Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс


Крахмалды мезгадан бөліп алу



Pdf көрінісі
бет267/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   ...   375
Крахмалды мезгадан бөліп алу
Сызба бойынша крахмалдың мезгадан бөлінуін əр түрлі 
конструкциядағы сүзгі аппараттарының көмегімен оны бірнеше 
қабат жуу арқылы жүргізеді. Крахмалдың қоймалжынынан ұсақ 
мезганы бөліп алу үшін капрон торлары бар сүзгі аппаратын пай-
даланады, оның тор көздері шамамен 100 мкм көлемінде бола-
ды, крахмалдың ірі дəндеріне негізделген. Картоп крахмалын 
өндіретін зауыттардағы сүзу станциялары ірі жəне ұсақ мез-
галарды бөлу мен жуу үшін арнайы қондырғыларды камтыған. 
Ұсақ мезганы бөліп алуға арналған сүзгіні рафинирлеуші сүзгі 
деп атайды. Сүзу станциялары орталық айналмалы жəне доға 
тəріздес сүзгілермен жабдықталған. Пайдалануға ең қолайлысы 
доға тəріздес сүзгі, ол қоймалжыңды аса жоғары сапада тазалай-
ды, сонымен қатар мезгадан еркін крахмалдың шайылып шығуын 
қамтамасыз етеді.
Сыртқы беті жылжымалы, крахмал өндірісіндегі аралық өнімді 
сумен шылап сүзу үшін пайдаланылатын аппараттар арасынан үлгі 
ретінде қалақшалы-айналмалы жəне ағынды-барабанды аппараттар 
саналады.
Крахмалды шайып алу ісін жүргізуді негізінен, əр түрлі 
конструкциядағы сүзгілерді қолдана отырып, кезең-кезеңімен төрт 
сатыда жүргізеді. Бұл сүзгілердің тор көздері əр түрлі материал-
дардан жасалады: тор тесіктерінің көзі 0,24х5мм тоттанбайтын бо-
латтан жасалған, тор көздерінің диаметрі 0,5-0,6мм; торлары мыс 
немесе жез сымдардан тоқылған, көлемі 0,25x0,25 жəне 0,30x0,30 
болып келетін төрт бұрышты ойықтармен айқастырыла жасалған 
мата сүзгілер.
Крахмалдан бөлініп алынған мезганың үстіне салмақты басты-
рып ылғалдылығы 75-80% жеткенге дейін қосымша сусын сығады, 
содан кейін жем дайындайтын цехқа өңдеуге жібереді.


436
Ірі мезганы жуу үшін жұмсалатын су шығыны 140-150% құрайды, 
ал ұсақ мезгага - 30-40% мөлшерінде жұмсалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет