғалым  Жұмабек  Кенжалиннің  әділ  атап  кеткеніндей:  «Қазақстандық  патриотизм 
жалаң ұран, сөзуарлықтың жиынтығынан ада болуы тиіс. Себебі, әлеуметтік әділетсіздік, принципсіз-
дік орын алған жерде халықтың патриоттық сезімін оятатын факторлар жойылады. Ал ондай сезімі, 
отаншылдық рухы сөнген елдің болашағы да бұлыңғыр болатынын тарих дәлелдеп отыр. Сондықтан, 
біздің ойымызша, қазақстандық патриотизмнің дәстүршілдік және жаңашылдық сыпатына айрықша 
назар аударып отырған абзал» [4].
Ұлтаралық қарым – қатынас мәдениеті – бұл, сондай – ақ, тұлғаның рухани –өнегелік және саяси 
–  әлеуметтік  әлеуетінің  тәжірибе  жүзіндегі  көрінісі.Өкінішке  орай,  тәрбие  жұмысында  «ұлттықты» 
жалпы адамзаттықтың игілігіне жұмыс істейтін факторға айналдыру мүмкіндіктері әлі де әлсіз пай-
даланылуда. Ал, онсыз жалпыадамзаттық құндылықтардың өздерінің ұлттық қатынастар жүйесіндегі 
дамуы мен тәжірибе жүзіне асуы үйлестігіне жету қиын. Ал, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті іс 
жүзінде жалпыадамзаттық типті ұлтаралық қатынастардың ұдайы өндірісінің маңызды шарты ретінде 
көріне алады және көрінуге тиісті де.
Қазақ халқының дәстүрлері негізінде жүзеге асырылатын патриоттық тәрбие алеуметтендіру про-
цесін тұлғаға дәл осы Отанға, Атамекенге қызмет ету арқылы, өз тарихы үшін, өз Отанының әлеуметтік 
дүниенің  ғылымына,  мәдениетіне,  рухани  құндылықтарына  қосатын  үлесі  үшін  мақтаныш  сезімі 
арқылы өз қабілеттерін мейлінше терең ашуға мүмкіндік беретін деңгейге жеткізеді. Тек тұлға ғана 
өзінің Отанға деген қатынасын ішкі, қастерлі сезім ретінде пайымдауға қабілетті. Сол себепті, патрио-
тизм де тұлғаның биік даму деңгейін сипаттайтын аса маңызды рухани игілік ретінде түсініледі.
Патриоттық  тәрбиемен  мемлекет  түбегейлі  шұғылдануы  қажет.  Патриоттық  тәрбиенің  бұрынғы 
баспалдақтары отбасы, мектеп, пионер мен комсомол ұйымдары және армия болатын. Бұл қасиетті іске 
соғыс ардагерлері мен әскер – көркем әдебиет авторлары – жазушылар жайына кетті. Совет мемлекеті 
өзі орнағаннан кейінгі 73 жыл бойына көп ұлттық совет халқын патриотизм рухында тәрбиелеп отыр-
ды. Ол тәрбие қанына сіңді. Совет үкіметі орнағаннан кейін жиырма төрт жылға аяқ басқанда неміс фа-
шистері Совет Одағына қарсы соғыс ашты. Төрт жылға созылған осы соғыста советтік патриотизмінің 
қуаты айқын танылды – зұлым жау жеңіліп, тізе бүкті.
Сайып келгенде, халыққа тәуелсіздік қажет. Патриотизм – тәуелсіздік қорғаны. Патриоттар – Отан 
тірегі. Қазақстан халқы патриот болмай, еркіндікті сақтау қыйын болатынын біз тарихтан білеміз. Көп 
ұлтты Қазақстан Республикасында да қазақстандық патриотизімді халықтардың қанына сіңіру қажет. 

229
Мемлекет қазақстандық патриотизмді жұрт жүрегіне сіңірудің жолдарын тауып мұны өзінің маңызды 
шараларының бірі ретінде күнделікті жүргізіп отыруы керек. 
Жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің бағдарлы идеялары еліміздің Президенті Н.Назарбаевтың 
«Қалың елім – қазағым» жинағында «... Қазақстанда тұратын әрбір адам өзін осы елдің перзенті сезін-
бейінше,  оның  өткенін  біліп,  болашағына  сенбейінше  біздің  жұмысымыз  ілгері  баспайды  ...»  және 
«Біз қазақстандық патриотизімді Отанын, жері мен суын шексіз сүю, халқының өнеге дәстүрін, әдет 
– ғұрпын, елдің тарихын құрмет тұту, мүддесін көздеп бостандығы мен құқын қорғау, әр адамның 
күш – жігерін ел бірлігін нығайтуға, азаматтық татулықты баянды етуге және ұлтаралық татулықты 
тұрақтандыруға жұмсау» деп жазылғаны мәлім. 
Осыған орай, біздің ойымызша қазақстандық патриотизмді дамытуда төмендегі бағыттарды жүзеге 
асырған жөн: 
Біріншіден, «Тәрбие басы – тал бесік» деп қазақ даналары айтпақшы  оқушыны жан – жақты инте-
лектуалды азамат етіп тәрбиелеу үшін тек қана мектеп емес, «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсін» 
дегендей, бала тәрбиесінде ата – ана ролін күшейту керек.
Екіншіден, жоғары оқу орындарында «Көп ұлтты қоғамды қайта құру жағдайындағы патриоттық 
тәрбие» атты курс ашқан да орынды болар. Бұл институт бітірушілер үшін практикалық тәрбие болар 
еді. Өйткені олар күні ертең жастар арасына барып осы тәрбиені өмірде жүзеге асырғалы отырған ма-
мандар.
Үшіншіден,  бұқаралық  ақпарат  құралдарының  бәрін  осыған  жұмылдырып,  бұл  істі  жемісті 
жүргізудің жаңа тәсілдерін тауып, оны үнемі насихаттап отыруы тиіс. Патриоттық тәрбиеге байла-
нысты бұқаралық деңгейде әсер ететін аудиовизуалды құралдармен қатар, өнер құралдарының (театр, 
кино, бейнелеу өнері және т.б.), сондай – ақ әдеби кітаптар шығарып отыратын арнаулы мемлекет-
тік әскери баспа болуы керек. Патриоттық тәрбие мәселесіне арналған саяси мәдени шаралар үнемі 
жүргізіліп отыру қажет. Қазақстандық патриотизм тек қазақтардың ғана емес, Қазақстанды мекендей-
тін барлық халық өкілдерінің көкірегіне сіңіп, кешегі советтік патриотизм сияқты қуатты күшке айна-
луы абзал. Біз сонда ғана патриотизмді атом қаруынан кем емес керемет күшке айналдырып, еліміздің 
қорғанысын қамтамасыз ете аламыз. Қазақстанда тұратын әр ұлттың бойында ұлттық намысты оятып, 
соның бәрін қазақстандық патриотизм деген бір арнаға айналдыруымыз керек. 
Көпұлтты қоғамда шынайы патриотизмнің тиянағы ұлтаралық қарым-қатынасмәдениетінде жатады. 
Керісінше, жалпыұлттық патриотизм неғұрлым кемел болса, ұлтаралық қарым-ұатынас мәдениетінің 
деңгейі де солғұрлым жоғары болмақ.
Қазақстан Республикасының Президенті өзінің халыққа Жолдауында еліміздің сегіз артықшылығының 
бірі ретінде: «Біздің жетінші бекем тұсымыз – қоғамымыздың саяси тұрақтылығы мен бірлігінде жа-
тыр. Біз қоғам ішінде тікелей тайталасқа жібермей, ахуалды тұрақтандыра білдік, мұны мақтан етеміз, 
өкінішке қарай, көптеген дамушы және кешегі коммунистік кейінгі елдердің бұған қолы жеткен жоқ. 
Алайда толық тұрақтылықтың, ал топтасу мен бірліктің ауылы әлі алыс жатыр, сондықтан біздің бар-
шамыз өзімізді біртұтас отбасымыз деп сезіну, өз мақсаттарымызды айқын біліп, оларға қарай келісе 
ілгерілеу үшін алдағы көп уақытта жұмыс тындыруға тура келеді» – деп, баршамыздың алдымызға аса 
маңызды тарихи міндет қойды [3]. Осылайша, біз патриотизмнің қоғам өміріндегі күрделі рухани және 
саяси-әлеуметтік құбылысболып табылып, рухани және саяси өмірді байланыстырушы, тұтастырушы 
қуатты күшке ие екенін көреміз. Қазақстандық қоғам өмірінің, тарихының қиын – қыстау кезеңдерінде 
ол  саяси  сипат  алады.  Бұл  жағдайда  патриотизм  ортақ  мақсаттар  мен  мүдделерге  жетуде  бірінші 
дәрежелі, басым маңызға, мақсатты сипатқа ие болады.
Терең рухани ой – зерде, биік өнегелі мінез – құлық нәтижесі ретіндегі патриотизм іс жүзіне асы-
ру  процесінде  жаңа  сапалы  мәнге  –  Қазақстан  мемлекетінің  әрбір  адал  азаматының  саяси  қызмет 
–  қайраткерлігінің  нышанына  айналуда.  Ол  Қазақстанның  гүлденуі,  қазақстандық  азаматтардың  әл 
– ауқаты артуы жолында елімізді инновациялық және шығармашылық тұрғыдан өзгертуге ұмтылатын 
бүкіл саяси институттардың өмірі мен іс – қызметінің өзекті мәселесі болып табылады.
Біздің патриотизмнің белсенді, қайраткер, қарымды қыры адамдардың өз Отанының игілігіне, мем-
лекеттік  билікті  нығайтуға  бағытталған  іс-әрекеттерінен  көрінеді,  сондықтан,  тәуелсіз  дамыған  ел 
ретіндегі Қазақстанның қайта жаңғыруының саяси-патриоттық нышаны болып табылады.Осы себепті, 
күрделі  рухани  және  саяси-әлеуметтік  құбылыс  ретіндегі  қазақстандық  патриотизм  Отанды  қорғау, 
нығайту және гүлдендіру жолында онымен ажырамас тұтастығын саналы түрде ұғынатын тұлғаның 
руханилығы, азаматтығы және саяси-әлеуметтік белсенділігінің бірлігі болып табылады. Ал, бұл кез 
келген мемлекеттің түбірлі саяси міндеті екендігі белгілі.
Қорыта  келе,  Қазақстанда  ұлтаралық  қарым  –  қатынас  мәдениетін  қалыптастыру  процесінде 

230
мазмұны ұлттық пен жалпыадамзаттық бірлігі болып табылатын патриоттық тәрбие жүргізу қажет. 
Сондай  –  ақ,  ұлтаралық  қарым  –  қатынас  мәдениетіндегі  ұлттық  пен  жалпыадамзаттықтың  бірлігі 
ұлттық мәдениеттердің сақталуы мен дамуын қамтамасыз етіп, қазақстандық мәдени және білім беру 
кеңістігінің бірлігі мен тұтастығына септігін тигізетіндігін айта кеткен жөн. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет