Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс



Pdf көрінісі
бет264/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   375
Бақылау сұрақтары:
1. Қант қызылшасы тамырының орташа химиялық құрамы 
қандай?
2. Қант қызылшасынан құмшекер өндірудің технологиялық схе-
масы қандай кезеңдерді қамтиды?
3. Диффузионды шырынды тазарту үрдісі қандай сатылардан 
тұрады?
4. Қант-құмшекер өндірісінің қалдықтарын қайда пайдаланады?
5. Қант зауыттарындағы үш тағанды өнім схемасының мəні неде?


430
8-ТАРАУ
КРАХМАЛ ӨНДІРІСІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
8.1. Картоп крахмалының технологиясы
Картоп крахмалын өндіру үдерісіі бір-бірінен ерекше екі түрлі 
технологиялық схема бойынша жүзеге асырылады - шөгінді жинай-
тын центрифуганы қолдану арқылы алынатын дəстүрлі жəне гидро-
никлондарды қолдану арқылы алынатын жаңа тəсіл.
Осы түрдегі крахмал өндірісінің бастапқы кезеңі бірдей жəне ол 
мынадай технологиялық іс-əрекеттерді қамтиды:
- картопты жеңіл жəне ауыр түрдегі қосындылардан тазартып алу 
керек, түйнектерін топырақтан аршып жуу керек;
- жуылған картопты өлшеу;
-картопты үккіштен өткізіп майдалап алғашқы ұсақтау немесе 
əсері күшті ұрғылағышпен ұсақтау.
Ұсақталып болған ботқаға антисептик ретінде күкіртті қышкылды 
қосады, ол өндірістің жартылай өніміндегі микрофлораның даму 
белсенділігін тежейді.
Ботқаны əрі қарай өндеуде мынадай іс-əрекеттер қарас-
тырылады.
-шнек арқылы шығарып отыратын шөгінді жинайтын 
центрифуга да клеткалық шырынның бөлінуі;
- екінші қайтара ұсақтау алдында мезганы бөліп алу жəне жуу;
- қайталап ұсақтауды жүргізу;
- мезганы сүзгіш құралдардан өткізу;
- шөгінді жинайтын центрифугада крахмалды бөліп шығару,
- крахмал суспензиясын сүзгіш кұралдардан өткізіп рафинирлеу;
- гидроциклонда, шөгінді жинау центрифугасында немесе сепа-
раторда крахмалды шаю.
Ал, алынған ботқаны алғашқы ұсақтаудан кейін бірден ештенесін 
араластырмай қайта ұсақтаудан өткізеді. Тиянақтап ұсақталған 
ботқаны гидроциклонды қондырғыда, клеткалық шырын мен мезга-
дан тұратын крахмал мен қоспалардан ажырауы үшін гидроциклон 
қоса отырып өңдейді, гидроциклон осы қоспаның крахмалсыздануы 
үшін жəне крахмалды рафинирлеу мен шаю үшін қажет.
Екі сызба бойынша да таза суды тек крахмалды шаю кезінде ғана 
қолданады.


431


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет