423
налымы сол белгілі негізгі кезеңдерден тұрады жəне 5-5,5 сағатқа
созылады. Кристаллдарды өсіріп алғаннан кейін утфельді қоюлығы
ақырына дейін, құрғақ заттары 93,0% жеткенше қоюландырады.
Утфельді ІІ кристаллдауда ыстық күйде мерзімді қимылдаудағы цен-
трифугада айналдырады, соңынан бірден
утфель бұлғағышқа салып
бұлғайды. Центрифугада айналдырған кезде қойыртпақтың əр түрлі
деңгейде тазартылған екі сұрпын таңдап алады да аффинационды
қойыртпақты жəне утфельді ІІІ центрифугалаудан кейін електі шаю-
дан алынған ерітіндіні енгізеді, сөйтіп утфельді ІІІ кристаллдандыру
үшін қайнатуға жібереді. Утфельдің ІІІ кристаллдандырылуы үшін
вакуум-аппаратта қайнату айналымы сол бұрынғы əрекеттерден
тұрады,
бірақ қайнау мерзімі, қойыртпақтың тазалығы төмен болуына
байланысты ІІ утфельдікіне қарағанда 1,5-2 есе ұзақ болады. Утфельді
құрғақ заттары 93,5-96,0% жеткенше қайнатады. Вакуум-аппараттан
ІІІ утфель утфель араластырғыштың қабылдау орнына түсіріледі,
ал соңынан алты утфельараластырғыш-кристаллдандырудан
тұратын кристаллдандыру қондырғысына түсіріледі, мұнда саха-
розаны қосымша кристаллдандыру үшін
утфельді салқын судың
көмегімен салқындатады. Кристаллдандыру кезінде утфельдің
температурасы 70-75 тен 35-40°С дейін төмендейді. Аса қанығу
коэффициенті 1,20-1,25 аралығында ауытқиды, бұл жағдай құралған
кристаллдардың өсуі үшін жəне ұсақ
кристаллдардың құралуын бол-
дырмау үшін қажет. Центрифугалау алдында утфельді 45-50°С дейін
утфельараластырғышта қыздырады да қантты сумен ағартпай-ақ,
бір ғана қойыртпақ – мелассаны таңдап алып центрифугалайды. Бұл
кезде қант кристаллдарының бетінде мелассаның жұғыны қалады,
қанттың тазалығы 94-95% құрайды. Қанттың тазалығын жоғарылату
үшін
аффинацияны қолданады, яғни утфельдің І кристаллдануы
кезіндегі бірінші қойыртпақты араластырып, құрғақ заттары 89-
90% болғанша жүргізеді. Қанттың кристаллдарын көмкеріп тұратын
қабыршақтағы қант емес заттардың бір бөлігі ерітіндіге өтеді,
сөйтіп
утфельді центрифугалау кезінде анағұрлым таза аффинад-қанты
алынады (тазалығы 97% мөлшерінде). Аффинад-қантын жəне ІІ
кристаллдандырылған қантты температурасы 80-85°С, құрғақ затта-
ры 65-70% ІІ сатурациялауда тазартылған шырында ерітеді (клер-
леу), буландыру қондырғысындағы қою шырынмен араластырады да
сульфиттеуге жібереді. Аффинацияланған қойыртпақты утфельдің
ІІІ кристаллдандыруы үшін қайнатуға жібереді.
424
7.1.12. Қант қызылшасы өндірісіндегі қалдықтарды пайдалану
Меласса. Бұл утфельдің ІІІ кристаллдануы кезінде құралатын
қойыртпақ. Меласса қара қоңыр түсті, өткір исі бар қою өнім бо-
лып табылады, құрамындағы құрғақ заттары 76-85%, оның ішінде
сахароза мөлшері 46-51%. Мелассаның тазалығы 58-62%, рН 5,5-7.
Мелассаның құрамына: редукциялаушы заттар – 0,5-2,5%, раффино-
за – 0,6-1,4%, жалпы азот –1,5-2%, сүт қышқылы – 4-6%, сірке жəне
құмырсқа қышқылы – 0,2- 0,5%, бояғыш жəне күлді заттар – 6-11%
мөлшерінде енеді. Жалпы өңделетін
қызылшадан мелассаның алы-
нуы шамамен –4,5-5,5%. Меласса тағам өнеркəсібінің жəне жем
өндіру өнеркəсібінің бірқатар салаларында пайдаланылады. Оны
этанол жəне лимон қышқылдарын өндіруде қолданады. Меласса-
дан дайындалған суслода нан өндірісінің ашытқысын өсіреді. Жем
өндірісінде малға арналған азық дайындауда мелассаны бағалы
тағамдық қоспа ретінде пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: