450
ІV БӨЛІМ
АШЫТУ ЖƏНЕ ШАРАП ТЕХНОЛОГИЯСЫ
9-ТАРАУ
УЫТ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Уыт деп белгілі температура мен ылғалдылықта жасанды
жағдайда өндірілген астық дəнін айтады.
Уыт өндіру үдерісінің мақсаты – дəнде белсенді,
негізінен
гидролитикалық əрекет ететін ферменттердің максималды (немесе
берілген) жинақталуы.
Спирт өндірісінде этанол алудың негізгі шикізаты болып табы-
латын – крахмалдың қанттануы үшін арпа, қара бидай, бидай, сұлы
жəне тары уытын қолданады.
Сыра өндірісінде қанттанатын материал жəне негізгі шикізат бо-
лып табылатын арпа уыты қолданылады.
Нан квасы өндірісінде қара бидай уыты қолданылады.
Əртүрлі мақсатта қолданылатын
уыт алудың принципиалды
технологиялық сызбасы 9.1- суретте келтірілген.
9.1. Дəнді тазалау жəне сұрыптау
Дəнде қоспалардың болуы, оның зақымдалуы микроорганизмнің
дамуы үшін қолайлы орта болып табылады да, уыттың сапасын
төмендетеді. Сондықтан да уыт дайындауға арналған дəн екі рет
мұқият тазартудан өтеді: бірінші рет астықты қабылдаған кезде,
екінші – өндіріске астықтың түсуі кезінде.
Дəнді бірінші тазалау дөңгелек тесікті үш
елегі бар камерадан
1
тұратын ауалы-електі сепараторда (9.2-сурет) жүргізіледі. Үстіңгі
(қабылдағыш) електе
5 (тесігінің диаметрі 10-20мм) ірі қоспалар
ұсталып қалады: сабағы, тастар, жер түйіршіктері, екінші електе
4
(тесігінің диаметрі 6-10 мм) өлшемі дəннен біршама үлкен,
қалған
қоспалар жиналады. Дəннің көп бөлігі тесігінің диаметрі 1,5-2 мм
үшінші електе
3 жиналады, ал қалыңдығы кішкентай қоспалар сол
тесік арқылы өтіп кетеді. Сепаратордан кірер жəне шығарда дəндер
желдеткіш арқылы жасалатын ауа сорғысына келіп түседі. Жеңіл
қоспалардың (шаң, сабан, қабық) жинақталу
шамасына қарай тар-
451
тылу күшінің əсерінен тұнбаланатын камераның
2 қақпағы ашылып,
қоспалар ажыратылады. Тазаланған арпа сақтауға жіберіледі.
Өндіріске түсер алдында арпа магниттен жəне ауалы-електі се-
паратор, триерден екінші тазалаудан өткізіледі. Ауалы-електі се-
параторда
арпа ірі, ұсақ жəне жеңіл қоспалардан, магнитті сепара-
торда метал бөліктерінен, ал триерде ұзындығы бойынша дəннен
ерекшеленетін қоспалардан тазаланады.
Соңғы тазалау жоғары са-
палы уытты біркелкі өлшемдегі дəннен алатын болғандықтан дəн
өлшемі бойынша фракцияларға сұрыптаудан тұрады. Бұл біркелкі
өлшемдегі дəндердің біркелкі суланып жəне өнуімен, ұсақ дəндердің
тез, ал ірі дəндердің жай сулануымен түсіндіріледі.