Қазақстан тарихшыларының Ұлттық конгресі қазақстан тарихы: инновациялық ТҰжырымдамалар мен дәуірлеу



Pdf көрінісі
бет31/39
Дата03.03.2017
өлшемі3,02 Mb.
#6455
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   39

ОМАРОВА Г.Ә.
Ш.Ш. Уәлиханов ат. ТЭИ кіші ғылыми қызметкері
 (Алматы қ.)
ДҮНИЕЖҮЗІ ҚАЗАҚТАРЫ II ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ТАРИХИ МАҢЫЗЫ
Тәуелсіз Қазақстанның халықаралық аренаға шығып, өз еркіндігі мен азаттығын әлемге мойында-
туы - бұл тарихи оқиға. Қазақстан өз тәуелсіздігін қолына алып дүниежүзіне өзін паш етуі қазақ ұлты 
үшін де үлкен мәре, зор жетістік болып табылады. Жалпы қанша ғасырлар бойында Тұран даласында 
жері мен елін аман алып, дамытуға тырысқан, азаттық деп үш жүз жыл бойында күрескен қазақ халқы 
үшін тәуелсіздік пен азаттық үлкен белестен асқанмен, биік шыңға жеткенмен тең екені күмәнсіз.
 XX ғасырдың 90 жылдарында еркіндікпен енді ғана аяқ басқан еліміздің алғашқы таңдарында бірне-
ше жетістікті және табысты істермен толастағаны белгілі. Ең алдымен азаттық иісін барша жұртқа сез-
дірту үшін кеңес өкіметімен өшуге шақ қалған тілінің және дінінің ерекшеліктерін, рухани дүниесінің 
құндылықтарын қайта жаңғыртып қолдап, қолпаштауды бастады. Халық жауы атанған қазақ ұлтының 
жан ашыр ұлдарын қайта қарастырып атап алдық, сонымен қатар тарихи беттерімізге қайта қарап оң 
мен солды ұлттық көрініске орай қайта-қайта айыруды таныдық. Ал Қазақстан Республикасының көк 
байрақты желбіреткелі қазақ ұлтына деген ең басты атқарған ісі мен игі әрекеті Дүниежүзі қазақтар 
құрылтайын  ұйымдастырып  өткізуі  болып  табылады.  Сонымен  қатар  аталған  Дүниежүзі  қазақтар 
құрылтайында қазақ ұлтының жан - жақты өзекті мәселелерін қарастырып, бірегей мақсаттарын дамы-
ту міндетімен Дүниежүзінің қазақтар қауымдастығы құрылған болатын. Оның тұңғыш құрылтайы 1992 
жылы қыркүйек-қазан айларында Алматыда өткен соң, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылы 
20 тамызда «Қазақтардың  II Дүниежүзілік құрылтайын дайындау және өткізу туралы» № 928 Қаулысын 
қабылдап, аталмыш іс-шараны 2002 жылдың 17-19 қазан аралығында Түркістан  қаласында өткізуді 
ұйғарады. Құрылтайды дайындау мен өткізуді қаржыландыру 2002 жылға арналған бюджеттің есебінен 
жүзеге асырылады және ұйымдастыру үшін ҚР премьер-министрінің орынбасары Б.Ә. Мұхаметжанов 
бастаған республикалық комиссия құрылады [1, 9-п.]. Сонымен қатар, комиссия төрағасының орын-
басарлары болып Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі М.А. Құл-Мұхаммед, Оңтүстік 
Қазақстан  облысының  әкімі  Б.М.  Сапарбаев,  Дүниежүзі  қазақтарының  қауымдастығы  төрағасының 
бірінші орынбасары Қ.Н. Найманбаев бекітілді. Комиссияның жалпы саны 21 адамнан тұрды. 
Дегенмен Қаулыда 17-19 қазан деп белгіленген Құрылтай 23-24 қазанда өтеді. Қонақтардың алғашқы 
легі Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкентке 2002 жылдың 22 – қазанында келіп, оларды 
темір жол вокзалында облыс әкімі Болат Жылқышиев бастаған жұртшылық  дәм-тұзбен, ән-жырмен 
қарсы алды. Өңірді тамашалаған қонақтар алдымен Сайрам ауданындағы Қожа Ахмет Ясауидің ата-

216
анасы Ыбырайым ата мен Қарашаш ана кесенелерінің басына барып зиярат етіп, әрі қарай Мәртөбе ком-
плексімен танысады. Шымкент қаласындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мұражаймен 
танысқан қонақтар түстен кейін үш жүздің басын қосқан «Ордабасы» мұражай-қорығын, дүниежүзіне 
мәшһүр болған палуан Қажымұқанның мұражайын, Арыстанбабтың сүйегі жатқан киелі Отырар жері 
емін-еркін аралайды. Кешке қарай қонақтар Қожа Ахмет Ясауи дананың соңғы мекені, тарихы терең 
Түркістан  қаласында  «Құрылтай  белгісі»  атты  ескерткіштің  салтанатты  түрде  ашылуына  қатысып, 
көшет отырғызу рәсімін жасайды.
Келесі күні де өздерінің қазақ жерімен танысуын жалғастырған қонақтар Түркістан қаласындағы 
оралмандардың Қазақстанда алғаш рет 1993 жылы бой көтерген «Достық» атты ауылына барады. Қожа 
Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат жасаған соң «Түркістан тарихы» мұражайын және шетел қазақтары 
мен  Түркістан қолөнер шеберлерінің көрмесін көріп, «Тайқазан» фонтанын тамашалайды.  Әсіресе, 
Түркістанды аралаған қонақтардың көңілінен Түркі тілдес халықтардың тарихи мұражайындағы тари-
хи жәдігерлер, соның ішінде  «Түрік әлемі» атты көрмесі ерекше шықты. Жалпы көлемі -  360 шаршы 
метр болатын бұл кескіндемелік ғажап көріністі полотноны Оңтүстік қазақстандық төрт суретші – Б. 
Бүркітбаев, В. Симаков, М. Бекенов және З. Қожамқұлов бірнеше айдың ішінде салып шыққан еді. 
Суретте барлық түркі тілдес халықтардың тарихи дәуірлері қамтылғандықтан одан қонақтар қатты әсер 
алады. Сол күні Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің сарайында 
Құрылтайға қатысушыларды тіркеу жұмысы жүргізіліп, түстен кейін Құрылтай Мәдениет орталығында 
салтанатты түрде ашылды. Құрылтайға 33 алыс және жақын шетелдерден 470 делегат қатысса, соның 
ішінде Өзбекстаннан келген қонақтардың саны ең көп болып, 65 адамнан тұрса, Түркиядан  63, Ресейден 
56, Моңғолиядан 43, Германиядан 27, Қырғызстаннан 14, Франциядан 7, Австриядан 6, Венгриядан 6, 
Ауғанстан 6, Түркменстаннан 5,  Швециядан 5, Англиядан 4, Тәжікстаннан 2, Норвегиядан 2,  Беларусия 
2,  Сауд  Арабиясы  2  және  де  Сингапур,  АҚШ,  Эстония,  Иран,  Дания,  Пәкістан,  Жапония,  Йемен, 
Иордания, Палестина, Украина, Голландия, Швецария, Канада, Австралия мемлекеттерінен 1 адам келді. 
Қазақстанның өзінен зиялылар қауымы, журналистер мен үкімет мүшелерін қоса есептегенде 200-дей 
адам қатысып, жалпы Құрылтайда 600 адам болды. Сондай-ақ, II Құрылтайдың алғашқыдан ерекшелігі 
оған ҚХР-дан 63 делегаттың қатысуы болды [2, 180-209 бб.].Мәжілісті Қазақстан Республикасының 
Президенті, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ашып, 
«Бұл құрылтай – қазақ халқының жаңа мыңжылдыққа біртұтас ұлт ретінде нық қадам басқанның бел-
гісі» деген тақырыпта баяндама жасайды.  «Бұл күн дүниежүзіндегі қазақтар үшін айтулы күн, - деп 
бастаған Елбасы. – Тұңғыш Құрылтай тәуелсіздігіміздің  алғашқы жылдары өтті. Содан бері он жылды 
артқа тастадық. Он жыл тарих үшін қас-қағым сәттей болуы мүмкін. Бірақ, жылға бергісіз  күндер 
өтті арадан. Ата-бабаларымыздың  арманы болған тәуелсіздік орнықтыру үшін  қаншама іс істелді 
- дей келе Президент атқарылған басты мәселелерге тоқталып, әлемдегі барша қазақтың Отаны болып 
табылатын Қазақстанның бүгіні мен ертеңі,  шетелдердегі қандастарымызбен байланысы туралы жан-
жақты баяндап берді [3, 11 б.]. Баяндамада шетелдегі қазақтардың қалыптасу тарихы, бүгінгі мәдени-
рухани,  оқу-білім  саласындағы  жағдайы  кеңінен  айтылды.  Мысалы,  Қытайдағы  1,5  млн-ға  жуық 
бауырларымыздың ұлттық өркендеу үрдісінде қандай жетістіктер бар, Моңғолиядағы қандастарымыз 
нендей  табыстарға  қол  жеткізген,  Өзбекстандағы  ағайындарымыз  не  шаруа  жасауда,  Ресейдегі 
отандастарымыздың халі қалай, Түрікменстандағы, Қырғызстандағы, Түркиядағы, Еуропадағы қазақ 
мәдени орталықтары тындырған игі істер қаншалық, міне, Елбасының баяндамасында осының бәрі 
толық қамтылды. Ең бастысы Елбасы шетелдегі қазақтардың ұлт ретінде одан өсіп өркендеуі сала-
сында ойландыратын, алдағы уақытта түбегейлі шешуді қажет ететін мәселелерді талдап, «дүниежүзі 
қазақтары қауымдастығының өзі құрылғалы бері 10 жылдың ішінде шетелдік ағайындармен өмірдің 
сан-салаларында  қарым-қатынас  орнату  жөнінде  көптеген  игі  шараларды  іске  асырғандығын  айта 
келе Елбасы: - Болашақта халықаралық байланыстарға атсалысуға, шет елдердегі мемлекеттік меке-
мелермен, қоғамдық ұйымдармен тікелей жұмыс істеуге де мүмкіндігі бар қауымдастық жұмысына 
Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің көмегі көп болуы керек», – деді [3, 28 б.]. 
ІІ-кұрылтайдың  негізгі  мәжілісінде  Елбасымыздан  кейін  сөз  кезегін  алған  Қытайдан,  Ресейден, 
Германиядан, Өзбекстаннан, Түркиядан, Моңғолиядан, Америкадан келген өкілдердің басшылары өз 
баяндамаларында тұрып жатқан елдеріндегі қазақтардың жай-күйіне тоқтала келе, туындап отырған 
және келешекте туындамақ мәселелерді атап, шешілу жолдары мен Қазақстан өкіметі тарапынан жаса-
лар шараларды нақты көрсетеді. Мәселен, Қытай Компартиясы Орталық комитетінің мүшелігіне кан-
дидат, ШҰАР парткомы хатшысының орынбасары, делегация басшысы Асхат Керімбайұлы Елбасына 
қазақтың салты бойынша ерекше дайындалған тартуларды табыс еткен соң, екі ел арасындағы достық 
байланысты  одан  әрі  кеңейту  жөнінде  сөз  қозғап,  Жұңго  (Қытай)  қазақтары  атынан  II  Құрылтайға 

217
қатысушылар  мына  мәселелерді  ұсынады:  «Бірінші,  ұлттар  ара  үйрену  мен  ауыс-түйіс  жасасуды 
күшейтейік.  Қазақ  үйренуге  шебер,  бейбітшілік  сүйгіш,  жасампаздыққа  батыл  ұлт.  Әр  елде  өмір 
сүріп отырған біз сол елдің заңдары мен мораль ережелеріне бағыну шарты астында, өзара үйренуді 
және ауыс-түйіс жасасуды барынша күшейтіп, басқа ұлттардың артықшылықтарынан кішіпейілділік-
пен үйреніп, адамзаттың барлық өркениет жетістіктерін белсене қабылдап, қазақ ұлтының таңдаулы 
мәдениетін үздіксіз әйгілейік және одан шұғыла шаштырайық. Қазақ ұлтының көркейіп-гүлденуі мен 
алға басуын, ұлттар ара ынтымақ пен істестікті, дүниенің бейбітшілігі мен дамуын алға ілгерілету үшін 
белсене үлес қосатын болайық.
Екінші, әр ел арасындағы достықты, барыс-келісті, істестікті күшейтейік, дүние бейбітшілігін жүзеге 
асыру, адамзаттың дамуын алға ілгерілету әрбір мемлекет пен әрбір ел халқының ортақ борышы. Әр 
ел  теңдік,  өзара  тиімділік  негізінде  түсінісуді  күшейтуі,  істестікті  нығайтуы,  дамуды  тездетуі  тиіс. 
Орта Азияның қауіпсіздігі мен орнықтылығын сақтау үшін елдер ара келісілген ортақ таным бойын-
ша, терроршылдыққа (терроризмге), бөлшектенушілікке (сепаратизмге), ұшқарлыққа (экстремизмге) 
соққы беру жөнінен де шынайы селбесуіміз керек.
Үшінші, Жұңго мен Қазақстанның экономика-сауда істестігін күшейтейік. Жұңго мен Қазақстан - 
достығы жарасқан көрші елдер. Ұзақ уақыттан бері, Жұңго мен Қазақстан екі жақтың экономика-сауда 
істестігі жағындағы географиялық, ресурстық және әлеуметтік абзалдылықтарына сай, экономикалық 
сауда істестігін барынша күшейтіп, тамаша нәтижеге қол жеткізді. Жұңго сыртқа қарата есік ашу са-
ясатында ұзақ уақыт табанды болып, төңірегіндегі мемлекеттермен, Орта Азия өңірлерімен, әсіресе 
Қазақстанмен экономикалық сауда істестігіне баса мән береді және оны белсене дамытады. Екі жақ 
ұдайы бір-біріне мән беру, өзара тиімділік жасау артықшылықтары арқылы олқылықтарын толтыру 
шартында, тіпті де кең аумақта, одан да көп салада, анағұрлым кең істестік жасасуды қарастырып, 
өзара сауданың барынша тез, барынша жақсы дамуын алға ілгерілетуі тиіс.
Жұңго  қазақтары  мен  бүкіл  Жұңго  халқы  міне  осыларды  жүзеге  асыруға  сенімді  де  бейілді.  Біз 
дүниедегі  қазақтармен  және  барлық  бейбітшілік  сүйгіш  жандармен  бірге  төтенше  қажырлылықпен 
қажымай ұмтыла отырып, бейбіт дүниені жарататын және оны қарсы алатын боламыз»[3, 30-31 бб.].
Ал Ресейдің Астрахань облысындағы «Жолдастық» қазақ мәдени орталығының төрағасы Никита 
Ысқақов болса өз баяндамасын: «Біз Астрахан  қазақтары кеше көшіп барған ел емес, ата-бабамыздың 
қонысында отырмыз. Астрахань аймағында Бөкей ханның, күй атасы Құрманғазының, алаштың ардақты 
азаматтарының сүйегі жатыр. Соны тастап, ішке көшіп келеміз деп те айта алмасақ керек», – деп бас-
тап, одан әрі шешілмей келе жатқан, толғандыратын ойларын жеткізіп, Ресейдегі техникалық жоғары
арнаулы оқу орындарын бітірген қазақ жастарының жағдайы, олардың Қазақстанға келіп қызмет етуіне 
жағдай жасауын өтінеді. Өз сөзін жалғастырған делегат: «Қазақстан мен Ресей үкіметтерінің арасында 
қол қойылған екі келісім-шарт бар еді. Осы құжаттарға сәйкес екі елде екі университет ашылуы кере-
ктін. Қазақстанда ол жүзеге асты да. Ал бізде әлі ашыла қойған жоқ. Егер Ресейде мұндай жоғары оқу 
орны құрылса, оның орны бір өзінде мың қазақ тұратын Астрахан облысы болуы керек деп ойлаймыз... 
және де қазақтарға тіл мәселесінің, газет-журналдарды жаздырып алу, мектеп оқулықтарының жетіс-
пейтінін, орта мектепті тәмамдаған жастарды Қазақстанға квотамен оқытуды қолға алған да жөн»,–деп 
аяқтайды.[3, 41-42 бб.].
Бұдан  соң    Моңғолияның  Баян-Өлгий  аймағындағы  Дүниежүзі  қазақтары  қауымдастығы 
бөлімшесінің  төрағасы  Мизамхан  Күнтуғанұлы  мен  Өзбекстандағы  қазақ  мәдени  орталығының 
төрағасы Мейірманқұл Бәкіровтер де өздері тұрып жатқан елдеріндегі қазақтардың тұрмыс-тіршілігі, 
ондағы қазақ мектептерінің жағдайы туралы және де шешілуге тиісті мәселелер ортаға салады. Мәселен, 
Мизамхан  Күнтуғанұлы  «Моңғолияның  Баян-Өлгий  аймағында  қазақтардың  шоғырланып  тұрып 
жатқанына 150 жылдай уақыт болды. Содан бері өсіп-өніп, жеке ұлттың аймақ дәрежесіне көтерілді. 
1990 жылғы мәлімет бойынша бұл елдегі қандастарымыз 160 мыңға жеткен. Ал, Моңғолиядан 1990 
жылы Қазақстанға ағылған көштің нәтижесінде 70 мыңдай ел атажұртқа оралса, олар қазіргі күні өсіп-
өніп, 82 мыңның үстіне шығыпты,- деп бастаған ол - ...Отанымыз Қазақстан көршілес жатқан бауыр-
ларына да ретіне қарай қол ұшын беріп қамқорлық жасап отырады деген үмітіміз бен сеніміміз мол. 
Ол сенім ақталып та келеді. Осы ретте Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Моңғолияға барған 
сапарында біздің аймаққа тікелей бес мың тонна тегін астық бөлгеніне алғысымыз шексіз. Енді Баян-
Өлгий аймағы алдағы уақытта атамекенімізбен сан-салалы байланысқа айрықша назар аудармақ. Соған 
орай ең алдымен қолға алынуға тиіс бірнеше мәселе бар. Ол - Өскемен мен Баян-Өлгий арасын тікелей 
жалғайтын асфальт жолды салып бітіру. Бұл көптен айтылып келе жатқан мәселе. Жолдың алдын - ала 
жобасы да дайындалып, екі ел мамандарының  қатысуымен әлденеше рет талқыланған. Мұндай жолды 
салып бітіру тек Монғолия жағына ғана емес, Қазақстанға да тиімді екені даусыз. Осы жұмысты нақты 

218
қолға алатын уақыт келді. Келешекте бұл мәселе оң шешімін табады деп ойлаймыз. Қадірлі Нұрсұлтан 
Әбішұлы!  Сіз  Моңғолияға  екі  рет  келдіңіз.  Бірінші  келген  1993  жылғы  сапарыңыздан  соң  қандас 
бауырларыңыз  атажұртқа  ағыла  бастады.  Одан  кейін  1999  жылы  келгенде  Қазақстанның  әлемдегі 
қуатты, беделді мемлекеттердің бірі екендігін байқаттыңыз. Алматы облысы мен Байөлкені бауырлас 
аймақ жасадыңыз. Өскемен-Байөлке арасында әуе байланысын орнаттыңыз. Өзіңіздің бастамаңызбен 
ашылған Өскемен мемлекеттік университетінің Байөлкедегі филиалында қазір үш мамандық бойынша 
180 студент оқиды. Осының бәрі үшін сізге зор рахмет!», - деп өз алғысын Елбасымызға білдірумен 
аяқтайды.
«Құрметті президент, - деп бастаған Мейірманқұл Бәкіров те өз сөзін былай деп өрбіттті, - Бүгінгі 
таңда  Өзбекстан  қазақтарының  еліміздің  дамуына  үлкен  үлес  қосып  отырғанын  мақтанышпен  атап 
айтуымыз керек. Әсіресе, ғылым - білім саласында айрықша жетістіктерге жетіп отырмыз. Академик 
Натай Кенесарин, Кеуденбай Кәрібаев сынды атақты ғалымдардың ізбасарлары баршылық. Биылғы 
жылдың  өзінде  жергілікті  қазақтардың  3  өкілі  докторлық  диссертация  қорғады.  Қазір  Өзбекстанда 
300-ден  астам  ғылым  докторы  мен  ғылым  кандидаты  жұмыс  жасайды.  Оқу  саласындағы  жетістік-
теріміз де айтарлықтай. Дегенмен, бұл салада ойландыратын мәселелер де бар. Еліміздегі қазақ тілінде 
оқытатын мектептің саны - 586. Оқу құралдарын дайындауда Өзбекстанның Оқу-ағарту министрлігі 
мен Республикалық Білім орталығының үлесі зор. Әйтсе де қиындықтар да аз емес. Бұл ең алдымен, 
әліпбиге байланысты. Өзбек мектептерінің латын негізіндегі өзбек әліпбиіне өткеніне он жылдың жүзі 
болды, оның соңынан қарақалпақ ағайында да латын әліпбиіне көшті.
Соған орай, «жоғары оқу орнына түсу қиын» деп біздегі кейбір қазақ ата-аналары қазірдің өзінде ба-
лаларын латын жазуындағы өзбек мектептеріне бере бастағанына көз жұма қарауға болмайды. Өзбек, 
қазақ мектептерінде орыс тілі шет тілі ретінде оқытылатындықтан, Өзбекстандағы кириллица жазуы 
ұзақ сақталады деу қиын. Бұл мәселені екі ел бірлесе шешпесе, біз қолда бар мектептерімізден айыры-
лып қалуымыз сөзсіз.
Әрине,  біз  де  қарап  отырған  жоқпыз.  Құдайға  шүкір,  Науаи,  Ангрен,  Гүлістан,  Нүкіс,  Ташкент 
қалаларындағы педагогтық; университеттер мен институттарда қазақ тілі мен әдебиеті факультеттері 
бар. Бүгінде республикамыздың Қашқадария, Хорезм, Сұрхандария, Наманган, Әндіжан облыстары-
нан өзге облыстардың бәрінде де қазақ мәдени орталығы жұмыс істейді. Алдағы уақытта жоғарыда 
айтылган облыстарда да қазақ мәдени орталықтарын ашсақ дейміз.
Төле би бабамыздың сүйегі төрімізде жатыр. Таяуда Шымыр ата кесенесі ашылды. Республикадағы 
барлық  қазақ  мәдени  орталықтары  халықтар  арасындагы  достықты  көздің  қарашығындай  сақтап, 
шаңырағымызды шайқалтпай, түтініміздің түзу шығуына үлес қосуды өздерінің негізгі мақсаты деп 
біледі».
 Сонымен қатар, Түркия Қазақстанның тәуелсіздігін 1991 жылғы 16 желтоқсанда 20 минут ішін-
де таныған ел екенін еске салған Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төралқасының мүшесі, Түркия 
қазағы Дәлелхан Жаналтай да бүкіл қазақтарға тән ортақ проблемаларға тоқталып, былай дейді: «Осы 
ретте Түркия қазақтарын толғандырып отырған жәйттер де баршылық. Ең бастысы - тіл мәселесі. Оның 
қолданылу аясы тарылып барады. Бұған бір себеп – әліпбидің әртүрлілігі. Қазір Түркия қазақтары ла-
тын әліпбиін, Қытай қазақтары араб әліпбиіне негізделген төте жазуды, ал, Қазақстан кириллицаны 
пайдаланады. Аталған елдерде тұрып жатқан ағайындар бір-біріне жазылған хаттарды оқи алмайтын 
жағдайды бастан кешіп отырған жайымыз бар. Бұл күрделі мәселе. Сондықтан бар қазаққа ортақ бір 
әліпбиді қолданатын уақыт жеткен болар. Жалпы, шеттегі қазақ диаспорасын толғандырып жүрген 
мәселелер Түркия қазақтарына да ортақ. Олардың шешімін табу құрылтай құжаттарының өзегіне ай-
налар деп сенемін». Германиядағы қазақ мәдени орталығының төрағасы, кәсіпкер Абдрахман Шетин 
де  ортақ  проблемаларға  атап  өтеді:  «Қазіргі,  нақ  бүгінгі  күнгі  жағдайымызға  келсек,  проблемала-
рымыз да баршылық. Ең бастысы - Қазақстаннан шыққан кітап, газет-журналдарды оқи алмаймыз. 
Сіздің тапсырмаңызбен бізге мыңнан астам кітап, газет-журнал келді. Өкінішке қарай, оларды пай-
далану  мүмкіндігіміз  шектеулі.  Өйткені,  біздің  көбіміз  кириллица  әрпін  танымаймыз.  Сондықтан 
да  алдағы  уақытта  кейбір  газет-журналдар  да  бізге  арнап  латын  әрпімен  мақалалар  шығып  тұрса, 
оң  болар  еді.  Қазақстан  латын  әрпіне  көшеді  деген  әңгіме  бар.  Олай  болса  тіпті  жақсы.  Сондай-ақ 
жыл  сайын  Қазақстанға  келіп  оқу  үшін  біздің  балаларымызға  арнайы  орын  бөлінсе.  Әсіресе,  бізге 
дайындық бөлімдері өте қажет. Өйткені, балаларымыз алдын ала Қазақстандағы оқу бағдарламасына 
сәйкес әріп танып, оқып-жазуды үйреніп, жоғары оқу орнына содан кейін барып түскені дұрыс». Ал 
АҚШ-тан келген Есімхан Қосжігіт Қазақстанның осы тәуелсіздік алған жылдарда қол жеткізген та-
быстарды ерекше атап өтеді: «Бүгінгі Қазақстан бұдан он жыл бұрынғы Қазақстаннан мүлде бөлек. 
Он жыл бұрын Еуропа, Американы былай қойғанда Қазақстанды Түркияда білетіндер де аз еді. Қазір 

219
түрік ағайындар бізді жері үлкен әрі бай, елінің болашағы зор, туыс, бауырлас жұрт ретінде өте жақсы 
біледі. Бұрынғыдай емес, Қазақстанды Еуропадағы елдер де жақсы тани бастады. Отанымыз әлемдегі 
ең үлкен ел - Америка Құрама Штаттарына да бeлгілі. Қазақстанды Америка таныса, әлем де таниды, 
Қазақстанды Америка мойындаса әлем де мойындайды». Осылайша делегаттар сөз сөйлеп, өздерінің 
тебіреніс ойларын жеткізді. Салтанатты мәжілістің негізгі бөлігі осымен аяқталады. 
Келесі  күні,  яғни,  қазанның  24-де  секциялық  мәжілістер  басталып,  негізгі  қаралатын  мәселелер 
3-секцияға бөлінді.Тақырыбы: «Oтан және отандастар: қарым- қатынас қай деңгейде?» деп ата-
латын  1-секцияны  ҚР  Мәдениет,  акпарат  және  коғамдық  келісім  министрі  М.  Құл-Мұхаммед  пен 
Қауымдастықтың мүшесі Бақытжан Әлімов басқарды. Мәжіліске Қазақстан жағынан ҚР Президенті 
Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі, ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің әлеуметтік-саяси даму бөлімі, ҚР 
Парламентінің көші-қон және шетелдермен байланыс комитеті, Ақпарат және қоғамдық келісім ми-
нистрлігі, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының 130 өкілдері қатысып, онда шетел қазақтарының 
мәдениет, өнер, әдебиет және ақпарат құралдары жөніндегі сұраныстарын қанағаттандыру және ше-
телдегі  қазақ  мәдени  орталықтарына  колдау  сияқты  мәселелер  қаралды.  1-секция  бойынша  Бүкіл 
Қытайлық халық өкілдері мәжілісінің депутаты Жанболат Сұлтан, Өзбекстандағы «Өзтелерадио-ком-
паниясы» «Дидар» бағдарламасының редакторы Замира Жиенбаева, Қарақалпақстаннан қазақ мәдени 
орталығының төрағасы Сапарбай Нұрходжаев, Баян-Өглий аймағының Қазақстандағы өкілі Төлеубай 
Нығарбайұлы, Ресейден Астрахань облысы «Жолдастық» қазақ мәдени орталығының төрағасы Никита 
Ысқақов, Түркиядан профессор Абдуақап Қара, Қырғызстаннан қазақ мәдени орталығының төрағасы 
Мұхтар  Түгелов,  Германиядағы  қазақ  мәдени  орталығының  төрағасы,  кәсіпкер  Абдрахман  Четин, 
Қазақстаннан қауымдастық мүшесі, Sanasoft төраға орынбасары Бақытжан Әлімовтер сөз сөйледі.
Делегаттардың  жасаған  баяндамалары  негізінен  әлі  де  шет  елде  қалып,  өмір  сүріп  отырған 
қазақтардың  мәдени-рухани  жай-күйінің  ұлттық  ортадан,  дәстүрлі  мәдениеттен  тамыры  ажырамай 
сақталуын қамтамасыз етуден тұрды. Бұл сөздер құрылтайдың ашылу жиналысында баяндама жасаған 
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: — «...Қазір Қазақстаннан 
тыс жерлерде тұратын қазақтардың саны 5 миллионнан асады. Міне, осыны ойлағанда 40-тан астам 
мемлекеттерде тұратын, бүкіл дүние жүзіндегі қазақтардың үштен бірін құрайтын бауырларымызды 
ертең, яғни елу жылдан кейін, жүз жылдан кейін не күтіп тұр деген сауал көкірегімізде еріксіз оянады», 
- деген ойымен тоғысып жатты [3, 20 б.].
Мәжілістегі екінші секцияның тақырыбы: «Тағдыр мен таңдау: қазақ диаспорасы және көші-қон 
мәселелері» деп аталып, оны Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Қ. 
Найманбаев басқарды. Мәжіліске ҚР Парламентінің көші-қон және шетелдермен байланыс комитеті, 
ҚР Көші-қон және демография жөніндегі агенттігі, ҚР Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет 
департаменті, ҚР Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаменті, Дүниежүзі қазақтары 
қауымдастығының өкілдері қатысып, мына төмендегі адамдар баяндамалар жасайды. Атап көрсетсек: 
Қытайдан Пекиндегі Ұлттар институтының проректоры Акпар Мәжит, Өзбекстан Республикасы Қазақ 
мәдени орталығының төрағасы Мейірманқұл Бәкіров, Моңғолия Аймақ әкімінің іс басқару орнының 
бастығы  Баймерей  Зархум,  Ресей  Дүниежүзі  қазақтары  қауымдастығы  Алтай  Республикасындағы 
бөлімшесі  төрағасының  орынбасары  Қанат  Имансақитов,  Түркияның  Измир  қаласынан,  кәсіпкер 
Шеризат Доғыры,  Түркменстаннан қазақ тілі пәнінің мұғалімі Бақыт Бекдесінова, Қырғызстандағы 
қазақ  мәдени  орталығының  төрағасының  орынбасары  Елтуған  Жапаров,  Ауғанстаннан  Амнолла 
Әжіназар,  Ираннан  адвокат  Шадкам  Қаджимұхамед.  Олар  шетел  қазақтарының  Қазақстанға  келу, 
тұрақты коныс аудару мәселелерін қозғады. Әсіресе, қозғалған басты мәселенің бірі Қазақстанға көшіп 
келуге дайын отырған 2 млн. қазақты қалай көшіріп әкелу болды.
Ал  мәжіліс  қараған  үшінші  секцияның  тақырыбы:  «Шетелдегі  қазақ  жастары  және  олардың 
Қазақстанға  келіп  білім  алу,  жұмыспен  камтылу  мәселелері»  болды.  Яғни,  секцияда  шетелдегі 
қазақ  жастарының  Қазақстанға  келіп  оқу,  жақын  шетелдегі  қазақ  мектептері  мен  оқу  орындарына 
Қазақстанның экономикасын дамытуға ат салысуы жайында сөз болды.
Бұл  секцияны  Дүниежүзі  қазақтары  қауымдастығы  төрағасының  орынбасары  С.  Балғабаев,  ҚР 
Білім және ғылым бірінші вице-министрі Ғалым Мұтанов, Қазақстан қауымдастық мүшесі Бақытжан 
Әлімовтер  жүргізіп  отырды.  Сонымен  қатар,  секцияға  Қазақстан  жағынан  ҚР  Білім  және  ғылым, 
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Экономика және сауда Мемлекеттік кіріс министрліктерінің, 
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының өкілдері қатысып, мына кісілер аталмыш тақырып бойынша 
өз  ойларын  ортаға  салды:  Өзбекстан  баспасына  қарасты  «Асыл  мұра»  бөлімінің  редакторы  Гүлнәр 
Байжанова, Моңғолия Өскемен университеті Өлгий филиалының оқытушысы Қадыр Мейрам, Ресей 
Алтай өлкесіндегі қазақ мектебінің директоры Сапарбек Маусымбаев, Түркиялық профессор Исмаил 

220
Зейнеш,  Түркменстаннан  «Аннау»  ауылының  мектеп  мұғалімі  Қания  Сабитаева,  Қазақ  мәдени 
орталығы төрағасының орынбасары Молдабаева Бейсехан, Германиядан журналист Жаналтай Әлихан, 
Тәжікстандағы  Қорған  төбе  қаласының  мектеп  мұғалімі,  спорт  жаттықтырушысы  Марат  Ыдырсов, 
Англияда Уэльс университетінің ғылыми қызметкері Одунчу Хакан, Вена қаласында кәсіпкер Шолпан 
Қызырхан, Парижде кәсіпкер Зенгин Мамет, Қазақстан өкілдері Sanasoft фирмасы төраға орынбасары 
Бақытжан Әлімов. 
Секциялар өз жұмыстарын аяқтаған соң, Құрылтайға қатысушылар барша қазақтарға арнап қарар 
қабылдайды:
Дүниежүзі қазақтары екінші Құрылтайының қ а р а р ы
2002  жылғы  қазанның  23-24-і  күндері  Түркістан  қаласында  Дүниежүзі  қазақтарының  екін-
ші  Құрылтайы  өтті.  Оған  әлемнің  әр  түпкірінде  шашырап  жүрген  қандастарымыздың  атынан  төрт 
жүзден астам меймандар, Президент әкімшілігінің, үкіметтің өкілдері, Қазақстан Парламентінің де-
путаттары, саясаткерлер, мемлекет, қоғам, дін қайраткерлері, зиялы қауымның, мәдениет саласының, 
бұқаралық  ақпарат  құралдарының  өкілдері  қатысты.  Құрылтай  әлем  қазақтарының  бүгінгі  тыныс-
тіршілігінің сан қилы мәселелерін, оларды шешу жолдарын кеңінен талқылады. Тұңғыш Құрылтайдан 
бергі өткен он жылда ел өмірінде белесті-белесті оқиғалардың болғанына бүкіл әлем куә. Бұл ең ал-
дымен  демократиялық,  зайырлы,  құқықтық  және  әлеуметтік  мемлекет  құрып  жатқан  Қазақстанның 
қалыптасып,  өркендеуіне  байланысты  тарихи  өзгерістер  еді.  Ұзақ  мерзімді  «Қазақстан-2030»  даму 
стратегиясында көзделген республиканың әлеуметтік-экономикалық салаларды дамытудағы салиқалы 
қадамдары дүние жүзінде кеңінен қолдау тауып, тәуелсіз Қазақстанның халықаралық беделін арттыра 
түсті. Қазақ елінің алыс және жақын шетелдермен саяси, экономикалық, мәдени байланыстары жыл 
сайын нығайып келеді. Ол әлемдік саясат сахнасында берік орнықты. Оған халықаралық дәрежедегі 
көптеген тарихи шаралардың қазақ топырағы өткізіле бастағаны да айқын айғақ бола  алады. Дүниежүзі 
қазақтарының қауымдастығы өз қызметінің ерекшеліктеріне сай шетелдерде, әсіресе қандас бауырла-
рымыз молынан мекендеген елдерде Қазақстанның өз тәуелсіздігін нығайтуда, елді саяси, әлеуметтік-
экономикалық әлеуетін халықтың тұрмыстық жағдайын көтеруде, ұлттық рухани қазынасын молайту-
да, көп ұлтты республика халқының бірлігі мен татулығын күшейтуде қол жеткізген табыстарын на-
сихаттап, алыстағы ағайындарымыздың игілігіне айналдырды басты мақсат санап, бұл ретте бірқатар 
ізгі шараларды жүзеге асырып келеді бастысы, атажұрттан жырақта жүрген бауырларымыз өздерінің 
жоқшысы - Қазақстан атты туған елінің бар екенін айқын сезініп, оның өмірдің барлық салаларында 
гүлденіп, көркейе беруін қолдайды және оны мақтаныш етеді. Бұл іске өздері де хал-қадірінше үлес 
қосып жүр. Дүниежүзі қазақтарының Құрылтайы осымен екінші рет әлем қазақтарының бас қосуына 
жан-жақты  қамқоршы  болған  Елбасы  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың  осы  Құрылтайдағы  терең 
де тебіреністі баяндамасын тыңдап, құрылтайға қатысушылардың ой-пікірін қорыта келіп, ең алды-
мен  туған  ұлтымыз  өкілдерінің  -  мейлі  олар  қайда  жүрсе  де  -  бір-ақ  ұлт,  қазақ  деген  ұлттың  өкілі 
екенін мақтан етіп, ұлт бірлігі мұраттарына адалдығын сақтап қалады деп үміттенеді. Олар әлемдегі 
қазақтардың арасындағы тұрақты байланыстарды одан әрі тереңдетіп, кеңейтуді басты міндет санай-
ды, жаңа XXI ғасырға қадам басқан өскелең ұрпағымызды халқымыздың тарихи қалыптасқан рухани-
адамгершілік қасиеттеріне сай атажұртқа деген адалдығы жолында тәрбиелей береді деп сенім біл-
діреді. Олар қай елде тұрмасын сол елдің заңдарын құрметтеумен қатар Қазақ ұлтының мәдениетіне, 
салт-дәстүріне,  әдет-ғұрпына  адал,  басқа  ұлт  өкілдерімен  туысқандық  және  достық  байланыстарын 
тереңдете отырып, ұлттық шектеулік пен оқшауланып қалуға жол бермей, қазақ ұлтының өзіне тән ере-
кшеліктерін сақтап қалады деп сеніммен айта аламыз. Қазақ халқы елдегі демократиялық өзгерістердің 
арқасында Қазақстанның бүкіл әлемге танылғанын мақтан ете отырып, алыс және жақын шетелдермен 
терезесі тең дәрежедегі байланыстарды нығайта түсу - еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігінің, бүкіл 
әлемдегі қазақтардың ұлттық дамуының қажетті шарты деп біледі. Құрылтай әлем қазақтарының ал-
дын да тұрған міндеттердің аса күрделі екенін айрықша сезінеді. Әйтсе де, мына төмендегідей міндет-
терді аса көкейтесті деп санайды:
1. Қандастарымыз өмір сүріп жатқан сырт елдермен өркениетті келісімдер негізінде қазақ ұлтының 
қалыптасу жолын жалғастыра беру.
2.  Қазақстан  Республикасының  саяси  әлеуметтік-экономикалық,  мәдени-рухани  әлеуеті  мен 
халықаралық беделін дамытып, нығайта түсу.
3.  Қазақстаннан  сырт  жерлерде  тұрып  жатқан  бауырларымыздың  ұлттық-мәдени  тұрғыдан  жан-
жақты дамуына күнделікті қолдау жасау.
Ол үшін:

 Қазақ диаспорасының жас жеткіншектеріне білім мен тәрбие беру жұмысының сындарлы жүйесін 

221
жасап, жетілдіру (бұған мектепке дейінгі балалар мекемелері, мектептер, жоғары оқу орындары, ғылым 
мен мәдениет, бұқаралық ақпарат құралдары кіреді);
• 
 Ұлттың денсаулығы мықты, отбасының ынтымағы берік болуы, халықтың имандылық сенімі мен 
рухани дүниесінің тазалығы жолында күресу;
• 
Қазақ  тілінің  қолданылу  аясының  тарылмауы,  қайта  кеңейтіле  түсуінің  пәрменді  шараларын 
жалғастыра беру, мұны барша қазақтың, билік органдарының күнделікті назарынан түспеуін ұлттың 
басты міндеттерінің бірі деп санау.
• 
Қазақ диаспорасының тарихын ғылыми тұрғыдан зерделеп, бұл саладағы көптеген ақтаңдақтарды 
ашу, осыған байланысты тарихшы ғалымдардың еңбектерін, сондай-ақ шетелдегі қазақ ғылымы мен 
мәдениетінің, әдебиеті мен өнерінің белгілі қайраткерлерінің шығармаларын насихаттау.
• 
Сырттағы бауырларымыздың республика өмірінен күнделікті хабардар болып отыруы үшін оларға 
арналған телерадио хабарларының шеңберін ұлғайтып, арнайы баспасөз органдарын құру, не «Қазақ 
елі» газетін, «Алтын бесік» журналын Қауымдастықтың баспа органына айналдыру мәселесін шешу.
4.  Соңғы  жылдары  көші-қон  мәселесін  реттеуде  қадау-қадау  шаралар  қолданылып  жатқанына 
қарамастан бұл салада әлі де кездесіп отырған көптеген кедергілерден арылу, ең алдымен атажұртқа 
оралып жатқан қазақтардың шекарадан дүние-мүлкімен, малымен, тұрмысқа қажетті техника, құрал-
жабдықтарымен кедергісіз өту мәселесін шешу, оларға бөлінетін квотаның пәрменділігін арттыру, елге 
оралғандардың жаңа ортаға тезірек бейімделіп кетуіне барынша қолдау көрсету сияқты маңызды про-
блемаларды іскерлікпен шешу.
5. Құрылтайда айтылған сыртта жүрген бауырларымыздың күнделікті тыныс-тіршілігіне қатысты 
басқа  да  көкейтесті  мәселелер  осы  Құрылтайда  талқыланған  шетелдегі  отандастарды  қолдаудың 
2003-2007  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасында  кеңінен  қамтылуын  қадағалау.  Бұл 
бағдарламаны жасаушыларға тапсырылсын.
Дүниежүзі  қазақтарының  екінші  құрылтайына  қатысушылар  оның  қызметі  әлемдегі  қандас 
бауырларымыздың ата-жұртқа деген сүйіспеншілік сезімдерін жоғалтпай, күш-жігерлерін бар қазақтың 
Отаны - Қазақстанның мәртебесін көтеруге жұмсай беретін болады деп сенім білдіреді.
Құрылтайдың  қорытынды  жиналысында  Дүниежүзі  қазақтары  қауымдастығы  төралқасының 
төрағасы  болып  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев,  төрағаның  бірінші  орынбасары  болып  Қалдарбек 
Найманбаев, мүшелігіне Бауыржан Мұхамеджанов, Мұхтар Құл-Мұхаммед, Әбдірахман Четин сай-
ланды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет